Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 19:23, реферат
Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді
Кіріспе
1.Ақша айналымының түсінігі және мәні
1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы
1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары
2. Ақша айналысының кұрылымы
2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Амөлш. = ( ( Стбн + Ст – Сө ) / Ажылд. ) + Ақ
Мұндағы:
Амөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;
Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;
Ст – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;
Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;
Ақ – ақша қоры;
Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша айналымының орташа саны ( айналыс жылдамдығы );
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлде қайда кем ақша массасының жүруінің себебі - төлеушілік проблемасының болуы. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивті экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлеушіліктің көптеген себептері бар. Олар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлеушіліктің тізбегінде потенциалды банкноттардың болуы, банкноталардың тиімді тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және тағы басқалар.
Сөйтіп айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға байланысты өзгереді; айналыстағы тауарлар мөлшеріне тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне және тағы басқаларға байланысты болады.
Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналымына әсер ететін жағдайлар мыналар:
Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады ( шығарылады ): қолма – қол ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар, банктік айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма – қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма – қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шағарады.
Ақшаның
екі формасы бір – бірімен
тығыз байланыста болады. Егер банк
клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз
қаражатын қолма – қол ақша
формасында салса, онда банктік айналымдағы
ақша белгілері нақты қолма * қол
банкнотаға айналады. Керісінше клиенттің
шотқа жазу арқылыбанкке ақша сомасын
салуы қолма – қол ақшпның банктік айналымдағы
ақша формасына айналуын көрсетеді
Ақша айналымының басым формасына сәйкес оны қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары деп бөледі.
Қолма – қол ақша айналымы – бұл қолма – қол ақша белгілерінің айналымы: қағаз ақшалардың, банкноталар, монеталар, тағы басқалары. Яғни, бұл - бір субъектінің екіншісіне тауарлар үшін, көрсетілген қызметтер үшін немесе заңмен қарастырылған басқа да жағдайлар үшін берілетін нақты ақша белгілерінің айналымы. Барлық елдерде монеталарды мемлекеттік қазына жасап шығарады, ал айналымға оларды банкноталармен бірге орталық банк жібереді. Қолма – қол есеп айырысуда орталық банкпен шығарылған және эмиссиялауға монополиялық құқығы бар банкноталар қолданылады.
Қолма – қол ақшалар келесілер үшін қолданылады:
Айналыста көбіне қолма – қол ақшалар жүретіндіктен, оларды ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста болады. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз ғана бөлігін құрағанмен, оның маңызы өте зор. Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшаны Ұлттық Банк банкнота түрінде эмиссиялайды, ал екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма – қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма – қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі. Яғни клиенттер заңды тұлғалар болатын болса, онда ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі , ал клиент жеке тұлға болатын болса, онда ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы қолма – қол ақшаның бір бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса, ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде ( яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, дивиденттер төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және сол сияқты түрінде ) беріледі.
Қолма – қол ақша, негізінен, халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігі жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, айып пұл және тағы сол сияқтыларды төлеуге жұмсалады.
Жалпы
айтқанда, ақша коммерциялық банктердің
төлем – кассалық бөлімдерінен клиенттер
арқылы айналысқа түсіп, белгілі
бір мерзімнен кейін
Мемлекеттің
қолма – қол ақша айналысы –
бұл белгілі бір уақыт
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент- қолма- қол ақшаны пайдалану. Қазіргі кезде біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма- қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептеуге чектерін енгізумен шектелуде.
Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметтің атқарылуы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілері мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазбаша түрде, сол сияқты олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Қолма – қол емес ақша айналымы қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде басым қолданылады. Ол көбінесе чектер арқылы, несие карточкалары төлем тапсырыстары арқылы, төлемнің электронды құралдары арқылы және тағы басқа есеп айырысу құжаттары арқылы ( қазыналық вексельдер, сертификаттар) қызмет етеді.
Қолма – қол емес ақшаның төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы. Бірінші топқа тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысулар жатады, ал екіншісіне бютжет төлемдері ( табысқа салық, қосымша құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және тағы осы сияқты төлемдер ) және бюджеттен тыс төлемдер, банк ссудаларын өтеу, несиенің пайызын төлеу, сақтандыру компанияларымен есеп айырысулар кіргізіледі.
Қазіргі
кезде пластикалық
Қолма – қол емес ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы клиенттердің шоттары бойынша несиелік ұйымдарға немесе келісімді есеп айырысуға, қолма – қол ақшаларды қолданбай, ақшалай қаражаттарды аудару. Бұл айналыс мемлекеттің ақша айналысының үлкен бөлігін құрайды.
Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір – біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан кетпей, оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржының айдарылуы қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма – қол емес ақша төлем айналымы қолма – қол ақша айналымының ажырамас бөлігі болып табылыды және екуі бірге қосылып мемлекеттің ақша айналымын қалыптастырады..
Есеп айырысу операциялары банк операцияларының негізгілерінің біріне жатады. Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және тағы басқа шоттары.
Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.
Инкассо- әр турлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсыры бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, векселдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
Инкассолық операцияның екі түрі бар:
Аудару операцияларында клиент
банкідегі өз шотынан белгілі
бір соманы көрсетілген жаққа
аудару жөнінде тапсырма
Аккредитив
( латын сөзі – « сенемін » )
– бір банктің екінші банкке аккретивте
көрсетілген шарттарды
Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.
Электронды төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару. Ол банктік шоттардың жағдайын бақылау, сондай – ақ несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.
Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:
Электрондық төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.
Сонымен, бүкіл ақша айналымы: қолма – қол және қолма – қол емес ақшалар болып бөлінеді. Сондай – ақ: