Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 13:05, реферат
Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап кәсіпорындар мен ұйымдардың қазіргі заманғы менеджмент жүйесін дайындау және енгізу жөніндегі қызметі жандана бастады.
Республикада менеджмент саласында халықаралық стандарттарды енгізуге арналған құрылған инфрақұрылым, нормативтік және әдістемелік база құрыла отырып, қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі бойынша ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылдың 6 ақпанында № 28-ө және 2006 жылдың 27 маусымында № 175-ө өкімдері қабылданды. Халықаралық негізде қабылданған Қазақстан Республикасының 36 мемлекеттік стандарты бар болып саналатын менеджмент жүйесі бойынша нормативтік база. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ретінде менеджмент жүйесінің мынадай халықаралық стандарттары қабылданған: ISO 900 серия, ISO экологиялық стандарты 14000, қауіпсіздік және еңбек гигиенасы стандарттары OHSAS 18001, әлеуметтік жауапкершілік стандарттары SA 8000, тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің стандарттары ISO 22000 серия, СМЖ аудиті және экологиялық менеджмент – ISO 19011 және басқалары. Жыл сайын стандарттау жоспарына менеджмент саласында стандарттар әзірлеу қамтылады. Соңғы жеті жыл ішінде әр түрлі салаларда ISO 9001, 14001, OHSAS 18001 бойынша менеджмент жүйесі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Менеджмент жүйесін әзірлейтін және енгізетін кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек ретінде 15-әдістеме-ұсыным әзірленді.