Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 19:23, реферат
Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді
Кіріспе
1.Ақша айналымының түсінігі және мәні
1.1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы
1.2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары
2. Ақша айналысының кұрылымы
2.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
2.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Бірінші концепция бойынша ақша массасы айналыстағы қолма – қол ақша мен қолма – қол ақша айналысынан немесе қолма – қол емес ақшалардан тұрады. Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар қолданылуы мүмкін – вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы басқалары.
Екінші
концепцияны қолдаушылар
Үшінші концепцияны қолдаушы экономистер қолма – қол ақшаның барлығына қарсы шығады да, ақша деп тек қолма – қол ақшаларды санайды.
Ақша массасының құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.
Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекттің өзіне тән ақша - несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швецария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда- бес, Францияда - екі ақша агрегаттары қолданылады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің қаржылық статистикасында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:
М1 – айналыстағы нақты ақшаларды және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;
М2 – М1 + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақ салымдары ( 4 жылға дейінгі );
М3 – М2 + арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдары;
М4 – М3 + ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттар;
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаттары кіреді:
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
Ақша массасының көлемі және оның өсу темптері маңызды экономикалық айнымалыларға әсер ететіндіктен, ұлттық экономика дамуының негізгі мақсаттарына да әсер етуі мүмкін.
Ақша массасын өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік бойынша өлшеу.
Ақша массасын трансакциондық
өлшеу ақшаның айналым құралы
ретіндегі функциясына
Ақша массасын трансакцонды өлшеу айналыс құралдары қызметін атқаратын активтерді ғана есептеу керек. Мұндай активтерге көбінесе төлем құралы ретінде қолданылатын монеталар және қағаз ақшалар жатады. Сонымен қатар, оларға чектік депозиттерді ( ағымдағы шоттарды ) жатқызуға болады.
Өтімділік бойынша ақшаның массааын өлшеу ақшаның мәні оның өтімді актив болу қасиетімен байланыстырылады. Өтімділік сатушының берілген берілген тауарды кез келген уақытта аз шығындармен және жеңіл өткізуін білдіреді. Бұл ой бойынша ақшалар басқа активтерден сапа жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Біз активтерді тек оның өтімділік дәрежесі бойынша ғана ажырата аламыз. Әрбір актив құнды сақтау қызметін атқарады, бірақ олардың өзгешелігі тек олардың өтімділігінде.
Ақшалар – ең өтімді активтер; ақшаның иесі тауарды немесе қызметті сатып алудың алдында оларды басқа еш нәрсеге айырбастамау керек. Ал, мысалға үйді алатын болсақ, оның өтімділігі өте төмен. Өтімділігі төмен тауарларды сату көп уақытты алады.
Тауарлы айналымды реттеу үшін қажетті ақшаның көлемін білу қажет. Ақша айналымының жылдамдығы әрбір ақша бірлігі бір жыл көлемінде кез келген келісім шарт жасау үшін жасаған айналыс санымен өлшенеді.Тауар бағасының қажетті сомасысын және ақшаның айналымын ескере отырып, айырбастың теңдігі алынған болатын. Оны Фишер теңдігі деп атайды, ол келесідей:
MV = PQ, немесе M = PQ / V
Мұндағы:
M – ақша айналымына қажетті ақша массасы;
PQ – тауар бағасының сомасы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
Бұл теңдікті Фишер атымен байланыстырса да, ол бұдан ертерек те мәлім болған. К.Маркс өзінің « Капиталының » І томында бұл теңдікті былай көрсеткен болатын:
Ақша массасы = тауарлар сомасы / ақша бірліктерінің айналым саны
Сондай – ақ К.Маркс қажетті ақша көлемін толығырақ сипаттады:
М = ( Ц*Т – Кц + П – Вп ) / n
Мұндағы:
Ц*Т – тауар бағасының сомасы;
Кц – несиеге сатылған тауарлар сомасы;
П – ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша төлемдер ағымдағы периодта жүзеге асады;
n – ақша бірлігінің айналым саны;
Коммерциялық
банктердің несиелік ақшаларды шығару
интенсивтілігі депозиттерді міндетті
түрде резервтер көмегімен
Ақша
массасы өсуінің бақылау
Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелілігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді.
Ақша массасының жылдамдығы – ақша қозғалысының интенсификациялы көрсеткіші. Яғни, Самуэльсонның ойы бойынша, ақша айналымының жылдамдығы табыс айналымының жылдамдығын көрсетеді″.
Ақша массасының айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға, экономиканың циклы мен өркендеуіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және тағы басқаларға байланысты өзгереді.
Ақша
массасы айналымының баяулауы –
ұлттық жиынтық өнімді орналастыру
коэфицентінің төмен
Ақша массасы айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша массасының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Айта
кететін нәрсе – «ақша
өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ақша массасы айналымының екі көрсеткіші болады:
Ақша айналымының екі жағының ( қолма –қол ақша мен банктік айналымдағы ақшаның ) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы - ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс - шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша агрегаттары бір – бірінен өтімділігі бойынша ажыратылады. Ең өтімділігі жоғары агрегат болып М0 ( қолма – қол ақша ) саналады. М1 – дің өтімділігі М0 – ге қарағанда азырақ, бірақ М2 – ден жоғары.
М2 ақша агрегаты қолма қол ақша және қолма – қол емес құралдар арқылы анықталады, өз кезегінде олар халықтың жинақ жасауымен және заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтармен тікелей байланысты. Яғни, бұдан мынадай ойға келуге болады: халықтың жинақ жасау үрдісі интенсивті түрде жүрсе, халық банктерге сенеді және өз ақшаларын солардың шоттарында ұстаса, онда Орталық банк ақша массасын көбейте алады. Ендеше халықтың жинақтар жасауы жаңа ақшалардың пайда болуын қамтамасыз ету функциясын атқарады деп айтуға болады.
Әр елдегі ақша агрегаттарының құрамы бірдей емес. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін төрт ақша агрегаты қолданылады, сондай – ақ М2 –нің құрамына бір күндік операциялар бойынша бағалы қағаздар, ақша нарығының депозиттік шоттары, Ал М3 –ке М2 –ге қосымша ретінде қазынаның қысқа мерзімді вексельдері, коммерциялық банктермен жасалатын сатып алу туралы жедел келісімшарттар кіреді. Ал Жапония мен Германияда үш ақша агрегаты қолданылады. Англияны айтатын болсақ, онда бес ақша агрегаты қызмет етеді.
Енді осы ақша агрегаттарының әр қайсысына бөлек – бөлек тоқталып өтейік.
М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады.
Кейбір елдерде бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалы, Ұлыбританияда тек олар бойынша пайызбен есептелмейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ – та сондай – ақ М1 агрегатына банктік емес мекемелермен шығарылғанаккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді де жатқызады.