Менеджмент – басқару өнері туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 08:29, реферат

Описание

ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған кез-келген іскерлік табысымен танымал кәсіпорынның, мекеменің жетістігі қай жағынан алғанда да оның басқару қызметінің нәтижелігі мен қызметкерлік құрамына тікелей байланысты. Бұл туралы Қазақстанның алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты интерактивті сабақта: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманға білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз»,- деген болатын

Работа состоит из  1 файл

Статья айгуль.docx

— 24.96 Кб (Скачать документ)

Айгүл

Қазақ қыздар педагогикалық

университетінің «,,,,,,,,»

кафедрасының  аға оқытушысы

                    

Менеджмент –  басқару өнері туралы

 

Еліміздегі  саяси, әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге түбегейлі қадам басуы  Қазақстан  Республикасының білім беру саласына  өзара бір-бірімен тығыз байланысты жаңа басымдық міндеттерді анықтауды  жүктеді.

ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған кез-келген іскерлік табысымен танымал кәсіпорынның, мекеменің жетістігі қай жағынан  алғанда да оның басқару қызметінің нәтижелігі мен қызметкерлік құрамына тікелей байланысты. Бұл туралы Қазақстанның алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты интерактивті сабақта: «ХХІ ғасырда  білімін дамыта алмаған елдің  тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын  жасақтауымыз қажет. Осы заманға  білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін  осы заманғы басқарушыларсыз  біз инновациялық экономика құра алмаймыз»,- деген болатын [1].

 

Менеджментті адамдардың бірлескен еңбегінің пайдалы  және тиімді болуы барысындағы басқару  еңбегінің табиғатын, себептері  мен салдарларын, факторлары мен  жағдайларын зерттейтін ғылым ретінде  қарастыруға болады. Менеджментті оқып үйрену барысында біз тәртіптелген басқару ісі туралы білім аламыз. Менеджмент басқару ғылымы ретінде  өзінің теориясына, заңына және басқару  процесінде тікелей адамдардың әрекетіне  мақсатты түрде бағытталған заңдылықтарына  және  практикалық әрекет барысында  пайдалануға болатын көптеген ғылыми әдістеріне сүйенеді. Оларға сандық есептеулерді, коммуникациялық жүйелерді,  проблемаларды шешудің әртүрлі технологиясын, талдау әдісін және т.б. жатқызуға болады  
(Популярная экономическая энциклопедия / Гл. ред. А.Д. Некипелов.-М., 2001)

2. Наука об управлении человеческими отношениями в процессе производственной деятельности и взаимосвязей потребителей с производителями. (Энциклопедия предпринимателя / С.М. Синельников и др.-СПб., 1994)

 Менеджмент  возник и оформился в своеобразную концепцию практического управления как тип управления, родившийся в условиях свободного предпринимательства, конкуренции, экономической мотивации. Его антиподом может быть командно-административное, технократическое, планово-директивное, авторитарлық басқару. Это вовсе не означает, что  менеджмент  - наилучший тип управления, максимально эффективный. В условиях нормально функционирующей рыночной экономики это наиболее приемлемый тип управления, но при возникновении, например, сложных кризисных ситуаций не исключено усиление тенденций технократического управления и административных подходов к решению проблем.

 

Менеджменттің маңызды  бір бөлігі – бұл персоналдарды  басқару. 

   Нарықтық экономиканың табалдырығын аттағаннан бері арнайы экономикалық, тіптен мамандар даярлайтын барлық оқу орындарында басқаруға арналған оқу пәні ретінде менеджмент  сабағы оқу кестесіне енгізілді. Ол туралы болашақ инженер де, геолог та, әлеуметтанушы да,  кітапханашы да және т.б. болашақ сала мамандары да білім алуда. Бұл менеджменттің нарықтық экономомикалық қатынас заңдылығының  мәнін ашатын бір бұтағы іспетті.

Тірі организмдер  өзін-өзі басқаратыны сияқты кез-келген мақсатқа бағытталған қызмет басқаруды  талап етеді. Сондықтан да  менеджмент және өмір тіршілігі біртұтас.  Қазіргі таңдағы менеджменттің дамуы кезеңі XIX ғасырдың соңы  ХХ ғасыр басынан бастау алып, менедж-ментке өндірісті басқаруға ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет ететін пән немесе сала ретінде қарайтын болды.  Қай салада болмасын бизнес-процестер, бәрінен бұрын технологиялық процестер, соның ішінде еңбек уақытынлағы қызметкерлердің қозғалысы барынша терең талдана бастады. Мұндай талдаудың мақсаты –еңбек процесіның тиімділігін жетілдіру жолымен өнімділікті арттыруға қол жеткізу болып табылады.

Бүкіл әлемдік жүйені тұтастай алғанда басқару парадигмасының радикальді өзгерістері әлемдік  қоғамдастықтың экономикалық кеңістігіне  енуі  ХХ ғасырдың екінші жартысында тән.

Кешегі кеңсестік  уақытта кадрлық менеджментпен  партиялық ұйымдар айналысып  келсе, кеңестік биліктің құлауына орай  барлық мекемелер мен ұйымдардағы  персоналдарды басқару ісі де толық күйреді. Франция императоры Наполеон Бонапарттың «Кадрлар бәрін  шешеді»,- деген сөзінің төркініне  сай бүгінгі таңда персоналдарды басқару теориясына сүйене отырып  кадрлық менеджменттің біртіндеп қалыптасып келе жатқаны белгілі. [Федосеев 15].

90-шы жылдардың  соңында басқару парадигмасының  жалпы өзгерістеріне сәйкес стратегиялық  менеджментке өту, яғни бұрынғы басқару жүйесін  реформалау арқылы қазіргі басқару жүйесіне әлемдік теория мен практиканың басқару принциптерін, қызметі мен әдістерін  қолдану басталды.

Кез-келген жүйе екі тармақтан  тұрады: жүйе құрамына келіп түсетін  қорды тауар мен қызмет көрсету  түріне айналдыратын жүйе және осы  жүйенің іс-әрекетіне бақылау  жасайтын басқару тармағы. Әдебиеттерде және тәжірибеде екінші жүйені басқару  жүйесі немесе менеджмент жүйесі деп  атайды. «Менеджмент» ұғымы (ағылшын  тілінен management) көп жағдайда «басқару» терминімен астарлас мағына туғызады, басқару, ұйымдастыру, меңгерушілік  деген ұғымды білдіреді.

 Ал «менеджер» –  көп жағдайда көптеген жылдар  бойы менеджмент саласында арнайы  дайындықтан өткен және үздіксіз  өз кәсіпкерлік шеберлігін арттырып  отыратын білікті басқарушы. 

 «Басқару» термині  алға қойған мақсаттарға қол  жеткізуге бағытталып үйлестірілген  шаралар жиынтығын білдіреді.  Бұл түсінік туралы В.Зигерт  мынадай анықтама берген: «Басқару  –  бұл алға қойылған мақсаттарды гуманды, үнемді және тиімді орындауға мүмкіндік беретін адамдарға басшылық жасау және құралдарды пайдалану түрі» [3].

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты интерактивті сабақта: «Қазақстанда ел болашағы –жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл мемлекеттік даму саясатының басым бағыттарының бірі. Болашақта  білімді де, қабілетті ел үшін аянбай еңбектеніп, қазақстанның даңқын асыратынына, мәртебесін асқақтататынына мен  сенемін» [2]- деген болса, бүгінгі таңда осындай жастарды әлемдік нарықтағы біліми бәсекелес-тікте өз орнын алуына білім беру ошақтарының біліми негізіне тікелей байланысты екені даусыз.

Нарық жағдайында басқарудың экономикалық әдістері  дамиды, олардың  қызмет салалары кеңейеді, формалды шаруашылық есебін жеңеді, әрбір қызметкердің және әрбір ұжымның, жеке  тұлғаның мүддесінің жалпы мемлекеттік мүддемен толық үйлесуіне, экономикалық шарттарды  қоюға мүмкіндік беретін, экономикалық ынталандырудың нәтижелері мен ықпалы артады.

       Менеджменттің нәтижелілігі –  адамзат қызметінің сан-алуан  салаларын қамтиды. Нәтижелі іс  жүргізу дегеніміз – ұтымды, өнімді, сапалы іс жүргізуге  мақсатты  түрде бағытталған әрекетпен  қатар жүреді. Бұл нарықтық экономикада  басқарушы жүйе қалыптастырады. Менеджмент міндеттерін шешу барысында басқару,  оңтайландыру, мәліметтерді эконометрикалық талдау, эксперттік бағалауды жинау және өңдеу, моделдеу шешімдерін қабылдау әдістері тәрізді әртүрлі менеджмент құралдарын  пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық мәнін практикада  жүзеге асыру міндеті зор.

Қазіргі таңдағы  экономикалық, қаржылық, саяси дағдарыстар  қатарына рухани және интеллектуальдық, кәсіби шеберлік проблемасының келіп  қосылуы ерекше мән берілетін  маңызды  мәселе. Білім институты  жас азаматты тек қана өмірге ғана емес, сонымен қатар өмірлік жетістіктерге  жетелеуі тиіс, бәсекелестік кең қанат жайған уақытта кез-келген қызметтің қыр-сырын терең меңгерген бәсекеге қабілетті маманды дайындау кезек  күттірмейтін мәселе. 

Қазақстан Республикасыныңœ Президенті Н.Ә. Назарбаевтыңœ  «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында: “Қазақстан мемлекеті өсіп, кемелденген кезде «білім өресі биік, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр» ұрпақ қалыптасатынына, «олар жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып-үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін жоғары қоятын маман бола отырып» елінің игілігіне қызмет ететін болады”, - деді. Олай болса, білім саласыныңœ мәртебесін тек жоғары деңгейдегі білікті маман ғана көтеретіні белгілі және олардыңœ білім деңгейі   білім нәрімен сусындатқан педагогтік шеберлікті, жалпы білім беру мекемелерінің табыстарын айқындайтыны сөзсіз.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Ә.Назарбаев. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
  2. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан – 2030
  3. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы,2005.-19б.

1. Шапиро Уалдемер. Русско-английский и англо-русский словарь. – М.: Наука - Уайли, 1993. – 768 с.

2. Популярная экономическая энциклопедия /Гл.ред.А.Д.Некипелов.- М.,        2001

2. Словарь-справочник менеджера / Под ред. М.Г. Лапусты.-М., 1996

(Популярная экономическая энциклопедия / Гл. ред. А.Д. Некипелов.-М., 2001)

(Энциклопедия предпринимателя / С.М. Синельников и др.-СПб., 1994)

Федосеев В.Н., Капустин С.Н. Управление персоналом организации. Учебное пособие. – М.: Экзамен, 2003. – 368 с.

 

 

 

Резюме: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Менеджмент – басқару өнері туралы