Персоналды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 13:34, курсовая работа

Описание

Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы.

Работа состоит из  1 файл

персоналды басқару.doc

— 252.00 Кб (Скачать документ)

      Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға.

      Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға.

      Жұмыс беруші мен қазметкер арасындағы еңбек қатынастары 2000 жылдың 1 қаңтарында қабылданған, «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес бекітілген, жеке немесе ұжымдық келісім шарттармен, құқықтық нормативті актілермен реттеледі. 

    1. Жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі міндеттемелері және  құқықтары.

      Қызметкерлердiң  негізгi құқықтары  мен мiндеттері

      1. Қызметкердiң құқықтары:

      1) жұмыс берушiмен осы Заңда белгiленген  тәртiппен жеке еңбек шартын  жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

      2) тең еңбегi үшiн қандай да болсын кемсiтусiз тең ақы алуға;

      3) қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына  сай келетiн еңбек жағдайларына;

      4) егер басқа заң актiлерiнде  өзгеше көзделмесе, кәсiптiк одақтарға  немесе басқа да қоғамдық бiрлестiктерге  өз еркiмен мүше болуға;

      5) демалысқа; 

      6) өзiнiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге;

      7) кепiлдiктер мен өтемақылар алуға; 

      8) еңбек дауларын тараптардың келiсуiмен  немесе сот тәртiбiмен шешуге;

      9) жұмыс берушіден жеке еңбек  шартында тараптың атынан өкiлдiк ететiн лауазымды адамның өкiлеттiгiн растауды талап етуге;

      10) ұжымдық шартпен және жұмыс  берушiнiң актiлерiмен танысуға;

      11) өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруға  құқығы бар. 

      2. Қызметкердің міндеттері:

      1) жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актiлерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға;

      2) еңбек тәртiбiн сақтауға;

      3) жұмыс процесiнде жұмыс берушiге  мүлiктік зиян келтіруге жол  бермеуге;

      4) еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі  және өндірістік санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға;

      5) жеке еңбек шартына сәйкес  өзiне сенiп тапсырылған, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;

      6) адамдардың өмiрі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қатер төндiретiн ахуал туындағаны туралы хабарлауға;

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

      7) міндетті зейнетақы жарналары  есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін ұсынуға;

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді

      8) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіні хабардар етуге;

      2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

      9) денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жағдайлардан басқа, оның еңбекке жарамсыздығы анықталған жағдайда бұл туралы жұмыс берушіні оның еңбекке жарамсыздығы анықталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

      Жұмыс берушiнiң негізгi құқықтары мен  мiндеттерi

      1. Жұмыс берушінің құқықтары:

      1) Осы Заңда белгiленген тәртіппен  қызметкерлермен жеке еңбек және  ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге  және бұзуға;

      2) жұмысқа қабылдау кезiнде қызметкерден осы Заңда көзделген, белгiлi бiр еңбек қызметімен айналысуға және (немесе) белгiлi бiр қызметтi атқаруға мүмкiндігін растайтын құжаттар берудi талап етуге;

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда

      3) өз өкілеттігі  шегінде жұмыс берушінің актілерін  шығаруға.

      Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер өкілдерінің  келісімімен ғана жүзеге асырылады;

      4) қызметкерлердi көтермелеуге, оларды  осы Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртіппен тәртіптiк және материалдық жауапкершілiкке тартуға;

      5) өзіне қызметкер келтiрген зиянды  өтеттіруге;

      6) 2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен алып тасталды

      7) өз құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында жұмыс берушiлер бiрлестiктерiн құруға және оларға кiруге;

      8)   қызметкерге сынақ мерзiмiн белгілеуге;

      9) егер жеке еңбек шартының талаптарында  жазылған болса, қызметкерді оқытып-үйретуге  байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар.

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда  
 
 

      2. Жұмыс беруші міндеттері:

      1) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының  еңбек туралы заңнамасына, жеке  еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

      2) қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын  қарауға, келіссөздер жүргізуге  және ұжымдық шарт жасасуға;

      3) қызметкерлерді өз қаражаты есебінен  өздерінің еңбек міндеттерін  орындауы үшін қажетті құралдармен  және материалдармен қамтамасыз етуге;

      4) қызметкерді жұмысқа қабылдаған  кезде онымен жеке еңбек шартын  жасасуға, қызметкерді ұжымдық шартпен  және жұмыс берушінің актілерімен  таныстыруға; 

      5) жалақыны және Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді уақтылы және толық көлемінде төлеп тұруға;

      6) қызметкерге жыл сайынғы ақылы  еңбек демалысын беруге;

      7) Қазақстан Республикасының еңбек  туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтауға;

      8) қызметкердің еңбек міндеттерін  атқаруы кезінде оның денсаулығы  мен өміріне зиян келтіргені  үшін жауапкершілікті сақтандыруға;

      9) қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;

      10) қызметкерлердің еңбек қызметін  растайтын құжаттардың және оларды  зейнетақымен қамсыздандыруға арналған  ақшаның ұсталуы мен аударылуы  туралы мәліметтердің сақталуын  және мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз етуге;

      11) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің  өмірі мен денсаулығына қауіп  төндірсе, оны тоқтата тұруға;

      12) қызметкерге зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауіпті)  еңбек жағдайлары мен кәсіптік  аурудың ықтималдығы туралы ескертуге;

      13) жұмыс орындары мен технологиялық  процестерде қатердің алдын алу  жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік  және ғылыми-техникалық прогресті  ескере отырып, профилактикалық  жұмыстарды жүргізуге; 

      14) қызметкерден міндетті зейнетақы  жарналары есебінен зейнетақымен  қамсыздандыру туралы шарттың  көшірмесін талап етуге; 

      2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді

      15) жұмыс уақытының, соның ішінде  жұмыс уақытынан тыс істеген жұмыс, әрбір қызметкердің зиянды (өте зиянды), қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында, ауыр дене еңбегімен айналысқан жұмыс уақытының нақты есебін жүргізуге;

      2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен профилактикалық, алдын ала және міндетті медициналық тексерулерден өткізілуге тиіс адамдардың осындай тексерулерден уақтылы өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті.  

    1. Жеке  және ұжымдық еңбек келісім шарттары.
 

      Жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм, ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісiмiнде көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытында және толық көлемiнде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi;

      Жеке  еңбек шартының мазмұны 

      1. Жеке еңбек шартында:

      1) тараптардың реквизиттерi:

      жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы  және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты;

      жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнің) тегi, есiмi, әкесiнiң  аты (егер жеке басын куәландыратын  құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң  мекен-жайы, жеке басын куәландыратын  құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi;

      қызметкердiң  тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын  куәландыратын құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк  жеке қодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң  тiркелу нөмiрi (СТН);

      2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс);

      3) жеке еңбек шартының мерзiмi;

      4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру  басталатын күн; 

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда

      5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;

      6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының  режимi;

      7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары;

      8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен  мiндеттерi;

      9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;

      10) жеке еңбек шартын өзгерту,  бұзу және ұзарту тәртiбi;

      11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер  беру тәртiбi;

      12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс.

      2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

      1-1. Жеке еңбек шартын белгіленген  мерзімге жасасқанда тараптардың  осы шартты мерзімінен бұрын  бұзғаны үшін өзара жауапкершілігі белгіленуі мүмкін.

Информация о работе Персоналды басқару