Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және тұжырымдамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 19:08, реферат

Описание

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

19.doc

— 259.00 Кб (Скачать документ)

     Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде: 
 
 

     1 млрд. АҚШ доллары (120млрд. теңге)  төрт жүйе банктердің (Қазақстанның  Халық банкінің, Қазкоммерцбанктің,  Альянс банк пен ТӘБ - нің)  қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады.

     3 млрд. АҚШ доллары (385 млрд. теңге)  реттелген борыш түрінде және  дауыс беру құқығын бермейтін  ерекше артықшылығы бар акцияларды  сатып алу арқылы берілетін  болады.

     Берілген қаражатты банктер резервтердің барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс.

     Мемлекет банктер капиталындағы  бақылау пакетін сатып алмайды.  Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондон және Қазақстан қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін “Самұрық – Қазына ” қорының меншігіне түседі.

     Мемлекет капиталданған банктердің  ұзақ мерзімді қатысушысы болып  қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысы бәсеңдеген және халықаралық капитал рыноктарына жол ашылған жағдайда “ Самұрық – Қазына ” қоры нарық қағидаттары бойынша акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмауы керек. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.“Самұрық – Қазына ” қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайту тиіс. Егер сыртқы борыштарды қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстың тиісінше тиімділігі болмаса және банктердің тәуекелдерге бейімділігі олардың депозиторларының мүдделеріне қауіп төндіретін болса Қаржы қадағалау агенттігі ең соңғы шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес консервациялау рәсімдері шеңберінде банктердің активтері мен міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдауды жүргізуі мүмкін.

     Екіншіден, Стресті активтер қоры құрылды. Оның қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын активтер, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар баруі осындай активтер ретінде қарастырылады.

     Банктерден мұндай қарыздарды  сатып алу банктердің балансын  өтімділігі аз активтерден тазартуға және банктерді өз шығындарын мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуеклдерді бөлудің басқа нысанын баланстық құны бойынша жүзеге асырылатын болады.

     2008 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.

     Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша көздері ұсынылатын болады. Атап айтқанда, Ұлттық Банк репо операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізімін кеңейтетін болады.

     Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық  компаниялардың, акционерлік  қоғамдардың, мемлекеттік   кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттеріне орналастырылатын болады.

     Төртіншіден, қаржы секторында  мемлекеттік реттеу жетілдірелетін  болады. Қаржы қадағалау агенттігі  пруденциалды реттеу шеіберінде  банктердің сыртқы міндеттемелерін  және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға, яғни белсенді операцияларды көптеген жағдайда депозиттік база, атап айтқанда жеке тқлғалар есебінен қаржыландыруға ынталандыруы тиіс.

     Таңдаулы  халықаралық практика  негізінде банктердің капиталдандыру  есебінің тәсілдері оңтайландыратын  болады, бұл банк активтерін жанама  факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп отырған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді қалыптастаруын көздейді.

     Тәуекелді басқару жүйесіне және банктердегі ішкі  бақылауға талаптар күшейтілетін болады. Ең алдымен банктер өтімділікті жоғалту тәуекелі мониторингіге тәсілдерді елеулі түрде қайта өңдеуі тиіс болады, ал банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресті ахуалдардың туындауын ескере отырып үлгіленуі тиіс.

     Көрсетілген шаралар банктерге  жекеше де, шоғырландырылған негізде  де, сондай ақ банк конгломераты  шеңберінде де қолданылатын болады.

     Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің жаңа жағдайлардағы  жұмыс істеу тетіктері пысықталатын болады. Зейнетақы қорларының салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет халықтың зейнетақы жүйесіндегі жинақтарының сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, олардың хабардар етілуін және қаржылық сауаттылығын арттырды.

     Халықтың зейнетақы қорларына  барлық салымдарын мемлекет зейнетақы  жинақтарын төлеу сәтіне инфляцияның  деңгейінде олар бойынша кірістерді  есепке ала отырып кепілдік  береді. Үкімет азаматтарға зейнетақы қорларынан тұрақты төлем мониторингін жүзеге асыратын болады және жыл сайын инфляция есебі бойынша зейнетақы жарналары және зейнеткерлікке шыққан сәттегі іс жүзіндегі жинақтар арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін республикалық бюджетте жыл сайын қажетті қаражат көзделеді.

     Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен “Самұрық - Қазына”қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.

     Қаржылық қадағалау агенттігі  жинақтаушы зейнетақы қорларының  инвестициялық саясатын жетілдіруді,  сондай ақ  зейнетақы активтерінің  сақталуын және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін қадағалауды жалғастырады.

     Инновациялық, индустриялық және  инфрақұрылымдық жобаларды іске  асыру. Экономикалық дамудың жүйелік  проблемаларын шешу және халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдау үшін ауқымды құрылыс жүргізу және инфрақұрылымды жаңарту қамтамасыз етілетін болады. Экономикалық өсуді қолдау мақсатында «Қазақстандық 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады.

     Инфрақұрылымға, әсіресе электр  энергетикасы секторына инвестициялар  ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты  дамуды қамтамасыз ету үшін  зор маңызға ие.Инвестицияларды,  ең алдымен, экономиканың шикізаттық  емес секторына одан әрі тарту, инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге байланысты болады.

     Үздік әлемдік тәжірибе инфрақұрылымды  дамыту экономикалық белсенділікті  қолдау және дағдарыс кезінде  халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз  ету жөніндегі барынша тиімді құралдардың бірі болып табылатындығын көрсетіп отыр.

     Инновациялық, индустриялық және  инфрақұрылымдық жобаларды іске  асыруға « Самұрық - Қазына  » қоры қосымша 1 млрд. АҚШ долларын  бөледі және  2009 жылы 3 млрд. АҚШ  доллар мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылатын болды. Бұдан басқа,”Самұрық – Қазына” қорының жобаларын қаржыландыруға зейнетақы қорларының қаражаты тартылатын болады.

    Электр энергетикасы саласының  инвестициялық тартымдылығын арттыру  үшін Үкімет келесі жылдан  бастап әр жылдарға бөле отырып  кемінде жеті жыл мерзімге арналған энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша шектеулі тарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың итарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың инфляциясын ескере отырып жыл сайын түзететін болады. Электр энергиясына арналған шекті тарифтер жаңа активтерді құруға, электр энергиясындағы қазіргі энергия жинақтайтын қуаттарды кеңейтуге, жанартуға, қайта жаңалауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін болады. 
 
 

      Электрожелілік активтерді дамыту үшін тарифтерге инвестициялық үлесті енгізу көзделуде. Осыған байланысты Үкімет электр желісіне қосылғаны үшін төлемді толығымен алып тастайды.

     Үкімет энергияны үнемдеу және  энергияның қайта жаңғыртылатын  көздерін пайдалану жөніндегі  шаралар кешенін қосымша әзірлейтін болады.

     Үкімет халықтын нақты табыстарының  сақталуы жөніндегі барлық шараларды  қабылдайды және Мемлекет басшысының  2009 – 2011 жылдары әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыны және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

     Атап айтқанда, 2009 және 2010 жылдары зейнетақының, жалақы мен стипендиялардың мөлшері 25% - ға ұлғаятын болды. 2011 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% - ға дейін ұлғайтылатын болды.

     Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың  және арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың  мөлшері жыл сайын 9% - ға ұлғайып отырды.

     2010 жылдан бастап, сондай – ақ 4 – ші және одан көп бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақының мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке дейін және бала бір жасқа толғанға дейін күтімі бойынша ай сайын жәрдемақы 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,5 есе ұлғаятын болды.

     Кәсіпорындарда өндіріс көлемі  төмендегі жағдайда Үкімет ірі компаниялармен қызметкерлердің жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізетін болды.

     Қажет болған кезде Үкімет облыстардың, Астана және Алматы қалаларыныңы әкімдерімен бірлесіп, қоғамдық жұмыстардың белсенді түрлерін қолданып және өңірлерді жаңа жұмыс орындарын ашып, оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілердің ауқымы құрылысы арқылы, оның ішінде “ 100 мектеп, 100 аурухана” жобасы шеңберінде халықтық жұмыспен өнімді қамтылуын арттыру жөнінде қосымша іс – шаралар қабылдайды.

    Ішкі рынокта тауарлардың тапшлығына және бағалардың өсуіне жол бермеу мақсатында үкімет бірінші кезекте қызметте қажетті тауарлардың – ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант және күріштін тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Информация о работе Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және тұжырымдамасы