Банк жүйесі және даму эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 20:09, курсовая работа

Описание

Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................3
I. Банктердің пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы банктердің пайда болуы...................................4
1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.......................7
II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері
2.1 Банктің экономикадағы рөлі.............................................10
2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы...................13
2.3 Банк жүйесінің құрылымы және даму тарихы................15
III. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
3.1 Банк типтері........................................................................21
3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік............................................23
3.3 Банк ісіндегі бәсекелестік.................................................29
Қорытынды...............................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................33

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫ.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

«Экономикалық кафедра»

 

 

 

Пән аты: Ақша, Несие, Банктер

Тақырыбы: Банк жүйесі және даму эволюциясы

 

 

 

 

Орындаған: Өтебаева Г.Е.  Қаржы-201

 Аға оқытушы: Өтешова А. К

 

Жоспары

 

Кіріспе........................................................................................3

    1. Банктердің пайда болуы мен дамуы

1.1  Алғашқы банктердің пайда болуы...................................4

1.2  Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.......................7

    1. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері

2.1 Банктің экономикадағы рөлі.............................................10

2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы...................13

2.3 Банк жүйесінің құрылымы және даму тарихы................15

    1. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері

3.1 Банк типтері........................................................................21

3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік............................................23

3.3 Банк ісіндегі бәсекелестік.................................................29

Қорытынды...............................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.

Жұмыстың негізгі мақсаты  банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға  сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы  реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Бұл саланың маңыздылығы  әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Соңғы бірнеше  жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда. Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс. Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат  құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай  тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар. Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет. Инвестициялық банк – негізінен тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк.

Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

 

 

I. Банктердің пайда болуы мен дамуы

1.1 Алғашқы банктердің пайда болуы

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында – XIV және XV ғасырларда Италияда кредит қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек – феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді. « Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banko» сөзінен шыққан. Банко – үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда құймалардан соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен базаларда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айыр бастаушы банкирлер әйгілі болады, әрі олар Ежелгі Грецияда  (трапезиттер деп аталған, “трапеза” – үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.

Әр түрлі  монеталарды бір-бірімен үзбей  айырбастау үшін олардыңқоры болуы  керек. Осылайша, бұл айырбастаушы- үстеодер айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйлерге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.

Алайда ақшаның  табиғатын валюталарды аийрбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жансақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанды ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек – ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезінде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.

Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі  IV  ғасырларда  Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды  қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және кредиттік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV дейінгі ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен .

Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар  жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен  де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналды, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олра мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмітер ие болды.

Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз (ссуда) берумен де  айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып рәсімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды.

Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айналысқа түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға беріп, одан пайыз алудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорнын ашудың тиімді болатынын да ұқты.

Міне, осы уақытша кредитті жоғары пайызбен беретін өсімқорлық (ростовщичество) пайдда болды, ссуданың негізіне тараптардың кредит беруші қоятын өктем  шартымен жасасқан жеке келісімі жатады. Сауда үйі түрінде жеке кредит берушілердің  пайда болуымен бірге бір мезгілде мемлекеттік сауда – саттық агенттіктері де әрекет етеді.  Ежелгі шығыста олар тамкаралар деп аталаған. Олар металл құймалары түріндегі  ақшаны  сатумен және сатып алумен айналысты , басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді.

  Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды. Банк – бұл аса ірі кредит кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған кредит берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін  кредит істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі кредит берушінің өз клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы толық болуы қажет. Кредит операциялары кредит берушілердің арасында бәсекелестік пайда болады, өйткені кредит берушілердің арасында бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас тартады. Кредит мәмілелерін орындаумен қатар кредит беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүргізеді. Банк – кредит, ақша, есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңнейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда  XVII ғасырда пайда болды.

1619 жылы Венеция қаласындағы  қоғамдық серіктестік жиробанк (латынша  giro – айналым) деп аталды. Металдық  монеталар төлемі мен оны қағаз  орынбасарларына ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет құроған эконгомикалық қызметке, банктердің пайда болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банк ісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде айқындалды Банк ісін жүргізуді италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.

Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке және жиробанкке, ақыр аяғында  ссуда банкісіне айналды. Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс үйі құрылып, одан алғашқы неміс банктері пайда болды және т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.

Ежелгі банктердің кредит операцияларымен қатар трансферит деп аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне ауыстыру кезінен қолданыла бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін (hudu – «гуду») шығарды. Осылайша, кредит, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа (банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі кредит мекемелері пайда бола бастады.

XVII ғасырдың 40-шы  жылдарынан бастап, банктердегі  эмиссиялық операциялар Англияда  да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдың басында оған елдің  эмиссиялық банкісі деген атақ (статус, мәртебе) берілді. Оның банкноттары төлемнің әмбебап, заңды құралына айналды.

1846 жылы Германияда  жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.

Ресейде банк ісі  мемлекеттік тұрғыдан дамыды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж.) орталық эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.

Еуропа мемлекет құрған экономикалық қызметке, банктердің пайда болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды.

 

1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы

Банктің мәнін  ашпас бұрын, алдымен оның осы  заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны  тек ақшаны сақтаудың орны деп  жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы  мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері әр түрлі.

Кейбіреулер оны  мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал таы біреулері  оған делдалдық ұйым және т.б. ретінде  қарайды. Банктің мұндай анықтамаларын оқытулар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И. О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.

Ол банк мәнін  зерделеудің мынадай әдістемелік  негіздерін ұсынады:

  • Банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
  • Оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
  • Банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;
  • Банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.

Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша  қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны  банк деп ұғуға болмайды. Нақты  клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл мағынада мұның мәні дерексіз ұғымға айналып шыға келеді, ол нақты банк қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұтас ретінде қарастыруы мүмкін. Оның мәнін тұтас экономикаға байланыстырып, макродеңгейде қарастырғанда ғана мақсатқа лайықты болады. Бұл жағдайда банк нақты қызмет жиынтығы болатын мекемені емес, керісінше белгілі бір қызметі бар институтты білдіреді. Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлене қарамастан біріңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т.б. бір-бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас реінде банктердің әртүрлілігін қөрсетеді.

Әдістемелі  тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны басқа экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген қаржылық, кеңес беру т.б. түрлерін (200-ден астам) басқа экономикалық институттар, оның ішінде, банк институты өз клиенттеріне көрсете алады. Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа институттар да орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен қызметтерды бөліп көрсету керек.

Информация о работе Банк жүйесі және даму эволюциясы