Ақша теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 22:19, реферат

Описание

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

Содержание

Кiрiспе
І-тарау. Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы
Ақшаның шығу тегi
Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы

ІІ-тарау. Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы:
а) Ақшаның металдық теориясы
б) Ақшаның номиналистiк теориясы
в) Ақшаның сандық теориясы
Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен
түрлерi
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Ақша теориясы.doc

— 189.00 Кб (Скачать документ)

     Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

     Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының  масасын беретiн,  өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады.  Ақша екi түрлi формада болады: қолма – қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi.  Ақшаның бұл екi формасы бiр – бiрiмен тығыз байланыста.  Банктiк айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.

     Ақша  айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.

     Ақша  массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.

     Бiздiң  республикамыздағы  айналыстағы  ақша қаражаттарының құрылымына мән  беретiн болсақ,  онда ол төмендегiдей:

     М0 – айналыстағы қолма – қол ақшалар;

     М1 - өзiне – М0 –дi қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есепт айырысу немесе басқа депозиттiк шоттардағы қаражаттардың қалдықтары, каптал салымдарын қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы , чектiк және аккредитивтiк шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейiнгi салымдары кiредi;

     М2 - өзiне М1 –дi қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мерзiмдi салымдарын қамтиды;

     М3 – М2-ге мемлекеттiк займ облигацияларын қосу.

     Ақша  массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:

  • Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебiнен;
  • Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алу жолдарымен;
  • Орталық банктiң ел үкiметiне мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабу үшiн несие беру арқылы;
  • Орталық банктiң бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
  • Коммерциялық банктердiң салымдарын жұмылдыру негiзiнде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен.

     Осыдан  ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн ақша – несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасынығ өсуiн сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi көрсеткiштердi ескертедi:

  • Нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;
  • Жоспарлы кезеңдегi ақша айналысының есептелетiн жылдамдығы;
  • Жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген денгейi;

     Ақша  массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық потенциялының  болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану  дәрежесiн ескере отырып есептеледi.  Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.

     Егер  ақша массасы ақырын айналса, бұл  ұлттық өнiмдi орналастыру коэфиценттерiнiң  өте төмендiгiн бiлдiредi,  ал ақша айналысының жедел қозғалысы  қаражаттарды салыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюктураны бiлдiредi. Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына керi пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссия қажеттiлiктi қысқартуы тиiс. Керiсiнше , ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектiлердiң жинақтауға ұмтылысын,  ақша массасы құрамында ұзақ мерзiмдi салымдардың өсуiн көрсетедi.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.   Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен

      түрлерi 

     Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген  елдегi ақша айналысың ұйымдастыру  ақша жүйесi болып табылады.  Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар.

     Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы”  Қазақстан  Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған.  Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi,  ақша белгiлерiнiң эмиссиясы,  сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi,  ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.

     Ақша  жүйесi келесi элементтерден тұрады:

     Ақша  бiрлiгiнiң атауы. ҚР-ның ақша бiрлiгi ретiнде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

     Ақша  белгiлерiнiң түрлерi.  Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейiн айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазiргi кезде ҚР ақша белгiлерi болып олардың өсу құны бойынша төлемнiң барлық түрлерiне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады.

     Эмиссия тәртiбi.  Қолма – қол ақшаларды шығарып,  олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктiң қолма – қолсыз ақша эквивалентiн алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырылады.

     Ақша  түрлерi.  Заңды төлем құралы болып табылатын:  қағаз және несие ақшалар.

     Валюталық бағам дегенiмiз – бұл басқа бiр елдiң ақша бiрлiгiне қатысты бейнеленген сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.

     Әлемдiк  тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:

  • Металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметiн атқарады,  ал несие ақшалар металға айырбасталады;
  • Несие және қағаз ақша айналысы,  мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.

     Металдық  айналысқа байланысты аталып өткен  екi ақша жүйесi – биметализм  және монометализмге тән.

      Биметаллизм – бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн  заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:

      Паралелдi валюта жүйесi,  алтын және күмiс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;

      Қосарлы валюта жүйесi,  бұл қатынасты мемлекет анықтады;

      “ақсақ”  валюта жүйесi , күмiс монеталар алтын белгiсi болып табылады.

      Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын ақша жүйесi. Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:

      Алтын монета стандарты,  оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады.

      Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.

      Алтын девиз стандарты  – Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға,  шетел валютасына (девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды. 

     Жоғарыда  атап өткендей,  ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтi қажеттiлiк  ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi.

     Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз жеттi.  Оның бес қызметiнiң өзiнен ақшаның қайталанбас ерекше тауар екендiгi көрiнiп тұр.  Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады.  Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.

     Қорыта  келгенде,  ақша – жалпыға бiрдей эквивалент,  ерекше тауар,  онда барлық басқа тауардың құны бейленедi  және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер  арасында еңбек  өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз  жасала  бередi. Жалпыға  бердей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде  алтынға  бейiм  .

     Сондай  – ақ ақшаның тағы да бiр басты  қасиетi оның өтiмдiлiгiнде.  Ақшаны ке- келген тауарға айырбастауға болады.  Тауар бағасының өзi тауар құнының ақшалай көрiнiсi.

     Экономикалық  категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.  Олар:

  • Жалпыға тiкелей айырбасталу;
  • Айырбас құнның жеке формасы;
  • Еңбектiң сыртқы заттың өлшемi;

     Сондай  – ақ ақшаның жалпы құрылымы ,  оның теориялары қоғамның дамып,  өзгеруiмен  қатар бiрге дамып,  жан – жақты жетiлуде.  Егер де бұрындары сатып алу – сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен алтынмен жүргiзiлсе,  бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда,  сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып,  олардың құрылымы күннен – күнге дамуда.

     Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор,  ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын  және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап,  реттеп отырады.  Ал ақша айналысының  дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар  тигiзуi мүмкiн,  мысалы инфляцияны атап өтсек болады.  Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пацдаланады,  “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады.  Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы,  ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.

     Елiмiзде  ақша жүйесi 1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз” енгiзiлгеннен  бастап қызмет етуде.  Бүгiнгi таңда  теңгемiз халықаралық экономикада  ашық айналысқа шығып,  елiмiзде  жүргiзiлiп жатқан қаржы шаралары өз жемiсiн беруде.

     Қолданылған әдебиеттер. 

  1. Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2001, - 466 б.
  2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы /  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, - 2000ж.
  3. Деньги,  кредит,  банки:  Учебник /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  - Москва: 1999г.
  4. Абрамова М.А.,   Александрова Л.С.  /   Финансы,  денежные обращение и кредит.   Учебние пособие – Москва , 1996г.
  5. Баян Көшенова , Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
  6. Бункина М.К.  /  Деньги,  банки,  валюта,  Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
  7. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р.  Президентiнiң  заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
  8. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы  //  13.12.1996.
  9. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның  заңы   //   24.12.1996.

    10.Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.

    11. Аубакиров Я. А.  Байжұманов Б.Б.  / Экономикалық теория .  Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi. 
     
     
     
     

         
 
 
 
 
 

Информация о работе Ақша теориясы