Жапония экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 20:34, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Қазақстанда жүргізіліп отырған экономикалық реформалар (құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік) азаматтық айналыс пен шаруашылық жүйесіндегі құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайларды өзгертті. Экономикалық тұрақтану мен одан әрі дамуы барысында экономиканы мемлекеттік реттеу белсенді ықпал етеді. Тиімді экономиканың моделін жасаушы және көрнекті маман Клас Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және болған да емес» - деп тұжырым жасаған. Яғни мемлекет нарықтық экономика жүйесінде болса да, мемлекет оны үнемі реттеп отырады.

Содержание

1.Кіріспе.

2.II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапониядағы экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары.
3. Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекет тарапынан реттеу.
4. Импортты реттеу.
5. Жапонияның бюджет жүйесі.
6. Жапон экономикалық ғажабы.
7. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

referattar.kz_924332853.doc

— 62.00 Кб (Скачать документ)

 

Қорытынды.

 

Сонымен, Жапония мемлекетінің экономикасы соңғы елу жылдан астам уақытта өте жедел қарқынмен  дамып, өз жетістіктерін ары қарай  жалғастыруда. Әрине, оның осындай жетістіктерге жетуі мемлекет тарапынан ықпалынсыз болмауы да мүмкін еді. Себебі мемлекет  барлық елдегі жағдайды бақылап, приоритетті салаларды дамытып, қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етіп, қоршаған ортаны қорғап, бүкіл экономиканы тұрақтандырады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда өндіріс салаларын дамытуға мүмкіндік беретін инвестицияларға қажеттілік жоғары болып отыр, яғни қажетті қаражаттар жетіспейді. Инвестицияларды тартуға мемлекет белгілі дәрежеде ықпал етуде. Сонымен қатар қазіргі кезде Қазақстан Жапония сияқты жеке секторларды, яғни жеке кәсіпкерлікті қолдап отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан  экономиканың ұзақ уақыт бойынан  құлдырауынан экономиканың өсу кезеңіне қарай бет бұрды. Осындай кезде  өрлеуді қамтамасыз ететін ұзақ мерзіді  даму  стратегияларын қалыптастыру мәселелері бірінші орында тұр. Дәл осы бойынша Қазақстанға Жапон елінің тәжірибесінен сабақ алуына болады.  

 

 

 

 

 




Информация о работе Жапония экономикасы