Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 14:34, курсовая работа
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
КІРІСПЕ______________________________________________________3
1.ӨНІМ САПАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ МАҢЫЗЫ,НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
1.1.Өнім сапасы туралы түсінік,оны жоғарылатудың маңызы___________4
1.2.Сапа қасиетінің көрсеткіштері__________________________________8
2.САПАНЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2.1.Стандарттау мен сертификаттау-өнім сапасын басқарудың негізгі тетіктері______________________________________________________10
2.2. Сапаға қойылатын талаптар__________________________________15
3.КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНІМ САПАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІ___________________________________17
ҚОРЫТЫНДЫ_______________________________________________21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР________________________________23
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.
2.САПАНЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім
сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі
Қазақстан 1996 жылы қаңтар айында Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) мүше болып кіру туралы өтініш білдірген болса, сол жылдың өзінде-ақ бақылаушы статусын алған болатын.
Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың тиімділігі мен өнім сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейту де маңызды рөл атқаратындығы анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды олардың өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты үлкен мәселелер күтіп тұруы мүмкін. Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның сапасы бойынша әлемдік тәжірибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады. Қазақстанда, өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отыр. Бұл министрлік 2003-2006 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкестендіруі тиіс.
Өнімді стандарттау
мен сертификаттау
Тауарлардың, өнімдердің сапасы проблемасын шешуде мемлекет қолындағы тиімді құралдар стандарттау және сертификаттау болып табылады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық
ұйымның халықаралық
Өнімдердің, тауарлардың сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың әдістерін қолданудың осы стандарттарда бекітілген әлемдік тәжірибесі олардың тиімділігін растады.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі 300 мыңға жуық фирма мен компания өздерінің сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін тіркеді. ИСО 9000 сериясына көмекке жүгіну процесі белсенділікпен дамыған сайын, сапа факторының бәсеке күресіндегі маңызы неғұрлым арта түсуде. Сыртқы рынокка шыққан біздің кәсіпорындар, халықаралық танылған сапа жүйесінің болу қажеттілігін қазірдің өзінде сезініп отыр.
Халықаралық деңгейде сапаға деген талаптар ИСО-9000 атты сериясымен анықталған. ИСО-9000 халықаралық стандарт сериясының алғашқы редакциясы 1980 жылдардың соңында шықты және халықаралық стандарттаудың жаңа деңгейге шыққанын көрсетті. Бұл стандарттар басқару сферасының өндірістік процесіне еніп, сапаны қамтамасыз ету жүйесіне нақты талаптарын қойды, сапа жүйесін сертификаттаудың негізін салды.
Жоғары сапалы өнім шығарудың кепілдіктерінің бірі ─ сертификаттау болып табылады. Сертификаттаудың негізгі мақсаты ─ адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Өнімді сертификаттау
Қазақстан Республикасының
Сертификаттау тәртібі
ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік сертификаттау
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік стандарттау
Стандарт ─ бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келусушілік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделері және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік- техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілген сапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді.
Стандарттау ─ бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң, стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды.
Стандарттаудың басты
міндеті ─ халық
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынандай нормативтік құжаттар бар:
Сапаға қойылатын талаптар
Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.
Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.
А.Жағдайлар.
Сапаны
шығынды қысқарту мен
Тұтынушы
тұрғысынан қарағанда бұйым
Б.Талаптар мынаған қойылады:
3.КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУҒА
АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІ
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа мәселесін шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемшіліктер, оларды талдау және себептерін талдау кіреді.
Сапасы төмен өнім өндірісінің негізгі факторлары мыналар: көптеген шаруашылықтарда қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы; өндірістің ескірген технологиясы; орындаушылардың білім деңгейінің төмендігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.
Сапасы төмен өнім өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарлату практикасында маңызды роль атқарады.
Өз курстық жұмысымда мен сапа жүйесіне арналған «Сапа» бағдарламасының кейбір баптарын келтіргім отыр.
Республикалық «Сапа» бағдарламасы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы №367 қаулысына сәйкес әзірленген.
«Сапа» бағдарламасы отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындарының қызметтердің негізгі бағыттарын анқтайды.
Бағдарламаның негізгі
мақсаты Қазақстан
Сапа саласындағы мемлекеттік басқару республикада нормативтік құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық-билік ету әдістерін ұтымды үйлестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс, бұл, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін маңызды.
Сапа саласында мемлекеттік басқарудың экономикалық нысандары, ұсынылған шығарылатын өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін ынталандыру, өндірушілер мен сатушылардың сапасыз өнімдерді сатуға және шығарылуына экономикалық жауапкершілігін арттыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Информация о работе Өнім сапасы туралы түсінік,оны жоғарылатудың маңызы