Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 22:19, реферат
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
Кiрiспе
І-тарау. Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы
Ақшаның шығу тегi
Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы
ІІ-тарау. Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы:
а) Ақшаның металдық теориясы
б) Ақшаның номиналистiк теориясы
в) Ақшаның сандық теориясы
Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен
түрлерi
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Ақша тауардан дами отырып , тауар болып қала бередi , бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент .
Ақша - жалпы бiрдей эквивалент , ерекше тауар , онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .
Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген . Алтынның басқа таурлардың құндылығын бейнелеу қасиетi , оның табиғи қасиетi емес . К. Маркс айтқандай : “ Табиғат ақшаны жаратпайды . Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген ” .
Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр . Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға ие : бөлiнуi оңай , әдемi , бұзылмайды , тот баспайды , тек қана “ патша арғында” ( 2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында еридi . Екiншiден ең бастысы алтын жоғары құнға ие . Қанша дегенмен оның қорының аз болуы , алтынға кететiн еңьек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп соқтырады . Аотынды тұтынуға жылдан жылға қсуде .Ол әр түрлi салаларда пайдалыналады – электроникадан бастап зергерлiк iстерге дейiн , бiрде өте жұқа қалыңдықпен , бiрде балқытылған құймалар күйiнде кездеседi .
Ресей XIX ғасырдың 20 – жылдарында алтын өндiруден бiрiншi орында болды . Өткен ғасырдың 40- жылдарында оның дүниежүзiлiк алтын өндiрiсiндегi үлесi 40 % - құрады .
Алтын өндiру қиын және капиталды көп қажет етедi . Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар . Соның iшiнде 60 – сы жұмыс iстеп тұр және олардың жылдық өнiмi 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады .
Алтын тек қана алтын валюта резервтерiдi ғана құрамайды , сонымен бiрге электронды – есептеуiш және компьютерлiк техникалды , түнгi мезаникалық аспаптарды , синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де қолданылыда .
Ақша - өндiру мен бөлу
процестерiнде адамдар
Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану кез – келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi . Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоңамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi . Кәсiпорындар жер , орман , жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады . Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен байланысты , жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi .
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес . Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары , олар несие беру ,бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу , мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстiң қарыздық берешектердi өтеу , мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру , өндiрiстiк және өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру . Ұлттық банктер несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б
Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң , олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi .
Ғалым – эканомистердiң алтынның ақшалай тауар ретiнде ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейiк. Құнның жалпы формасынан немесе ақшалай формасына қайтiп келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.
Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.
Ақша қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы.
Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбаста процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атғарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзiлiк ақша.
Ақша құн өлшемi ретiнде. Құннығ өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi.
Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.
Ақша түрiндегi көрiнетiн тауардың құны , оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.
Құн
өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде
ақшаның тауарға деген
Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылықтар бар. Құн өлшемi – мемлкетке тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы және құнды емес тауар бағасын көрсету үшiн қызмет етедi.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына (31,1 г) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың девальвациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының арасы ашық болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978) нәтижесiнде арнайы алтын бағасы және алтын паритетi жойылды. Құн өлшеу өызметi нарықтық баға масштабы негiзiнде орындалды.
Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзугеқарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құның өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ.
Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келедi.
Ақшаның айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып , өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатғаннан кейiн , басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.
Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк, оперативтiк, коммерциялық саудада тұрғандардың тауарларды сатып алуы кезiнде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Одан фирмалар мен корпорациялардың және тағы басқа қолма – қол ақшамен есептесуiне тиым салынбаған.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
Бiрақ бұл , несие және қағаз ақшалар ақшылы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсiндiрiледi.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады. Қанша дегенменен бiр ақша бiрлiгi бiр – несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса , одан бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес . Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi . Олар өтiзуi процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруi мүмкiн .
Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса , онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес , сонымен бiрге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етедi . Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады :
Ақша төлем құралы ретiнде
айналыс құралынан өзара
айырмашылықтары бар. Бұл
Төлем құралы қызметiн толық емес нақты (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.