Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:22, курсовая работа
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.
І. Кіріспе....................................................................................................................1
ІІ. Негізгі бөлім
1. Лизинг туралы жалпы түсінік
1.1. Лизингтің шығу тегі...........................................................................................2
1.2. Лизингтің операциялардың негізгі түрлері......................................................3
2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
2.1. Лизингтік операциялар есебі.............................................................................6
2.2. Лизингтік келісімшарт......................................................................................14
3. Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы
3.1. Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму жолдары.............................15
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері...............................................15
3.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері.............................................20
ІІІ. Қорытынды.........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................22
Жоспар
І. Кіріспе.......................
ІІ. Негізгі бөлім
1. Лизинг туралы жалпы түсінік
1.1. Лизингтің
шығу тегі..........................
1.2. Лизингтің
операциялардың негізгі түрлері.......................
2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
2.1. Лизингтік
операциялар есебі.........................
2.2. Лизингтік
келісімшарт...................
3. Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы
3.1. Қазақстан
Республикасындағы лизингтің даму жолдары.......................
3.2. Лизингтік
қызметтер нарығының сегменттері...................
3.3. Лизингтің
артықшылықтары мен кемшіліктері..................
ІІІ. Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
І. Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг, экономика өмірінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын, аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
80-жылдардың басында лизинг
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік
қызметтің ерекше саласы болып
табылады. Лизингті белсенді енгізетін
болса, мүмкіншілігіне қарай
Бүкіл әлемде көптеген
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг – маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина-техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық-техникалық өндірісті қамтамасыз етеді.
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:
а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;
б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:
а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;
б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.
Бірінші тарауда, лизингтің қалай пайда болғаны, яғни оның шығу тегі және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей-қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы жеке-жеке тоқталамыз.
Екінші тарауда, лизингтік операцияның қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының экономикасына өте қажетті әрі маңызы зор, яғни іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция ретінде қарастырамыз.
Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі, оны дамыту жолдары және сыртқы елдермен байланысты мәселелері қарастырылады. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер қарастырылады.
1. Лизинг туралы жалпы түсінік
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болған. 1972 жылдан бері Еуропада лизинг нарығы дамып келеді.
60-шы жылдың ортасында бұл
Бүгінгі таңда нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған лизингілік операция өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыруда артықшылыққа ие операция болып саналады.
Ал, Италияда алғашқы лизингілік
компания 1963 жылы құрылды, алайда
жалгерлік бойынша
80-ші жылдың екінші
1.2.
Лизингтік операциялардың
негізгі түрлері
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг – экспорттық
және импорттық болып бөлінеді.
Экспорттық лизингте шетел
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші (жалға беруші);
- лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады.
Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:
- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісімшарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80 % бөлігіне сәйкес келуі тиіс;
- лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Лизинг – лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты әртүрлі болып бөлінеді:
- қайтарылатын лизинг – лизингтің бір түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарып ала алатын болса ғана, лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;
- банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші рөлін банк атқарады;
- толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;
- таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинг нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісімшарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да, лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі