Персоналды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 11:37, курсовая работа

Описание

Еліміздің нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады. Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 БӨЛІМ. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАЗМҰНЫ...........................4
1.1 Қаржылық менеджменттің мәні.......................................................................4
1.2 Қаржылық менеджменттің принциптері мен функциялары.........................8
1.3 Қаржылық менеджмент - басқару жүйесі ретінде........................................11
1.4 Қаржылық менеджмент - басқару кешені түрінде.......................................12
2 БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ.......................................................................................15
2.1 “CАЯ” ЖШС жалпы сипаттамасы...............................................................15
2.2 “CАЯ” ЖШС экономикалық - шаруашылық жағдайын талдау................17
2.3 “CАЯ” ЖШС басқаруды ұйымдастырудағы талдау...................................21
2.4 “CАЯ” ЖШС қаржылық менеджментін жетілдіру жолдары.....................22
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................26
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................27

Работа состоит из  1 файл

курсовая менеджмент.docx

— 82.72 Кб (Скачать документ)
 

   Бұл кестеде кәсіпорындағы жалпы  адамдарға әр түрлі белгілері бойынша жіктеу жасалған. 

   Кәсіпорын  сәйкесінше бөлімдерден және бөлімшелерден  тұрады. Оның кәсіпорынның жұмыс жүргізуіне қажетті мамандар, қызметкерлер мен жұмысшылары бар. Оны кестеден толығырақ көруімізге болады.  

   Кесте 3 - Кәсіпорындағы бөлімдері бойынша осы ағымдағы 2009жылдағы қызметкерлер мен жұмысшылардың саны 

                                Кәсіпорындағы жалпы адам саны 

              

    Реті Қызметкерлер Саны Жұмысшылар Саны
     А                   1     2            3    4
    1 Төраға 1 Құрылыс бөлімшесінің басшысы 4
    2 Бас директор 1 Бөлімшенің  прорабы 6
    3 Директордың орынбасары 4 Бөлімшенің  бригадирі 6
    4 Орынбасардың  бас инженері 3 Қойманың басшысы 1
    5 ПТО басшысы 1 Қойманың басшысының көмекшісі 1
    6 ПТО бөлімі 6 Әр түрлі  жұмысты жасайтын адам 25
      А               1   2        3     4
    7 Сметалық бөлім 8 Ағартушылар 200
    8 Жабдықтау бөлімі 4 Сантехник 40
    9 Бухгалтерия 2 Желдетушы 50
    10 Кадрлар бөлімінің  басшысы 1 Бетоншиктер 80
    11 Кадр бөлімінің  көмекшілері 4 Арматуршиктер 180
    12 Заңгерлер бөлімі басшысы 1 Қалып құйғыштар 80
    13 Заңгерлер бөлімінің  көмекшілері 2    
    14 Бухгалтерия бөлімінің басшысы 1    
    15 Бухгалтерия басшысының көмекшілері 4    
    16 Қаржы саласының  орынбасары 1    
    17 Қаржы саласының  орынбасарының көмекшісі 1    
    18 Энергетикалық бөлімнің орынбасары 1    
    19 Энергетикалық бөлімнің орынбасарының көмекшілері 4    
    20 Барлығы 50 Барлығы 673

     

   Осы кестеден кәсіпорын қандай бөлімшелерден  тұратынын және олардың ішінде қанша  адам жұмыс жасайтынын көреміз. Сонымен қатар бұл кәсіпорындағы жалпы адамдарды қызметкерлер және жұмысшылар деп бөліп қарастырсақ, онда жұмысшылар саны басым, яғни олар 673 адам болса, қалған 50 – ден астам адамы қызметкерлерден тұрады. 

     2.2 “САЯ” ЖШС экономикалық - шаруашылық жағдайын талдау

       

   Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың  тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдгі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін  уақытылы өтеуі үшін қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

   Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығы бұл – бұл  тәуекелділіктің мүмкін болатын  денгейде төлем қабілеттілігі мен  несие қабілеттілігін сақтай отырып,             табысты өсіру негізінде қаржыны  тарату, пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.

     Енді “САЯ” ЖШС кәсіпорынның қаржылық жағдайын қарастырып өтетін болсақ, ең алдымен кәсіпорынның активтеріне тоқталайық. 
 
 

Кесте 4 – Кәсіпорынның активтері

 
         АКТИВТЕР
Коды Жыл соңындағы  есептік мерзім Жыл басындағы  есептік мерзім
                   А    1           2           3
1.Қысқа мерзімді активтер
Ақшалай құралдар 010 1266208377,24 491922144,30
Қысқа мерзімді қаржылық инвестииялар 011 - -
Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер 012 4197682889,49 643745956,69
Қорлар 013 1036919603,24 1734170285,56
Ағымдағы  салықтық активтер 014 5070528,47 -
Сатуға  арналған ұзақ мерзімді активтер 015 - -
Басқа да қысқа мерзімді активтер 016 4753897801,37 5189720038,52
Қысқа мерзімді активтердің  жинағы 100 11259779199,81 8059558425,07
2.Ұзақ  мерзімді активтер
Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар 020 - -
Ұзақ  мерзімді дебиторлық берешектер 021 - -
Инвестициялар 022 - -
Инвестициялық жылжымайтын мүлік 023 - -
Негізгі қорлар 024 606104960,45 509228764,09
Биологиялық активтер 025 - -
Барлаулы  және бағалаулы активтер 026 - -
Материалдық емес активтер 027 142629,66 287430,22
Кейінге қалдырылған салықтық активтер 028 - -
Басқа да ұзақ мерзімді активтер 029 2319658743,84 706311173,36
Ұзақ  мерзімді активтердің  жинағы 200 2925906333,95 1215827367,67
Баланс(100+200)   14185685533,76 9275385792,74
3.Міндеттеме мен капитал Коды    
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер 030 2 000 000 000,00 1235 000 000,00
Салықтар  бойынша міндеттеме 031 193 766 121,59 12 060 087,40
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша  міндеттемелер 032 8 893 168,84 5 681 508,73
Қысқа мерзімді несиелік берешек 033 4 329 619 529,58 1 135 662 331,97
Қысқа мерзімді бағалаулы міндеттемелер 034 - -
Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер 035 7 673 062 184,78 6 729 744 949,06
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жинағы 300 14 205 341 004,79 9 118 148 877,16
4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ  мерзімді қаржылық міндеттемелер 040 - -
Ұзақ мерзімділ берешектер 041 - -
                    А      1             2              3
Ұзақ  мерзімді бағалаулы міндеттемелер 042 - -
Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 043 - -
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер 044 - -
Ұзақ  мерзімді міндеттемелердің жинағы 400 - -
5.Капитал
Жарғылық  капитал 050 100 000 000,00 100 000 000,00
Төленбеген  капитал 051 - -
Меншікті  үлестік сатып алынған құрал-жабдықтар 052 - -
Эмиссиялық  табыстар 053
-
Резервтер 054 - -
Таратылмаған  табыстар(жабылмаған шығын) 055     -119 655 471,03 57 236 915,58
Үлестік азаюы 056 - -
Капитал жинағы 500 -19 655 471,03 157 236 915,58
Баланс(300+400+500)   14 185 685 533,76 9 275 385 792,74
 

   Осы кестені талқылап кететін болсам, онда кәсіпорынның активтері, яғни қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, міндеттеме мен капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер, капитал және олар бойынша жыл басындағы мен жыл соңындағы салыстырулар көрсетілген.

   Бірінші, қысқа мерзімді активтердің жалпы жинағы жыл басында 8 059 558 425,07 тг құраса, ал жыл соңында ол 11 259 779 199,81 тг құраған, яғни қысқа мерзімді активтердің мөлшерінің өскенін байқаймыз.Ал ұзақ мерзімді активтер бойынша жыл басында 1 215 827 367,67тг құраса, ал жыл соңында 2 925 906 333,95 тг болған, яғни 2 есеге ұлғайған. Жалпы қысқа мерзімді активтер мен ұзақ мерзімді активтердің балансы  жыл басында 9 275 385 792,74 тг болса, ал жыл соңында 14 185 685 533,76 тг болған.

   Келесі, бұл міндеттеме мен капитал бойынша қысқа мерзімді міндеттемелердің жалпы жинағы жыл басында 9 118 148 877,16 тг құраса, ал жыл соңында 14 205 341 004,79 тг болған. Ал капитал жинағы жыл басында 157 236 915,58 тг құраған. Жалпы міндеттеме мен капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер және капитал бойынша баланс жыл соңында 14 185 685 533,76 тг құраған.

      

   Кесте 5 - Пайда мен шығындар бойынша есептеу нәтижесі

                                                                                                        

 
   Көрсеткіштердің атауы
 
Коды
 
Есепті  мерзімдегі
Өткен жылғы есептік  мерзім

(31.12.07-31.12.08)

                   А     1          2           3
Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетулерден түскен табыс 010 30 472 455 725,09 15 603 776 434,37
               А    1          2         3
Сатылған  өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 020 -21 189 984 288,09 -12 873 023 418,70
Жалпы пайда(010-020) 030 9 282 471 437.00 2 730 753 015,67
Қаржыландырудан түскен табыс 040 - -
Басқа да табыстар 050 202 118 709,95 240 256 828,09
Өнімдерді сатуға және қызмет көрсетулерге кеткен шығындар 060 - -
Әкімшілік шығындар 070
    -276 106 164,11
-266 951 914,95
Қаржыландыруға  кеткен шығындар 080 -245 599 295,35 -1 56 286 323,17
Басқа да шығындар 090 -74 990 720,78 -131 941 314,30
Үлестік пайда 100 - -
Ағымдағы  қызметтен түскен пайда (030+040+050-060-070-080-090+-100) 110 74 990 720,78 2 415 830 291,34
Тоқтатылған қызметтен пайда(шығын) 120 - -
Салық төлемегенге дейінгі пайда(110+-120) 130 74 990 720,78 2 415 830 291,34
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар 140 -64 786 353,00 -132 491 030,00
Мерзімдегі  үлестің азаюына дейінгі пайда(шығын) жиынтығы(130-140) 150 10 204 367,78 2 283 339 261,34
Үлестің азаюы 160 - -
Мерзімдегі  пайда(шығын) 170 10 204 367,78 2 283 339 261,34
Акцияға пайда 180 - -
 

   Бұл кестеде кәсіпорынның пайдасы мен  шығындары туралы мәлімет берілген. Сонымен қатар кәсіпорынның 2 жыл ішіндегі пайдасы мен шығындарына салыстырмалы түрде талдау жасалған. Бұл кәсіпорынның биылғы жылғы жалпы пайдасы шығынынан өте аз, яғни баланс тепе – теңдігі жоқ. Кәсіпорындағы осы жылғы шығынды есептемегендегі жалпы пайданың көлемін есептейтін болсақ, ол 9 282 471 437.00 тг құраса, алдыңғы жылы 2 730 753 015,67 тг құраған. Яғни осы жылы пайда көбірек болған. Ал кәсіпорынның шығынын есептеп, одан қалған пайданы анықтайтын болсақ, алдыңғы жылы 2 283 339 261,34 тг құраса, осы жылы 10 204 367,78 тг құрап отыр. Яғни осы жылғы шығынның барлығын есептегеннен кейінгі қалатын пайда әлдеқайда төмендеп отыр.

   Жалпы 2 жыл бойынша салыстырып көретін  болсақ, ағымдағы жылғы жалпы пайдаға қарағанда, алдындағы жылғыдағы жалпы пайда сомасы көбірек. Өйткені кәсіпорынның ағымдағы жылғы шығындардың көлемі былтырғыға қарағанда көбірек болып отыр, яғни кәсіпорын көп шығынға кіріп отыр. Соның салдарынан биылғы көрсеткіштің нәтижесі төмендеп отыр. Кәсіпорын дағдарыс жағдайынан өтсе де, дағдарыстың салдарынан осындай шығынға кіріп отыр деп ойлаймын.  
 

   2.3 “CАЯ” ЖШС  басқаруды ұйымдастырудағы талдау. 

   “САЯ” ЖШС – Қазақстандағы құрылыс кәсіпорындары арасындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорын өзінің ұзақ жылға құрған стратегиясы бойынша қазіргі уақытта өз жұмысын атқарып келеді.

