Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 15:30, дипломная работа

Описание

Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлемді сұраныстың жалпы қысқаруы, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы саладағы күшейе түскен бәсекелестік, шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай қиындықтарға ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «көлеңкелі» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.
Осы дипломдық жобада ұсынылып отырған жалпы теориялық жақтармен қатар кәсіпорынның күрделі және жан-жақты қызметін тереңірек көрсетуде нақты мысалдар мен берілген бірқатар жобалар бар.

Содержание

Кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктердің түрлері, қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері 6
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің
дамуы 13
1.3 Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендіру
барысы 21
II Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметін басқарудағы
мемлекеттің рөлі
2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың
маңызды шарты 30
2.2 Қазақстандағы кәсіпорындар қабылдаған маркетинг және
менеджмент 36
2.3 Кәсіпорындардағы қаржы мәселесін қалыптастыру 44
III Кәсіпкерліктің кәсіпорын қызметінің пайдалы-
лығын арттыруы
3.1 Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі 52
3.2 Кәсіпкерліктің кәсіпорындардағы сыртқы экономикалық
қызметін жандандыруы 62
Қортынды 68
Қолданылған әдебиеттер 71

Работа состоит из  1 файл

срс тема.doc

— 132.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерліктердің  түрлері, қатынастары және бизнеске 

қатысудағы өзгешеліктері 6

1.2 Қазақстан Республикасындағы  шағын кәсіпкерліктің 

дамуы 13

1.3 Қазақстанда мемлекеттік  меншікті жекешелендіру 

барысы 21

II Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметін басқарудағы

мемлекеттің рөлі

2.1 Шағын кәсіпкерлік  – ұлттық экономиканы дамытудың 

маңызды шарты 30

2.2 Қазақстандағы кәсіпорындар  қабылдаған маркетинг және 

менеджмент 36

2.3 Кәсіпорындардағы қаржы  мәселесін қалыптастыру 44

III Кәсіпкерліктің кәсіпорын қызметінің пайдалы-

лығын арттыруы

3.1 Кәсіпорынның жұмыс  күшімен қамтамасыз етілуі 52

3.2 Кәсіпкерліктің кәсіпорындардағы  сыртқы экономикалық 

қызметін жандандыруы 62

Қортынды 68

Қолданылған әдебиеттер 71

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы  нарықтық қатынастарды қалыптастыру-дың  қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын  қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті  болып отыр.

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін Республикамыздың тәуелсіздікке ие болған уақыттан бастап атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.

Нарықтық экономика  жағдайында экономикалық қызметтің  барлық экономикадағы негізгі буыны  – бұл кәсіпорын.

Міне, сондықтан да, бұл  деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өнімді және өндірісті сатуға кететін шығындарды азайтуға қол жетеді. Сол – сияқты бизнес жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.

Мұның барлығы терең  экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі жағдайда тек мынадай  ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса салауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғарғы табыспен, ең соңында көп пайданы табуды қамтамасыз ететін болса.

Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білгендері қажет.

Шағын кәсіпкерлікті  қамтыған қиындықтар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және мемлекеттік сектордың оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы мен айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жіберді. Ал қазіргі кезде мемлекетімізде шағын бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптасты және мемлекет тарабынан, сонымен қатар бизнестің өзі де ары қарай жылдам дамуы үшін іс-әрекеттер жасалынып жатыр.

Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлемді сұраныстың жалпы қысқаруы, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы саладағы күшейе түскен бәсекелестік, шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай қиындықтарға ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «көлеңкелі» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.

Осы дипломдық жобада ұсынылып отырған жалпы теориялық  жақтармен қатар кәсіпорынның күрделі және жан-жақты қызметін тереңірек көрсетуде нақты мысалдар мен берілген бірқатар жобалар бар.

Менің «Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі» деген тақырыпқа  тоқталған себебім қазіргі уақытта  көптеген кәсіпорындар Қазақстанда  қанат жайып, өз жұмыстарымен айналысуда. Кәсіпкерлікті не үшін мемлекеттің қолдауы тиіс? Кәсіпкерліктің қандай пайдасы бар? Олардың тиімді және тиімсіз жақтары қандай? Деген және т.б. көптеген сұрақтардың туындауы еді. Мен осы жұмысты қолға алып үшінші курстан бастап мәселелер жинақтадым. Мысалы «ТИКО-1» құрылыс кәсіпорынында тәжірибелік жұмысты атқару барысында көптеген кәсіпкерлік жұмысының мән-жайымен таныс болдым. Осы кәсіпорында аз ғана уақыт тәжірибе жұмыстарымен айналысып, көптеген жұмыстардың тәсілімен таныстым. Кәсіпорынды қаржыландыру жағын қарстыра отырып Қаржы министірлігінде тәжірибе жұмысын атқару барысында жалпылай таныс болдым.

Міне осы ұсынып отырған  дипломдық жобамда кәсіпкерлікті  қолдау, олардың даму, жұмыспен қамтамасыз ету тағы басқа мәселелерді ортаға салып талқыладым. Тек қана теория жақтарын қамтымай көптеген мысал келтіре отырып дипломдық жұмысты бастадым.

Дипломдық жобаның мақсаты  мемлекеттегі кәсіпорындардың қолдануын  зерттеп, тану. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, сегіз бөлімнен, қортынды және қолданылған әдебиеттен тұрады. Осы тараулардың ішінде өзекті мәселелер қарастырылған. Оның ішінде кәсіпкерлікке қолдау көрсету, кәсіпкерлікті басқарудағы мемлекеттің рөлі және пайдасын арттыру сияқты сұрақтар қозғалған.

