Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 20:09, курсовая работа
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Кіріспе........................................................................................3
I. Банктердің пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы банктердің пайда болуы...................................4
1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.......................7
II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері
2.1 Банктің экономикадағы рөлі.............................................10
2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы...................13
2.3 Банк жүйесінің құрылымы және даму тарихы................15
III. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
3.1 Банк типтері........................................................................21
3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік............................................23
3.3 Банк ісіндегі бәсекелестік.................................................29
Қорытынды...............................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................33
Акционерлердің банкті басқару бойынша жауапкершілігі басқарманы сайлаумен және жылдық жиналыста банк саясатының мәселелері бойынша дауыс берумен шектеледі.
Банкті акционерлік
емес формада ұйымдастыру
Банктер мен олардың клиенттері арасындағы қарым-қатынас
Клиенттерді таратудағы банктердің арасында күшейе түскен бәсекелестік банктердің клиенке, олармен серіктестік қатынасты орнатуға қатысты ұйымдастыру мәселелеріне айрықша назар аударуын талап етеді. «Қазақстан Республикасындағы Банктер мен банктің қызметі туралы» заңның 33-бабы бойынша банктер тең құқықты серіктестіктер ретінде алға шығып, өз операцияларын еркін кредит ресурстары нарығында жүзеге асыра асыра алады.
Өз қызметінде олар өздерінің клиенттеріне қаражатты орналастырудың, кредитті алудың жақсы жағдайын, банк қызметінің ауқымды спектріне ұсынумен бір-бірімен бәсекелеседі. Банк өз клиентінің алдында дауапты болады.
Банктердің клиентпен жүргізнтін экономикалық жұмысы банкке клинеттерді таратудан бастап, олардың шоты бойынша әр түрлі банкті операцияларды орындауға дейін банк қызметінің барлық жағын қамтиды.
Банктер клиенттерді өз жағына тартуы үшін нақты жұмысты жүргізуге тура келеді – жарнама, жаңа қызмет түрлерін енгізу, келіссөдер жүргізу, қаржылық жағдайды алдын ала талдау, әр түрлі келісімшарттарды әзірлеу әрі бекіту және т.б. Бұл жұмыстардың барлығы да өз активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі қызметімен тығыз байланысты.
Клиенттермен жүргізілетін жұмыс әр түрлі келісімшарттарды бекітудің негізнде құрылады: есеп айырысу, кассалық және кредиттік қызмет көрсетулер, бірлескен қызмет, депозит шоттарын ашу әрі жүргізу және т.б. туралы келісімшарттар.
Клиенттердің ағымдағы әрі есеп айырысу шоттарын ашу және олар бойынша операцияларды жүзеге асыру есеп айырысу мен кассалық-есеп айырысу қызметтері туралы келісімшарттың негізінде жүргізіледі.
Есеп айырысу
қызметін көрсету жөніндегі
Орындауға жатпайтын банктік операциялар жүзеге асырылған жағдайда банк пен клиент ҚР-ның Парламенті бекіткен ҚР-дағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәртібін бұзғаны үшін салынатын экономикалық санкцялар туралы ережеге сәйкес жауап береді.
Банк пен клиенттің бірлескен қызметі жүзеге асырылатын болса, бірлескен қызмет туралы келісімшар бекітіледі. Онда тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың арасында пайданы бөлудің әрі қаржыландырудың тәртібі айтылады.
Клиентті кредиттеу банк пен клиент арасында бекітілген кредит келісімшарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт ссуданы берудің және өтеудің мерзімін, шарты мен тәртібін, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ссуда бойынша кепілдікті және пайыздық мөлшерлемені реттейді.
Кейбір банктерде кредит келісімшарттарымен қатар кредит хаттамасы пайдаланылады. Кредит хаттамасы ағымдағы жылға жасалады. Онда жекелеген сәттер, мысалы, тиімділіктің баршаға ортақ және өзіндік ерекшеліктері бар критерийлері, жекелеген кредит түрлерін берудің шарттары нақтыланады. Депозиттік шоттарды ашу әрі жүргізу туралы келісімшарт осы депозиттік ашылатын мерзімі, ол бойынша пайызды төлеудің тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражатты өндіріп алудың тәртібі туралы мәліметті қамтитын болады.
Барлық аталмыш келісімшарттар клиенттің өзара сипатын анықтайды. Келісімшарттар олардың арасында болатын келіссөздердің бір-бірінің қызметін алдын-ала мұқият зерделеудің нәтижесінде бекітіледі. Банк нақты әдістеме бойынша, көбінесе өтімділік, айналымдылық, қаражатты тарту және пайдалылық секілді негізгі 4 көрсеткішке сүйеніп, серіктесінің қаржылық жағдайы мен кредит қабілеттілігін талдайды.
Жоғарыда аталған келісімшарттар банктің бастамасымен және клиенттің бастамасымен де бұзылуы мүмкін. Бекітілген келісімшарттардың бұзудың тәртібі мен шарты айтылатын болады. Келісімшарттардың бұзылуына мыналар себепкер болуы мүмкін: тараптардың өз міндеттемесін орындаудың мүмкін еместігі, тараптардың өз міндеттемесін теріс пайдалану және т.б.
Депозиттермен жүргізілетін ағымдағы экономикалық жұмыс банктердің пассивтерді басқаруы бойынша қызметінің маңызды бағыттары болып табылады. Бұл банк клиенттерінің шоты бойынша қаражаттың қозғалысын талдаудың және ең өтімді депозиттер тобын өтімділігі аз депозиттер тобына түрлендірудің мүмкіндіктерін анықтауды ұйғарады. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттерді және төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік
Нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында өз мойнына алатын қатерді дұрыс бағалай берудің маңызы жоғары.
Нарықтық қатынастың қалыптасқанына қарай тәуелділік ұғымы банк өміріне дендеп енетін болады. Тәуелділік кез келген операцияда бола береді, алайда, олардың ауқымы әр түрлі. Сондықтан да банк қызметінде тәуелділіктің мүлдем болмағаны маңызды емес, оны аз шамадағы деңгейге дейін жеткізу және кеміту маңызды.
Банк тәуелділігі дегеніміз не? Әдетте «қатер» сөзін естігенімізде оның болу ықтималдылығы алдымен еске түседі, дәлірегі, банктердің өз ресурстарының, табысының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін ұғамыз. Банк қызметі залалсыз болуы үшін шығын, ысырап, залал секілді категорияларға бағдарланып, оларды қолдану қажет.
Ысырап. Банк қызметіне тән тәуелділікті сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш тұрғысындағы банк пайдасының болжанбағын кемуі ретінде ұғылады. Бұл көрсеткіш өзіне шығын мен залады ұштастырады, сол себепті де қатердің деңгейін басқа көрсеткіштерге қарағанда анық сипаттай алады. Қатер мен ысырап ұғымдары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Осыған қарай, қатерді ысырап категориясын пайдалана отырып, сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Бұл тәсілдеме тәуелділік теориясын дамытудың базасы болып табылады.
Шығын. Банк өз қызметінде белгілі бір шығын шығарады. Бұлар салымшыларға төленетін пайыз; өзге қаржылық институттан қарызға алынған кредит ресурсы үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, үй-ғимаратты және т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясын айтқанда болжанбаған жағдайда белгіленген жағдайда белгіленген шығыннан да көп шығынның шығып кету қатері пайда болатынын ескереміз.
Табысты ала алмауда көрінетін немесе белгіленген шығыннан да көп шығын шығару жағдайында көрінетін залал алдағы кезеңнің операцияларын жеткілікті дәрежеде талдамаған кезде, жаңсақтыққа ұрынғпн жағдайда немесе ахуалды болжауға келмейтін жағдайда пайда болады. Нашар кредит портфелімен коньюнктураны жеткіліксіз есептеумен байланысты мұндай залалдардың қатері банктің қызметіне үлкен қауіп төндіреді. Кез келген қызмет түрі белгілі бір қатермен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын секілді банк те ысырап пен банкротқа ұшырау қатерінен алыс кете алмайды, яғни, олар да ысырап пен банкротқа ұшырауы мүмкін. Банк басшылығы пайданы барынша көп алуға ұмтылумен қатар, ысырап пен залалды да барынша кемітуге ұмтылады.
Бұлардың барлығы да белгілі бір дәрежеде банк пен қожайындарының және олардың салымшыларының мүдделі сәйкеспеуіне байланысты бір біріне қайшы болады. Банк қожайындары қосымша пайда алуға ұмтылып, осы үшін тәуелділікке барса, салымшылар үшін банкке сеніп тапсырған өз қаражатының аман сақталуы маңызды. Табыстылық пен тәуелділіктің арасындағы оңтайлы арақатынасты ұстап тұру банктерді басқарудың ең басты әрі ең күрделі мәселесі болып табылады.
Банктерде негізгі қатер оның портфелінің құрылымымен, яғни банк ресурстары салынған қаржылық активтердің жиынымен байланысты болады. Іс-тәжірибеде порфельдік қатердің төрт негізгі түрі белгілі: кредит тәуелділігі; өтімділік тәуелділігі; пайыз мөлшерлемелерінің өзгеру қатері; валюталық тәуелділік.
Кредит тәуелділігі (кредитный риск) – қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамағанына байланысты орын алатын банк ссудасын қайтармау қатері.
Ол ссуда порфельінің сапасымен тікелей байланысты. Кредит тәуекелінің 3 түрін бөліп көрсетуге болады: теріс пайдалану қатері; шетелдік кредит бойынша тәуелділік; ішкі қарыз бойынша төлемеу, яғни қарыздың қайтарылмай қалу қаіпі.
Теріс пайдалану (злоупотребление) – біздің республликамызда 1991-1993 жж. Аралығында орын алған банктердің үмітсіз берешегінің ең көп тараған себебі. Тексеру барысында маусымдық егіз жұмысына, астық жинауға, өзіндік қаражатты толықтыруға бөлінген мақсатты кредит ресурстарын мақсатсыз пайдаланғанын растайтын көптеген фактілер анықталды. Бұл жеңілдікті кредиттер басқа банктердің кредиті бойынша берешектерді өтеуге, машиналарды, сән-салтанат бұйымдарын сатып алуға жұмсалған. Алаяқтық (алып-сатарлық) жағдайларда, орын алған, атап айтқанда, бұл кредиттер коммерциялық құрымдарға нарықтық баға бойынша сатылған валютаға айырбастаған және т.б.
Теріс пайдалану қатері банк жүйесінде 80-ші жылдары кезінен тарады. Бұл қатердің түрінен АҚШ-тағы барлық банктердің жартысынан көбісі банкротқа ұшырады. Директорлармен жоғары лауазымды қызметкерлер кредитті өз туыстары мен достарына берген, сондай-ақ, кредитті қарыз алушының қаржылық жағдайын тексермей беру секілдісақтық шаралары қолданылмаған.
Шетелдік кредит бойынша қатері әсіресе 70-ші жылдары дамыған елдердегі қарыз алушылар кредиті бойынша төлемдердің жаппай кешіктірілуімен байланысты орын алды. Бұл АҚШ-тың бірталай аса ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болды.
Ішкі қарыз
бойынша төлемзіздік қарыз
Кредит тәуекелдігін кемітудің бірнеше тәсілі бар:
Қарыз алушының кредитті өтеу қабілетін бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының қатерін сипаттайтын көрсеткіштерін есептеуді және талдауды ұйғарады. Мұндай көрсеткіштерген мыналар жатады:
- абсолютті өтімділік коэфциенті – бұл ақшалай қаражат + қысқа мерзімдегі міндеттемедегі бағалы қағаздар қатынасы;
- өтеудің аралық коэфциенті бұл – ақшалай қаражат + бағалы қағаздар + қарыз алушының қысқа мерзімді міндетемесінің есеп айырысуындағы қаражат қатынасы;
- өтеудің жалпы коэфциенті – бұл айналым капиталының қарыз алушының қысқа міндеттемесіне қатынасы;
Оның үстіне,
банктер келешекте түсетін
Соңғы уақытта шетелдік банк
іс-тәжірибесінде қарыз
Өтімділік тәуекелділігі (риск ликвидности). Оны баланысталамаған өтімділік тәуекелділігі деп атаған дұрыс болады. Ол қаржылық активтердің төлем қаражатын жылдам айырбасталуының ысырапсыз жүзеге аспайтынымен байланысты, яғни баланс активімен пассивінің балансталуымен ысыраптың болу қауіпі бар. Банктер өтімділікті қамтамасыз етудің – ішкі және сыртқы екі түрін қолданады.
Ішкі өтімділік
– бұл жылдам өтетін активтер. Ол
үші нарық тұрақты болуы керек.
Бұл банк инвестор үшін ақшаны орналастырудың
сенімді объекті болып
Сыртқы өтімділік банктердің өтімді қаражат қорын арттыратын активтерді банктердің нарыққа сатып алу жолымен (өзге банктен федералдық қордың резервтік қалдығын сатып алу, табыс етілетін салым сертефикаттарын сатып алу және т.б.) қамтамасыз етілуі мүмкін.
Бұрын банктер оңай оңай сатылатын активтер жасау арқылы ішкі өтімділікті қаматамасыз етуге ұмытылса, олар бүгінгі таңда активтерді де, пассивтерді де үйлестіріп басқарудың есебінен өтімділік балансын қамтамасыз еуге ұмтылады. Бұл арады ұсақ банктер бұрынғыша өтімді активтерді құруға талпынса, ірі банктер пассивтерді басқарудың агрессивті саясатын жүргізуге талпынады (керекті сәтінде кейін кері сатып алумен бағалы қағаздарды сату, банк активтерін сатып алу нарыққа коммерциялық қағаздарды шығару және т.б. туралы келісімді бекіту жолының).