   Кәсіпорынның  миссиясы – барлық нормитвтік талаптарға сай және тапсырма берушілердің тапсырмасын орындауда, құрылыс обьектілерінің тұрғын – үй, әлеуметтік және өнеркәсіптік жағынан тағайындау.

   Кәсіпорынның  міндеті  – неғұрлым тиімді жұмыс  жасап, кәсіпорынның беделін көтеру.

   Кәсіпорынның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайындағы құрылыс саласын дамыту, сонымен қатар ұйымының пайдасының тұрақты өсуі мен қызметкерлерді табыстарымен қамтамасыз ету.

   Бас мақсатын жүзеге асыру үшін ЖШС саясаты  мынаған бағытталған:

  • Құрылыс обьектілерінде жаңа әдістер мен технологияларды тұрақты жетілдіру,
  • Қызметкерлердің өнерлік әрекетінің дамуына,
  • Қызметкерлердің білім сапасынының үздіксіз өсуіне,
  • Дәстүрлі құрылыс әдістеріне жаңа перспективалық өңдеулерді, басқару және инновациялық технологияларды қолдану,
  • Өздеріне алынған міндеттемелерді жедел орындау жылдамдығы,
  • Жұмыстардың сапалы орындалуына, неғұрлым еңбектің қолайлы жағдайын жасау,
  • Тұрақты әрі өзара тиімді отандық және шетелдік компаниялармен қарым – қатынас жасай отырып, ақпараттармен алмасып, ортақ құндылықтар жасау,
  • Негізгі сенімді айғақтар мен толық алынған мәліметтер бойынша шешім қабылдау.

   Әрбір ұйым ішіндегі қызметкер өз жұмысы бойынша білікті маман және өз ісінің сапалы болуына жауапты. Сонымен қатар өз жұмысында қолданған әдістер үшін жауапты болып табылады.

   Басқарушы сапаны қамтамасыз ету бойынша есеп және міндетті, олардың жүзеге асырылуын  анықтайды.

   Осы кәсіпорынның мақсаты мен міндеттерін  жүзеге асыру ЖШС директорлар  кеңесінің қолында:

   Нысанов А.Т – 2005 жылдан бастап “САЯ” ЖШС – нің төрағасы.

   Суйенбаев Т.М – 2005 жылдан бастап “CАЯ” ЖШС – нің бас директоры.

   Айтасов М.А, Сейсенов А.С, Бегеев С.Е, Тулегенов  С.А – 2005 жылдан бастап “САЯ” ЖШС–нің Директорлар кеңесінің мүшесіндегі орынбасарлары

болып қызмет етеді.

   “CАЯ” ЖШС–да кәсіпорынды басқаруға жаңа әдістер әзірлеу және енгізу жұмыстары осы уақытта дейін алі жүріп жатыр. “САЯ” ЖШС – нің  кәсіпорынды басқару  жүйесі мен негізгі мүдделі тараптардың, қарым – қатынас жасайтын басқа кәсіпорындар қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сыйлауға, сонымен қатар меншік және зайымдық капиталының құнын төмендетуге және кәсіпорынның пайдасын ұлғайтуға бағытталған. 
 
 
 

   2.4 “САЯ” ЖШС қаржылық менеджментін жетілдіру жолдары 

   Құрылыс кәсіпорындары басшылары  мен  менеджерлері алдында  қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, кәсіпорын ішінде жасалатын жұмыстардың өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндігі анықталады  және   бәсекелестердің  пайда болуы  дәстүрлі пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.

    Кәсіпорынның жағдайы аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады.

   Бұл жағдайда бірегей халықаралық стратегияға  өту керек, көптеген елдердің келісілген әрекеті және осы негізде бірнеше  міндеттемелерді қабылдау, интеграциялық негізде әлемдік экономиканың тиімді дамуына қолдау жасайды.

     Кәсіпорында қаржылық басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорлар бар жағдайында  сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б.  осындай басты мәселелерді шешу кәсіпорын үшін өте маңызды болып табылады.

Информация о работе Персоналды басқару