Мемлекуеттік қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 17:29, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік – бұл жауапкершілікті (тәуекелдерді) және пайданы барабар және әділ бөлу жағдайында әлеуметтік-экономикалық міндеттердің кең шеңберін шешу мақсатында мемлекеттік және жеке меншік сектордың өзара іс-қимылының нысаны. МЖӘ арқылы шарттасқан мерзімде және бюджеттен шығатын елеулі бір жолғы шығындарсыз сапалы объектіні алу перспективасымен аса қажетті әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға болады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік.doc

— 30.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік

 
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік – бұл жауапкершілікті (тәуекелдерді) және пайданы барабар және әділ бөлу жағдайында әлеуметтік-экономикалық міндеттердің кең шеңберін шешу мақсатында мемлекеттік және жеке меншік сектордың өзара іс-қимылының нысаны. МЖӘ арқылы шарттасқан мерзімде және бюджеттен шығатын елеулі бір жолғы шығындарсыз сапалы объектіні алу перспективасымен аса қажетті әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға болады.  
 
МЖӘ түрлері жеткілікті түрде көп. Оның үстіне, МЖӘ нысандары уақыттың талабына сәйкес тұрақты түрде дамып және жетілдіріліп отырады. Бұдан басқа, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және басқа сияқты кейбір елдерде МЖӘ жобаларын енгізудің арнайы терминологиясы мен практикасы тарихи қалыптасып қойған.  
 
МЖӘ-нің нысанына қарай жеке меншік сектор өзіне қандай да бір функцияларды, тәуекелдер мен жауапкершілік түрлерін қабылдайды. Жеке меншік сектордың қатысу дәрежесі жоғары болған сайын қабылданатын тәуекелдің, жауапкершіліктің, міндеттемелердің (оның ішінде қаржыландыру бөлігінде де) деңгейі де жоғары, МЖӘ шарттарын жасасу мерзімі де ұзақ. 
 
МЖӘ нысандарын шартты түрде үлкен үш топқа бөлуге болады (бұл жіктеу шартты түрде ғана, өйткені практикада әрбір тарап МЖӘ мен оның түрлерін өз бетімен айқындайды):  
 
Басқаруға және ұстауға арналған келісімшарттар жеке меншік сектор субъектісінің мемлекеттік меншік объектілерін басқару және оларға қызмет көрсету, ағымдағы операциялық және өндірістік қызмет бойынша әкімшілік шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруын көздейді. Мұндай келісімшарттар берілетін объектіге айтарлықтай институционалдық өзгерістер енгізуді алдын ала болжамайды. Осындай келісімшарттардың негізгі мақсаты объектіні басқарудың ішкі жүйесі мен оның операциялық қызметін жақсарту болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік секторда қызметтер ұсынғаны үшін тұтынушылардың алдындағы жалпы жауапкершілік, сондай-ақ объектілерді кеңейту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жөніндегі міндеттерді шешу жауапкершілігі сақталады. Мұндай келісімшарттар әдетте 3-5 жыл мерзімге жасалады. Жеке меншік секторға жүктелетін тәуекелдер – ауқымды емес.  
 
Көбіне лизинг деп аталатын пайдалануға және ұстауға арналған келісімшарттар жеке меншік сектордың өндірістік объектілерді жалға алуын және олардың оператор функцияларын атқаруын көздейді. Жеке меншік сектор қызметтердің операторы ретінде тұтынушы алдында жауаптылықта болады. Мұндай келісімшарттарды жасасудың мақсаты операциялық тиімділікті арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, сондай-ақ объектіні қаржыландыру үшін жеке меншік сектордан қаражат тарту.  
 
Жеке меншік сектор айналым капиталындағы қажеттіліктерді өтейді; кейбір жағдайларда ол сондай-ақ қабылданатын активтердің бір бөлігін ауыстыруды және жаңғыртуды қаржыландырады. Объектіні қалпына келтіру және кеңейту және т.б. жөніндегі негізгі күрделі салымдарды қаржыландыру мемлекеттік сектордың міндеті болып қалады.  
 
Мұндай келісімшарттардың ұзақтығы 5-10 жыл. Жеке меншік секторға жүктелетін тәуекелдер орташа ретінде сипатталады.  
 
Жобалауға, құрылысын салуға, қаржыландыруға және пайдалануға арналған келісімшарттар мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің барлық нысандарының ішіндегі барынша ұзақ мерзімдісі және күрделісі болып табылады. МЖӘ-нің осы нысанын да концессия деп атайды.  
 
Концессиялық келісімшарттар жеке меншік сектор субъектісінің концессия объектісін басқару, ұстау және пайдалану жөніндегі функцияларды ғана емес, сонымен бірге оны қаржыландыру, құрылысын салу немесе қайта жөндеу жөніндегі функцияларды да жүзеге асыруын көздейді. Басқаша айтқанда, МЖӘ-нің жоғарыда сипатталған түрлерімен салыстырғанда, концессиялық келісімшарттардың шеңберінде концессионер объекті бойынша күрделі шығындарды өзіне қабылдай алады. Бұдан басқа, кейбір жағдайларда концессионер тиісті қызметтерді, мысалы қызметтерге ақы төлеуге шоттар қою, төлемдер жинау және жұртшылықпен байланысты басқару жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін өзіне жауапкершілік алады. Мемлекеттік сектор өзіне реттеуші функциялары мен құқықтарын ғана қалдырады. 
 
Концессиялық келісімшарттар берілетін объектіге айтарлықтай институционалдық өзгерістер енгізуді көздейді. 
 
Қызметтердің сапасын жақсарту, мемлекеттік сектордың шығындары мен тәуекелдерін қысқарту, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мүмкіндіктерді кеңейту концессиялық келісімшарттардың негізгі мақсаты болып табылады. 
 
Бұдан басқа, концессионердің қызметі тиімділігінің көрсеткіштерімен айқындалатын оның шығындарын өтеу көлемінің ол көрсететін қызметтердің сапасына тәуелділігі концессиялық келісімшарттардың маңызды аспектісі болып қала береді. 
 
Концессиялық келісімшарттар, әдетте 20-30 жылға жасалады. Жеке меншік сектордың тәуекел дәрежесі – жоғары. 
 
МЖӘ туралы және оның мемлекет үшін пайдасы туралы айтқанда, мынадай сұрақ туындайды: ал бұл бизнеске қаншалықты тиімді? Бизнес үшін ең бастысы пайда ғой. 
 
Сіз дұрыс айтасыз. Екі тарап та пайда алатындықтан да МЖӘ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік деп аталады. Мемлекет бюджет қаражатын үнемдеу және бұл ретте талап етілетін сападағы дайын объектіні алу мүмкіндігін тартады. Бұл ретте бизнес-орта дамиды, бұл да бизнестен салық аударымдарын алушы ретіндегі мемлекеттің мүддесін арттыруға ықпал етеді. 
 
Жеке меншік (нақты) сектор үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тиімділігі аз емес. Бірінші кезекте ынтымақтастықтың мұндай нысаны бизнеске өз қызметін ұзақ кезең бойында жүзеге асыруға кепілдік беретіндіктен. (Оның ұзақтығы келісімшартпен белгіленеді). Бизнеске төлемдер алуға және жоғары болмаса да тұрақты пайда алуға кепілдік беріледі. 

Информация о работе Мемлекуеттік қызмет