Персоналды басқару ұғымы, мақсаттары, басқару жүйесінің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:11, лекция

Описание

Персоналды басқару қызметінің құрылымдық орналасқан орны келесі нұсқалардың біріне сәйкес келуі мүмкін:
1) қызмет штабтық орган ретіндегі құрылым бойынша ұйымның жетекшісіне бағынады;
2) қызмет ұйымның басқару құрылымына кіріп, персонал бойынша тағайындалған басшының жетекшілігінде болады;
3) штабтық орган ретіндегі қызмет құрылымы бойынша функционалды бағыттағы директорға бағынады;
4) қызмет құрылым бойынша әкімшілік ету жөніндегі мамнның жетекшілігіне бағынады.

Работа состоит из  1 файл

Персоналды басқару ұғымы.docx

— 24.86 Кб (Скачать документ)
    • персоналды басқарудың әдістемесін жасау;
    • персоналды басқару жүйесін қалдыптастыру;
    • персоналды басқару технологиясын жасау.

«Адам қорларын басқару »  тұжырымдамасының шеңберінде персонал негізгі капиталға «теңестіру құқығына»  ие және оған жұмсалатын шығын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырылады; кадрлық жоспарлау өндіріспен үйлеседі және қызметкерлер корпорациялық стратегиялардың  объектісі болады; еңбекті топпен ұйымдастыру белсенді енгізіледі; сондықтан  да бар күш команда құруға, адамдардың қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталады; кадрлық қызметтер ұйымдастырушылық және талдау-сараптау мәселелерін шешеді; сонымен қатар, компаниядща қызметкерлердің  меңгеруін жетілдіру мақсатында бөлімше жетекшілеріне қолдау көрсетіледі.

Персоналды басқару тұжырымдамасының «ұлттық нақышы» бар деп есептелінеді. Мысалы, АҚШ – та ол прагматикалық  түрде; адам мұқият сақтықпен қарайтын және салымдарды толық қайтара алатын ресурс есебінде қарастырылады, ал Жапонияда  адам тек ресурс қана емес, сонымен  бірге өз бетінше құндылық; бұл  жерде корпорациялық мәдениет пен  ұйымдастырушылық бағалылықтардың  рөлі айтарлықтай жоғары. Қазақстанда  персонал өзінің нағыз тұжырымдамасына  әлі «қолы жеткен жоқ», бірақ отандық  дәстүрлі көзқарас әрбір персоналды «өгей бала» түрінде қарау  қалыптасқан.

Персоналды басқару  әдістері – бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жету үшін басқарушылық объектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы.

Персоналды басқару әдістері төмендегіше топтастырылады:

    • ұйымдастырушы - әкімшілік;
    • экономикалық;
    • әлеуметтік-психологиялық.

Ұйымдастырушы-әкімшілік  әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті, адамның белгілі  бір ұйымда тікелей директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларға  еңбек ету керек екенін түсінген саналы себепке (мотивке) бағытталған. Ұйымдастырушы-әкімшілік әдістері негізінде жетекшінің билігіне, оның құқығына, тәртіпті ұйымдастыру мәніне және жауапкершілігіне тіреледі.

Экономикалық әдістер  қызметкерлерді экономикалық ынталандыруына негізделсе, ал әлеуметтік-психологиялық  әдістер оның әлеуметтік белсенділігін  жоғарылату мақсатында қолданылады. Экономикалық әдістердің көмегімен ұжымның, жеке жұмыскерлердің ынталандыруы орындалады.

Персоналды басқарудың мазмұны – кәсіпорынның тиімді әрекет етуі мен ондағы жұмыс істейтіндердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыскердің еңбек ету сапасын пайдалану үшін жағдай жасау, кәсіпорын деңгейіндегі жұмысшы күшін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу процестеріне өзара байланысқан ұйымдастырушы-экономикалық және әлеуметтік шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы түрде ұйымдастырылған әсері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Персоналды басқару ұғымы, мақсаттары, басқару жүйесінің құрылымы