Менеджменттің қазіргі кездегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:32, курсовая работа

Описание

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.

Содержание

КІРІСПЕ

Ι- Бөлім. Қазақстан Республикасындағы менеджменттің ролі
1.1 Менеджменттің мәні.
1.2. Менеджменттің қызметінің түрлері
1.3. Менеджмент қызметі иен тәсілдері
1.4. Менеджмент құрылымы мен принциптері

ΙΙ-Бөлім. Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент
2.1. Менеджмент іс - әрекетінің бағыты
2.2. Менеджер жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Менеджменттің қазіргі кездегі рөлі.doc

— 141.00 Кб (Скачать документ)

    Менеджментің 3 кезеңі белгілі:

      стратегиялық басқару,

      оперативтік басқару,

      бақылау.

Стратегиялық басқару – менеджменттің мақсаттарын тағайындау, жобалау мен перспективті жоспарлау.

Оперативтік басқару – қызметтің екі түрін қамтиды: ұйым және жетекшілік.

Бақылау – пайдаланбаған өндірістік резервтерді, қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелерді талдау мен бағалау.

    Тиімді әрекет етуші мекеме менеджменттің барлық бағыттары емен  кезеңдерінің бірлігін қамтамасыз етеді.

    Пайданы қамтамасыз ету – менеджменттің басты міндетті.

    Фирманың пайдалық деңгейі нарықпен анықталады, бірақ өнірістік ресурстарды рационалды пайдалану мен тиімді басқаруға тәуелді.

     Менеджментің қазіргі және болашақтағы тәуекелдік деңгейін төмендетуге негізделген.

     Менеджер еңбегінің заты ақпар және ұжымдағы қарым-қатынас.

Өнірістік басқаруда менеджер аз білімді болсада, басқару іскерлігінің қыр сырын жетік біліуі керек. Басқару негіздерін зерттеу мен оқу менеджерлер, кәсікерлер, бизнесмендердің қажет білім игеруіне мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Менеджер жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері

 

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда,  егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

       Менеджер-ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл-басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.

        Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

        Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

        Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б.

        Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды (коллективті) өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдармен құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті-сыйлық беру, наградтау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

        Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

         Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

         Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтанда ол «бесаспап данышпан» болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты (информациясы) болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.

          Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі-келіссөз жүргізе білуі-әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.

Менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың мынадай принциптері бар.

  - төңірегіңе жақсы жандарды топтастыр, интелегенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;

  - өзінің бірінші кезектегі мүддеңді айқында, күнделікті іс-әректіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі проблемаларды текстің бірінші бетіне жазып қой;

   - нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң, солай жазба біл, жүргізілген талдаулар мен қорытындылар материалдарына негізделсін, әрі нақты, қысқа, кімге арналғаны белгілі; ал ұсынылатын шешімдер варианты –шағын болсын;

  - басшы штаб мен өндірістік сала аралығындағы кикілжің қымбат уақыт пен күш-жігерді бос жіберу екендігін ұмытпа. Басшы екі жақтың да жауапкершілігін дұрыс шектей білуі тиіс. Штабтың бірінші кезектегі міндеті-басшыға жәрдемдесу, әрі өндіріс учаскесіне дұрыс ықпал ете білу;

   - әркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік бер;

   -  сын-ескертпелерді, әр түрлі көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;

- пайда болған өзгерістерге көңіл аудар, әрбір күннің түйінді мақсаты-барынша пайда табуға қамқорлық жасау екендігін есте сақта;

           - өз жұмыс стиліңді тап, әрі соны қолдан.

           Шет елдің кейбір жоғарғы басшы корпорациялары менеджерлер үшін үш өсиет айтады: адамды құрметтеу, клиентке көңіл бөлу және жұмыстың жоғарғы сапасы. Ал «Уэлкомбэроз» компаниясы басқарушы үшін он өсиетті келтіреді: «адалдық, әдептілік, адамды құрметтеу, ұжымдық (коллективтік) жұмысқа қабілеттілік, зерттеуге икемділік, жұмыс сапасы, азаматтық сезімділік, тиімділік және бейімдеушілік».

        Европалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты, өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М.Вудкок пен Д.Френсистің «Басыбайлықтан босанған менеджер» кітабында алдағы онжылдықта басқару үшін менеджердің мынадай дағдылары мен қабілеттері болуы тиіс.

        -өзін меңгере білу;

        -жеке басының бағалы қасиеттері;

        -жеке өзінің айқын жоспарлары;

        -жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;

        -проблемаларды шешуге дағдылану;

        -өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік;

        -маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;

        -қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;

        -басшылық ету қабілетін;

        -қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;

        -тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қоғамдағы экономикалық байланыстың дамуы мен өндірістік масштабтың өсуі басқару процесін қиындатты. Нарықтық байланыста дамығанға дейін басқару функциялары универсалды сипатқа ие болды. Өндірісті басқару өндіріс құралдарының иелері арқылы жүргізіледі, бірақ капиталды концентрациялау процесінде қоғамдық өндірістің жаңа ұйымдық формалары пайда болды, мұның өзі басшылық еңбектің жеке түрлерін басқару функцияларын кеңейтті.

                    Басқару объектілері ретінде қоғамдық өндірістің әр түрлі ұйымдық формалары танылады: салалар, бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, мекемелер, жеке еңбектік қызмет немесе ұйымдар.

                     Дамыған экономика қоғамдық еңбекті нақты пропорцияларда тарату қажеттілігін тудырады. Жеке сферамен өндіріс саласы халық шаруашылығының құрамдас бөлігі бола отырып жеке комплексті құрайды. Сондықтан, өндірісті басқару қоғамдық өндірістік мекемелер мен салалар, сфераларды ұйымдастыру бойынша жоспарланған қызмет.

                      Қоғамдық процестерді басқару адамның қарым-қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Басқарушылық қарым-қатынастар бірлескен қызметті ұйымдастыру бойынша адамдардың байланыстары. Қоғамдық өндірісті басқарушылық қарым-қатынастарға басқарушылық әсер етуді жүзеге асыру мен дайындау процесіндегі адамдардың әрекеттерін қамтиді. Басқарушылық қарым-қатынастар экономикалық әлеуметтік, саяси және басқа да қоғамдық қатынастармен байланысты.

            Өндірісті басқару қатынастары адамдар тұрғысында көрсетілсе, онда жеке сипатқа ие. Егер басқару нақты экономикалық жүйелермен байланысты болса, жүйеішілік қатынастар пайда болады.

                  Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.

                Қазақстанда менеджменттің қолданылуы оның методы мен қолданылу сферасынан көрінеді.

        Егеменді мемлекет өзінің стратегиялық мақсатын менеджмент жүйесіне тарихи, экономикалық, табиғи ерекшелігімен бай елге қолданады. Бұл әлемдік мәселе, оны азғантай мерзімде орындау мүмкін емес, бұған нақты әдістер және басқару үрдісі қажет.

       Осылардың ішінде ілгерілеген маңызды үрдіс бұйрықты экономикаға айналу, нарықтық жүйенің қалыптасуы, базалық басқару әдісімен байланыстылығында еді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.      Макаров С.Ф. Менеджер за работой.-М., моладая гвардия, 1989.  (26 – 29 бет)

2.      Руководитель коллектива. Наше общество сегодня и завтра. –Л., 1924-23 ст.(20 – 25 бет )

3.      Бобрыщев Д.Н. Основные категориитеории управления. М.: 1988-189 ст.(30 – 35 бет )

4.      Гвишиани Д.М. Организация и управление. М. Наука, 1972-535 ст. .(120 – 128 бет )

5.      Оксфордский учебный словарь английского языка (А.С. Хориби – Оксфорд: Изд-во Оксвордского ун-та, 1974-англ. яз). .(13 – 15 бет )

6.      Шағын кәсіпкерлікті басқару. О. Сәбден. А. Тоқтанова. «Білім». Алматы,  2002 ж. .(32 – 35 бет )

7.      ҚР-сы Президентінің 1997 жылы 6 наурыздағы «Шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту және белсендіру шаралар туралы» жарлығы Казахстанская правда. 1997ж. .(3 – 4 бет )

8.      Экономика предприятия. В. П. Грузинов. В. Д. Грибов. Финансы и статистика. Москва, 2001г. .(12 – 18 бет )

9.      Қазақстан экономикасы. К. Р. Нұрғалиев. «Қазақ университеті». Алматы, 1999ж. .(36 – 38 бет )

10. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. «Экономика». Алматы, 2003г. .(28 – 35 бет )

11. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру. М. Қ. Баймұхашева. Оқу құралы. Атырау, 2004ж.(65 – 68 бет )

12. Кәсіпорын экономикасы. Г. Ө. Жолдасбаева. «Экономика». Оқу құралы. Алматы, 2002ж. (35 – 36 бет )

13. Кәсіпорын экономикасы. А. Қ. Мейірбеков. Қ. Ә. Әлімбетов.  «Экономика». Алматы, 2003ж. .(45 – 48 бет )

14. З.Е. Старобинский «Как управлять персоналом». – 1997 г. .(50 – 55 бет )

15. В.В. Глухов «Основы менеджмента» - М., 2000г. .(26 – 28 бет)

16. К.Г. Ахметов «Өндіріс менеджменті» - Орал .2001г. .(40 – 48 бет )

17. В.Е. Герчикова «Менеджмент» -М:1998г. .(15 – 25 бет )

18. Акофф Р. Планирование будущего корпорации.— М’, 1985. Браков А.Е. и др. Можно ли управлять предприятием вместе?/Под ред. И.П. Фаминского и А.И. Наумова.— М., 1990. .(37 – 45 бет )

19. Виханский О. С., Наумов АЯ. Менеджмент: человек, стратегия, организация, процесс.— М., 1995. .(45 – 55 бет )

20. Виханский О.С., Наумов А.И. Практикум по курсу «Менеджмент»/Под ред. А.И. Наумова.— М., 1998. .( 75– 85 бет )

Шекшяя С.В. Управление персоналом современной организации.— М.,



Информация о работе Менеджменттің қазіргі кездегі рөлі