Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:40, контрольная работа
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірбесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезеңдері
Басқару шешімінің мәні, қасиеті және ролі.
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірбесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжайдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтежелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісі, қабылдаған іс -әрекет жоспарын, қаулы қарарларды т.б., екінші жағдайда- проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады.
Проблема дегеніміз- жүйенің қажетті еткен және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай.
Жалпы әрекеттесетін жүйелерге басқарушы және басқарылатын шешім қабылдамасада болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндіріске көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Куррделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторлардың ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн.
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше міндетті айқындайды.
Шешімдерді жіктеу
Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Оларды жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.
Басқару субъектісі бойынша бойынша шешімдер былай бөлінеді:
1. Әкімшілік шешімі
2. Қоғамдық ұйымдар шешімі
Басқару объектісі бойынша шешімдер жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөлінеді. Жалпы шешім ідетте бүкіл шаруашылық мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.
Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.
Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың өнімдерін кәсіпорындармен қарым қатынастар қарастырады.
Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді мыналарға бөледі :
1. перспективалық
2. күнделікті
3. жедел.
Болашақ шешімнің орындалуы ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан астам). Мысалы: ірі мал шаруашылығын салу, кәсіпорындарды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары. Ол күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асады.
Жедел шешім қысқа уақыт ішінде жүзеге асырлады (бірнеше апта, күн, ай).
Басқару шешімі ұйымдастыруына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.
Жекелей шешім – бұл басшының ұжымдыммен немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ мәселелерді қозғайтын жедел шешім немесе өндірісті дамытудың принципті проблемаларын қозғамайтын шешім. Төтенше жағдайда ол шешім маңызды болуы мүмкін.
Алқалы шешім – бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімге әдетте мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады.
Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып, сонда қабылданады.
Қызметтік мақсатына орай шешімдерді жоспарлау – экономикалық, технологиялық қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.
А.И.Пригожин «Басқарудың әлеуметтік жағдайлары » кітабында басқару шешімдерін былай бөледі:
1. Мұқият айқындалған типтік шешім, оның мазмұнына басшының дербес ерекшеліктері әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Бұған кадр мәселерері, агрономиялық, инженерлік және зоотехникалық – малдәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру жатады.
2. Ынталы шешім. Бұл онша айқындалмаған шешім, мұнда басшының шешімі басым болуы мүмкін.
3. Творчествалық шешім – белгілі бір стратегиялық мақсатты және слған жетуді көздейді. Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды. Мысалы, кәсіпорындағы ғылыми-техникалық прогресі.
Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді:
1. Бағдарланған шешім. Ол жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтежесі.
2. Бағдарланбаған шешім. Біршама жаңа, ішкі құрылымы қалыптасқан немесе белгісіз факторлар жағдайында қалыптасады.Бұған ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесі қалай жақсатуы керек.
Басқару шешімдерінің ішкі мазмұны проблеманы қалай шешу керек деген сауалға жауап береді. Бұл шешімнің маңызды бөлігі.
Шешімнің ұйымдық бөлігіне мына мәселер жатады: іс-әрекеттердің бірізділіг мен реттілігі, календарлық мерзімдер, орындауға жауаптылар, орындаушылар арасындағы үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері, есеп беру тәртібі.
Шешімді шығару және қабылдау технологиясы.
Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.
Интуитивтік щещім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау.
Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау.
Шешім жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:
1. шешімді
2. әзірлеу
3. қабылдау және жүзеге асыру.
Төменде басқару шешімін жасау қабылдау және орындау кезеңдерінің үлгі схемасы:
Шешім қаблдаудың қажеттілігін анықтау | Проблемалар мәселесін қою | Жинақталған мәліметтерді таңдау | Шешім мәселелерінің негізделуін бағалау | Мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау | Шешімнің орындалуын ұйымдастыру | Орындалу барысында бақылау және нітижені қабылдау |
Басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады. Бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді.
Әзірлік кезеңде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс.
Шешімдер варианттары санының болуы проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда болжолдау дегеніміз – ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді алдын ала сынама вариантта шешу.
Шешім варианттарын ойластыру дегеніміз не?
1. Бұл шешімнің барлық құрамдас бөлігін, мақсатын және міндетін мүмкіндігінше толық тұжырымдау.
2. Қойылған мақсатқа жетудің басқарлатын жүйелердің, әсіресе осы шешімді жүзеге асыратын кезде басқару мен байланыс арасындағы әрекеттес пен үйлесімді ойластыру.
3. Басқарушы және басқарылатын жүйелердің, әсіресе осы шешімді жүзеге асыратын кезде басқару мен байланыс арасындағы әрекеттестік пен үйлесімді ойластырады.
4. Әр вариант бойынша іс-әрекет нәтежесінің мүмкіндігі бағаланады.
Критерий дегеніміз- қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігің салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.
Проблеманы жедел шешудің кең тараған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау - «ми шабуылы» тәсілі. Мұның мәні эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескертуе отырып, оны шешу амалдарын қарастыру.
Артықшылығы: әр алуан ой – пікірлер проблемаларды неғұрлым терең түсінуге ықпал етеді.
Кемшілігі: секцияға қатысушылардың барлығы бірдей проблеманы жете түсінбеуі және толық таныспауы, сол себептен олар оны шешуге өз үлестерін қоса алмауы мүмкін.
Пікір жинау тәсілі. Проблема жекелеген міндеттерге жіктеледі.эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуге тапсырады.
Артықшылығы: эксперттер өолайлы жағдайды міндетті шешуге шұғылдана алады.
Кемшіліктері: ұсыныс талқыланбайды, проблема шешу көзқарасы субъективті.
«Дельфа» тәсілі. Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұраныс. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауы, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.
Артықшылығы: проблемаларды шешуге мамандар мен эксперттерді, соның ішінде басқа ұйымдық кеңесшілерін тартуға болатындығы.
Кемшілігі: коммуникацияның жоқтығы, бағалау субъективтік сипатта болады.
Морфологиялық тәсіл. Проблемалар көптеген міндеттер мен мәселелерге жіктеледі. Содан кейін шешім таңдап алынады да, тұтастай проблеманы шешу үшін жинақталады.
Артықшылығы:проблема мәнін терең түсінуге және ұғынуғу мүмкіндік береді.
Кемшілігі: шешілетін проблема арнай құжаттарда – бұйрықтарда, жарлықтарда, қаулыларда, нұсқауларда, хаттамаларда көрсетіледі.
Тәуекел ету және шешім қабылдау
Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда дербес әрекет етуге балама шешім варианттарын ойластыруға тура келеді. Оксфорд сөздігі тәуекелге «зиянды немесе шығынға ұшырау мүмкіндігі» деген анықтама бердеді.
Тәуекел ету ең алдымен шаруашылық нақты жағдайдан ауытқығанда, шығынға ұшырату қатері төнгенде және сонымен қоса пайда табу мүмкіндігі туғанда пайда болады.
Тәуекел ету әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Мәселен, тәуекел пайда болу орнына қарайбылайша бөлінеді:
1. шаруашылықтың өзіндігі
2. адамның жеке басына байланысты
3. табиғат акторларына байланысты.
Пайда болу себебіне қарай:
1. болашақтағы
2. әріптестер әрекетінің белгісіздігі
3. мәліметтердің жеткіліксіздігі.
Шаруашылық тарапындағы ішкі және сыртқы себептерден туындайтын қауіп-қатерді зерттеудің ереулі мәні бар. Әрбір жағдайда басшы қабылданған шешімді жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болатын ұтыс пен ұтылысты таразытылайды. Мұндайда, шешімнің әр түрлі варианты, парамтрлері, соның ішінде болмаған сандық бағасы бойынша салыстырылады да содан кейін оның ең қолайлысы таңдап алынады.
Информация о работе Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезеңдері