Шағын бизнесті мемлекеттік
қолдау
Қазіргі жағдайда экономиканы
сауықтан дыруға шағын кәсіпорындардың
қосқан үлестері жоқтың қасы. Оның себебі
жалпы өңдірістің төмендеуі және
ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың
үзілуіне болып отыр. Сонымен бірге
шағын кәсіпорынға мемлекеттік
қолдау орын ала алиай келеді. Шағын
кәсіпорындарға жан-жақты қолдау болмаған
жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп
кете алмайды.
Дүние жүзіндегі барлық
елдерде шағын кәсіпкерлікке
мемлекеттік қолдау қоры болады.
Массалы, Жапонияда жыл сайын
2-3 млрд. долл. Біздің Қазақстан жағдайында
мемлекеттік қолдау тек қана
пайдаға салынатын салық жеңілдігі
ғана. Егер шағын материалдық
базасы жеткіліксіз болса, айнылым
қорына қаражатты жоқ болса,
қндірілген өнімді қткізу жқнінде
алдына ала жасақталған шарттар
болмаса, ол қалай өз аяғынан
жүріп кете алады деген сұрау
туады.Шағын бизнестің басты проблемасы-
ол несие беру саясаты. Несие
тек қана кепілдеме ретінде
мүлікке беріледі. Ал кепілдікке
жарайтын мүлік шағын кәсіпорында
жоқтың қасы, сондықтан шағын
кәсіпорындардың керекті несиені
кепілдік бере алмайды. Сондықтан
шағын бизнесті қолдайтын арнайы
банк, несие банктің бір бөлімі
болуы керек.Шағын кәсіпорындар
кадр даярлау, банктік кредит
алу және инфармациялық қызметтерге
мұқжат. Оны кім шешеді? Шағын
кәсіпкерлік фирмалар қазіргі
жақдайда делдалдық сферада, сонымен
қатар тез айналатын сала сауда-саттық,
қоғамдық тамақтану, азаматтық
құрылыс, техника және машиналарды
жқндеу, т.б. салаларда орын алып
отыр. Осыған орай ең ірі нарық
– ғылыми – техникалық жаңалықтар,
мәліметтер сферасы әлі күнге
дейін қолға алынбай келеді
Қазақстанда шағын
бизнесті мемлекеттік қолдауды
жетілдіру
Шағын бизнес бірқатар
экономикалық және әлуметтік
проблемаларды шешуде маңызды
рөл атқарады. Шағын бизнес қалыптасуы
мен дамуы барысында мемлекеттік
қолдауды талап етеді. Себебі
ірі кәсіпорындардың манополиялық
әрекетінен, экономикалық өзгерістер
кезінде шағын бизнес қиын
хал-жағдайда болады. Мемлекет бизнестің
алдында тұрған кедергілерді
жоюға, құқықтық жағынан көмек
көрсетуге, өркениетті нарықтық
қатынасты орнатуға ықпал етуге
тиіс.
Республикалық қабылданған
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы»заңға сәйкес ел
экономикасының маңызды салаларының
бірі-ауыл шаруашылығындабизнесті
дамытуда орындалуы тиіс шараларды
атап өткен қажет.
Мемлекеттің агробизнес
жүйесіне араласуының қажеттілігі
бақылау мен реттеуге жататын
негізгі параметрлері,тіпті дамыған
нарық жағдайында да орын алатын
объективті факторлармен анықталады.
Кез келген экономикалық
жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің
араласуын қажетететін: бюджеттік,
несиелік, салықтық, инвеститциялық
сферасында мемлекеттік реттеу
проблемалары бар.
Жалпы кәсіпкерліктің
экономикалық белсенділігі мен
әлеуметтік бағдар ұстауының
кепілі оның өздігіненқоғамның
орташа топтарына жататындығы
емес, оның дәулеті мен тұрмысының
нақты шынайы меншікке негізделуі
болып табылады. Қазіргі уақытта
шағын кәсіпорындар жұмыс істеп
тұрған барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілердің 80 пайызын құрайды.
Республикада шағын бизнеспенбір
миллионнан аса адам айналысады.
Шағын бизнесті дамыту
үшін үш факторлық жағдайды
ескеру қажет. Олар:
-кәсіпкерлердің құқығын
қорғайтын жүйе жасау;
-тексеруші оргондардың
санын азайту;
-рұқсат беруші құжаттардың
санын азайту.
Шағын және орта
бизнестің күрделі проблемаларының
бірі несиелік ресурстарды алыдың
қиындығы.
Кәсіпкерлік банктен
несие алудан бес түрлі себппен
бас тартады:
-пайыздық өсімнің жоғары
болуы;
-кепілдік талаптың тым
қатаң болуы;
-ақпараттың жетіспеушілігі;
-несие алу мүмкіндігіне
сенімнің жоқтығы;
-банктердің кәсіпкерлерден
аймақтық алшақтығы;
Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдаудың негізгі
қақидалары:
-шағын кәсіпкерлікті
дамытудың басымдылығы;
-шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдацудың кешенділігі;
-инфрақұрылымды дамытуда
және кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық
формаларын таңдауда жағдай туғызу;
-алдыңғы қатарлы шетелдік
тәжірибені қолдау.
Қазақстан Республикасының
шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі
агенттігі Экономикалық зертттеулер
институты және Кәсіпкерлер форумы
кеңесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасында
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының жобасын
жасады. Бағдарламада бірқатар шараларды
жүзеге асыру белгіленген:
1. Шағын кәсіпкерлікті
қаржы-несиелік және инвеститциялық
қолдау.
Кәсіпкерлікті қаржылай
қолдау едәуір шығындарды талап
етеді, ал мемлекеттік бюджеттің
мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда
қаржының пайдаланудың коммерциялық
механизміне көшу қажет. Қазір
банктер сату-сатып алуды несиелейді
немесе ірі тауар өндірушілерді
несиелерді қолайлы көреді. Шағын
бизнес өтімді кепілдік базаның
жоқтығынан несиелік ресурстарға
қолы жете алмай тұр. Осыған
байланысты шағын кәсіпкерлікке
лизинктік несиелер, сақтандыру, франчайзинкті
дамыту қажет.
Кәсіпкерлікті қаржылау
қолдау саясаты орташа және
ұзақ мерзімді несиелеуді, аймақты
деңгейде кепілдік қорлар мен
несие серіктестіктерін құруға
бағытталуы қажет.
Шағын бизнес субъектілеріне
салық салудың әділ жүйесін
құрудың негізгі принципі жалпы
экономикалық мүдделердің фискальдық
мүдделерден басым болуы тиіс.
Шағын бизнес субектілерінен салық
салудың әділ механизмі кәсіпкердердің
табысын анықтаудың байыпты тәртібінің
болуын көздеу мүмкін. Кәсіпкерлердің
табысына бірыңғай жеңілшдікті мөлшерлеме
енгізу немесе потенттік төлем кәсіпкерлердің
жұмысын жеңілдетеді. Ағымдағы және аванстық
төлемдер төлеудің қазіргі тәртібін жою
керек. Өндірісті дамытуға, бәсекеге түсе
алатын экспортқа бағдарланға немесе
импортты ауыстыратын өнімдер шығаруға
қаржы жұмсайтын шағын кәсіпкерлер үшін
табыс салығын есептеген кезде салық салынатын
табысты осы қаржыға кеміту қажет. Шағын
кәсіпкерлікті қолдаудың басты бағыттарының
бірі-кеден баждарын төлеу кезінде шағын
кәсіпорындарға жеңілдіктер беру. Қазақстанда
өндірілмейтін шикізаттарды импортаған
кезде қосымша құн салығын салуды кейінге
қалдыру қажет.
Шағын кәсіпкерлікті
дамытуды маңызды жағы салалық
минеистірліктер мен ведомстволар,
сондай-ақ ірі отандық кәсіпорындар
тарапынан қолдау жасау болып
табылады. Бүгінгі таңда шағын
бизнесті қолдау бағдарламасы
транспорт және комуникация салаларында,
сонда-ақ жекелеген кәсіпорындарда
жасалған.
Шағын кәсіпкерлікті
қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту.
Шағын кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын
қалыптастыру үшін болашақта
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының
жұмысын қайта қарау қажет.
Нарық инфроқұрылым дамыту шағын
кәсіпкерлікті дамытудың маңызды
бөлігі болып келеді. Шағын бизнестін
тиімді қызмет етуін қамтымасыз
ететін нарықтық инфроқұрылымға
мынадай элементтер жатады: аудиторлық,
консалтингтік, бухгалтерлік және
басқа қызмет түрлері, қаржы
– несие институттары сақтандыру
конпаниялары әр түрлі оқу
орындары жатады. Сонымен қатар
бұл нарық инфроқұрылым субъектілерінің
өзіндік проблемаларын шешу қажет.
Қазақстанда кәсіпкерлер мүддесін
қорғайтын жетілген ұйымдар бар.
Олар: Қазақстан кәсіпкерлер конгресі,
кәсіпкерлер мен өндеушілер одағы.
Лизинг және франчайзингті
қалыптастыру.
Бүгінгі таңда шағын
кәсіпкерлікті дамыту саласындағы
жедел және қаржы лизингі іс
жүзінде дами алмай отыр. Мұндай
жағдайға лизингтің заңдық және
нормативтік базасының жоқтығы
басты себеп болып табылады. Лизингтік
қатынастарды тезірек енгізу
мақсатында олардың дамуын қолдау
жөнінде бірқатар шамаларды қабылдау
қажет.
Франчайзинг шағын
кәсіпкерлік өкілдерінің ірі
бизнеспен қарым-қатынасының тиімді
үлгісі ретінде өз дамуының
зор мүмкіндіктеріне ие. Қазақстанда
франчайзингтің даму үшін: франчайзинг
ассоциациясын, франчайзингтің оқу
– консультациялық орталығын
құру қажет.
Ақпаратық қамтамасыз
ету.
Бұл орайда бағдарлама
бойынша шағым кәсіпкерлікті
ақпараттық қамтамасыз етудін
ұлттық жүйесін жасау жоспарланған
осы жүйе шеңберінде заңдық-нормативтік
актілер, оқу орталықтары, заңгерлік
фирмалар, адвокаттық кеңселер, инфроқұрылымдық
басқа да объектілері бойынша
деректердің ақпараттық базасы
құрылады. Шағын кәсіпкерліктің
Респибликалық ақпараттық көрме
орталығы бұл жүйені іске асыруға
негіз болуы тиіс.
Шағын кәсіпкерлік
субъектілерін қорғау инфрақұрылымын
құру.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік
өзінің құқықтық мәртебесі жағынан
жеткілікті қорғалған институтқа
жатпайды, бұл әсіресе шағын бизнеске
қатысты. Шағын бизнестің ортақ
мүдделерін және әр субъектінің
мүдделерін қорғау мемлекеттік
емес ұйымдардың рөлін күшейту
мақсатында, әр түрлі заңдарды жүзеге
асыру керек. Кәсіпорынды тіркеу процесі
бастаушы кәсіпкерлерге өз ісін бастауда
үлкен кедергі келтіреді. Жаңадан құрылып
жатқан кәсіпорындардың тағы бір проблемасы
– бұл жарғылық қорды төлеу мәселесі.
Жарғылық қорды төлеу заңмен бекітілмесе
де, Президент Жарлығы негізінде жүргізіледі.
Кейбір кәсіпкерлер бұл талапты орындай
алмайды. Лицензия беру мәселесін де заңдық
жағынан қайта қарау қажет.
Шағын және орта
бизнесті қаржыландыру мәселелері.
Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау бағыттарының
бірі – ол мемлекеттің қаржы
–несиелік және инвестициялық
саясаты. Қолайлы инвестициялық
климат жасау және несиелеу
жүйесін жетілдіру басты мәселелер
болып саналады. Республикамызда
шағын кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру
үшін қажетті ресурстарға деген
үлкен тапшылық орын алып отыр.
Қаржы бойынша бірқатар мәселелер
шешімін тапай тұр:
- несие алудың шектеулігі;
- коммерциялық банктердің
кепілдік міндеттемені жоғары
деңгейде ұстауы;
- берілетін несиенің пайыздық
мөлшерлемесінің жоғарғы болуы
және қысқа мерзімділігі;
- шағын кәсіпкерлікке
микро несие берудің заңдылық
негізінің жоқтығы;
- банктердің шағын кәсіпкерлікті
несиелеу саясатының анықсыздығы.
Осыған байланысты
шағын кәсіпкерлікті қаржылай
қолданудың басты бағыты осы
секторға несие мен инвестицияны
кеңінен тарату. Сонымен бірге
шағын кәсіпкерлікке қатысты
қаржылық-несиелік саясат салалық,
аймақтық басымдылықтарға және
төмен пайыздық, ұзақ мерзімдік
несиелеу жүйесіне негізделуі
қажет.