Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 11:51, реферат

Описание

Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.

Содержание

Кіріспе

1 Бағалы қағаздар нарығы мен оның дамуының ел экономикасындағы рөлі

Негізгі бөлім

2 ҚР бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы мен негізгі мәселелері

3 ҚР бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

бкн реф.docx

— 279.52 Кб (Скачать документ)

     Ескерту – ҚҚА-нің есебі негізінде  жасалған  

     2005-2008 жылдар аралығындағы кәсіби қатысушылар  санының серпінін 8-ші суреттен  көруге болады. Кәсіби қатысушылардың  ішінен брокер-дилерлік лицензияны  алу сұранысы жоғары екенін  атап өтуге болады. Оның даму  серпіні жыл сайын өсуде. Бұған  себеп ретінде – ҚР бағалы  қағаздар нарығындағы институционалды  инвесторлар қаражаттарының көбеюі  қарастырылады. 

    Қарастырылған кезеңдерде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімінің жүйесін жүргізу ұйымдар  санының біршама төмендегенін көреміз. 2005-2006 жылдар аралығында тіркеушілердің саны – 18 болса, келесі жылдары серпіні  төмендеп отыр – 2007 жылы 11%-ға, 2008 жылы (базистік жылмен салыстырғанда) 5% төмендеп отыр. Аталған қатысушылар санының төмендеуі уәкілетті органның талаптарына сай болмауы себеп болып отыр 
     

    Бағалы  қағаздар нарығының  даму болашағы 

    Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік  бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік  органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің  бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында  шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер  баршылық.

     Экономикалық мәселелерге:

     •    нарықты реттейтін механизмнің  жоқтығы;

     •    нарықты     дамытатын     бірыңғай     көзқарас     жүйесінің жоқтығы;

     •    заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

     •    салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

     •    бағалы    қағаздар    нарығының   материалдық-техникалық негізінің  аздығы;

     •    нарықтық  инфрақұрылымның  өсу  деңгейінің  төмендігі жатады.

   Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.

   Бағалы  қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның  осы іспен шұғылдануға рұхсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына  сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды. Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы  болып, ал  мүшелері жэне  хатшысы  болып бағалы  қағаздар  нарығын  реттейтін Бас басқарманың мамандары  кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты  куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық  алып, қызмет атқаруда.

   Әлемдік нарык тарихында бағалы қағаздар нарыгының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:

   I. Банктік үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы    банктер    қаржы    қорларын    бөледі    (ол    Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.

   II.  Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар   нарығының   механизмі   арқылы   елдің   қаржы   қорын бөлумен  банк емес  мекемелер  шұғылданады  (мысалы,  АҚШ-та, ¥лыбританияда, Малайзияда, Пэкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол - банктен алған ақшаға қарағанда - «арзан» ақша.

   III. Аралас үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі аркылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда).

   Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі-мүлікті кішіжәне жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген багалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.

   Бағалы  қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің  банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:

     1. Нарықта акционерлік капитал  үлесінің көптігі;

     2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыз  қағаздарынан көптігі;

     3. Өндірісті қаржыландырудағы тура  банктік несиенің аздығы;

     4. Нарықтағы банк емес мекемелердің  көптігі.

     Бұлардан  басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:

   1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып  сатылатын акциядан түсетін ақша-«арзан»  ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердін де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

   2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан  нарығында өндіріс саласын өз    активтерімен    (қаржысымен)    инвестициялайтын    отандық  ұйымдар болмайды деген болжамдар  көп. Сондықтан мемлекеттік меншікті  жалпы жекеменшіктендіру аркылы  халықты кэсіпорын басқаруға   тарту   жақын   арада   бұл   механизмді   пайдалануіа мүмкіндік туғызады.

   3.  Саясат факторы – дүние жүзіндегі сияқты Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі - халық. Мемлекеттік мүлікті жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқығын жүзеге асыру ( халықтың социалистік менталитетін есептегенде) - бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.

   Қорыта  айтқанда, Қазақстан Республикасында  калыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай элі  де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.

   Қазақстан өз қаржы жүйесін дамытпай, экономиканың нақты секторында табыска жетуі  мүмкін емес. Бұл ретте 2003 жылғы 4 шілдедегі  « Қаржы нарыгы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу жэне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасынның Заңына   сәйкес   кұрылған   Қаржы   нарығын   және   қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын кадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді.

   Операциялық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары капиталының жеткілікті нормативі  қайта қаралды.

   Қазақстанда ұжымдық инвестициялау нышандарының дамуын жетілдіру және ынталандыру, жеке инвесторлардың қаражатын жұмылдыратын инвестициялық қорлардың пайда  болуы үшін «Инвестициялық қорлар туралы»  заң қабылданды. Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы қызметінің стандарттарын белгілеу, корпоративтік басқаруды жақсартуға арналған ынталандыру шараларын  пайдалану және тәуекелге барынша  бейім қаржы нарығының сегменттерінде қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшін өзгертілген және толықтырылған  «Бағалы кағаздар нарығы туралы»  Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданып, оның негізінде Агенттік Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын  бекітті.

