Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері

Автор работы: l***********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 09:46, реферат

Описание

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерін болжамдау
Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі.
Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

болжау,жоспарлау және тәуекел теориясы.docx

— 41.06 Кб (Скачать документ)
>Сор.-Есепті жылғы салықтың орташа мөлшерлемесі.

          Екінші вариант бойынша әрбір аймақтағы ірі салық төлеушілер бойы корпорациялық табыс салығының есептелген және төленген сомасы мен салық декларациялар бойынша жылдық артық – ауыс нәтижесі және алым – салық қалдықтары сомалар өзгерістері жөніндегі ақпарат пайдаланады. Мұндай есептеуде күтілетін түсімдерден тұрақты сипатта емес және өндірістік іс - әрекетпен байланысы жоқ  біржолғы төлемдералынады да салықтың күтілетін сомасы жоспарлап отырған тұтынушылық бағалардың индексіне корреляцияланады. Болжамдап отырған түсімдер сомасы бұл арада келесі формула арқылы анықталады.

Тб = Со*Iб/100%*Ik/100%*Cop.

          Дивиденттерден, сый берулерден, резидент еместердің қызмет көрсету бойынша қазақстандық көздерден түскен табыстарына түсетін салықтарды божамдау негізінде олардың ақырғы екі жыл боый түсімдерінің динамикасы мен болжамдап отырған мерзімдегі экономика дамуының макроэкономикалық параметрлерінің өзгерістері бойынша жоспарланады. Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын болжамдау үшін салық органдарының тапсырылатын салық декларацияларының мәліметтері пайдаланады

          Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығын болжамдау үшін ақырғы есепті мезгілдегі жеке тұлғалардың негізгі құралдары мен материалды емес активтерінің құны жөніндегі статистикалық мәліметтер пайдаланады. Есептеу маңында жалпы құнынан салық салынбайтын объектілер құны, мүлік салығын төлемейтін жеке тұлғалардың негізі құралдары мен материалды емес активтерінің құны алынады. Негізгі құралдардың салық салатын құны болашақ қайта бағалау коэффициентіне түзетілімделіп, Салық кодекснде бекітілген салық мөлшерлемесі негізінеде келесі формуламен есептеледі:

См = (Қнқ*К/100%)*Сс/100%

          Жеке тұлғалардың мүлік салығының болжамы жеке тұлғаның меншік құқығында жеке кәсіпкерлік іс әрекетте пайдаланбайтын мүлігінің құны жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтер негізінде анықталады. Уәкілетті орган салық  салатын мүлік құнын анықтау үшін тұрғын үй жайлардың бір шаршы метрінің базалық құны, оның көлемі, тозу коэффиценттерімен бекітілген мөлшерлемелерді пайдаланады. Сонымен қоса, есептеу жасағанда әрекеттегі заңнамаға сәйкес берілген жеңілдіктер де есептелуі қажет. Бұл арада болжамдық түсімдер сомасы келесі формула арқылы анықталады:

См = Қнқ* Сс/100%

          Көлік құралдарының салығының болжамы көлік құралдарының двигатель көлемі, жүк көтергіштігі мен отыратын орындарына  байланысты түрлері және топтары бойынша ішкі істер органдары дайындайтын олардың саны жөніндегі мәліметтері негізінде есептеледі. Осылай есептелген жалпы санынан салықтық заңнамаға сәйкес берілетін жеңілдіктері бар заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдары саны алынады. Автокөлік құралдарының әрбір түрі мен тобы бойынша салық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:

Ск = Кс* АЕК* Сс* К/ 100%

           Әлеуметтік салық мөлшерін болжамдау үшін ағымдағы жылдың осы салық бойынша салық декларацияларының мәліметтерін пайдаланады. Салық салынатын табыстың нақты көлемі мен әлеуметтік салықтың орташа мөлшерлемесі анықталады:

Со = Ән / Тн * 100%

            Салық заңнамада қарастырылған жеңілдіктерді есептей отырып, жер салығының болжамдық срмасы келесі формула арқылы анықталады:

Жж =Аж * Со * К

Жж –  жер салығының болжамдық сомасы;

Аж – жер учаскесінің алқабы;

Со - әрбір жер категориясы бойынша орташа базалық мөлшерлеме;

К - заңнамаға сәйкес жеке төлеушілер үшін тағайындалған коэффициент.

           Жер салығын жоспарлау келесі категория бойынша іске асырылады – а) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; ә) елді мекен жерлері; б) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер.

            Бірыңғай жер салығын болжамдау үшін де декларациялар мәліметтері пайдаланады. Бұл салықты есептеу базасы болып жер учаскесінің бағалау құны табылады, ал оның сомасы осы бағалау құнға заңнамада бекітілген мөлшерлемені пайдалану арқылы есептеледі.

          Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы су ресурстары жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтері негізі мен төлемақы төленетін объектілер бойынша және су тұтыну мен арнайы су пайдалану түрлеріне байланысты Үкімет тағайындаған мөлшерлемелерді қолдану арқылы келесі формуламен есептеледі:

Тс = Сп * С

         Салық түсілдерін контингентінің есеп әдісі келесі кезеңдермен сипатталады:

• бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы салық түсімдері бойынша барлық мәліметтерді қортындап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;

• бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган елдің орташа мерзімді әлеуметтік–экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде салық түсімдерінің контингенттерін болжамдап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жеткізеді;

• бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті аумақ бойынша кірістер шектелімдерін жоспарлауды іске асырады.

         Бюджет кірістерінің шектелімдерін болжамдау процесінде әрекеттегі заңнамалық және нормативтік актілерге енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды есептеу қажет және түсімдер бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша кезекті жылға бекітілген республикалық бюджет жөніндегі Заңнын баптарына сәйкес болуы тиіс.

         Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау. Ішкі немесе жанама салықтар ол тауарлардың бағасы арқылы төленетін немесе тарифке енгізілетін сол тауарлар мен қызметке салынатын салықтар. Мұндай салықтардың нақты төлеушілері болып сол тауар немесе қызмет иелері салық сомаларын оларды өткізгенде алады. Ішкі салықтарға қосылған құн салығы мен акциздер жатады.

           Қосылған құн салығы түсімдерін екі вариантпен болжамдау мүмкін. Бірінші варианттың есебі елдің орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму жоспарына сәйкес жалпы ішкі өнімнің болжамдық көлемі мен ҚҚС алуының орташа пайызына негізделеді. Екінші вариантының есебі ҚҚС түсуінің мониторинг жөніндегі салық органдарының мәліметтеріне негізделеді. Бұл арада ірі салық төлеушілер бойынша есептелген және төленген ҚҚС сомалары жөніндегі мәліметтер пайдаланады.  

3 Қаржылық жоспарлаудың  шетелдік тәжірибесі.

          Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.

          Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша әлемде төртінші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми зеттеулердің жоғары деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті тағы басқа маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойынша Франция мына мемлекеттермен байланыста: Европалық  қауымдастық : 63%( Германия  16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8%). Импорт бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия – Люксенбург 11%).

          Бюджет сипаты: кірістер – 210 млрд доллар, шығыстар – 240 млрд доллар. Экспорт – 325 млрд доллар. Импорт – 320 млрд доллар.

          Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-гі салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының жоғарлағандығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік – тікелей  салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% береді, негізінен бұл ҚҚС-ғы (оның үлесі 45%). Ал, тікелей салықтар ішінде басты рөлде жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің  20% құрайды.Қазіргі кезде Франция үкіметі салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық деңгейін төмендетуде күрделі қадамдар жасауда.

         Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.

          Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен 4% үлесі тиеді.

          Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.

          Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы іс қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетке көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.

          Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет  шығындарының  өсіп  отыруымен сипатталуда. Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.

         Францияның 2001 – 2015 жылдар аралығында көзделген мақсаттары мен жоспарлары. Кейінгі жылдардағы Францияның даму ерекшеліктері экстенсивті сипатта байқалады.Бұл бағыт еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты. Макроэкономикалық өзгерістер жағымды факторлармен айқындалуда, атап айтқанда жұмыссыздықпен күрес. 2002 -   2004 жылдарға аралығында еңбекке жарамды халықтың ішінде жұмыссыздар үлесі 12,5% дан 19,7% - ға төмендеді. 2004 жылдың қаңтар айында мемлекет   тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үлкенқадам жасалып  бағдарламасын жарияланады. Бағдарламадағы негізгі мақсат – салық ауыртпалығын азайтып, 2006 жылғы ЖІӨ-ң 43,7% дейін салық ауыртпалығын төмендету.

          Францияның қаржы минстрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылғы елдегі бюджет тапшылығы салықтардың төмендетілгеніне қарамастан бекітілген болжамнан төменірек болып шықты. Бұл көрсеткіш 205 млрд франктен асқан жоқ, 2004 жылдың аяғында 215 млрд франк шамасында болып қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан 2005 жылдың қаңтар айында шыққан үш жылдық  жоспар бойынша Франция 2006 жылы салықтық төлемдерді жылына 40 млрд франкқа қысқарту арқылы бюджет тапшылығынан арылуды мақсат етті. Бұл процесс 2006 жылы басталып кетті. Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы Батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4 – 2,6 % шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе бәсеке қабілеттілігін жоғарлату қажет. Еңбек нарығын реттеу арқылы жұмыссыздықты әлде қайда төмендетуге болатынын Франция әлде қашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.

4.Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері

          Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

         Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

         Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.

         Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).

          Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.

          Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.

          Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.

         Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:

1)  ақшаның  сатып алу қабілеттілігімен байланысты  тәуекелдер;

2) капитал  салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).

          Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен  байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің  келесі түрлері жатады: инфляциялық  және дефляциялық тәуекелдер, валюталық  тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.

         Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.

        Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.

Информация о работе Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері