ҚазақстанРеспубликасындағы сақтандыру ісі, ағымдағы жағдайларды жетілдіру жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:53, реферат

Описание

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) - әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың бірі болып табылады. Қор жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………….3-5
Негізгі бөлім
1. …………6-9
2. ……………..………………………………………………10-11
3. ……………..12-13
Қорытынды…………………………………………………………14-15
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………….16

Работа состоит из  1 файл

Реферат Банк серв.docx

— 97.29 Кб (Скачать документ)

· еңбек  ету қабілетінен айрылуы бойынша  – 1 105 463,5 мың теңге;

· асыраушысынан  айрылуы бойынша – 559 506,5 мың теңге;

· жұмысынан  айрылуы бойынша – 33 804,6 мың теңге;

· жүктілігі, босануы және жаңа туған баланы асырап алуына - 8 958 875,4 мың теңге.

· бір  жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін – 7 606 372,9 мың теңге.

 

 

 

 

2005 жылдың басынан бері

2008 жылдың басынан бері

Жалпы сома

18 264 022,9

17 441 480,3

Әлеуметтік қатер түрлері бойынша:

   

еңбек ету қабілетінен айрылуы  бойынша

1 105 463,5

559 215,2

асыраушысынан айрылуы бойынша

559 506,5

294 205,7

жұмысынан айрылуы бойынша

33 804,6

22 811,1

жүктілігі, босануы және жаңа туған баланы асырап алуына

8 958 875,4

8 958 875,4

бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін

7 606 372,9

7 606 372,9


2008 жылдың  тамыз айында Мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру қорынан 124 653 алушыға 2 981 520,4 мың теңге сомада әлеуметтік төлемдер жүргізілді, оның ішінде:

 

Алушылар саны (адам)

Төлем сомасы (мың теңге)

еңбек ету қабілетінен айрылуы  бойынша

16 698

83 681,3

асыраушысынан айрылуы бойынша

6 346

42 673,3

жұмысынан айрылуы бойынша

186

3 905,2

жүктілігі, босануы және жаңа туған баланы асырап алуына

11 528

1 625 942,0

бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін

89 895

1 225 318,6


 
         2008 жылдың  тамыз айында жүргізілген әлеуметтік  төлемдердің мөлшері 2008 жылдың  шілде айына қарағанда 2 % көп және 2007 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 53 есе артық. Тамыз айында әлеуметтік төлем алушылар саны төлемдердің жаңа түрлерін қоса есептегенде 124 653 адамды құрады. 2008 жылдың шілде айымен салыстырғанда еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны – 477 адамға, асыраушысынан айрылуы жағдайына байланысты – 222 адамға, жаңа туған баланы асырап алуы жағдайына - 1 014, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жағдайына – 2 414 адамға көбейді. Ал жұмысынан айрылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер алушылар саны 100 адамға азайды.

Бір жасқа  толғанға дейінгі бала күтімі үшін әлеуметтік төлем алушылар санының  көп болуына байланысты әлеуметтік төлемдер көлемінің аса көп мөлшері  және алушылар саны 2008 жылдың тамыз  айында Оңтүстік Қазақстан облысында болды, мұнда 15 210 алушыға 300 116,2 мың теңге сомада әлеуметтік төлем жүргізілді. Алушылардың аз көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысында, мұнда 4 793 адамға 79 050,3 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер жүргізілген. Тамыз айында бір алушыға төленген әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері:

· еңбек  ету қабілетінен айрылуы бойынша– 5 011 теңгені;

· еңбек  ету қабілетінен айрылуы бойынша  – 6 724 теңгені;

· жұмысынан  айрылуы бойынша – 20 996 теңгені;

· Жүктілігі, босануы және жаңа туған баланы асырап алуына байланысты – 141 043 теңге.

· бір  жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін – 13 631 теңгені құрады.

Облыстар  бойынша әлеуметтік қатерлер бойынша  орташа әлеуметтік төлемдер мөлшері (теңге)

 

Өңірлер

еңбек ету қабілетінен айрылуы  бойынша

еңбек ету қабілетінен айрылуы  бойынша

жұмысынан айрылуы бойынша

Жүктілігі, босануы және жаңа туған баланы асырап алуына байланысты

бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін

Ақмола

3 503

5 102

0

107 518

11 707

Ақтөбе

4 548

6 299

25 000

128 173

13 058

Алматы

4 322

5 670

19 700

131 384

13 394

Атырау

6 487

9 763

21 467

187 943

14530

Ш-Қазақстан

3 948

5 090

7 967

143 499

12 647

Жамбыл

4 379

5 269

12 910

87 685

11 336

Б-қазақстан

3 665

5 146

0

114 538

11 854

Қарағанды

5 946

7 528

22 450

108 161

14 836

Қызылорда

2 809

5 864

0

93 032

11 643

Қостанай

4 182

5 494

18 888

97 791

11 538

Маңғыстау

10 305

12 315

29 820

170 799

15 869

Павлодар

4 156

5 072

32 967

115 463

12 044

С-Қазақстан

3 454

4 242

12 450

105 572

10 866

О-Қазақстан

4 225

7 551

42 520

98 635

11 469

Алматы қ.

8 801

8 669

36 243

285 534

20 091

Астана қ.

6 098

7 896

17 525

230 176

17 876


 
Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайы  бойынша (10 305 теңге) және асыраушысынан  айрылу жағдайы (12 315 теңге) бойынша  бір адамға төленген әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы орташа мөлшері Маңғыстау облысында. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша (42 520 теңге) Оңтүстік Қазақстан облысында. Жүктілігі және босануы жағдайына (285 534 теңге) және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін (20 091теңге) Алматы қаласында болды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемдердің орташа мөлшерінің алмастыру ставкасы тамыз айында орташа еңбек ақыға еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша – 8 %, асыраушысынан айрылуы бойынша – 11 %, жұмысынан айрылуы бойынша – 33 %, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін – 22 % құрады. Жүктілігі, босануы және жаңа туған баланы асырап алуына байланысты әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері орташа айлық жалақының 2,2 есе артық мөлшерінде болды.  
2008 жылдың тамыз айындағы жүргізілген әлеуметтік төлемдер сомасының өсуіне негізінен халықтың әлеуметтік төлемдер алуға құқықтары туралы ақпараттандырылуының жақсаруы және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүктілігі, босануы және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлемдердің енгізілуі әсер етт

 

2008 жылдың 1 жағдай бойынша Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қорына  түскен әлеуметтік аударымдар  сомасы туралы

         2008 жылдың 1 жағдай бойынша Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қорына  түскен әлеуметтік аударымдар  сомасы туралы Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қолданысқа енген уақыттан бастап 2008 жылдың 1 қыркүйекіндегі дейінгі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен әлеуметтік аударымдар 126 399 218,8 мың теңгені құрады, сонымен қатар әлеуметтік аударымдарды уақытында төлемегені үшін төленген өсімақы 754 809,5 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік  аударымдардың түсуі
 

2005 ж. бастап

2008 ж.бастап

әлеуметтік аударымдар сомасы, мың  теңге

126 339 218,8

37 990 090,90

өсім, мың теңге

754 809,5

260 425,30


2008 жылдың  тамыз айында Мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру қорына 4 694 837,5 мың теңге  әлеуметтік аударымдар түсті, оның ішінде уақытында төлемегені үшін төленген өсімақы 31 916,5 мың теңгені құрады. 2008 жылдың тамыз айында әлеуметтік аударымдар 2008 жылдың шілде айымен салыстырғанда 11 % аз және былтырғы жылдың тамыз айымен салыстырғанда 20 % артық түсті. Шілде айында өсімақыларды қоса есептегенде, бір адамға төленген әлеуметтік аударымдардың мөлшері 1 504 мың теңгені құрады.

       2008 жылдың шілде айында уақытында  төлемегені үшін өсімақыларды  қоса есептегенде әлеуметтік  аударымдардың ең көп мөлшері  Алматы қаласында – 964 160,5 мың  теңге (20 %), Қарағанды облысында  – 476 621,0 мың теңге (10 %) Астана  қаласында – 409 949,4 мың теңге  (9 %) және Шығыс Қазақстан облысында  – 346 088,5 мың теңге (7 %) болды. 

Уақытында төлемеген өсімақыларды қоса есептегенде  әлеуметтік аударымдарды ең аз аударған Қызылорда облысы – 118 071 мың теңге (2 %), Солтүстік Қазақстан облысы – 124 533,7 мың теңге (3%), Жамбыл облысы – 131 029,3 мың теңге (3 %), Батыс Қазақстан  облысында 153 437,9 мың теңге (3%) болды. Әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны тамыз айында 3 122,2 мың адамды құрады, бұл алдыңғы айға қарағанда 9 % аз және 2007 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 3 % артық. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушылардың аса көп мөлшері Алматы қаласында 506,4 мың адам, аз мөлшері Қызылорда облысында 87,9 мың адам.

Міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға тиісті жұмыспен қамтылған халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейі республика бойынша 88 % құрайды. Жұмыспен қамтылған халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейі Алматы және Астана қалаларында жоғары болды. Жұмыспен қамтылған халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында – 57 % болды. Әлеуметтік аударымдарды ең аз аударған Қызылорда облысында бұл көрсеткіш – 82 % құрайды.

 

Елімізде  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің  енгізілуіне байланысты құрылған Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан  әрі – Қор) құрылғанына биыл үш жыл толып отыр. Нақты бір қызметтерді  атқарған ерекше әлеуметтік сақтандыру жүйесі кеңес уақытында да болған. Алайда ол кейбір сыртқы және формальді  белгілерімен ғана сақтандыру болды, мысалы ол арқылы уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі параққа төленді, өндірістегі  бақытсыз жағдайларға, кәсіби ауруларға  немесе басқа да бір жағдайларға  байланысты жәрдемақылар ресімделді. Өзіндік мәні жағынан бұл жүйе әлеуметтік сақтандыру емес әлеуметтік қамсыздандыру болды. Сақтандыру ол әлеуметтік немесе коммерциялық болғанына  қарамастан маңызды принципке негізделуі қажет, яғни төленген жарналарға сәйкес болуы керек. Біздің мемлекетіміздің  әлеуметтік саясаты елімізде әлеуметтік қорғаудың мықты жүйесін құруға бағытталған.  
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үшдеңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаның тереңдетілген үш жылдық бағдарламасы жүзеге асыру басталғанын атап өткен болатын. Халықты әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі біздің елімізде 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді және әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік шығындардың елеулі кеңейгенін дәлелдеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың Қорға төлеген әлеуметтік аударымдарынан тұрады және оларға салық жүктемесінің көбеюін болдырмау үшін төленетін әлеуметтік аударымдар сомасына әлеуметтік салық мөлшері төмендетілген. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында құрылған Қор бірден бір құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландырып, әлеуметтік тәуекел туған жағдайға қатысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлем төлеуді жүргізеді.  
Қазіргі уақытта Қор әлеуметтік тәуекелдің үш түрі бойынша – еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылу бойынша төлем жүргізеді. Осылайша, жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа, кәсіпорындарда және меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдарда, сонымен қатар жеке еңбек қызметімен шұғылданатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған барлық тұлғалар, егер олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілсе олар еңбек ету қабілетінен айрылған, асыраушысынан айрылған және жұмысынан айрылған жағдайда Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.  
Сақтандырудың негізгі принципін сақтау мақсатында – төлемдер жарнаға байланысты болатындықтан әлеуметтік аударымдарды есепке алу жеке әлеуметтік код негізінде дербес жүргізіледі. Әлеуметтік төлемдер мөлшері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қатысу өтіліне және орташа айлық табысына байланысты болады. Сонымен бірге төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды уақытында және тұрақты төлеуі әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әсер етеді. Яғни жұмыс беруші заңды қаншалықты орындаса нақты адамға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері соған байланысты болады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қолданысқа енген кезінен бастап 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы 309 548,6 мың теңгені құрады, оның ішінде: Әлеуметтік төлем алушылар санының былтырғы жылға қарағанда 4 есе артқанына қарамастан жүргізілген әлеуметтік төлемдер мөлшері мен алушылар саны болжанған көрсеткіштерден едәуір аз.Әлеуметтік төлем алушылар санының шамалы болуын біз халықтың әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беруге құқысы бар екендіктерін білмеуінен деп ойлаймыз. Осыған байланысты Қор тағы да төмендегіні хабарлайды. Егер Сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болсаңыз, яғни Сіз үшін әлеуметтік аударымдар төленсе онда еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылу әлеуметтік тәуекел жағдайы туғанда Сіз мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа Қордан әлеуметтік төлем алуға құқылысыз.  
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға ерекше көңіл аударылды. Елбасы ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән бере отырып, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуді тапсырды. Осылайша Жолдауда айтылған Президенттің тапсырмасына сәйкес Қордан әйелдердің жүктілігіне, босануына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне әлеуметтік төлемдер жүргізіледі. Мұндай төлемдерді алуға ол үшін жұмыс беруші әлеуметтік аударымдар жүргізген, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлеген жұмыс істейтін әйелдер құқылы.  
      Әлеуметтік төлемдердің маңызды бөлігінің Қорға берілуіне байланысты әйелдердің жүктілігі, босануы және бала туғаннан кейінгі бірінші жылы барлық қаржылық міндеттемелер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңымен кепілдендіріледі, және бұл кейбір жұмыс берушілердің жүкті әйелдерге деген кемсіту, тежеу сияқты қатынастарынан қорғайды.  
Әйелдердің жүктілігі, босануы және аналық кезеңін міндетті әлеуметтік сақтандыруға енгізуге байланысты бізге Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және алушылар алдындағы өз міндеттерімізді орындау мақсатында әлеуметтік қамсыздандыру бойынша бірқатар заңнамалық және нормативті құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселелерін шешу қажет.  
Сонымен қатар қосымша қызметттердің жүктелуіне байланысты Қордың бұдан әрі қарқынды дамуы үшін бізде жаңа мүмкіндіктер ашылатын болады. Мемлекеттің ана мен баланы қорғауға бағытталған әлеуметтік саясаты қоғамның жағдайы мен оның қарқынды дамуының болашағын айқындайды.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе ҚазақстанРеспубликасындағы сақтандыру ісі, ағымдағы жағдайларды жетілдіру жолы