Тұлғаның қалыптасып дамуындағы білім беру мекемелерінің алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 08:51, доклад

Описание

Бүгінгі күні елімізде қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы қажеттілігіне бағытталған тұтас тәрбие жүйесі қалыптасқан.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қойылатын талаптар «Қазақстан – 2030: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңында көрсетілген.

Работа состоит из  1 файл

Тұлғаның қалыптасып дамуындағы білім беру мекемелерінің алатын орны..docx

— 21.80 Кб (Скачать документ)

Тұлғаның қалыптасып дамуындағы білім беру мекемелерінің  алатын орны.

       Бүгінгі күні елімізде қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы қажеттілігіне бағытталған тұтас тәрбие жүйесі қалыптасқан.

       Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қойылатын талаптар «Қазақстан – 2030: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңында көрсетілген.

Үлкен білім және насихат  ресурсы әзірленіп, ол арқылы тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. Бұл ресурс білім беру және тәрбие бағдарламаларының  жүйесінен, сондай-ақ оқудан тыс іс-шаралардан қалыптасады.

Білім және ғылым жүйесінің  ресурстары бұл жұмысқа мынадай  түрде тартылған.

Мектепке дейінгі  білім

      Мектепке  дейінгі тәрбие және оқыту  бала тұлғасын қалыптастыру мен  дамытуда үздіксіз білім беру  жүйесінің бірінші деңгейі болып  табылады.

            Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен  оқытудың мемлекеттік жалпыға  міндетті стандартына сәйкес  мектепке дейінгі ұйымдарда «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» республикалық  бағдарламалары іске асырылады; 2009 жылы кіші жастағы балаларға  арналған «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке  барамыз» (5-6 жас) тәрбие және оқыту  бағдарламалары әзірленді және  қабылданды, «Балапан», аталған бағдарламаларға  оқу-әдістемелік кешен (жеке, отбасылық  балабақшалар және ата-аналарға  арналған консультациялық пунктер  үшін әдістемелік ұсынымдамалар  мен дидактикалық материалдар)  әзірленді.

      Мектепке  дейінгі деңгейдегі білім беру  қызметтерін сапалы ұсынуды қамтамасыз  ету үшін ЮНЕСКО-мен бірлесіп  жаңа ұрпақтың стандарты әзірленді.  Ол 5 білім беру саласын қамтиды:  коммуникация, тану, денсаулық, шығармашылық  және социум.

      Жалпы мектепке  дейінгі тәрбие жүйесі қойылған  міндеттерді орындау үшін жеткілікті  түрде тиімді құрылған.

 

Орта білім

     Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде қызметінің негізгі мақсаты тұлғаның өзін-өзі анықтауына және қалыптасуына ықпал ету болып табылатын балалар мен жастар қоғамдық қозғалыстары және ұйымдары, шығармашылық одақтар маңызды рөл атқарады.

      Елбасының  бастамасымен 2011 жылғы 6 шілдеде  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар  мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық  қоғамдық бірлестігі құрылды.  Қазіргі уақытта оның қатарында  700 000-нан астам бала бар.

      Балаларға  қамқор болу, олардың мүдделерін  қорғау мемлекетіміздің маңызды  принципі болып табылады.

      Сонымен  қатар, балалардың өмір сүру  сапасын әлеуметтік және құқықтық  кепілдемелермен қамтамасыз ету  мәселелері жаңа Қазақстан Республиксында  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында және оны іске  асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында  көрсетілген.

      Дегенмен, орта білім беру жүйесінде  тәрбие жұмысын ұйымдастырудың  жаңа тәсілдерін талап ететін  бірқатар мәселелер де бар.  Бүгінгі күні орта білім беру  жүйесінде тәрбие жұмысының бірыңғай  бағдарламасы жоқ. Оқудан тыс  іс-шаралар оқу процесіне кіріктірілмеген  және алған білімді бекітуге  бағытталмаған.

      Бүгінгі  күнде мектеп оқушыларының жеке  қауіпсіздігі проблемасы маңызды  сипатқа ие болып отыр.

 

Жоғары білім

      Елдегі 146 жоғары  оқу орнында 629 000-нан астам  адам оқиды. 16-23 жас аралығындағы  жастардың статистикалық үлес  салмағы шамамен 2 127 289 адамды  құрайды. Олардың 50%-ы ұлдар, 50%-ы  қыздар. Бакалавриатта және магистратурада  білім алушы қыздардың пайыздық  арасалмағы ұлдарға қарағанда  көп. Білім алушы студенттердің  арасында 51%-ы ауылдық жерден келген  жастар, магистратурада олардың  үлесі 42%-ды және докторантурада 20%-ды құрайды. Білім алушылардың  ішінде жетім студентттердің  пайызы өте төмен (студенттердің  1%-ы).

           Жоғары оқу орындары кең ақпараттық жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ білім беру саласындағы, әсіресе интернет кеңістігіндегі жаңалықтарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жариялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.

      Жоғары  оқу орындарында тәрбиелеу және  бос уақытын өткізу қызметінің  орталықтары құрылуда, студенттің  өзін-өзі басқару қызметі және  студенттер арасындағы патриоттық  жұмыс жандануда. Жоғары оқу  орындарында тәрбие қызметін  басқаруда тәрбиені ұйымдастыруды  және оның мазмұнын қамтамасыз  ететін жетекшілерді бекітетін  Ғылым Кеңесі негізгі рөл атқарады. Тәрбие жұмысын басқаруды тәрбие  жұмысы жөніндегі проректор жүргізеді.  Тәрбие жұмысын күнделікті жүзеге  асыру академиялық топтардың  кураторларына жүктелген. Жұмыс  мазмұны мен тәрбие процесін  басқарудың аталған барлық субъектілерінің  функциялары жоғары оқу орындарының  жалпы ережелерінде айқындалады.

      Эксперимент  режимінде 4 ұлттық жоғары оқу  орнында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Гумилев  атындағы ЕҰУ) жоғары оқу орындарының  Даму стратегиясы, сондай-ақ оларды  іске асыру жоспарлары әзірленген. Аталған құжаттар шеңберінде  тәрбие жұмысы жөніндегі іс-шаралар қарастырылған және іске асыру индикаторлары мен көрсеткіштері анықталған.

      Тәрбие  жұмысы – үнемі жетілдіруді  талап ететін процесс. Отбасының  әлеуметтік институтының тәрбиелік  рөлінің әлсіреуі, салауатты өмір  салты дағдыларының жеткіліксіз  қалыптасуы, тұлғаның қалыптасуына  бұқаралық ақпарат құралдарының  жағымсыз әсері, педагогтердің  қазіргі заманғы тәрбие технологияларын  жеткіліксіз меңгеруі, қызығушылығы  бойынша балалар мен жастар  бірлестіктері желісінің (клубтар,  үйірмелер, секциялар және т.б.) шектеулілігі және олардың қызметімен  жеткіліксіз қамтылу нәтижесі  құқықбұзушылық пен суицид санының  азаймауы, темекі шегуге және  алкоголизмге ерте араласу сияқты  жағымсыз салдарға әкеледі. Одан  басқа, әртүрлі деструктивті діни  ағымдардың негізгі мақсатты  аудиториясы жастар болып табылады.

      Көп жағдайда  жас адам бір мекемеден басқа  мекемеге ауысқан кезде балалық-ересектік-жас  кезеңдегі тәрбие сәттерінің  бірізділігі мен келісілгендігі  байқала бермейді, өйткені әрбір  білім беру мекемесі өз тәрбие  жүйесін өз бейіні мен қызметінің  бағытына сәйкес құрады.

 

              Бүгінгі күні білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кездесетін жоғарыда аталған проблемалар жүйелі тәсілді қажет етеді.

      Барлық  деңгейдегі ұйымдарда тәрбие  жұмысын күшейту үшін тәрбиенің  мазмұнын, нысандарын, әдістері мен  құралдарын қайта қарау қажет.

      Осыған  байланысты, тәрбие жұмысын одан  әрі жетілдірудің тұтас пайымын  айқындайтын барлық білім беру  ұйымдарында оқыту процесінің  тәрбиелік құрамдасын күшейту  жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды  әзірлеу маңызды болып табылады.

      Жоспар  «Қазақстан-2030» Қазақстан дамуының  стратегиясы мен Қазақстанның  Ұлт бірлігі доктринасының құндылықтары  мен идеологиялық ұстанымдарының  кешенін, ең алдымен, жас ұрпақты  өзара құрмет көрсету, патриоттық, дәстүрді, рухани және адамгершілік  құндылықтары мен мемлекеттің,  қоғам мен отбасының мызғымастығына  бағытталған дүниетанымдық ұстанымдарды  сақтау және нығайту рухында  тәрбиелеу факторларын қамтиды.

      Жоспар  жас ерекшеліктерін және тәрбие  жұмысының қазіргі заманғы әдістері  мен нысандарын ескере отырып  әзірленген және мынадай бағыттардан  тұрады:

      1) тәрбие  процесін ғылыми-зерттеу және  әдістемелік қамтамасыз ету;

      2) патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді,  заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ  өскелең ұрпақтың дене және  рухани дамуын қалыптастыру;

      3) тәрбие  жүйесінің кадрлық әлеуетін жетілдіру  (біліктілігін арттыру);

      4) ақпараттық  насихаттау жұмысы.

      Жоспар  шеңберінде барлық білім беру  деңгейлері бойынша тәрбие бағдарламаларының  іске асырылу тиімділігіне моноторинг  жүргізу, тәрбие құрамдасын күшейту  мақсатында оқу-тәрбие кешендері  мен бағдарламаларына талдау жүргізу, сондай-ақ әлемдік озық тәжірибелерді зерттеу және қорыту көзделген.

