Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 21:20, доклад

Описание

Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.

Работа состоит из  1 файл

Орхон.docx

— 35.14 Кб (Скачать документ)

Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуыменжазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге-қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар.

Орхон-Енисей жазбалары —  көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.

Қызыл (Тыва) қаласындағы тасжазба

Орхон-Енисей жазбалары Шығыс  Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.

  • Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
  • Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
  • Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,
  • Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
  • Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
  • Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
  • Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
  • Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.

Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің  өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға  тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған  сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары  түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің  түрлі тайпалармен жауласу жолдары  баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.

Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап  алған еді. Арада көп уақыт  өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан  табылған үлкен тастардағы мәтінді  толық оқып, аударып шықты.

Орхон жазба жәдігерліктерін  ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген  білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлыныңбірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.

Л.Н.Гумилев Орхон жазба  ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.

Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны  билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты  идеясы – Күлтегін батырды Түрік  қағанатының құдіретті тұлғасы  етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының  күш қуаты артты, жері барынша  кеңіді, ел тұрмысы түзелді. Түрік  қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы  ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын  ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік  қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон  жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк»  жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі  жазған деген болжам бар. Екіншісі –  руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді  поэзиялық туындыға тән барлық белгілері  бар, ежелгі түркілердің өзіндік  әдеби дәстүріне негізделген  көркем туынды деп таныды.

Орхон жәдігерліктерінің  ерекшеліктері туралы соңғы кезге  дейін өзара қарама қайшы екі  түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының  дәлме дәл жазылған тарихы деп  қарады.

Орхон жазба жәдігерліктерінің  ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары  өзінің идеялық мазмұны, композициялық  құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан  қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы  үлгілері болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Турік Тайпаларының Мәдениеті– ортағасырлық отырықшы және көшпелі түркі тілдес тайпалар мәдениетінің жиынтық атауы. Орт. Азия аум-нда түрік қағандарының саяси үстемдігі орнағаннан кейін барлық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелерден жойылып, олардың орнына, әдетте жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Түркі тілдес тайпалардың саяси, экон. және этн.-мәдени жағынан Батыс Түрік қағандығы құрамына бірігуі біртектес, бірақ бытыраңқы этностардың топтасу үрдісінің басы болды. Түркілер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалған антропоморфты балбалдардың тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғұрпы өзгерді, мысалы, мәйіттің басын батысқа қаратып жерлейтін ғасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі бағыт жойылып, мәйіт басын солт-ке бағдарлап жерлеу басым бола бастады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жорыққа мінген аттарының сүйектерімен, қару-жарақтарымен бірге қойылды. Темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштары және қанжарлардың, қылыштардың жаңа түрлері пайда болды. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сәнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарады.

6 – 9 ғ-лардағы ескерткіштер  қо-рымдар, жекелеген қабірлер, кездейсоқ  табылған заттар және тастан  жасалған тұлғалар түрінде кездеседі.  Түркі заманының Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісу обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері – тастан немесе топырақтан үйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Мәйіт жерден сопақша қазылған шұңқырға жерленген, мәйітпен бірге киім-кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген. 6 – 10 ғ-лардағы қабірлердің көбі Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында зерттелді. Бұлар – Трофимовка-1 және 2, Зевакин, Покровск, Качира және Боброво-1 және 3-қорымдары, Бұқтырма СЭС-і су қоймасының аймағындағы зираттар. Қабірлерден қару-жарақ, ер-тұрман, тұрмыс заттары, әшекейлер, сондай-ақ жылқы қаңқаларының жекелеген бөлшектері (бас, аяқ сүйектері) табылды. Қой сүйектері және қыш ыдыстардың сынықтары ас беру ғұрпының болғанын білдіреді. Түркі тілдес тайпалар 6 – 7 ғ-ларда тұрақты мекен-жай салып, отырықшылық өмір сүргенін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарында отырықшылық басым болған. Археолог К.Байпақов зерттеу жұмыстардан алынған көзелерге (құ-мыра) ғыл. талдау жасай отырып, олардың тұрмыстық қажетін өтеген мерзімін бірнеше кезеңдерге бөледі.

түркі

 
6 – 7 ғ-лардың 1-жартысына сәйкес  келетін көзелер Жетісу жеріндегі  қыстақ, кенттердің, қалалардың (Жамбыл, Ақмешіт, Аспара, т.б.) орындарында жүргізілген археол. зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болып, ыдыстардың көпшілігі қолдан жасалғаны анықталды. 6 ғ-дың 2-жартысы мен 9 ғ. материалдары Оңт. Қазақстандағы қала жұрттарынан (Отырар, Сайран, т.б.) табылды. Көзелер құмыра жасайтын ұршықтарда (станок) жасалған. 10 – 12 ғ-ларда Отырар, Сайран, Түркістан, Сауран, Тараз, Талғар, т.б. қалаларда тұрмыстық қажеттілікке байланысты көзелердің түрлері көбейіп, түрлі түсті әйнек тәріздес сырлармен әшекейленген. Сонымен қатар қала жұртшылығының егін ш-мен айналысқандығын көрсететін де материалдар жеткілікті. Олар – қол диірмендер, үккіштер, темір орақ, т.б. құрал-жабдықтар. Мұндай заттар түркі дәуіріндегі обалардан көптеп табылған. Обалардан жиірек кездесетін заттар – темірден жасалған ат әбзелдері, құрал-сайман, қару-жарақтар. Әсіресе, ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер, темір семсерлер кез келген ер адамдардың қабірлерінен кездесіп отырады. Түркі шеберлері аттың ер-тұрманын сәндейтін айылбастар мен тоғаларды ерекше әсем жасай білген. Айылбастар әдетте қола мен темірден, қаптырмалар мен тоғалар қоладан, күмістен және алтыннан жасалып, өсімдік тектес және зооморфтық өрнектермен әшекейленген. Тұрмыстық және шаруашылық мақсаттағы бұйымдардан жүзі қалың және сабы жалпақ шыңдалған пышақтар кездеседі. Бұған қарап өз заманында түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендіктерін білуге болады. Зираттардан алынған бұйымдар ішінде қолөнер бұйымдары да өте көп кездеседі. Олар: әшекейленген кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар, тұйықталмаған шығыршық түріндегі сырғалар, күміс жүзіктер, қадалатын салпыншақтар, опалдан, шыныдан жасалған және ұнтақтан қатырылған моншақтар тізілген алқалар. Тас мүсіндердің беліндегі кіселер түркі тайпаларының ішінде тамаша қолөнершілердің де болғандығын көрсетеді. Тастан жасалған мүсіндер түркі обаларының көпшілігінде жанында кездеседі. Олар тас келіншектер, балбал тастар деп те аталып жүр. Мүсіндердің биікт. 1 – 1,5 м-ге дейін жетеді. Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс ауд-дарына қарағанда Шығыс Қазақстан жерінен табылған тас мүсіндер өте әдемі, көркем жасалған. Олардың көріністеріне қарап ер немесе әйел адамдар екендігін бірден байқауға болады. Егер сарбаз болса, беліндегі кісесіндегі садағы, қорамсасы, қылышы немесе қанжар, семсері тағылады, ал әйел адамдар бас киімдерінен белгілі. Бұл мүсіндердің (балбал тастардың) қандай әдет-ғұрыппен қойылғандығы туралы, осы уақытқа дейін белгілі бір пікір қалыптасқан жоқ. Белгілі түркітанушы С.Аманжоловтың зерттеуіне қарағанда, тас мүсіндер, әсіресе, қыпшақ тайпалары зираттарының жанында жиі кездеседі. Тарихшы Б.Көмековтің зерттеуінше, түркі тайпаларының адамдары мұндай тас мүсіндерді көргенде аттарынан түсе салып, бастары жерге жеткенше табынатын болған. Бұл әдет ата-бабаның әруағына сыйынудың айқын мысалы. Түркі дәуіріндегі обаларда адамдарды киімдерімен жерлегендері белгілі. Мәселен, Солт.-Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан былғары камзолдар табылған. Ал Қызылқайнар қорымынан қытай жібегінен жасалған, үстінде желбегей киетін шекпендер кездескен. Археол. зерттеулерге қарағанда, түркі обаларынан жібек шекпендерінің қалдығы көбірек кездесетіні байқалған. Бұл түркілердің сол кезде Қытай елімен сауда қатынасының болғандығын айқындайды. Сырт киім теріден тігілген. Зираттардан жүннен тоқылған көйлектер, шекпен, теріден жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Көйлек шекпен тәрізді болған, оның сол жақ өңірі оң жақ өңірімен қаусыра тігілген. Шекпен денемен дене болып тұрған, белінен белдікпен буылған. Белдікке қынапқа сұғылған семсер, пышақ, шақпақ тас пен қайрақ, ұстара және басқа да ұсақ-түйектер салынған кісе ілінген. Әйелдер көйлеккісе ілінген. Әйелдер көйлектің немесе шапанның сыртынан аң терісімен немесе басқа түсті матамен әдіптелген желбегей жамылған. Еркектер басына биік киіз қалпақтар, аң терісінен тігілген бөрік-малақайлар, күләпаралар киген. 
Етік өкшесіз, ұлтаны жұқа және тұмсығы қайқы етіп тігілген. Теріден белдіктер, кіселер жасалған. Кіселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендірілген. Көшпелі түркі тайпаларының мәдениеті олардың ең басты кәсібі – мал ш-ның қажеттерімен анықталды, ал ол көшпелі мал ш-нан жартылай көшпелі және отырықшы мал ш-на дейін алуан түрлі болды. Шаруашылық және тіршілік жағдайы түркілерді жиналмалы киіз үйді жақсарту мен жетілдіре түсуге мәжбүр етті. Дала байлары мен шонжарлар үшін ақ және көгілдір туырлықты киіз үйлер жасалды. Киіз үйдің қасиетін қытайлар мен арабтар жоғары бағалады. Қалалардағы отырықшылыққа ауысқан түркілер сарайлары мен қарапайым тұрғын үйлерінің аулаларына да киіз үй тігіп отырған. Салтанатты қабылдаулар үшін түркі ақсүйектері уықтарына алтын жалатылған үлкен киіз үйлерді пайдаланған. Киіз үйлердің ішкі көріністерін күміс және алтыннан жасалған аттардың мүсіндік бейнелері мен күміс ыдыстар безендірген. Алтын тауықтар, басқа құстар мен жануарлар түріндегі алтын тақтар сән-салтанатымен қайран қалдырды. Тойларда муз. аспаптармен әсем музыкалар ойналған.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері