ҚазақстанРеспубликасындағы сақтандыру ісі, ағымдағы жағдайларды жетілдіру жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:53, реферат

Описание

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) - әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың бірі болып табылады. Қор жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….3-5
Негізгі бөлім
1. …………6-9
2. ……………..………………………………………………10-11
3. ……………..12-13
Қорытынды…………………………………………………………14-15
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………….16

Работа состоит из  1 файл

Реферат Банк серв.docx

— 97.29 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  Министрлігі

 

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

 

«Нарықтық инфрақұрылым» кафедрасы

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: ҚазақстанРеспубликасындағы сақтандыру ісі, ағымдағы жағдайларды жетілдіру жолы

 

 

 

 

 

 

 

             Оқытушы: Қожабергенова И

Ғыл. дәрежесі, атағы :  _____

Студент:  Оразбекова Т.А.

Мамандығы: Әлеуметтік-мәдени қызмет

Тобы: 302

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,2011

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………….3-5

 

Негізгі бөлім

1. …………6-9

2. ……………..………………………………………………10-11

3. ……………..12-13

 

Қорытынды…………………………………………………………14-15

 

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………….16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) -  әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға.

      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың бірі болып табылады. 
Қор жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Берілген Қаулыға сәйкес Қордың акциялар пакетіне ие болу және қолдану құқы Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін. Қор коммерциялық ұйым емес. Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады.  
Қордың миссиясы Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу.

       Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізеді.

Қор қызметінің негізгі  мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады. 

Қордың негізгі  қызметтерi:

    • әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асырады;
    • мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік аударымдарды жинап, әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізеді.
    • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді.

 

Қордың

    • мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
    • бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
    • Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
    • қаржы қозғалысы туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан ақпарат алуға;
    • мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.

Қор:

    • Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
    • Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
    • Жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
    • Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.

Қор:

    • Қор активтерiн кепiлге беруге;
    • кәсiпкерлiкпен және Заңмен көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.

                       


Қор қызметінің негізгі мәні болып:

  • әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру;
  • әлеуметтік тәуекел туған жағдайда алушыларға әлеуметтік төлемдер жүргізу үшін «Зейнеақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа» (бұдан әрі – Орталық) уақытында қаржы аудару;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру.
  • Жылсайынғы аудит жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 25.04.2003 ж. № 405-ІІ Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) Қор мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасындағы жасалған шарт негізінде Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді.    
        Қордың өз қаражаттары жарғылық капиталдан және активтерден алынатын комиссиялық сыйақыдан тұрады.

 

 

       Қордың инвестициялық  қызметi     

1. Қор инвестициялық қызметтi  Қор мен Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi арасында жасалатын  шарт негiзiнде Қордың активтерiн  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi арқылы қаржы құралдарына  орналастыру жолымен жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және орналастыру жөнiндегi, инвестициялық кiрiс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп отырады.

Қор активтерiнiң құрылуы      

1.Қордың активтерi:

1) әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк  аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп  алғаны үшiн алынған өсiмпұл, Қордың  қызметiн қамтамасыз етуге арналған  комиссиялық сыйақылар шегерiлген инвестициялық табыс; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.

2. Қордың активтерi мынадай  мақсаттарға ғана:

1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк  төлемдердi жүзеге асыруға; 
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;  
 3) артық төленген әлеуметтiк аударым сомалары мен өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға пайдаланыла алады.

Есеп жүргiзу және есеп беру      

1. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi  және қаржылық есеп берудi Қордың  өзiнiң қаражаты мен активтерi бойынша Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлек табыс етедi. 
      2. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзуде және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

     

      ҚОРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қордың аумақтық құрылымдық бөлімшелері жоқ. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамаға  сәйкес әлеуметтік төлем алушылармен  жұмыс «Зейнетақы төлеу жөніндегі  мемлекеттік орталық» РМҚК құрылымдық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаменттері  арқылы жүргізіледі.  
Қордың ұйымдастырушылық құрылымына орталық аппараттың алты құрылымдық бөлімшесі кіреді.

 
 

ҚР Қаржы  министрлігі Мемлекеттік мүлік  және жекешелендіру Комитетінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген Қордың Жарғысына сәйкес, Қор Президентінің  бұйрығымен Қор Президентінің және вице-Президенттің міндеттері бөлінген.  
 
      Қордың Президенті:

    • Қордың және оның аппаратының ағымдағы қызметіне басшылық жасайды. Уәкілетті және мемлекеттік органдармен халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестік мәселелерін шешеді;
    • «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның жүзеге асуына бақылау жасайды;
    • Заң жобасы және нормашығармашылық жұмыстарды жүргізеді;
    • Қаржы мәселелеріне басшылықты жүргізеді.

Міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесін ұйымдастыруды  және әдістемелеуді жетілдіру бойынша  жұмыстарды ұйымдастырады.

    • Қаржы департаментінің;
    • Құқықтық және кадрлар жұмысы жөніндегі департаменттің;
    • Әлеуметтік сақтандыруды әдістемелеу және ұйымдастыру департаментінің жұмыстарына жалпы басшылық жасайды.

Қордың Вице-Президенті:

    • «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның жүзеге асуына байланысты ағымдағы мәселелер;
    • Қордың актуарлық есептер және экономикалық талдау қызметтерін дайындау мәселелеріне;
    • Қордың шаруашылық қызмет көрсету мәселелері, шаралар өткізу, материалдар мен қаражаттарды ұтымды жұмсауды бақылауға басшылық жасайды.
    • Тәуекелділіктерді  бағалау  департаментіне;
    • Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу департаментіне;
    • Ақпараттық технологиялар департаментіне;
    • Әкімшілік және ұйымдастыруды қамтамасыз ету департаменттерінің жұмыстарына жалпы басшылық жасайды

Әлеуметтік сақтандыруды әдістемелеу және ұйымдастыру департаменті

    • әлеуметтік сақтандыруды әдістемелеу мәселелерін үйлестіру;
    • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардан ақпараттар алу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
    • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
    • Қор мен халықаралық ұйымдар арасында байланысты қамтамасыз ету;
    • БАҚ-тарда жариялауға және оны шығаруға материалдар дайындау. Қордың пресс-конференциясын өткізу;

Құқықтық және кадрлар жұмысы жөніндегі департаменті қойылған міндеттерге сәйкес мынадай қызметтерді атқарады:

    • Құқықтық сипаттағы барлық құжаттарға, азаматтақ-құқықтық шарттарға, Қордың актілеріне, директорлар Кеңесі шешімдерінің жобаларына құқықтық талдау жасайды;
    • Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қордың мүдделері мен басқа да заңды құқықтарын қорғайды.
    • Коммерциялық емес акционерлік қоғамдар қызметін реттейтін азаматтық заңнамаларды, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР заңнамаларын жүйелейді және есепке алады.

 

Ақпараттық технологиялар департаменті:

    • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылармен, уәкілетті органмен үзіліссіз ақпараттық өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді;
    • Қордың пошта қызметін және Web-сайтының үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді;
    • Актуарлық есептер және экономикалық талдау департаментімен бірге Қордың актуарлық есептерін жүргізу үшін бағдарламалық өнімге қажетті техникалық талаптарды анықтау жұмыстарын жүргізеді.

Қаржы департаментінің негізгі міндеттеріне:

    • Қаржылық есептілікті жасау және бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі мен тәртібін белгілейтін бухгалтерлік есептіліктің Халықаралық стандарттарына сәйкес, Қордың қаржылық қызметінің нәтижелері мен шаруашылық қызметтері туралы нақты және толық ақпараттар қалыптастыруды қамтамасыз ету;
    • Қордың Есеп саясатымен белгіленген тәртіппен Қордың активтері мен өз қаражаттары бойынша жеке бухгалтерлік есептілікті қамтамасыз ету;
    • Нормативті құқықтық актілермен анықталған белгіленген мерзімде және формада қаржылық, статистикалық, салықтық есептілікті жасау және ұсыну;
    • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қор активтерін қаржы құралдарына орналастыруға, Қордың активтері мен өз қаражаттарын мақсатты пайдалану, мүліктердің сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
    • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Қордың толық және дұрыс салық есептеу мен төлеу, басқа да міндетті төлемдердің бюджетке уақытында төленуін қамтамасыз ету;
    • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес анықталған тәртіппен Қорға қажетті қызметтер мен жұмыстарды, тауарларды мемлекеттік сатып алуды уақытында жүргізу.

Қор қызметін жоспарлау және тәуекелділіктерді басқару мақсатында Тәуекелділіктерді бағалау департаментінің негізгі міндеттері:

    • Қордың қызметінде мүмкін болатын тәуекелділіктерді талдау, бағалау, жүйелеу;
    • әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы Қордың міндеттерін үнемі бағалау;                                                                                                        
    • ұзақ мерзімді болашақтағы Қордың қаржылық тұрақтылығын жүйелі бағалау;
    • стресс-тестілеу; 
    • тәуекелділіктерді басқарудың тиімді жүйесімен қамтамасыз ету; 
    • міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында нормативті-құқықтық    актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
    • қосымша  әлеуметтік төлемдер енгізу мүмкіндіктері бойынша ұсыныстарды бағалау.

Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу департаментінің негізгі міндеттері:

    • Қордың орта мерзімдік қаржылық-шаруашылық жоспарын қалыптастыру және оның орындалуы туралы есеп;
    • Мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру және оның орындалысына талдау жасау;
    • Жоспар жасау мақсатында Қордың қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасау; 
    • Мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету; 
    • Мемлекеттік сатып алу үшін қаржы шығынын тиімді жұмсауды қамтамасыз ету;
    • Шаруашылық қызметін жоспарлау саласында Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру. 

2008 жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдай бойынша  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  қорынан жүргізілген әлеуметтік  төлемдер туралы

2008 жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдай бойынша  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  қорынан жүргізілген әлеуметтік  төлемдер туралы Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесінің қолданысқа  енген кезінен бастап 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  қорынан жүргізілген әлеуметтік  төлемдердің сомасы 18 264 022,9 мың теңгені  құрады, оның ішінде:

Информация о работе ҚазақстанРеспубликасындағы сақтандыру ісі, ағымдағы жағдайларды жетілдіру жолы