Венчурлық кәсіпорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 10:45, курсовая работа

Описание

Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.

Работа состоит из  1 файл

курсовая Bota.doc

— 404.00 Кб (Скачать документ)
    • қаржылық институттар (шағын кәсіпкерлікті қолдау қорлары, арнайы банктер, қаржы сақтандыру қорлары);
    • лизинг компаниялары;
    • бизнес-инкубаторлар, технопарктер, кластерлер, өнеркәсіп компаниялары және тағы басқалары;
    • шағын кәсіпкерлікті дамытудың агенттіктері мен орталықтары;
    • технологияларды тарату орталықтары;
    • ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері;
    • оқу орталықтары;
    • бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, маркетингтік, көлік және басқа да қызметтер көрсету жөніндегі арнайы фирмалар, мамандар таңдауға жәрдемдесетін агенттіктер.

  Алдағы жоспарланған Қазақстан экономикасыныңмодернизациясы кәсіпкерлік саласында өзара байланысты мәселелерді шешуді көздейді. Сонымен, мемлекет салық режимін «тек өнеркәсіптік саясаттың көп аспаптарының бірі ретінде қолдануы» қажет. Бәсекелестікті дамыту мәселесі кәсіпкерлікті дамытуда басты мақсат болуы қажет. Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен ынтымақтастығына ықпал ететін әкімшілік және нормативті алғышарттарды құру қажет. Ол келешекте ірі кәсіпорындардың кіші бизнестің «тапсырушысы және локомотиві» қызметін атқаруға мүмкіндік тудырады. Мемлекеттің қатысуымен жеке копорацияларды құру және соның негізінде ірі аймақтық холдингтерді құру аймақты даму мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігін тудырады. Олардың әрекетіндегі негізгі бағыттар «аймақтағы тауарға және шағын және орта кәсіпорындардың қызметтеріне қатысты сұранысты, кірісті және ұзақ мерзімді негізде құру» болып саналады. Ұтымсыз кәсіпорындарды қайта құру және қалпына келтіру әлеуметтік – кәсіпорындық корпорацияларды құруға бағытталуы қажет. Бұл корпорациялар өз кезегінде «нарыққа қажетті өнеркәсіп пен жаңа технологияларды» дамытуға ықпалын тигізуі қажет. Мемлекет экономиканың түрлі саласына кәсіпкерліктер мен капиталдардың қатысуларының бәсекелестік негіздерін  құруға бағытталған кәсіпкерлік мәдениеттің дамуына ықпалын тигізуі қажет. Осы аталған мәселелер зерттеу барысында нақтыланды. Ғылымды дамытуға жеке секторды тартудың тиімсіз тетігі Қазақстандағы ғылыми-техникалық саланың әлі де әлсіз буыны болып қала береді.   Дамыған экономикалы елдерде (АҚШ, Жапония, Финляндия) өнеркәсіп кәсіпорындары НИОКР-ды өзін өзі ақтау мен өзін өзі қаржыландыру шарттарында жүзеге асырады және мемлекеттік шығыстардың үлесіне  орта есеппен 30 % келгенде, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге арналған барлық ұлттық шығыстардың 70 %-ына дейін игереді.       Атап айтқанда, соңғы жылдар ішінде мемлекеттің ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ІЖӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда – шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда – 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне  ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ІЖӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады.         Қазақстанда соңғы бес жыл ішіндегі ғылымды қаржыландыру көлемі  шамамен ІЖӨ 0,2 %-ын құрайды, бұл жеткіліксіз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерін негізге ала отырып, 2010 жылға қарай ғылымды ІЖӨ-нің 2 % деңгейіне дейін және 2015 жылы 2,5-3 %-ға дейін қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру қажет.    Ғылымды одан әрі дамыту үшін мемлекеттік саясаттың басымдықтары мыналар болуға тиіс:      қазіргі ғылыми-техникалық әлеуетті индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан озық салаларды дамытуға пайдалану; мемлекет үшін маңызды ғылыми-техникалық бағыттар салаларында зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдай жасау;      жоғары технологиялы өнімнің экспортына бағдарланған ғылымды қажетсінетін және ресурс үнемдеуші әрі экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту.   Ғылыми-техникалық саланы дамытудың негізгі қағидаттары мыналар болуға тиіс: жүйелілік; бәсекеге қабілеттілік; ашықтық; коммерцияландыруға бағдарланушылық; серпінді сипат және әлемдік ғылыми кеңістікке кіру; ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру.     Инновациялық кәсіпкерлік ортаның негізгі элементі коммерциялық бәсекеге қабілетті идеяны жеткізуші болып табылады, ол өзінің табиғатына байланыссыз оны іске асыру тұрғысында мемлекеттің қолдауына сенуге құқылы. Инновация – бұл нарықта табысты іске асырылатын қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнімі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Кәсіпкерліктің  инновациялық түрлерін жетілдіруде  венчурлік, концессиялық, лизингтік  және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері жалпы инновациялық кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті өркендетудің бұл түрлері кеңінен ұлттық инновациялық жүйені дамыту барысында қолданған жөн.

            Ғылыми-техникалық саланы дамытудың негізгі қағидаттары мыналар болуға тиіс: жүйелілік; бәсекеге қабілеттілік; ашықтық; коммерцияландыруға бағдарланушылық; серпінді сипат және әлемдік ғылыми кеңістікке кіру; ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру.

    Жалпы мамандардың айтуынша, венчурлық  бизнесті дамыту үшін, ең бастысы, инновациялық инфрақұрылымнан басқа, инвестициясын  тәуекелі жоғары жобаларға салушылар  да, тәуекелі жоғары инновациялық жобаларды  ұсынушылардың да жеткілікті болуы  шарт. Ал бізде соның екеуі де тапшы. Екінші жағынан отандық ғалымдар жасаған инновациялық жобалар елімізде қолдау таппай, көпшілігі Қытайдың өндірісін дамытуға үлес қосуда. Ондай жағдайлардың болуы да бір жағынан заңды секілді. Өйткені біз венчурлық бизнесті енді ғана үйреніп, әліппесінен бастап жатқан елміз.

            Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту көптеген шығындарға алып келуі мүмкін. Өйткені инновация ол әрқашанда жаңа бастама, жаңа идея. Одан қандай нәтиже болатынын болжауға болады. Бірақ нақты тәжірибеде тәуекелді әртараптандыру қажет. Курстық жұмыста кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыруда және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инноваиялық тәуекелділік деңгейін төмендету тетіктері тиімділігін көрсетті.

      Қазақстанның алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену мақсатын жүзеге асыру барысында индустриалдық-инновациялық қызметтегі келесі бағыттарды кеңінен дамыту негізгі мәнге ие болуы қажет:

          - ғылыми-технологиялық  әлеуетті жоғары ғылыми-технологиялық  және өнеркәсіптік ұйымдар желісі бар қалаларда ғылымдық және инновациялық инфрақұрылымның (технологиялық парктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және т.б.) қазіргі заманғы элементтерінің қызметін құру және қолдау көрсету;

          - экономиканың стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы салаларын дамытуда өзімізде бар ғылыми-техникалық әлеуетті қолдану;

          - бүгінгі таңда  Қазақстанда бірқатар бағыттар  бойынша отандық зерттеулер негізінде  ғылыми-сыйымды өндірісті дамытуға  мүмкіндік беретін ғылыми база бар, оның ішінде, жаңа материалдар, химиялық өнімдер, заман талабына сай жаңа өнімдер шығару және т.б;

          - отандық тауар  өндірушілерге жағдай жасау мақсатында  уақытша жеңілдікпен қарыз құралдарын  беру, салықтық жеңілдіктер беру  және Қазақстанда өндірілмейтін импорттық машиналар мен құрал-жабдықтарды әкелуде ҚҚС босату.  

      Осыдан келіп, инновациялық қызметтің қозғаушы тетігі венчурлік бизнестің Қазақстанда кеңінен дамуы үшін келесі шараларды қолдану қажет:

  • отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлік қорларды құру,
  • инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
  • гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-құрастырулық жұмыстарды қаржыландыру;
  • инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi қаржыландыру;
  • ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерiн құруға қатысу; ғылыми-техникалық өнiм нарығын қалыптастыруға қатысу.

    Зерттеулер негізінде концессиялық қатынастарды реттеу, шарттарын жасасудың үлгілері, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібі айқындалды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, болашақта концессия аумағындағы заңдылықты дамыту және жетілдіру керек. Сонымен қатар, концессиялық бизнесті ынталандыру үшін мемлекет тарапынан келесідей шаралар қолдану керек:

    ҚР-дағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалы әлі  де жеткілікті деңгейде қолайлы болып тұрған жоқ. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:

     - білікті кадрлар және жұмыс  күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;

     - инвестициялық үрдістерді басқаруды  ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметінің реттемелеу деңгейін жоғарылату керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

    
  1. Инновациялық  қызметті ұйымдастырудағы басымдықты бағыт ретінде инновациялық ортаны жетілдіру. «Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері  мен интеграциялық болашағы»  атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Түркістан қ, 27-29 сәуір 2005, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ.
  2. Индустрия өндірісін қайта құрудың инновациялық құрылымдық  негіздері. «Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту» атты Орта Азия елдерінің II Түркістан  интеграциялық форумы. 29-30 сәуір 2006. Түркістан қ. ХҚТУ, 207-209б.
  3. Лизинг және лизингтік операциялар түрлері «Әуезов оқулары:-7: М.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері » атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері – М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2008 ж., Том 7. 125-128 б.
  4. Экономикалық дағдарыс және оны шешу жолдары //«Хабаршы». Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, №6(70) – Алматы, 2008. 8-11 б.
  5. Индустрия өндірісін интенсивті дамытудың инновациялық тетіктері //«Ізденіс –Поиск». №4. Алматы, 2008 ж. 5-9 б.
  6. Ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы //«Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008 ж., №4 185-189 б.
  7. Ғылымның даму нәтижелері және стратегиялық басымдықтары //«Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008ж, №4 189-194 б.
  8. Қазақстанда франчайзингті қалыптастыру және дамыту мүмкіншіліктері //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №3 (63)-Түркістан, 2008ж.
  9. Концессиялық бизнестің қажеттілігі және  оны пайдаланудың негізгі шарты //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №3 (63)-Түркістан, 2008ж.
  10. Венчурлік капитал – ҚР-да инновациялық қызметтің қалыптасу және дамуының негізгі факторы. «Аймақтық экономиканы индустриалдық- инновациялық дамыту мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Академиялық инновациялық университеті, Шымкент, 2009ж.
  11. Кәсіпкерліктің ресурспен қамтамсыз етудің инновациялық әдістері  //«Хабаршы». Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, №6 – Алматы, 2009.
  12. Бизнес-инкубаторлар және технопарктер индустриалды иннвациялық қызметтің негізінде кәсіпкерлікті қолдаушы инфрақұрылымдық ұйымдар  //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №2 -Түркістан, 2009 ж. Шілде-тамыз.
  13. Ұлттық инновациялық жүйені дамытудың ерекшеліктері//«Хабаршы»,
  14. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Внешнеэкономические связи: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика, 1998.-512с.
  15. Кенжалиев А.Т. Иностранные инвестиции в развитии экономики региона // 10 лет независимости Казахстана: итоги и перспективы развития. /Сб. Междунар. науч. кон. 22-24 февраля 2001г.-Алматы: Университет. КАЙНАР, 2001.-с.500
  16. www.inform.kz
  17. Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылға арналған инновациялық саясатты жетілдіру бағдарламасы. Алматы, 2003.
  18. Кулбаева М.А. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері». Түркістан, 2009
  19. Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылға арналған инновациялық саясатты жетілдіру бағдарламасы. Алматы, 2003.
  20. Қ.Мұқаметқали. Инновациялық саланы дамыту- үдемелі индустрияландырудың аса маңызды құрамдасы.//Дала мен қала газеті. – 05.12.2009.

Информация о работе Венчурлық кәсіпорын