Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:22, курсовая работа

Описание

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

Содержание

І. Кіріспе....................................................................................................................1
ІІ. Негізгі бөлім
1. Лизинг туралы жалпы түсінік
1.1. Лизингтің шығу тегі...........................................................................................2
1.2. Лизингтің операциялардың негізгі түрлері......................................................3
2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
2.1. Лизингтік операциялар есебі.............................................................................6
2.2. Лизингтік келісімшарт......................................................................................14

3. Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы
3.1. Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму жолдары.............................15
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері...............................................15
3.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері.............................................20

ІІІ. Қорытынды.........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................22

Работа состоит из  1 файл

Лизингтік операциялар есебі.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1860/1 «Өзге дебиторлар»

    Клиент мерзімі өтіп кеткен  сыйақы сомасына қосалқы лизинг бойынша төлемдерді кешіктірген кезде келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

    Дт 1860/2 «Өзге дебиторлар»

    Кт 1860/1 «Өзге дебиторлар»

    Сонымен қатар, 1860/2 шотта қосалқы лизинг бойынша мерзімі өткен төлемдері бар әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады.

    Бірмезгілде лизинг алушы айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасын (егер бұл қосалқы лизинг келісімінде көрсетілсе) есептейді. Бұл кезде келесі жазба жазылады:

    Дт 1860/3 «Өзге дебиторлар»

    Кт 4900 «Тұрақсыздықтар (айыппұл, өсімақы)».

         1860/3 шотында әрбір клиент бойынша айыппұл, өсімақы немесе тұрақсыздық есептелетін жеке дербес шоттар ашылып, мынадай жазба жүргізіледі:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 1860/2 «Өзге дебиторлар».

    - мерзімі өтіп кеткен сыйақы сомасына:

    Кт 1860/3 «Өзге дебиторлар»;

    - айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына.

    Лизинг затын қосалқы лизингке алған клиентпен қосалқы лизинг келісімшарттарын орындауда келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:

    а) баланстық құн сомасына:

    Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдықтар»

    Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдықтар» -  

    Қосалқы лизингке берілген лизинг затының құнын есептеуге арналған жеке дербес шот;

    ә) есептелген амортизация сомасына:

    Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация» -

    Қосалқы лизингке берілген лизинг затының амортизациясын есептеуге арналған жеке дербес шот;

    Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация».

    Клиент мерзімі өтіп кеткен  сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы бойынша есептелген төлемдерді өтемесе, келесі бухгалтерлік жазбалар жасайды:

    а) айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына:

    Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)»

    Кт 1860 «Өзге дебиторлар». Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

    ә) мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

    Дт 4801 «Жал бойынша кірістер»

    Кт 1860/2 «Өзге дебиторлар». Бір мезгілде, кіріс 7130 «Шығынға жатқызылған борыштар».

    Клиент мерзімі өтіп кеткен  сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы бойынша қарыздарын өтесе, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

    Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

    Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер». Бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».      

      2.2. Лизингтік келісімшарт 

    Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:

    1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;

    2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;

    3) лизинг алушы мен банк арасында.

    Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл келісімшарттың соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

    Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:

    1. Объектісі.

    2. Жабдықтау мерзімі.

    3. Лизингке алу мерзімі.

    4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.

    5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық  кепілхат.

    6. Құрал-жабдықты пайдалану.

    7. Күту, жөндеу және жаңарту.

    8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.

    9. Сақтандыру.

    10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.

    11. Төлемді кешіктіргені үшін  пеня.

    12. Сатып алу мүмкіндігі.

    13. Келісімшартты бұзу шарты.

    14. Құрал-жабдықты қайтару.

    15. Салықтар, баждар.

    16. Жаңа міндеттемелердің пайда  болуы.

    17. Тараптардың қосымша құқықтары.

    18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа  келтіру.

    19. Кешіктіру шарты (келісімшарт  кепілдеме алуына байланысты  күшіне мінеді және т.б.)

    20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).

    21. Тараптардың қолдары.

    22. Тараптардың орналасқан жері.

    23. Қосымша (материалдардың және  т.б. сипаты).

    24. Қалдық құнын кепілдеу.

    25. Банктердің кепілдемесі. 

                  3. Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы

                  3.1. Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму жолдары 

    Кәсіпкер өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден, егер құрылғыларды лизингтік банкке алу банктік несие есебінен сатып алуға қарағанда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алу үшін несиелік тарихы болмаса. Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуекелділіктерге бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.

    Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығында бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдайларды ескере отырып, біз лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру үшін неғұрлым перспективті нарықтарды бөліп қарастыруды ұсынамыз. 

 1-белгі    2-белгі
 
  Лизингтік келісімдер:

 Сегмент №1-шағын

 Сегмент №2-орта

 Сегмент №3-ірі

 
 Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері
 
 Лизингке алушылар:

 Сегмент №1-шағын

 Сегмент №2-орта

 Сегмент №3-ірі

 

       

      3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері 

    Лизингтік қызметтер нарығы сегментердің бір белгісі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтайтындығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушылардың алынуына, олардың сұраныстарының сипатын анықтайтындығы әсер етті.

    Қаржыгерлердің үшінші Конгресінде ҚР-ң Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР-ң Үкіметіне және ҚР ҰБ-не индустриялдық саясат шеңберінде приоритеттік

маңызы  бар салаларды нақты анықтауды  және оларды қаржыландыру механизмін дамытуды тапсырғаны белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік сұрақтарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгілі. Шағын кәсіпкерлік жалпы экономиканың дамуының қозғаушы күші бола отырып, халықты жұмыспен қамту деңгейін қамтамасыз етеді және қоғам тұрақтылығының негізі – орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

    Міне осы шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлардың бірі сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебі,

көптеген  кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бірі - қосымша қаражаттарының көзін іздестіру болып табылатындығы белгілі. Ал, 2003 жылы қараша айындағы деректер бойынша банктік сектордан шағын бизнеске бөлініп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлінген несиелердің 22,7 % ғана құрап отыр. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

    Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық банктерден бөлінген несиелер  млн теңге

  12.99 12.00 12.01 12.02 11.03
Банктік несиелер

оның ішінде:

Шағын кәсіпкерге

- қысқа мерзімді

- ұзақ мерзімді

148830 

39857

20423

19434

276218 

74222

40115

34107

489417 

121954

60153

61801

672407 

146515

63048

83467

924283 

210623

80953

120718

 

    Осы кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы бес жылда коммерциялық банктерден шағын кәсіпкерлікке бөлінген несиелер 19 %-ке ұлғайғанымен, оның жалпы экономикадағы үлесі салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бірге, банктерден несие алу үщін клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдылығы шағын кәсіпорындардың негізгі өндірісін техникалық жабдықтауға несие алу мүмкіндіктерін төмендетеді. Сондықтан бүгінгі күні шағын кәсіпкерлердің пайдаланып отырған құрылғыларының көбі техникалық және моральдық жағынан да тозған.

    Осы сегментке тән сипаттық белгілердің бірі - шағын кәсіпорындарды қаржыландыру күрделі қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелділігі жоғары түрі болып табылатындығы. Оның себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

    1. Шағын кәсіпорындардың көбісінің кепілге қоятын өтімділігі жоғары мүліктері жоқ.

    2. Шағын кәсіпорындарда біліктілігі жоғары мамандардың аздылығы немесе жоқтығы.

    3. Қарызға алынған қаражаттардың өз мақсатына пайдалануына бақылау жүргізудің нақты мүмкіндіктерінің жоқтығы.

    Осы себептерге сәйкес шағын бизнеспен жұмыс істеуге шешім қабылдаған несиелік мекемелер мынадай мәселелерге кездеседі:

    1. Көптеген экономикалық қаржылық ақпараттарды талдаудағы және шағын кәсіпорындардың осы ақпараттарды берудегі кәсіби деңгейлерінің төменділігі;

    2. Шағын кәсіпорындардың пайдаланатын құрылғыларының көп түрлілігі.

    Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелділігінің жоғарлылығы шағын кәсіпорындар үшін банктерден берілетін несиелердің бағасы мен мерзіміне де әсерін тигізеді.

    Ал, лизингтік қатынастар осындай тығырықтан шығудың бір жолы болып табылады, себебі лизингтік қатынастар кезінде несие беру үшін қажетті қамтамасыз ету мөлшеріне қойылатын талаптар банктік несиеге қарағанда салыстырмалы түрде төмен.

    Біздің ойымызша, бүгінгі күні лизингтік компаниялар шағын бизнес сегментін игеруге неғұрлым көбірек ұмтылулары қажет. Ол үшін лизингтік компаниялардың ең төменгі шығындармен қамтамасыз етілетін перспективті инвестициялық жобаларды таңдаудың тиімді механизмін құру арқылы, шағын кәсіпкерлер сегментіне тән тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктері болуы керек.

    Міне осы стратегия осы сегментте белгілі бір жетістікке қол жеткізуге көмегін тигізеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі