Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 17:24, курсовая работа
Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I тарау Банк менеджментіне жалпы сипаттама
1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері.......................................5
1.2. Банк менеджментінің негізгі бағыттары......................................................13
II тарау Банктердегі басқару процессіне сипаттама.
2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру...........................................................17
2.2. Банктерді басқару принциптері ....................................................................20
III тарау Қазақстан Республикасы банк менеджментін дамыту және жетілдіру
жолдары
3.1. Қазақстан Республикасында банк тұрақтылығын басқаруды қамтамасыз ету және банк менеджментін дамыту ................................................................25
Қорытынды ............................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................32
Банк менеджментінің екінші аймағы – персоналды басқару-банк қызметкерлерінің білімі мен тәжірбиесіне рационалды қолдануға бағыт беру. Оған еңбек мотивациясы, кадрларды орналастыру, қызметкердің еңбегін ұйымдастыру, кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесі, еңбек ақы механизмі, жеңілдіктер мен ынталандыру, қызмет бойынша жоғарылау жүйесі, бақылауды ұйымдастыру ұжымды сөйлесу принциптері кіреді. Персоналды басқарудың ғылыми негізі психология мен іс этикасы болып табылады.
Банк
менеджментінің негізгі бағытын
келесі түрде көрсетуге болады:
Банк менеджменті | |
Қаржы менеджменті | Персоналды басқару |
|
|
Адам ресурстарын басқару барлық басшылармен жүргізіледі, сондықтан да бұл зонадағы басқару жоғары деңгейден төменгі деңгейге дейінгі барлық жұмысшылар қатысады.
Менеджменттің орталық фигурасын – процессионал (маман) болып табылады, жұмыстың даму болавшағын болжау қабілеттілігі бар, жағдайларды тез бағалайтын және мақсатына жету үшін оптималды шешім табатын басқарушы. Менеджер маманданған және жеке сапалы қасиеттермен қамтылуы қажет: жоғары компетенттік, ойлау қабілеттілігімен, тәуекелге ақылмен баруы, бекітілген жоспарын орындауға қабілеттілігі және ұжымда лидер болуы тиіс.
Банк менеджері кәсіпорындардағы, фирмалардағы және т.б. менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет. Мұндай баға клиенттің несие қабілеттілігін талдаудың элементінің құралы болып табылады.
Ұжымда басқарудың негізгі міндеті - өз әріптестермен сөйлеу, араласу қабілеттілігінен құралады.
Жұмыстың тиімділігін, басшылықтың оптимизациясын бақылаумен клиенттерге қызмет көрсетуі жоғарлату үшін:
Банк менеджментінің мазмұны банкті ұйымдастыру принциптерімен айқындалады.
2
эшелонға банктің клиенттеріне
қызмет көрсетумен байланысты
барлық басқарулар немесе
1.2 Банктік менеджменттің негізгі бағыттары
Банктік
менеджмент екі келіс (көзқарас) арқылы
анықталатын екі бағыт
1-ші
багыт:
Банк қызметін басқару- Қызметкерлерді (ұжым-
ды
ұйымдастыру:
1. Қызметті жоспарлау тыру
а)
стратегиялық
б) шешу тактикасы а) жапондық
2. Банк бағытын айқын- б) американдық
дау;
3. Клиенттерді тандау,
несие беру аясын іріктеу; 3. Жетекшінің қол астын-
4. Маркетинггік зерттеу; дагыларга қатынасы;
5. Активтерді басқару; 4. Жұмыскерлердің шешім
6. Пассивтерді басқару; қабылдау білушілігі;
7. Меншікті капиталды 5. Жұмыскерлерді
басқару;
8. Коммерциялық банкте- 6. Біліктілікті арттыру;
гі тәуекелдерді басқару. 7. Шиеленісті бәсеңдету.
Процесс
кезінде болашақтағы іс-
Нақты бір банктің даму тұжырымдамасын қалыптастыру. соған сәйкес кезеңдерге арналған ағымдағы міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыру шарларын жасау, айтылған жұмыстардың құрамды бөлігі болып қатысады. Сондай-ақ несие, депозиттік, инвестициялық, пайыздық саясат - банк саясатының құрамды бөлігі болып саналады.
Коммерциялық банктердің экономикалық тұрғыдан негізделген банк саясатын қалыптастыруға көшуі: ұйымдық, экономикалық, ақпараттық сияқты, тым болмағанда үш мәселені анықтап алуды талап етеді./4. 233б/.
Ұйымдық мәселе, негізгі идеялардың пайда болуынан бастап, оларды нақтылы шаралар түрінде жүзеге асырғанға дейінгі жоспарлаумен, банк саясатының тетіктерін жасаумен айналысатын бөлімдерді айқындап алуды болжайды.
Соған сәйкес саясат калыптастыру кезіндегі банктік менеджмент аналитикалық жұмыстардың құрамды бөлігі болып саналады. Банк ісіндегі маркетинг мыналарды білдіреді; аталмыш аймақтағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі көрсетілетін банк қызметтеріне деген сұраныс пен ұсынысты талдау; әртүрлі көрсетілетін қызметтерді (несие беру, инвестициялау, кеңестер беру, аударымдар арқылы есеп айырысуларды ұйымдастыру, лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.) канағаттандырудағы аталмыш банктің алатын орнына баға беру; тиісті операцияларды әртүрлі банктердің жүзеге асыруына жұмсайтын шығындар мөлшерімен (нормасымен) салыстыру.
Маркетинг, ең алдымен, олардың орналасқан жерлеріндегі банктің нақты және әлеуетті клиенттерін анықгап алуды болжайды. Шетелдік тәжірибеде аумақтық болып құрылған көптеген коммерциялық банктер, елдің барлық аумағында өз банктерінің филиалдарын құра отырып, өзі қызмет көрсететін аумақтың шегінен шығып кетеді.
Банк бір мезгілде несие ресурстарының көлемі мен құрылымы, тиісті операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығындар деңгейі, банктің техникалық жарақталуы, кадрлардың біліктілігі көзқарасы тұрғысынан өзінің мүмкіндіктерін зерделейді. /6. 268б/
Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағытттарының қатарына жатады; ол белгілі бір кезеңге белгіленген банктің саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас (двуединая) екі міңдетті: баланстың өтімдігін сақтай отырып, банктің табысты жұмысын қамтамасыз ету міндетін алдыға қояды. Бұл міндеттер қалыптасқан ахуалға жүйелі түрде талдаулар жасау негізінде ғана орындалады. Белгілідей, әр түрлі активтер банкке әртүрлі көлемде пайда әкеледі, тәуекел дәрежелері де әртүрлі. Сондықтан да банктер қаржыларды салу мерзімдеріне, олардың пайдалылығы мен тәуекел дәрежелеріне қатысты барлық активтердің жіктеуін жүргізуі тиіс.
Пассивтерді
басқару процесі кезінде
Банктің меншікті қаржыларын басқарудың оның өтімдігі мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айрықша маңызы бар. Банктің активті операцияларын кеңейту және депозиттер көлемінің өсуі кезінде банктің меншікті капиталын көбейту қажеттілігі туындайды. Меншікті капиталды басқару оның жеткілікті өлшемдерін негіздеуді, сондай-ақ осы жеткілікті бағалай білуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тандауды болжайды. Банк шығарған акциялар бойынша дивидендтер саласындағы саясат меншікті капитадды басқарудың тиімді құралы болып қатысады. Дивидендтерді көбейту акция бағаларының көтерілуіне, осыған орай, қосымша акциялар сатудың мүмкіндігіне, меншікті акциялардың көбеюіне және соған сәйкес меншікті капиталдың өсуіне әкеледі.
Банк жұмысының тиімділігін (рентабельділігін) оның кірістері мен шығыстарын, несие беру мен инвестициялардан алынған шекті кірістер мен тартылған қаржылар бойынша шектеуге кірмейтін шығындарды, қаржылық нәтижелердің тұрактылығын қамтамасыз етуді, тәуекел шығындарын бақылауды болжайды. Күдікті және шығынды операцияларды, банктің алатын пайда көлеміне әсерін тигізетін алыпсатарлық операциялардың себептерін талдауға айрықша назар аударылады.
Банк қызметіндегі тәуекелдерді баскару тәуекел - менеджмент деп аталады. Банк қызметінде тәуекел әртүрлі операцияларды орындау кезінде катысады: несиені қайтару және ол үішн пайыздар төлеу тәуекелі, жабдықтаушының қаржыны уақытында алу тәуекелі, пайда алу тәуекелі, өтімдік тәуекелі және т.б. Тәуекелсіз кәсіпкерлік те жоқ. Сондықтан да басты мәселе соларды басқара білу болып табылады. Тәуекелдерді басқару процесінде шеішлетін басты міндеттер мыналардан түрады: а) тәуекелдің туындауы мүмкін жағдайларын тани білу; б) болжанатын шығынның ауқымын бағалау; в) алдын алу тәсілдерін немесе оның орнын толтыру көздерін табу. Тәуекелді басқару шығындардың пайда болуының откен барлық жағдайларын, аталмыш нақты клиент үшін олардың көрініс беру ықтималдылығын болжау, болуы мүмкін шығынды алдын алу немесе орнын толтыру тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады.
Менеджменттің мазмұнына сондай-ақ еңбек ұжымын басқару тұжырымдамасын жасау да кіреді. Шетел тәжірибесінде менеджменттің екі үлгісі бар:
жапон үлгісі банк қызметінің жоғары түпкі нәтижелерге жетуіндегі ұжымның ролін тануға негізделеді;
американдық үлгі — ұжымның бүкіл қызметінде шешуші рол атқаратын түлғаға бағдарланады.