Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 01:01, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………............3

І. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны..............................4
1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы........................7
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері................................11

ІІ. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі.................................................................................................................17
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ағымдық жағдайы.................................................................................................22

ІІІ. Қ.Р-да Жергілікті басқарудың жалпы ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары
3..1.Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері..........................................................24
3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру бағыттары...........................29



Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................35

Работа состоит из  1 файл

kurs_3175.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қ.Р-да Жергілікті мемлекеттік басқарудың жалпы ерекшеліктері  мен жетілдіру жолдары

 

3.1. Қазақстан  республикасындағы жергілікті басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері

 

Басқарудың әр түрлi деңгейiнiң  рөлiн, жауапкершiлiгiн және өкiлеттiгiн  ой елегiнен қайта өткiзу және өзгерту  ретiнде орталықсыздандыру үкiмет  қызметiнiң тиiмдiлiгiне қол жеткiзу әдiстерiнiң бiрi болып табылады. Еуропа және ТМД елдерiндегi реформалардың тәжiрибесi орталықсыздандырудың экономиканы және қоғамды демократияландыру мен өзгерту процесiнде маңызды рөл атқаратынын көрсеттi. Бұл өзiнiң мәнiн дұрыс түсiнудi, iс-қимылдың салиқалылығы мен сарабдалдығын талап ететiн күрделi процесс, өйткенi ол қоғам өмiрiнiң: саяси, құқықтық, әлеуметтiк, әкiмшiлiк, экономикалық және мәдени әр түрлi қырларын қозғайды.

Орталықсыздандыру нақты  жүзеге асырылған елдердiң тәжiрибесi оның артықшылықтары саяси да, сонымен  бiрге экономикалық та сипатқа ие екендiгiн көрсетiп отыр.

Орталықсыздандыру азаматтардың билiктегi өз өкiлдерiн жақсы бiлуiне мүмкiндiк бередi, өз кезегiнде олар өз сайлаушыларының проблемаларымен  және қажеттерiмен жақсы танысады және тиiсiнше, саяси шешiмдердi талдап жасауға және iске асыруға неғұрлым белсендi ықпал етедi. 
          Жергiлiктi деңгейде жаңа элитаның пайда болуына мүмкiндiктер жасалады, ол елдiң саяси өмiрiне қатысу үшiн қажет демократиялық саяси дағдылар мен функцияларды игере алады.

Орталықсыздандыру билiк  органдарының жергiлiктi қажеттiктер мен проблемаларға сергек қарауын арттыруға ықпал етедi. Қызметтер ұсыну мен инфрақұрылымды қамтамасыз ету жауапкершiлiгi орталықсыздандырылған кезде жергiлiктi органдар кiрiстер мен шығыстардың ара қатынасын жақсы бағалайды, сондай-ақ бюджеттiк шектеулер шеңберiнде халықтың қажетiне неғұрлым икемдi үн қосатын болады.

Орталықсыздандыру үкiметтiң  және орталық мемлекеттiк органдардың  жұмыс тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал  етедi, өйткенi бұл оларды жергіліктi сипаттағы мiндеттердi шешуден босатады және назарды ел дамуының стратегиялық мәселелерiне шоғырландыруға, республикалық деңгейде әр түрлi бағдарламаларды мұқият жоспарлау мен ұйымдастыруға мүмкiндiк жасайды.

Жергiлiктi жерлерде таңдау процесiн дамыту тұтас алғанда  халықтың саяси белсендiлiгiн одан әрi демократияландыруға және арттыруға түрткi болады.

Экономикалық тұрғыда  орталықсыздандыру мемлекеттiк ресурстарды  неғұрлым ұтымды пайдалануға мүмкiндiк  бередi.

Қазақстан тәуелсiздiгiнiң  алғашқы жылдары орын алған мемлекеттiк  билiктi күштi орталықтандыру өзiн ақтады, өйткенi мемлекет құру, елдiң егемендiгiн нығайту, аумақтық тұтастықты сақтау басым мiндеттер болды. Орташа мерзiмдi перспективада билiктi тым орталықтандыру тiптi таяу көршiлерден стратегиялық жағынан артта қалу қаупiн туындата отырып, елдiң дамуын тежейтiн болады.

Әлемдiк экономиканың ғаламдану, мемлекеттiк басқару жүйелерiнiң  демократиялану процестерi орталықсыздандыру  саясатын әзiрлеудi жеделдетудi талап  етедi.

Әлемдегi орталықсыздандырудың сан алуан модельдерiн, сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттiк басқарудың нақты болмыстары мен дәстүрлерiн ескере отырып, өзiндiк орталықсыздандыру стратегиямызды талдап жасау қажет. Ол үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:

  • Реформаны жүзеге асыру үшiн қажеттi iшкi ресурстардың болуы.
  • Жергiлiктi басқару институтының болуы.
  • Республикада әр түрлi деңгейде басқарудың оңтайлы модельдерiн iздестiру жүргiзiлуде.
  • Белгiлi бiр функциялардың, өкiлеттiктердiң, қаржылық жауапкершiлiктердiң орталық Үкiметтен мемлекеттiк билiктiң одан төмен тұрған деңгейлерiне берiлуi жүзеге асырылуда.
  • Әкiмдердiң тiптi дамыған елдерде қабылданған нормалардан бiрсыпыра асып түсетiн кеңiнен жария етiлген өкiлеттiктерi жауапкершiлiктiң қазiргi көлемiмен салыстырғанда нақты өкiлеттiктiң жай-күйiне талдау жасау қажеттiгiн көрсетедi.

Сонымен қатар келесі мәселелерді ескерген жөн:

  • Жергiлiктi басқару органдарының басшыларын тағайындаудың қазiргi жүйесi олардың халыққа есептiлiгi мен бақылаулы болуын қамтамасыз етпейдi.
  • Өз араларындағы функциялар мен өкiлеттiктердiң айқын ажыратылмауы салдарынан билiктiң әр түрлi деңгейлерiнiң арасында жауапкершiлiктi бiр-бiрiне арту мен тартыстар.
  • Жергiлiктi өкiлдi органдардың әлсiздiгi және олардың жергiлiктi атқарушы органдарға тәуелдiлiгi.
  • Жергiлiктi жерлерде және аймақтық әкiмшiлiктерде орталық органдардың функцияларының қайталануы.

Қоғамның тұтас алғанда  мемлекеттiк басқару жүйесi мен  жергiлiктi мемлекеттiк басқару жүйесiн  мемлекеттiк басқару негiздерiн  демократияландыруға қарай реформалау қажеттiгiне түсiнiстiкпен қарауы, әлемдегi орталықсыздандыру процесiнiң қазiргi мол тәжiрибесiн зерделеу ортақ үрдiстер мен заңдылықтарды анықтауға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасынан  мемлекеттiк басқару жүйесiн демократияландыруды  талап ететiн әлемдiк экономиканың ғаламдану үрдiсi.

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес мәселелерi назар аударуды талап етедi. Бұған қоса, аймақтардың басшыларының сайланбалылығына асығыс түрде көшуге жол беруге болмайды, өйткенi тiптi сепаратистiк үрдiстердiң туындауына дейiн дерлiк саяси тұрақсыздық, ұлтаралық егес туындау қатерi бар.

Аймақтардың әр түрлi экономикалық әлеуетiне байланысты ойластырылмаған бюджеттiк орталықсыздандырудың да терiс әсерi болуы және аймақтардың әлеуметтiк қызметтермен бiркелкi қамтамасыз етiлмеуiне алып келуi мүмкiн.

Нарықтық экономика  құрудың стратегиялық мiндеттерi мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiн демократиялық құрылысын талап етедi, өйткенi демократиялық тетiктерсiз және басқару органдарының жұмысын бақылаусыз әдiлеттi нарықтық бәсекелестiк жағдай туғызу мүмкiн емес.

Екiншi жағынан, нарықтық экономика шешiм қабылдау жүйесiнде шектен тыс орталықтандыруға көнбейдi және экономикалық, әлеуметтiк өмiрдiң субъектiлерiмен тiкелей жанасатын жергiлiктi органдарға белгiлi бiр билiк пен қаржы өкiлеттiгiн бекiтiп берудi талап етедi.

Сонымен бiрге орталықсыздандыру  процесi орталық мемлекеттiк органдардың рөлiн төмендеудi бiлдiрмейдi, олар мемлекет қызметiнiң негiзгi салалары үшiн жауапты болып қала бередi және жергiлiктi билiк органдарының қызметiн заңнамалық актiлер мен бюджетаралық трансферттер жүйесi арқылы реттейдi.

Қазақстандағы орталықсыздандырудың негiзгi мiндеттерi:

  • билiктiң әр түрлi деңгейлерiнiң арасындағы қызмет, функциялар және жауапкершiлiк салаларын айқын шектеу;
  • жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың пәрмендi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау;
  • демократиялық мемлекеттiң iргетасы ретiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды енгiзу;

Билiктiң әр түрлi деңгейлерiнiң арасындағы қызмет, функциялар және жауапкершiлiк  салаларын айқын шектеу:

Мiндетке қол жеткiзу үшiн  мынадай нақты шараларды мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.

- Құзырында орталықсыздандыру жоспарын әзірлеу және оның орындалуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк басқару органдарының қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру болатын уәкiлеттi органды белгiлеу.

- Функциялар мен өкiлеттiктердi беру процесiнiң кезеңдерi мен бағыттарын, мемлекеттiк басқарудың әрбiр деңгейiнiң рөлi мен мiндеттерiн және олардың өзара iс-қимыл жүйесiн, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына және мемлекеттiк емес ұйымдарға беруге жататын функцияларды айқындайтын орталықсыздандыру жөнiндегi iс-қимылдың мемлекеттiк жоспарын әзiрлеу.

- Мемлекеттiк басқарудың  әрбiр деңгейiнiң орындайтын функцияларына  қойылатын талаптарды егжей-тегжейлi  әзiрлеу. Өкiлеттiктердi беру жоспары, iске асыру барысында ашылатын мүмкіндiктердi пайдалану үшiн стратегиялық сипатқа ие болуға тиiс. Бұл жоспар орталық пен аймақтардың арасындағы қатынастардың серпiндi дамуын ескере отырып әзiрленуге тиiс.

- Басқару органдарының  функциясы айқын белгiленуге және  ажыратылуға тиiс. Халықаралық тәжiрибенi және Қазақстанда қалыптасқан жағдайды ескере отырып, негiзгi функцияларды тиiсiнше бекiту белгiленуi мүмкiн.

- Оларды билiк деңгейлерiнiң  арасында бөлудi заң жүзiнде  бекемдеп, аталған функцияларды  нақтылау мен кеңейту үшiн барлық деңгейдегi билiк өкiлдерiнiң қатысуымен мұқият функционалдық талдау жүргiзу қажет.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау:

Мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейiндегi жергiлiктi органдарға бюджет пен меншiктiң айқын белгiленген өкiлеттiктерi берiлуге тиiс, өздерiне мемлекет берген функцияны атқаруға тиiс.

Жергiлiктi органдардың  өз бюджеттерiне қатысты нақты өкiлеттiктерiн  қамтамасыз ету, яғни басқарудың әрбiр  деңгейi үшiн кiрiстiң меншiктi көздерiн, оларды жұмсаудың бағыттарын дербес белгiлеу құқығын бекiту қажет. Жергiлiктi мәслихаттар жергiлiктi бюджеттi бекiтуге және оның атқарылуын нақты бақылауға тиiс (қараңыз. VIII бөлiм. Салық-бюджет саясаты).

Сондай-ақ, жергiлiктi басқару  органдары қызметкерлерiнiң даярлығы мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарын ұйымдастыру қажет.

Демократиялық мемлекеттiң iргетасы  ретiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды  енгiзу:

Мемлекеттiк басқаруды  қайта құрылымдау жөнiндегi мiндеттердiң  күрделiлiгiн ескере отырып реформаны "пилоттық" жобаларды iске асыру  арқылы, кезең-кезеңiмен жүргiзу қажет.

Өзiн-өзi басқарудың жаңа принциптерiн жекелеген ауылдық  округтерде, қалаларда, аудандарда, бiр  жыл iшiнде алдын ала байқап көрген жөн және сонан соң ғана оларды заңнамалық актiлерде бекiткен жөн. Мұндай тактика сынақ кезеңi iшiнде жаңа жағдайдағы жұмыс тәжiрибесiн жинақтауға, заңнамалық нормаларды мұқият пысықтауға және бүкiл ел ауқымында iрi қателiктер мен кемшiлiктер жiбермеуге мүмкiндiк бередi.

Реформалаудың оң және терiс  нәтижелерiн зерделеу мен талдау оны келесi деңгейлерде одан әрi тарату үшiн бағдар болады.

Орталықсыздандырудың  бiрiншi кезеңiнде ауыл мен шағын  қалалардағы, яғни қазiргi кезде билiктiң  белгiлi бiр жетiмсiздiгi орын алып, мұның  өзi үлкен келеңсiздiктерге әкелiп  отырған жерлерде проблемаларды  шешу айрықша маңызды болып табылады.

Ауылдық округтер, қала тұрпаттас  поселкелер және аудандық маңызы бар  қалалар деңгейiнде әкiмдер сайлау жүргiзiлетiн болады.

Екiншi кезеңде төмен  деңгейдегi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк  деңгейiнде, яғни ауылдық округтер, қала тұрпаттас поселкелер мен аудандық маңызы бар қалалар деңгейiнде басқарудың толыққанды органдарын құру мүмкiндiктерiн қарастыру керек.

Орталықсыздандырудың  бұл кезеңiнде аудандық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк басқару реформасы  талап етiледi. Халыққа есептiлiгi мен бақылаулылығын күшейту мақсатында тиiстi өкiлдi органдармен - аудандық (қалалық) мәслихаттармен келiсе отырып белгiлi бiр мерзiмге аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерiн қызметке тағайындау және орнынан алу тәртiбiн енгiзу қажет. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiн аудандық (қалалық) мәслихат депутаттарының қатарынан облыстық әкiмнiң тағайындау нұсқасы да болуы мүмкiн.

Yшiншi кезеңде облыстық  маңызы бар аудандар мен қалалар  деңгейiнде орталықсыздандыру принциптерiн  енгiзу қажет.

            Қазақстан Республикасы қазіргі кезде өзінің мемлекеттік дамуында жаңа бір сапалы деңгейге шықты. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару мен билік жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді. Аталған билік жүйесі Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасуына өз үлесін қосты.

Бірақ қазіргі кезде  мемлекеттік құрылымда  бұл жүйенің  қызметтері қоғамның және мемлекеттің  дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін  байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста  жергілікті мемлекеттік басқару  жүйесін атап көрсетуге болады. Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.

Мұның басты себептері  қолданыстағы заңдылықтардың, соның  ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.

Осыған байланысты республикадағы мемлекеттік құрылыстың жалпы стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылатын жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырып, жергілікті билік органдарын реформалау қажет.

Қазақстан Республикасында  жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және орталықсыздандырудың мемлекеттік  бағдарламасын жасау және қабылдау ұсынылады.

Жергілікті мемлекеттік  басқару жүйесін реформалауға бағытталған маңызды қадам Қазақстан Республикасының Үкіметінің  бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, сонымен қатар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкімдікті шектеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Бұл реформа билік  өкілеттіктерін вертикаль (тік) жүйесі бойынша бөлінуіне, яғни “республика(центр) – облыс – аудан – қалалық және ауылдық пунктер” жүйесін қалыптастыру және жергілікті жерлердегі қаржы - экономикалық базаның қалыптасуы жолымен мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған. Ол реформа жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар орталық билік органдарының арақатынасын жетілдіруге және дұрыс жұмыс істеуі үшін жаңа әкімшілік және экономикалық механизмдерді құруға негізделеді.

Информация о работе Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі