Ақша-несие саясатының теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 23:37, реферат

Описание

Ақша - несие саясатының келесі міндеті - қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс , Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 117.50 Кб (Скачать документ)

1. Ақша-несие саясатының теориялық негізі 

1.1 Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары 

Ақша-несие саясаты  дегеніміз - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін  өзгертуге, жалпы банк жүйесінің  қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

      Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген:

      «Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты - инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.»

      Ақша - несие саясатының келесі  міндеті - қаржы нарығының тұрақтылығын  қамтамасыз ету, инфляция өсімінің  залалды зардаптарын төмендету,  сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс , Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.

      Ақша  – несие сясаты ақша, несие және банктердің атқаратын қызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді.

       Ақша теориясы ақша несие саясатының негізін құрайды. Ақша теориясы, ақшаның және ақша несие саясатының жалпы экономикаға ықпал ету процессін зерттейді.

       Ақша  және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен – нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру  тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен  экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін атап білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.

       Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын және оның анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

      Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

      Ақша-несие саясатының түрлері:

 Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

 1) рекстрикциялық ақша-несе саясаты;

2) экспанциялық  ақша-несие саясаты; 

 Рекстикциялық  ақша-несие саясаты – екінші  деңгейлі банктердің несиелік  операциялар көлемін шектеуге  және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

 Экспанциялық  ақша-несие саясаты – несие  беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы  ақша жиынының өсуіне бақылаудың  әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің  төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

 Ақша-несие  саясатының құралдарын төмендегідей  топтастыруға болады.

 Ақырғы мақсат:

 а) экономиканың  өсуі;

 ә) толық жұмыс бастылық;

 б) бағаны  тұрақтандыру;

 в) төлем  балансын тұрақтандыру;  

 Аралық мақсат:

 а) ақша  жиыны; 

 ә) пайыз  мөлшерлемесі;

 б) айырбас  бағамы.

 

Құралдары:

 а) несие  берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін  тікелей реттеу;

 ә) міндетті  резервтер нормасының өзгеруі;

 б) есептеу  мөлшерлемесінің өзгерісі;

 в) ашық  нарықтағы операциялар. 

 

     Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

    Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

    Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

    Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

- қайта қаржыландырудың  мөлшерлемесін, ресми мүдделендіру  мөлшерлемесін деңгейін белгілеу;

- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасының белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

- мемлекеттің  бағалы қағаздарын сатып алу  және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

- банктерге  және үкіметке несие беру;

- валюталық  нарықтағы басқыншылық; 

- кейбір жағдайларда  несиелік операциялардың жекелеген  түрлерінің деңгейі мен көлеміне  тікелей сандық шектеулер енгізу;

- ресми есепке  алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

    Пайыз саясаты. ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пе ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

 ҚҰБ пайыз  саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

       Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы-шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кеінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті. Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді. Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2 Ақша-несие  саясатының құралдары, типтері 

        Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

       Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.

       Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға – шетел валютасына деген шектен тыс сұранысы азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.

       Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесінің өзгеру динамикасы – 1997 жылы қаңтар-ақпан айларында 270 %, ал наурыз-тамыз айларында 300 % құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 1997 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі қыркүйекте 280 %-ға дейін төмендеп, ай сайын азайып отырды. 1997 жылдың аяғында ол 230 %, 1998 жылы 52,5 %, 1996 жылдың қыркүйегінде – 30 %, 2000 жылы – 24 % құрады.

 Қаржы операцияларының  барлық түрлері бойынша пайыздық  мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық  банкінің қайта қаржыландыру  мөлшерлемесі бойынша индикативті  анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.

 Мемлекеттік  қазыналық міндеттемелер, банкаралық  несие, Ұлттық банкінің ноталары  бойынша пайыздық мөлшерлемелер  сауда мәніне сай келеді. Жалпы  барлық нақты нарық пайыздық  мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.

       Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиеге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

       Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемлері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы «Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша төлей алмау тәуеклін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

      1996 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан Республикасының коомерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20 % көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1997 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15 %-ға дейін төмендеді.

      Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1997 жылдың бірінші жартысында ақша мультипикаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1997 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1997 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде – 3,1 есеге жетті. Ақша-несие сасатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1997 жылдың 1 қазанынан ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгейге дейін азайтылды. 1998-1999 жылдары арасындағы ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге сақталынды.

     Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын бантердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1998 жылы резервтік талаптардың нормативі 20 %-ға , 1999 жылы 15 %-ға дейін төмендейді.

     Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың депозиттері бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

Информация о работе Ақша-несие саясатының теориялық негізі