      Жалпы адамзаттық  құндылықтарды, Қазақстанның тарихи  тәжірибесін, педагогтердің жаңашыл  тәсілдерін ескере отырып, тәрбие  жүйесін жаңарту әдістемелерін  әзірлеуге ерекше көңіл бөлінген.

      Ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз ету оқу және арнайы  бағдарламалар кешенін, тәрбиелік  іс-шараларды ұйымдастыру және  өткізу жөніндегі әдістемелерді  әзірлеуді, жас ерекшеліктерін  ескере отырып педагогикалық  нысандар мен құралдардың көптүрлілігін  пайдалануды; тәрбиенің нысандары  мен әдістерін дамытуды және  жетілдіруді; оқу-әдістемелік әзірлемелердің  нәтижелерін қорыту, білім беру  жүйесінің өкілдеріне осы саладағы  жаңалықтар туралы хабарлауды; отандық  және шетелдік озық педагогикалық  тәжірибені ескере отырып, осы  сала қызметін жариялайтын тиісті  әдебиеттерді тұрақты басып шығаруды, мектеп оқушыларының, колледждер  мен жоғары оқу орындары студенттерінің  патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру  ерекшеліктерін анықтау мақсатында  тәрбие бағдарламаларына сараптама  жүргізуді қарастырады.

      Тәрбиенің  инновациялық әдістерін әзірлеу  барысында «Назарбаев Университеті»  дербес білім беру ұйымының  және «Назарбаев зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымының  тәжірибелерін белсенді пайдалану  жоспарланған.

      Сонымен  қатар, патриоттық тәрбие саласында  зерттеулер ұйымдастырылып, олардың  нәтижесі практикалық қызметте  пайдаланылады; азаматтың тұлғасын  қалыптастыру және дамыту проблемалары  бойынша әдістемелік ұсынымдамалар  әзірленеді; патриоттық тәрбие мазмұнын  әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар  саласындағы маңызды жетістіктер  негізінде мәдени-тарихи рухани-адамгершілік, идеологиялық және басқа құрауыштарды  қосу арқылы байыту көзделген.

Патриотизмді, мораль мен  парасаттылық нормаларын, этносаралық  және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыруды жас ұрпақтың санасында еліктеуге үлгі ретінде  табысты қазақстандық адамның бейнесін жасау үшін танымал адамдарды  тарту арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Сондай-ақ, отбасын тәрбие процесіне  белсенді тарту қамтамасыз етіледі.

      Жоспарды  әзірлеуде барлық азаматтардың  теңдігі мен елдің қоғамдық-саяси  өмірінее қатысуына кепілдемені,  жеке басының бәсекеге қабілеттілігін  қамтамасыз ететін ұлт бірлігінің  факторы ретінде қазақ халқының  мәдениеті мен салт-дәстүріне,  мемлекеттік тілге деген құрмет  сезімін тәрбиелеуге басты назар  назар аударылды.

      Тәрбие  жүйесінің кадрлық әлеуетін дайындау  және жетілдіру шеңберінде балалар  мен жастарға арналған қосымша  білім беру ұйымдары қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру және қайта  даярлау жөнінде бағдарламалар  мен оқу жоспарлары әзірленеді. Тәрбие жұмысымен айналысатын  тұлғалардың жауапкершілігін арттыру  мақсатында педагог кадрлардың ұтқырлығы мен кәсіби деңгейін арттыру жүйесін әзірлеу жоспарлануда.

      Бұқаралық  ақпарат құралдары, оның ішінде  Интернет арқылы насихат жұмысы  күшейтілетін болады. Мысалы, отандық  өндірістегі балалар басылымдарының (газеттер, кітаптар, журналдар), әртүрлі  бағыттағы жастар мен балалар  телебағдарламаларының санын көбейту  қарастырылған.

      Үлгілік  кешенді жоспардың іс-шаралары  тәрбие жұмысы процесіне жастардың  өздерін, олардың барлық жасерекшелік  топтарын тартуға және қатыстыруға  бағытталған.

      Үлгілік  кешенді жоспардың іс-шараларын  өткізу шеңберінде қоғамның, оның  ішінде ата-аналар мен азаматтық  қоғам институттарын тарту форматтары  қарастырылған.

Үлгілік кешенді жоспарды іске асыру қорытындылары бойынша  балалар мен оқушы жастардың  бос уақытын өткізуді қамтамасыз ету, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, қазақстандық патриотизмді, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын, өзін-өзі  кәсіби анықтауды қалыптастыру үшін тиімді тәрбие жүйесін құру күтіледі.

      Білім және  тәрбие процесін іске асыруда  ата-аналарды педагогтермен және  балалармен бірлескен шығармашылық, бірлескен авторлық процеске  тарту үшін үштағанның өзара  іс-қимылын қарастыратын тәрбие  жұмысының жаңа нысандары мен  технологиялары дамитын болады.

Информация о работе Тұлғаның қалыптасып дамуындағы білім беру мекемелерінің алатын орны