Менеджмент ұғымы мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2011 в 18:35, реферат

Описание

Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден бір маңызды бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде жаңа экономикалық қатынастарды және әлеуметтік экономикалық процестерді басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді.

Работа состоит из  1 файл

Менеджмент ұғымы мен мәні.doc

— 60.50 Кб (Скачать документ)
 

Менеджмент ұғымы мен мәні 

         Қазақстан Республикасында өтіп жатқан нарықтық экономика реформасы экономиканы қалыптастыру және дамытудың бірден бір маңызды бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде жаңа экономикалық қатынастарды және әлеуметтік экономикалық процестерді басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді.

         Қазіргі кезде кәсіпорындар басқаша жағдайда қызмет атқаруда. Не өндіру, қалай және кім үшін – бұл сұрақтарды олардың өздері дербес шешуді қажет етеді. Сондықтан да, менеджменттің отандық әдістері мен пробаларын жақсы білген жөн.

         Менеджменттің нарықтық жағдайдағы экономикалық ынталандырудың бернелерін және әдістерін, әр түрлілік принциптерін қолдану, материалды, қаржыны, ақпаратты және ресурстарды оңтайлы пайдалану негізінде шаруашылық өміріндегі қол жеткізуге бағытталған ресурстардыңерекше түрі ретіндегі экономикалық дербес субьектісі деп түсіндіруге болады.

         Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздегі менеджменттің төрт аталымын береді:

  1. адамдардың өзара қатынаста болуының үлгісі, тәсілі.
  2. Басқарудың өнері және билік.
  3. Әкімшілік дағдылары және білудің ерекше түрі.
  4. Басқару органы, әкімшілік бірлігі.

      Шет елдер сөздігінде «Менеджментті»  өндірісті басқару және тиімділігін  арттыру мақсатында өндірістібасқарудың принциптерінің, әдістерінің және нысандарының жиынтығы деп қарайды.

        Отандық теория мен практикада  менеджментті және қызметкерді, жұмысшы тобы және жалпы мекемені басшылық жасау деп түсіндірді.

        Арнайы басқарушылық әдебиеттерде менеджмент ұғымына әртүрлі түсініктер беріледі.

             Мұнда бірінші, менеджмент адам  қызметінің түрі есебінде қалады. «Атап айтқанда, барлығында біз  тек өндірістік экономикалық  факторына салсақ, әсіресе, капиталды,  онда біз дамуға қол жеткізбес едік. Азғантай жағдайда қашан біз менеджменттің қуатын тудыратын болсақ, онда біз дамуды шапшаңдатқан болар едік. Даму, басқа сөзбен айтқанда, - экономикалық байлыққа қарағанда адам қуатының іс қимылы жақын».

           Екінші менеджмент процесс ретінде анықталады. Осының көмегімен дайындалған кәсіптік мамандар өздерінің алға қойған мақсаттарымен әзірлеме тәсілдеріне сүйене отырып, кәсіпорындарды қалыптастыруға ықпал етеді. Басқару процесі – бұл ақпараттық процесс, яғни қалыптастыру, қабылдау,алып беру, өңдеу және ақпаратты сақтау. Басқару ақпаратқа алып бармайды, бірақ ақпараттан тыс мүмкін емес екендігін ерекше атап өткен жөн.

        Менеджменттік қызмет – бұл кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің еңбегіне, ақыл-парасатына , адамдардың мінез -  құлықтары уәждеріне сүйене отырып,  алдына қойған мақсаттарыніс жүзінде асыруды ұйымдастырады.

        Үшінші менеджмент сатылы ұйымдастырушылық құрылымы ретінде басқару бернесін іске асырады. өз кезегінде, сатылы басқару аппараты сол немесе басқада кәсіпорынның басқару құрылымында нақты көрінеді. Сонымен, басқару аппараты кез-келген кәсіпорынның құрамды бөлігі табылады және менеджмент ұғымымен қауымдастырылады. Мұнсыз кәсіпорын құрылым мақсатқа сай және тиімді жұмыс істей алмайды.

        Төртінші, менеджмент басқарумен айналысқан адамдардың санаты ретінде қаралады. Мақсатты алға қою және іске асырудағы менеджмент ғылым мезетінің негізөін қалаушы Ф. У. Тейлор алда не істеу керек және қалай оны ең жақсы және арзан тәсілмен жасау қажеттігін өнер ретінде нақты білуді анықтайды. Бұл өнерді нақтылы адамдар санды- менеджерлер игеру қажет.

       Басқарушыылқ қызметкердің басты міндеті – кәсіпорынның барлық ресурстарын тиімді пайдалану және үлестіру болып табылады.

        Бесінші, менеджмент ғылым ретінде барлық күшін басқарушылық еңбек тегін, себеп пен нәтижесі арасындағы байланысты белгілеу, факторлар мен жағдайларды анықтау, сөйтіп, адамдардың біріккен еңбегінің әрі пайдалы, әрі тиімді екендігін бағытатйды. Менеджментті ғылым ретінде анықтағанда басқару жөніндегі білімді тәртіпке келтірудің маңыздылығын ескере білген жөн. Олар ағымдағы істерді өз мезгілінде  және саналы басқару ғана е,мес, сонымен қатар жағдайдың дамуын болжайды, сөйтіп, осыған сәйкес кәсіпорынның операциясы мен тактикасы әзірлейді.

        Сонымен «Менеджмент» ұғымы көптеген мағынада қолдананылады: басқару, басқарушылық қызметін жүзеге асыратын әлеуметтік топтар. Менеджмент – бұл өзіне ұштастырылған экономикалық, социалогикалық, психологиялық, құқықтық техникалық және де басқа пәндердің табысқа жетуіндегі, басқару өнерін пайдаланудағы білімнің пәнаралық саласы болып табылады. Ол сонымен қатар, басқарудың теориясы мен практикасын қосады, икемді және активті қолданудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге жеткізуді қамтамассыз етеді.

        Отандық менеджменттің басты негізі – адам ресурстары және кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Сондықтан да оның басты міндеті – ақпараттың, білімнің тәжірибе мен өндіргіщ күштердің жаңа ережелерін жасау.

           Менеджмент жүйесінде көптеген түрлерге бөлуге болады:

  • өндірістік менеджмент;
  • кадрлық менеджмент;
  • инновациялық менеджмент;
  • ақпарат менеджмент;
  • қаржы менеджмент;
  • сауда менеджмент;
  • маркетинг менеджмент;
  • салық менеджмент;
  • халықаралық менеджмент;
 
 

Менеджменттің бернелері 

          Менеджменттің бернесі – басқарушылық қызметтің нақтылы түрі, арнайы қабыл алу және тәсілі, сол сияқты тиісті жұмысты ұйымдастыру, қызметті бақылау арқылы жүзеге асырылады.

         Міне, осыдан, басқару мазмұнының  құрамдас компанентінің бірі  – берне болып табылады, яғни  сол немесе басқа да жай жұмысты біршама орындау үшін   не керек қорытындысында істі қалай ұйымдастыру, уәждемелеу және оның орындалуын бақылау керектігін күні бұрын қажеттігін анықтауды қажет етеді. Мұны басқару бернесі деп атауға болады.

         Менеджмент берне - өндіріс факторларына дайындалу, жаңа өнімдермен технологияны енгізу жөніндегі шешімдерді ұйымдастыру және орындауды қабылдаудан тұрады.

           Берне – бұл басқарудың обьективті  құрылуы, ұғымды қалыптастырудың  және басқарудың берен құрылымының жүйелі тәсілінен тұрады.

           Басқарудың әрбір бернесі одан әрі саралауға тап болуы мүмкін. Мына кестеде бірден – бір мүмкін болатын нұсқалар шамаланады. 

Басқару бернелерін сыныптау

                       

Басқару сатысы Басқару бернесі
Басқарушылық  шешім қабылдау Болжау
Қабылданған шешімді іске асыру Жоспарлау
Ұйымдастыру
Бақылау Үлестіру және реттеу
Жандандыру  және ынталандыру
Есеп
Талдау
 
 

          Нақтылы экономикалық обьектіде  басқару бернесінің практикада  алға қойған міндетінің іс жүзінде асуына байланысты тиісті ,басқару апаратының бернесі ретінде оларды дәлірек анықтауды қажет етеді.

          Берненің құрамы-міндеті, аппараттың  өзінің құрылымы басқару обьектісінің  ерекшеліктерімен анықталады. Обьектінің  ерекшелігіне байланысты, сол сияқты жалпы басқару обьектісінің бернелерімен аппараттың кейбір буындарының берне-міндеттерімен бөлінеді:

  • өндірістің техникалық дайындығы;
  • қызмет көрсетудің бірнеше түрлері;
  • өнім сапасын бақылау;
 

процестің бір тұтастығы және басқару құрылымы басқарушылық аппаратта шешілерін басқару бернесіне сіңісетін және  бернелер – міндетін тұлғалайды; әр бір берне – міндеттің орындалуы басқарудың барлық бернелерін іске асыруды ұйғарады. 

Менеджерлік қызметтің міндеті 

         «Менеджер» дегеніміз – ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей-тегжейлі білетін мамандандырылған басшы. Менеджерлік әрекетінің мәні өзгерусіз, тек менеджердің бернесі және оның жұмыс әдісі ғана қалады. Еңбектің басқа түрлерімен салыстырғанда  басқару еңбегін ұйымдастырудың бірнеше ерекшеліктері болады. Сөйәтіп, өзінің еңбегі, оның нәтижесі және қабылдайтын шешіммін білдіреді.

        Шешетін міндеттің артықшылығы көбінесе басқару еңбегініңтворчествалық ой-мінезін алдын-ала анықтау болып табылады. Менеджер адам, финанс және басқада ресурстарын көп өнімділікке жеткізеді. Менеджерлік әрекеттің қорытындысы алға қойылған мақсатқа жетумен бағаланады. Қандайда салада жұмыс істемесін әрбір менеджердің жұмысында бес базалық операция болады. Олардың нәтижелігін, тіршілікке қабілеттілігін және ұйымдастырушылығын қолдауда интеграциялық ресурстар басты рөл атқарады.

         Менеджер, біріншіден,мақсатты белгілейді. Ол міндеттің әрбір тобын анықтайды  және осы мақсатқа жету үшін  не істеу керек екенін шешеді.

         Екіншіден,менджер жұмысты ұйымдастырады.  Ол әрекет түрлерін, шешімді, қатынасты, қойылған мақсатты іске асыру үшін қажеттілікке талдау жасайды. Ол сонымен қатар, оларды басқарылатын жиынтықтарға, ал бұл жиынтық басқаратын еңбек міндеттеріне бөлінеді.

        Үшіншіден, менеджер мотивация мен коммуникацияны қолдайды. Ол түрлі жұмыстарға жауапкершілікті адамдардан өзінің құрамын жасақтайды және де мұны ерекше әдіс жәрдемімен жалақы жөнінде, жұмысқа тағайындау, қызметке жоғарлату арқылы шешуді ұйымдастырады.

         Төртіншіден, менеджерлік қызметіндегі  өлшеу. Ол өлшеу бірлігін белгілейді, әрбір адамның өзіне тап көрсеткіші  болуын қадағалайды, бағалайды  және нәтижесіне назар аудырады.

         Бесіншіден, ол өзімен бірге адамдардың  өсуіне жағдай жасайды. Аталған еңбек өмірінің сапасы ұйым мүшелерінің өсуіне қолда бар мүмпкіншілікті қамтамассыз етеді.

         Осы жоғарыдағы аталған операциялар  жұмыстардың санатына бөлінуі  мүмкін, сөйтіп олардың әрқайсысына  ерекше сапа және мамандықты  талап етеді.

          Кімді менеджер деп атауға  болады деген сұрақ жиі айтылады. Осы жерде есте болатын жай,менеджер  билік емес, ранг емес, барлық  ұйымның іс-әрекетіне және жауапкершіліктің  нәтижесіне қосатын үлесі.

          Сонымен, отандық тиімді менеджердің негізгі сапалылығы – жоғары кәсіпқойлық, жаңалықты қолдаудағы іскерлік және жетілдіруді көтермелеу, қызметкердің жақсы жұмыс істегендері үшін мадақтау және тиімді топталған пікір сайысын өткізу, т.б болып табылады. 

Қорытынды 

  • Менеджмент- бұл нарықтық экономиканың қалыптасуы, кәсіпкерліктің дамуы, заңды тұлғалар қызметін жандандыру үшін нақтылы жағдайлар жасауы кезінде тек бір уақытта пайда болатын инновациялық ғылым кешені.
  • Отандық Менеджменттің негізгі адамдар ресурстары мен кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Сондықтан да Менеджменттің басты міндеті-ақпарат жасау,білім тәжірибе, т.б.
  • Басқару қызметінің ерекше түрі ретінде өндірістің дамуына байланысты пайда болады. Сонымен бірге, басқару адамдар қызөметінің кез-келген түрлерінің ажырамас бөлігі болып табылады.
  • Менеджмент кадрларды қалыптастырады, адамдар арасындағы қатынастар жүйесін белгілейді.осыған орай менеджменттің тағы бір басты міндеті – қызметкерлердің дамуына ықпал ету,оқыту және олардың өсуіне кепілдік беру.
  • Менеджменттерге басшылық міндеттерін орындау үшін оларға түпкілікті және көбеюші, яғни артушы талаптар қойылады. Сондықтан да, басшы қызметкерлердің ынталы жүйелерін және зерттеуді қажет етеді.
  • Менеджменттің міндеті мен бернесі тек ерекше мамандар санаты қызметі арқылы іске асырылады. Мұны менеджерлер деп айтуға болады. Менеджер – бұл басқарушылық қызметпен айналысатын кәсіпкер маман.

Информация о работе Менеджмент ұғымы мен мәні