Стратегиялық менеджмент пәніне кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 04:18, реферат

Описание

Стратегия бәсекеге қабілетті көптеген іс-әрекет пен бизнес тәсілдерінен тұрады. Фирманы басқару соларға байланысты. Жалпы алғанда, стратегия - бағыт-тұғырын (позициясын) ны-ғайтуға бағытталған фирманы басқару жоспары, тұтынушыларды қанағаттандыру мен қойылған мақсаттарға жету.

Работа состоит из  1 файл

Стратегиялық менеджмент пәніне кіріспе.doc

— 28.50 Кб (Скачать документ)

Стратегиялық менеджмент пәніне кіріспе [21 бет]

Стратегия бәсекеге қабілетті көптеген іс-әрекет пен  бизнес тәсілдерінен тұрады. Фирманы  басқару соларға байланысты. Жалпы  алғанда, стратегия - бағыт-тұғырын (позициясын) ны-ғайтуға бағытталған фирманы  басқару жоспары, тұтынушыларды қанағаттандыру мен қойылған мақсаттарға жету.

Менеджерлер компанияның  қандай бағытта дамитындығын айқыңдап, іс-әрекет тәсілін таңдауда негізгі  шешімдер қабылдау үшін стратегия жасайды.

Менеджерлердің нақты  стратегия таңдауы барлық ықтимал даму мен іс-әрекет тәсілдері ішінде компания дамитын бір бағыт алынғанын білдіреді. Стратегиясыз менеджердің ойланып-тол-ғанған іс-әрекет жоспары және қалайтын нәтижелерге жетудің біртұтас бағдарламасы да болмайды.

Фирма стратегиясын жасау мен жүзеге асырғанда мынадай міндеттерді бөліп көрсетеді.

1. Коммерциялық іс-әрекет  түрін анықтау және оның да-муының  стратегиялық бағыттарын қалыптастыру. Басқаша айтсақ, мақсаттар мен  дамудың ұзақ мерзімді болашағын  белгілеу қажет.

2. Жалпы мақсаттарды  бағыттар бойынша айқындау.

3. Жалпы мақсаттарды  бағыттар бойынша жүзеге асыра  білу.

4. Таңдалған стратегияны  тиімді жүзеге асыру.

5. Істелген жүмысты  бағалау, нарықтағы ахуалды талдау, қызмет, мақсат, стратегияның ұзақ  мерзімді негізгі бағыттарына түзетулер енгізу.

Мақсаттың екі түрі болады: қаржылық және стратегиялық.

Қаржылық мақсаттардың болуы міндетті, өйткені компа-нияның қаржылық құралы жетіспесе оның өсуі мен өркендеуі үшін қажетті ресурстарсыз қалуы мүмкін. Қаржылық мақсаттар мынадай көрсеткіштердің үлғаюын көздейді:

- пайда көлемі;

- инвестиция қайтарымы;

- қолма-қол ақша  түсімі;

- қарыздар мен  дивидендтер мелшері.

Стратегиялық мақсаттар  компанияның нарықтағы бәсекелік  позициясын нығайту үшін керек. Олар фирманың бәсекеге қабілеттілігіне жатады және мыналарға бағытталған:

- сала бойынша  орташаға қарағанда, өсудің ең  жоғары қарқынын қамтамасыз ету;

- нарық үлесін  ұлғайту:

- өнімнің және  бәсекелестермен салыстырғанда  ұсынылатын қызмет сапаларын  арттыру;

- шығындардың төменгі  деңгейіне жету және фирма беделін көтеру.

Стратегиялық мақсаттарға  сонымен қатар мыналар кіреді:

- шетелдік нарыққа  ену;

- озық технологияны  қолдану;

- өсудің әр түрлі  мүмкіндіктерін дамыту.

Информация о работе Стратегиялық менеджмент пәніне кіріспе