Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 12:16, реферат
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген.
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады. Англосаксондық үлгідегі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде жергілікті өкілді орган коммитеттері жергілікті басқару органдары мемлекеттік механизмінің құрамдас бөлігі болып саналып, барынша кең өкілеттілікке ие болады. Бұл үлгі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқарудан айырмасы оның жергілікті сипатында ғана. Еуропа, Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың француздық үлгісі кеңінен таралған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кеңестік үлгісінің әр түрлі көріністерін қазіргі Қытай, Куба, ҚХДР-дан көруге болады. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдер арасында Эстония, Латвия және Қырғызстанда 1991 — 95 жылдар аралығында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін үйлестіретін заңдар қабылданып, жүзеге асырылды. Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп келеді. Қазақстан Республикасындағы саяси билік пен қоғамдық өмірді демократияландырудағы басты мәселелердің бірі — жергілікті мемл. басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау болып табылады. Бұл ретте шетелдік тәжірибелерді пайдаланумен қатар, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени дәстүрлері ескеріледі. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрлі басқару жолдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың алғышарттары болғандығы белгілі. Рубасылары мен тайпа көсемдері көшпелілердің құрылтайлары мен жиындарында сайланды. Оларға тартыс-таластарды шешуге, өз алдына әскер жасақтарын құруға құқықты өкілет беріліп, рулық қауымдастықтар кең көлемде автономияға айналды. Қазақ даласы Ресей патшалығының отарына айналғаннан кейін, қалыптасқан дәстүрлер түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1867 — 68 жылдардағы реформалардан кейін қазақ даласы ауылдық, болыстық, округтік әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлініп, Ресей империясының қатаң бақылауында ұсталынды. Аға сұлтандар мен болыстарды, билерді сайлау шартты түрде жүргізілді. Басқарудың тиімділігін арттыру үшін жергілікті қалыптасқан дәстүрлі басқаруды ішінара сақтап қалды. Сол арқылы қазақ халқының жергілікті маңызы бар мәселелерді ауыл және болыстық жиналыс арқылы өз бетінше шешуіне мүмкіндік берілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қазақстан біртұтас кеңестік басқару жүйесінің құрамына енгізілді. Бір орталықтан басқаруға негізделген қоғам жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асырмауға, барынша шектеп ұстауға тырысты. Қазақ КСР-ның 1937 жылғы Конституциясында жергілікті басқару органдары туралы “Облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік, селолық және ауылдық жерлердегі мемлекеттік билік органдары Халық депутаттары кеңесі болып саналады” деп жазылып, жергілікті кеңестердің құрылуына жол ашылған болатын. Алайда, шын мәніндегі жергілікті өзін-өзі басқару болмады, жергілікті мемлекеттік басқарудың жетегінде кетіп отырды. 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында бұрынғы жүйеге көп өзгеріс енгізілген жоқ, мұнда да: “Мемлекеттік биліктің органдары болып еңбекшілер депутаттарының кеңесі саналады” деп жазылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдық сипатының негіздері көрініс таппады. Қоғамдық-саяси өмірді қатаң бақылауда ұстаған тоталитарлық мемлекет жергілікті өзін-өзі басқару тәрізді мемлекеттік емес институттардың қызметіне мүдделі болмады. Жергілікті кеңестер партиялық бюрократияның бет пердесіне айналды. Меншікті түгелдей мемлекет иелігіне алу мен бір партиялық идеология жергілікті халыққа өз бетінше іс-әрекет етудің, өзін-өзі басқарудың ешқандай мүмкіндігін қалдырмады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір нышандарының (жолдастық соттар, аудандық, облыстық, қалалық бақылау коммитеттері, т.б.) қызмет аясы мен құзыреті реттелінді. КСРО тарихында тұңғыш рет 1990 жылы сәуір айында жарияланған “КСРО-дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен шаруашылық жүргізудің жалпы бастаулары туралы” заң жергілікті жерлердегі билікті демократияландыруға қарай жасалынған маңызды бетбұрыс болған еді. Қазақстанда “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” 1991 жылғы 15 ақпандағы Қазақ КСР Заңымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге бірінші қадам жасалынды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңестері, аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, жергілікті референдумдар, жиналыстар (жиындар), азаматтардың конференциялары, өзге де демократияның тікелей нышандары енді. 1992 жылы 13 қаңтарда аталған заңға өтпелі кезеңге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы атқару коммитеттерін алмастырған жергілікті әкімдер институты, іс-жүзінде, өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерінің бірі — жергілікті дербестікке көшуді білдірді. Қазіргі уақытта (2000) Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды құқықтық негізін қалыптастыратын жаңа заң жобасы әзірленуде.[1]
Жергілікті өзін өзі басқару – нақты бір аумақтағы барлық тұрғындардың мүддесінен туындайтын, муниципалдық меншікті басқару және де өзге де жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғындардың өздерінің шешуі, ұжымдасу жүйесі және азаматтардың іс-әрекеттері деп көрсетілген анықтамалықта. Еуропа хартиясында жергілікті өзін өзі басқару – бұл жергілікті тұрғындардың мүддесіне сай өздеріне жауапкершілік алып, заң шеңберінде әрекет ететін құқық және мемлекеттік істердің басым бөлігін реттейтін өзін өзі басқару органының нақты мүмкіндігі делінген. Олай болса жергілікті жерлердің мәселелерін шешуде көптеген мүмкіндіктер бар деген сөз.
Әлемде жергілікті өзін өзі басқарудың сан-алуан түрлері кездеседі. Атап айтқанда, жергілікті өзін өзі басқарудың мынадай түрлері: англосаксондық (классикалық) моделі, континенталдық, аралас және кеңестік моделі кең тараған.
Қазіргі кезде әлемде жергілікті өзін өзі басқарудың англосаксондық және континенталдық модельдері көп қолданылады. Мысалы, англосаксондық модел Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және өзге де елдерде кең тараған. Оның басты белгілерін жергілікті әкімшіліктің (жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органы) жоқтығынан; жергілікті жерде өзін өзі басқаруды бақылайтын арнайы уәкілетті мемлекеттік органның болмауынан; тұрғындар тарапынан бақылау мен сайлаудың жүзеге асуынан және жергілікті өзін өзі басқару автономиясы деңгейінің жоғарылығынан көруге болады. Яғни, жергілікті өзін өзі басқарудың сайланбалы органы мемлекет құзіретіне жатпайтын мәселелерді өзінше және жауапкершілігіне сай заң, дәстүр, дағды сияқты жолдармен шеше береді.
Мемлекеттік реттеу жанамалы түрде, онда да модельдік заңдар арқылы шағындап енгізіледі. Ал жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмысын мемлекеттік бақылау соттық қадағалау түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ ықпал етудің тағы бір тетігі – мемлекеттік дотация.
Жергілікті өзін өзі басқарудың екінші бір түрі – ол континенталдық модель деп жоғарыда айтып кеттік. Мұндай басқару моделі Еуропа елдерінде (Франция, Италия, Бельгия) және Латын Америкасы елдерінің көпшілігінде, Таяу Шығыс, Африканың француз тілді бөлігінде қалыптасқан. Аталған модель бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органы сайланады және жергілікті әкімшілік тағайындалады; басқару жүйесінде жергілікті өзін өзі басқару мемлекеттік басқарудан төмен тұрады; жергілікті өзін өзі басқару автономиясы шектелген; жергілікті жерде өзін өзі басқаруды қадағалайтын арнайы мемлекеттік уәкілдің болуы көзделген.
Егер Францияны алып қарастыратын болсақ, мұнда жергілікті өзін өзі басқару коммунаға жүктелсе, одан ірі кантондар мен округтерде ол жергілікті мемлекеттік билік деңгейінде көрініп, өңірлік деңгейде мемлекеттік билік толығымен департамент деңгейіндегі жергілікті өзін өзі басқару элементтері түріне ауысады. Әр коммунада өзінің өкілетті органы – кеңес депутаттары ішінен сайланған мэрі және кеңесі болады. Мэр мен муниципалдық кеңес депутаттары тұрақты негізде жұмыс істейді. Осы ретте мэр, сонымен қатар, мемлекеттік қызметкер болып табылатын да айта кеткен жөн. Оның жұмысы муниципалдық кеңес пен республика комиссарының әкімшілік бақылауында. Соңғысы коммуна қабылдаған шешімдердің заңдылығын қадағалап, қажет болса, сол шешімдердің күшін жою үшін сотқа жүгінеді.
Финляндияда азаматтардың демократиялық құқықтары жергілікті өзін өзі басқару заңында көрініс тапқан. Мәселен, мұнда азаматтар муниципалитеттің шығарған шешімімен келіспей шағымдануына, жергілікті жердің мәселелерін көтеруге құқылары бар. Заңда, сонымен бірге, муниципалитеттің азаматтарды өз жұмысынан хабардар етіп тұруға, азаматтардың бастамаларын міндетті түрде қарастыруға міндеттейтін ережелер де кездеседі.
Тағы бір айта кететін жәйт, кейбір елдерде жергілікті қауымдастық нендей қызметтердің қаншалықты мөлшерде қажеттігін өздері шешеді. АҚШ-та жергілікті өзін өзі басқару органының әлеуметтік құзіреті – мектеп кеңестері жұмыс істейді. Аталған кеңестер өз округтерінде білім беру саясатының негізін әзірлейді, округ бюджетін бекітеді, федералды үкімет пен білім беруге деп штат үкіметі бөлген субсидияға иелік етеді және де мұғалімдерді жалдап, оларға айлық жалақы төлеу жүйесін реттейді.
Мәселен, Германияда жергілікті өзін өзі басқарудың міндетіне әрбір баланы мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру кіреді. Ал Францияда коммуналар өздерінің инвестициялық шығындарының 1 пайызын өнер туындыларын муниципалдық ғимараттарға орналастыруға жұмсауы қажет. Кейбір елдерде жергілікті салықтық түсімдер басым болса, сондай елдердің біріне Швецияны жатқызуға болады. Мұндағы коммуналар мен ландстингтер өздерінің салықтық базасына иек артады. Ал 1998 жылы Канадада өзіндік кірістер (жылжымайтын мүлікке салынар салық, қызмет көрсету және өзгелері) 71 пайыз болса, АҚШ-та 67 пайызды құраған.
Данияны алып қарайтын болсақ, муниципалиттер жергілікті биліктің ұлттық ассоциациясын құрса, оның құрамына кіру ерікті саналады. Польшада жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне 4 қоғамдық ұйым (12 ірі қаланы біріктіретін метрополий одағы, 240 орташа қаланы біріктіретін қалалар одағы, 40 мың тұрғыны бар гминдерді біріктіретін қалалар одағы және 350 гминдерді қамтитын гминдер одағы) қатысады. Бұл ұйымдар бірлесе отырып, барлық мәселелер бойынша үкіметке шығады. Мұндай құрылымның басты мақсаты – жергілікті өзін өзі басқару саласындағы заңнамалық актілерде өзара келісімге келу.
Қорыта айтқанда, Үкімет жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасы жобасын жасайтын болса, ең алдымен ауылдық жерлердегі өзін өзі басқару тетіктерін айқындап алуы қажет. Сондай-ақ аудандық немесе облыстық мәслихаттардың жергілікті тұрғындармен қоян-қолтық жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әлі де заңдық тетіктерді жетілдіру керектігі байқалады.