   Қазақстанның  жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың  құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімді ішкі инвестициялар көзі ретінде зейнетақы  активтерін тиімді басқаруды жетілдіру  мақсатында Жинақтаушы зейнетақы жүйесін  дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Несие нарығын дамыту және займшылардың шарт тәртібін жоғарылатуға елеулі әсері бар 2004 жылғы 6 шілдеде  «Қазақстан Республикасындағы кредиттік  бюролар және кредиттік тарихты  қалыптастыру туралы» қабылданған  заңды іске асыру займшылардың барынша  айқындығына, олардың несиелік қабілеттілігі  мониторингін жетілдіруге мүмкіндік  жасай отырып, банктердің тәуекелін  азайтуға және тәуекелді басқарудың сапасын жақсартуға ықпал етеді. Кредиттік бюроның тиімділігі және оның нарыққа ықпалы бірсыпыра уақыттан кейін сезіле бастайды.

     2007 ж. 1 қаңтарында 2160 акционерлік қоғамдардың номинал қүнының жалпы сомасы 876,6 млрд. теңге қүрайтын 2304 акция жэне 217 облигация шығарылымдары бағалы қағаздар нарығында айналыста жүруде. Бірақ табысты отандық компаниялардың акциясын Қазақстан азаматтарына сатып алып дивидендке қол жеткізуіне құқықтық негіз болмауда. Керісінше, осындай табысты компаниялардың акциясын (мыс, «Қазақмыс») Лондан қор биржасында батыс елдердің инвесторлары сатып алуда. Сондықтан «көпшілік отандық инвесторлардың» қор нарығы, бағалы қағаздар туралы сауатын ашатын үкімет тұрғысынан білімін жетілдіру бағадарламасын тарату қажет.

   Сөйтіп  нарық жағдайларының шапшаң өзгерістерге ұшырауын ескере отырып, оның құқықтық негіздерін тез арада одан әрі  жетілдіру қажет. Себебі кейбір заңнамалық актілерде көптеген шектеу нормаларының болуы қор нарығын жандандыруға мүмкіндік туғызбауда. Бұл біріншіден. Екіншіден, мемлекеттік емес бағалы кағаздар бойынша табысты есептеу  мен оны төлеу тәртібі заң  жүзінде анықтауды талап етеді. 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Жүргізілген зерттеулер келесі негізгі қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік  береді:

     1. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығының түсініктерін нақтылау қажеттілігі туды. Оларға себеп ретінде мемлекеттің даму қарқынын анықтауда, қаржылық стратегия мен тактиканы белгілеуде бірқатар көрсеткіштердің даму серпініне тәуелділігін қарастыру болып табылады. Осы көрсеткіштердің бірі – бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Сондай-ақ, республикамыздың бағалы қағаздар нарығы мәнінің ғылым бекіткен жіктелімге сай еместігін көрсетеді.

     2. Бағалы қағаздар нарығын талдау нәтижесінде келесідей қорытындыға келеміз. Қор нарығының құралдарының ішінен акциялар шығарылымы жоғары. Бірақ, акциялардың айналысы төмен. Екінші орында облигация шығарылымын жатқызамыз, бірақ эмитенттері ретінде негізінен екінші деңгейлі банктер болып табылады. Үшінші орында – пайлар. Акция мен облигациға қарағанда тәуекелділігі төмен болса да, оларға деген сұраныс төмен.

     3. Республикада бірқатар кәсіби  қызмет түрлері қабылданған. Әйтсе  де, кәсіби қатысушылар саны жағынан  талдау жүргізу нәтижесінде, кейбір  қатысушылар санының даму серпіні байқалмайды. Бұл осы кәсіби қызмет түріне деген қызығушылықтың және олардың қызметіне деген сұраныстың төмен болуы деп анықтаймыз.

     4. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын  мемлекеттік реттеуді негізінен  4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу  бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік  реттеуді жүргізетін және қадағалайтын  органдарға байланысты. Бағалы қағаздар  нарығында мемлекеттік реттеуді  жүргізу кезінде келесідей қағидаларға  сүйенуін ұсынамыз.

    - заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің басыңқы дәрежесіне сүйенуі;

    - заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің бір-біріне үйлестіруі және бірігей бағыттарды ұстануы;

    - бағалы қағаздар нарығындағы стратегия мен тактиканы анықтау кезінде нақты қажеттіліктерді және мүмкіндіктерді  ескеруі;

    - бағалы қағаздар нарығының қатысушылар тізімін бекітуде, тек техникалық талаптарды ғана емес, сондай-ақ тиімділік факторын ескеруі.

      5. Эмитенттер бағалы қағаздарды  шығару кезінде белгілі бір  артықшылықтардың және кемшіліктердің  болуын қарастырады. Алайда, келтірілген  талдау нәтижесінде эмитенттердің  бәсеңділігін көреміз. Осыған  байланысты эмитенттерді ынталандыру  факторларын анықтауға қажеттілігі бар. Оларға: рейтингтік шығындарды азайту, листингтік шығындарды азайту және өзара міндетті қатысушылар байланысының шығындарын қысқарту.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы