Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:41, реферат
Қазіргі кезде елдегі кәсіп-орындарға халықаралық стандарттарды пайдалану, соның ішінде, әсіресе, сапа менеджменті жүйесі бойынша 9000 стандарттар топ-тамасын жаппай енгізу мәселесіне мемлекет тарапынан баса назар аударылуда. Оның айқын көрінісі менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды қолданудың барлық алғышарттары жасалуында. Мәселен, кәсіпорындарда қажетті заңнамалық база құрылып, мемлекеттік қолдау тетіктері анықталды.
Қазіргі кезде елдегі кәсіп-орындарға халықаралық стандарттарды пайдалану, соның ішінде, әсіресе, сапа менеджменті жүйесі бойынша 9000 стандарттар топ-тамасын жаппай енгізу мәселесіне мемлекет тарапынан баса назар аударылуда. Оның айқын көрінісі менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды қолданудың барлық алғышарттары жасалуында. Мәселен, кәсіпорындарда қажетті заңнамалық база құрылып, мемлекеттік қолдау тетіктері анықталды. Сонымен қатар, менеджмент жүйелерін әзірлеу, енгізу жөнінен тәжірибе жинақталып, менеджмент жүйесін даярлап енгізу және сертификаттау бойынша білікті кеңесшілер мен сарапшы-аудиторлар тобы қалыптасып, көптеген кәсіпорын басшылары халықаралық стан-дарттарды, соның ішінде сапа менеджменті жүйесін енгізудің пайдасы мен қажеттілігін то-лықтай түсіне бастады. Бүгінде дүние жүзінде ме-неджмент жүйелеріне талаптар белгілейтін бірнеше стандарт бар. Оларға ІSO 9000 (сапа менедж-мент жүйелері немесе СМЖ), ИСО 14000 (экологиялық менеджмент), ОHSAS 18000 (өндіріс қауіпсіздігі және денсаулық сақтау), HASSP нормалары және ИСО 22000 (тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі), SA 8000 (әлеуметтік және этикалық менеджмент) стандарт топтамалары жатады. Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметіне сүйенсек менеджмент жүйесі бойынша сертификаттаудан өткен кәсіпорындар саны 2010 жылдың бірінші мезгілінде төмендегідей болды:
ИСО 9001 – 2662
ИСО 14001 — 193
ОHSAS 18001 — 135
ИСО — 22000 — 43
Жоғарыдағы мәліметтерге
қарағанда кәсіпорындар СМЖ енгізу
мәселесіне артықшылық беретіні байқалады.
Алайда, экология, денсаулық сақтау, жұмыс
берушілердің әлеуметтік жауапкершілігіне
т.б. қатысты менеджмент жүйелерін ескермеу
кәсіп-орын жұмысын толыққанды ете алмайды.
Себебі, СМЖ кәсіп-орынның жалпы менеджментінің
бір ғана бөлігі болып табылады. Жалпы,
менеджментке сонымен бірге “Қаржы менеджменті”,
“Қызметкер менеджменті”, “Инновациялық
менеджмент”, “Хорлар менеджменті”,
“Ақпараттық қауіпсіздік”, “Өндіріс
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” т.б.
менеджменттер қамтылады. Біздің елдің
кейбір кәсіпорындары бірнеше халықаралық
стандарт талаптарына сәйкесетін менеджмент
жүйелерін енгізу жөнінен алғашқы қадамдар
жасай бастады. Халықаралық стандарттардың
құрылымы оларды менеджменттің бірлескен
жүйесіне (интеграциялық жүйеге) біріктіруге
мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде дүниежүзілік
тәжірибеде интеграцияланған менеджмент
жүйесіне (ИМЖ) негізінен сапа менеджменті,
экологиялық менеджмент, өндірістік қауіпсіздік
және денсаулық сақтау менеджменті, әлеуметтік
жауапкершілік менеджменті қатарлы менеджменттер
қамтылуда. Сапа менеджменті жүйесін енгізген
кәсіпорындар соған қоса біртіндеп басқа
менеджменттерді енгізу арқылы немесе
барлық менеджмент жүйелерін кешенді
түрде біріктіре отырып толықтай интеграцияланған
менеджмент жүйесін (ИМЖ) құруды жүзеге
асыруына болады. Интеграцияланған менеджмент
жүйесін құру ИСО 9000 стандарттар топтамасы
қағидаларына негізделуі тиіс. Яғни интеграцияланған
менеджмент жүйесін енгізудің базалық
қағидалары ретінде үрдістік және жүйелік
тәсіл, басшының озықтығы, қызметкерлерді
тарту (жұмылдыру) принциптерін негізге
алу қажет. Менеджмент саласы бойынша Еуропа
мен Америка компанияларының тәжірибелеріне
қарағанда компания өзінің менеджмент
жүйесіне ИСО 9001 стандартын біріктіре
отырып ұйымның барлық іс қызметін қамтыған
менеджмент жүйесін құра алады. Бұл дегеніміз,
шын мәнінде интеграцияланған менеджмент
жүйесінің негізі болып табылатын жаппай
сапа басқару қағидасын жүзеге асыру деген
сөз (TQM – Total Qualіty Management). TQM-нің ИСО 9000 стандарттар
топтамасынан негізгі айырмашылығы оның
сапаны арттыруда белгілі бір деңгейге
жеткен кәсіпорын үшін бейімделгендігінде.
Ал ИСО 9000 стандарттар топтамасының мақсаты
сапаны қамтамасыз етудің алғашқы кезеңдерін
(деңгейін) бағындыру болып табылады. Сапаны
жаппай басқару кез келген мекемені басқарудың
жаңа тәсілі. Ол кәсіпорынның барлық қызметкелерін
қатыстыра отырып, тұтынушы талаптарын
қанағаттандыру арқылы ұйым қызметкелері
мен қоғамға тұтастай пайда келтіруге
бағытталған. Интеграцияланған менеджмент
жүйелерін енгізу кезінде жүйеге қамтылатын
әрбір стандарт мазмұндық және тәжірибелік
жетістігімен ерекшеленетіндігін ескеру
қажет. Сондықтан олардың талаптарын орындай
отырып, кәсіпорын өз бағдарламасының
кем дегенде ең төменгі денгейін қамтамасыз
ету мүмкіндігіне ие бола алады. Интеграцияланған
менеджмент жүйесінің келесі артықшылығы
егер кәсіпорын өндіруші болатын болса,
сонымен қатар халықаралық стандарт талаптарын
толықтай орындай алса онда ол кәсіпорын
әлеуетті тапсырыс беруші үшін неғұрлым
беделді де тартымды болып саналады. Себебі,
ол кәсіпорынға сапа менеджменті стандарттарымен
қоса экологиялық стандарттар мен өндіріс
қауіпсіздігінің стандарттары енгізілген.
Бұл дегеніміз, кәсіпорын ұжымының қоғамдық
жауапкершілігінің жоғары екенін айғақтайтын
көрініс болып табылады. Аталған менеджмент
жүйесін енгізу нәтижесінде көзделген
мақсаттар жүзеге асуы тиіс. Егер олай
болмаған күнде оның себептерін анықтау
қажет. Мүмкін, стандарттарды енгізу үрдісі
дұрыс жүргізілмеген болар немесе қандай
бір себептерден біріктірілген менеджмент
жүйесінің тиімділігі төмендеген болуы
мүмкін. Сондықтан кәсіпорын өз мақсатын
жүзеге асыру жолында, яғни нарықтағы
бәсекелестік қабілетін арттыру жолында
қомақты табыстарға жету үшін ең әуелі
жасандылықтан аулақ бола отырып, шынайы
ынта-жігерімен, дұрыс іс-қимыл жасағанда
ғана өз мақсатына жете алады. Менеджмент
жүйесін енгізіп, оның нәтижелілігін арттыруда
басшылықтың рөлі аса жоғары болып табылады.
Білікті басшы кәсіпорынның болашақ межесін
айқын болжай отырып, нақты идеяларды
жоспарлау арқылы олардың орындалуына
ұжымның барлық мүшелерін тартып, жұмылдыра
алады. Бұл жерде, әсіресе, адами фактордың
маңыздылығына баса назар аударылуы тиіс.
Егер басшы адам өз қызметкерлерінің жағдайын
жақсартуға көңіл бөлмесе онда оларға
сапаны жақсарту жөнінен қатаң талап қоя
алмайды. Тіпті қойса да оның орындалуы
ойдағыдай бола бермейді. Себебі, ұжым
ішінде көңіл-күйі орташа, жұмыс нәтижесіне
деген қызығушылығы мен ынта-жігері жеткіліксіз
жұмысшы, қызметкердің жұмыс өнімділігі
де мардымды болмайды. Сапа менеджменті
жүйесінің негізін қалаушылардың бірі
доктор Джуранның ұстанымы бойынша сапа
тұтынушыға бейімделу және қызметкерлерді
қанағаттандыру дәрежесімен айқындалуы
тиіс. Осы тұрғыдан алғанда кәсіпорынның
алдына қоятын стратегиялық мақсаттары
тұтынушымен тығыз қарым-қатынас орнату,
инновация енгізу, шығынды азайту, сапаны
арттыру арқылы бәсекелестік бәйгесінде
алға озу болып табылады.