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері, міне, 14 жыл өтті. Осы жылдар ішінде экономикамыз әлемдік нарықта жоғарғы деңгейге көтеріліп, Қазақстан әлемнің бүкіл ұлы державаларына нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Нарықтық экономиканың негізі жеке меншік Институты екені белгілі. Сондықтан нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңінен бастап Үкіметтің де, зерттеушілердің де назарында жеке меншіктің, соның ішінде шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен даму мәселелері болды.

Қазақстан Республикасында  жүргізіліп отырған реформалар, басты мақсаты азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын, әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Осы мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын маңызды факторлардың бірі шағын кәсіпкерліктің дамуы екені анық.

Нарықтық экономика  жағдайында Қазақстандағы шағын  кәсіпкерліктің қызмет ету процесінің күрделілігі, оның ғылыми негіздерін, бағытталу беталыстарын, қазіргі жағдайына бөлшектік талдау жасау, даму формаларын анықтау қажеттілігі, даму барысында туындайтын мәселелерді шешудің жоғарғы тәжірибелік маңызы зерттеудің өзектілігін айқындап, тақырыпты таңдаудағы негіз болды.

Зерттеудің мақсаты республикамыздағы шағын және орта бизнестің дамуындағы қалыптасуы мен даму жүйесін теориялық және тәжірибелік негіздеу мен еліміздің стратегиялық даму бағыттарының бірі – индустриалды-инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.

Қурстық жұмыстың мақсаты  келесі міндеттерді шешумен нақтыланады:

- кәсіпкерлік түсінігі және оның түрлерін қарастыру;

- Қазастандағы шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайын, даму ерекшеліктерін зерттеу және дамудағы жаңа беталыстарды анықтау;

- шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді шараларын зерттеу.

Курстық жұмысымның бірінші  тарауы «Кәсіпкерлік – Қазақстанның экономикасын тұрақтандырушы көрсеткіш» деп аталады. Осы жерде мен  кәсіпкер дегеніміз кім деген сұраққа толық жауап беруге, кәсіпкерліктің қанша түсінігі және түрлері бар екендігіне және оның республикамызда қалай орын алғандығы туралы баршамызды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Кәспкерлік түсінігін ең алғаш француз экономисі Ричард Кантильон енгізді. Осы түсініктің даму эволюциясы бірінші сұрақта қарастырылады. Қазақстан Республикасындағы заң жүзінде белгіленген кәсіпкерліктің түрлері екінші сұрақтың басты мәселесі болып табылады. Елімізге кәсіпкерлік қалай сіңді, оның артықшылықтары мен кемшіліктері, тигізген басты пайдалары – осының бәрі үшінші сұрақта қарастырылды.

Екінші тарауым «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму тенденциялары» деп аталады. Осыған орай, екінші сұрағым өрбіді, яғни бұл  жерде бизнес дамуының қалай жүзеге асатындығын тереңірек зерттедім. Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық және 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламалардан өзінің айқын көрінісін табады. Және де олардың іс жүзінде қалай асатындығын зерттеп, баға бердім. Сондай-ақ басқа елдердің тәжірибелерінен кішігірім мысал ретінде келтірдім, олардың және біздің мемлекетіміздің тәжірибелерінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерін қарастырып, олдардан біз неге үйренуіміз керек деген сұраққа жауап беруге тырыстым.

Ал үшінші тарауым  «Шағын кәсіпкерлікті басқаруды  жетілдіру жолдары» деп аталады. Бұнда мен еліміздегі бизнестің  дамуындағы басты кедергілер мен  оларды жою жолдарына тоқталдым: шағын бизнестің алдында тұрған басты кедергілерге және оларды шешу жолдарына назар аудардым. Сонымен қатар мен осында Қазақстанның шағын кәсіпкерлігінің болашағы мен перспективалары туралы ой қозғадым, оның қазіргі жағдайы мен келешектегі көрінісі туралы болжауларымды баяндадым.

Қазақстандықтардың бастамашылығына  кең өріс ашу үшін жағдай жасалуда, кәсіпкерлер ендігі жерде осы  мүмкіндіктерді пайдалана алатындарына сенімім мол!.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефераты


КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ

Скачать

Тип

Рефераты

Категории

Экономика

Язык

Казахский

КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ 
 
КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ 
 
ТАЛДАУДЫҢ МШДЕТТЕРІ 
 
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады: 
 
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15). 
 
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. 
 
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс. 
 
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді. 
 
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің мен-шікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. 
 
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады. 
 
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынн...

ың активтеріне салынған салымдардың  табыстылығы анықталады. 
 
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады: 
 
мемлекеттік бюджет табысының көзі; 
 
кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі. 
 
Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді. 
 
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады: 
 
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын керсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет. 
 
Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек. 
 
Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рольатқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс. 
 
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, 
 
жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер,арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, 
 
валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін. 
 
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, эко-номикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады. 
 
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінін өзі др те мүдделі. Сондықтан әр V-абсолютті және салыстырмалы түрде талдау жасайды. 
 
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мы-налар жатады: 
 
табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау; 
 
таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу; 
 
табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу; 
 
табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу; 
 
табыстың өсу резервтерін анықтау; 
 
кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау; 
 
табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу. 
 
ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ АБСОЛЮТТІ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ 
 
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек. 
 
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс...

Информация о работе Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары