Банктің корпоративтік бағалы қағаздармен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 12:41, курсовая работа

Описание

Акционерлік қоғам сферасындағы инвестициялық дағдарыс және өндірістің құлауын жеңу үшін, Қазақстанның корпоративті бағалы қағаздар нарығын теориялық және тәжірибелік аспектілерін функционалдауға жаңа методологиялық тәсілдеме қажет. Корпоративтік бағалы қағаздар нарығын оқытудың әлеуметтік және макроэкономикалық аспектілері, нарықтың даму ерекшелікткрі мен мәніне байланысты зерттеушілердің назарында қалып отыр.

Работа состоит из  1 файл

курстық жұмыс.docx

— 227.87 Кб (Скачать документ)

          Аудармалы вексель  деп несие берушінің қарыз  алушыға вексельді көрсетілген  соманы үшінші кісіге (реминетке) төлеу  жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратты бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып  есептеледі.

          Акцепт  дегеніміз – есеп айырбастауда төлеушінің (акцептанттың) өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі. 
 
 
 

    Схема 2

    Аудармалы вексельдің айналысы 

      

      
 

    

    

    

      

    1. Вексель беруші (трассант) төлеушіге  (трассатқа), яғни қағаздарға тауарды  және траттаны (аудармалы вексельді)  береді;

    2. Төлеуші (трассат) вексель бойынша  акцепт беріп, оны вексель берушіге (трассатқа) қайтарады;

    3. Вексель беруші (трассант) акцептелген  вексельді ремитентке – аудармалы  вексель бойынша ақша алушыға  жіберіледі;

    4. Ремитент аудармалы вексельді  трассатқа төлемді өтеуге жібереді;

    5. Трассат банкке вексельді төлеуге  үкім беріп және сонымен бірге  вексельдің сырт жағына оның  төленгені жөнінде белгі қояды;

    6. Ремитент вексельді несие берушіге жібереді;

    7. Несие беруші вексельді ақшаны  өз шотына аудару үшін трассаттың  банкісіне жібереді;

    8. Ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі

    ә) Акциялар

          Акция акционерлік  қоғамның капиталына қаражат қосқандығын  куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.

          Акция өз кезегінде  оның иесіне тиісті акция соммасына  сәйкес салынған капиталына белгілі  бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші – акционер деп  аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында  қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса,  онда белгілі бір тұрақты пайыз  төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер ақшаның  несие берушісі болып саналмайды және сондықтанда ол қоғамнан өз акциясына  тұрақты девидент төлеуді және акция  бағасы түскен жағдайда оны сатып  алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының шамасы баланста көрсетілетін бағаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.

          Егер акционерлік  қоғам тиімді жұмыс істеп отырса онда акционерлік капиталды ұлғайту  үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция  иелері акционерлер санын ұлғайтуға  ұмтылмайды, себебі әр акционердің  жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез  келген акционер өзінде бар ескі акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады.

          Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор  биржасында бір кәсіпорынның акциялары  бір уақыт ішінде компанияның  нақты қорларында ешқандайда өзгеріссіз қалуына қарамайақ әртүрлі бағаға ие болуы мүмкін.

    Акционерлік қоғамның пайдасы келесідей түрге  бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер  арасында бөлінеді; екіншісі – акционерлік  компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағдарысқа ұшыраған кезде девидент төлеуге  қызмет етеді.

          Әдетте АҚ-ның  резервтері немесе «заемдық резервтер» деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақталған қор  таусылғанда ғана акционерлік компания дивиденттерді қысқартады. Бұл АҚ-ның  жақын арадағы құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны иеленушілер  болса, аз дивидент әкелетін акциялардан  құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларына құтылуға тырысуы, акция бағамының төмендеуіне  жол береді. Егер АҚ қызметін толық  тоқтатса, акция иелері АҚ-ға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция  ешкімге қажетсіз жай қағазға  айналады.

          АҚ-ның бір қалыпты  жұмыс жасау барысында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті дивиденттер алады. Акцияның номиналдық бағасы бойынша АҚ-ның қалыптасуы негізінде сатылып, кейіннен олар біршама  жоғары бағамен сатылады. Бұл жағдайда табыстың нақты деңгейі «рендит» мына формула бойынша есептеледі:

    Формула 1 

      
 

    Егер  де 50 теңгелік номиналдық құны бар акция 250 теңге бағасы  бойынша сатып  алынса және ол бойынша 10 теңге дивидент төленетін болса, онда жылдық табыс  көрсеткіші келесідей болады:

    Формула 2 

    

 

    Бірақ  бұл көрсетілген акция табысын  салым иесі үшін тартымды деп айту қиын. Ол үшін акция бағасының өсуін  тосу бұл маңызды, себебі ондай акцияны  сату, ол акция бойынша біршама  табысты (пайданы) қамтамасыз етуі мүмкін. Демек, екінші бір сәт – бұл  акция бағасының өсуін тосу, салымшыға  ең күшті ықпал етеді.

    Қор биржасындағы және банктердегі акцияның бағымы деп аталады. Ол негізінен  екі факторға: дивидент мөлшеріне  және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін дивидент қаншалықты жоғары  болса, соғұрлым акция қымбат немесе оның бағасы жоғары келеді.

    Акцияны сатып ала отырып, қаражат иесі одан алатын дивидент бойынша  табысты, өз капиталын банк немесе өнеркәсіп  компаниясының тұрақты табысы кепілдендірілген облигацияны сатып алу барысымен  салыстырады. Банктегі пайыз деңгейі  – акция бағасының жоғарлауы  немесе төменденуіне ықпал ететін фактор болып табылады. Банктік пайыз  жоғары болса, қор биржасындағы акцияның бағасы төмен болады немесе керісінше. Айталық 100 теңгелік номиналдық құны бар  акция жыл сайын 12 теңге мөлшерінде дивидент алып келіп отырсын делік, ал қарыздықпайыз деңгейі – 4% - болсын. Онда бұл акцияның биржадағы бағасы 300 теңге, себебі осындай соманы банкіге 4% жылдық мөлшерде салатын болсақ, одан 12 теңге сомасында табыс аламыз.

    Демек акция бағасының формуласын төмендегідей формула көмегімен анықтайды:

    Формула 3 

    

 
 

          Бұл шамалар мәнінде  акция бағалы сұраныс пен ұсыныс арасындағы шекті қатынасты өзгерістерге байланысты бірқалыпты ауытқып отырады. Мұндай ауытқулар әсіресе өндіріс  құлдырауы мен дағдарыс кезінде  қатты байқалуы мүмкін. Дағдарыс кезінде  дивиденттердің мөлшерінің азайған  кезінде қарыздық пайыз мөлшері  өзінің жоғары шегіне жетіп акция  бағамы күрт төмендейді. Осындай ауытқулар  механизмін биржалық мәмілелер процесінде өндіріс активтерін иеленушілер  кеңінен қолданады.

          Акция бағалы әр түрлі  бағыттардан туындайтын көптеген факторлардың әсер етуінен құралады. Бір жағынан, ол қарыздық пайыз шамасына тәуелді, себебіакционерлік қоғамның акциясын сатып алуға жұмсалатын қаражаттың несиеге берілетін ақшалай қаражатпен өзара ұқсастығы бар. Сондықтанда  пайыз нысанындағы сыйақы экономикалықнегізделген  болып саналады. Екінші жағынан, дивидент шамасына, сол акционерлік қоғамның кәсіпкерлік қызметінің жетістіктері де ықпал етеді. Мұндай жағдайда дивидент акционерлік қоғамда түзілетік  пайда  сомасына тікелей тәуелді. Аталған акция бағамының шамасына әр түрлі бағытта әсер етеді.

          Акция бағасына ықпал  етуші факторлардың ішінде, ақшаны ұстаушылардың  арасында бөлінетін  пайда  шамасын және сол акционерлік  қоғамға жататын кәсіпорындардың  әр түрлі қорларын құруға бағытталған  өаражат ретінде, акционерлік қоғамда  қалатын пайданы бөліп қарауаға болады.

          Акция бағамының  деңгейіне, сондай-ақ бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс сияқты факторлар  да ықпал етеді. Мұнда дүрбеленді сұраныс және сұраныс пен ұсынысқа басқа түрлі ықпалдардың болуы  мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының артында тиісті «қаржылай» ой-пікірлерді қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген тиімді және пайдалы іс-әрекеттері тұрады.

    Қазіргі тәжірбиеде акцияның бастапқы құнын  анықтау барысы есептелетін барлық таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқандағы шамасына да сүйенеді. Акцияның нарықтық құны мұндай жағдайда мынадай формуламен анықталады: акция бағамы тең бір  акцияға есептелетін таза пайда  шамасы, көбейтілген бағам/ бөлінген акцияға келетін таза пайданың орташа қатынасына.

    Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар  беретін акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері  болады. Мәлімдеуші акция – бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде компанияның акционерлік кітабына еңген акцияны ұстаушылар бола алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық актілер қызмет етеді.

    Мәлімдеуші  акциялар біршама қарапайым және сауда операцияларына өте қолайлы.Мұндай жағдайда компания оларды иеленушілердің аттарын білмейді. Бұл кезде ондай  акцияны сату және сатып алу фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік  қоғам құрылтайшылары үшін көзге  көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін.

    Сондай-ақ, акциялар жай және артықшылығы бар акцияларға бөлінеді. Жай акциялар оны иелендірушілерге қарастырылған акционерлік құқық негізінде акционерлік қоғамның табысына сәйкес дивидент алып отыруға құқық береді. Артыөшылығы бар акциялар жай акциялармен салыстырғанда оның иеленушілері үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі бір артықшыларды қарастырады. Олардың біріне артықшылығы бар акциялар бойынша кепілдеген түрде белгілі бір табыс нормасы, яғни акционерлік қоғамның барлық акцияларына келетін табыс шамасы белгілі болғанға дейін төленеді.

    Өз  кезегінде артықшылығы бар акциялар екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, Акционерлік қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивидент акциялар жатады. Артықшылығы бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ. Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай-ақ олар дивиденттін ң өсуіне жол бермейді. Артықшылығы бар акциялар кейінде, яғни тұрақты табысты басқа да шектеулі мөлшерде қосымша табысәкелетін түрі де бар.

    б) Облигациялар:

    Облигация – бұл оның иесінің облигация шығарушы компания немесе фирмаға қаражат салғандығын куәландыратын, сонымен қатар оның шығарушысы белгіленген мерзімде облигация номиналдық құнымен оған есептелген пайыз қайтаруға байланысты міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар.

    Облигацияның  түрі мен тұрпаты

    -    Өтеу мерзімі бойынша:

         қысқа мерзімді. Өтеу мерзімі  – 5 айға дейін;

         орта мерзімді. Өтеу мерзімі –  5 - 10 айға дейін;

         ұзақ мерзімді.Өтеу мерзімі –  10 айдан аса;

    -    Қамсыздандыру түрі бойынша;

    -   арнайы қамсыздандыруы жоқ облигациялар, олар бағалы қағаздар шығарушыға  сенім негізінде шығарылады. Ешбір  арнайы активтер қарыз міндеттемесін  қамтамасыз ете алмайды. Егер  осы облигация түрінің ұстаушысы  эмитенттің ортақ кредиторы болса,  онда ол төлемдік қабілетінен  айырылды деген сөз. Бұл облигацияның  көбісінің рейтингісі ААА. Ол  – «Central motors Acceptans Corp», «AT&T»,  «IBM» - облигацияларының эмитенттері.

    - шығарушы қорын құру шартымен  шығарылған облигациялар, басқа  категорияны құрмайды. Бұл облигациялар  өтеп алу қоры мен облигацияны  өтеумен айналысатын ұйымдардың  облигацияны шығару қабілеттілігі  мен сенімділігі арттырады.

    - жылжымайтын мүлік ретінде қамтамасыз  етілген облигациялар. Осындай облигацияларда  өтеу қорлары болуы мүмкін  және оны «қорғаушылық» (5 жыл)  мерзімі аяқталғаннан кейін өтеу  керек.

    - басқа бағалы қағаздармен қамтамасыздандырылған  облигациялар. Сенім жағдайында  сақтандырылған облигациялар басқа  бағалы қағаздар депозитімен  қамтамасыздандырылады.

    - активтермен қамтамасыздырылған  облигациялар, басқа активтерді  «секьюриттеу» жолындағы алғашқы  қадамы. Инвестор активтермен қамтамасыздырылған  ААА рейтингтегі жоғары сапалы  қағаздарды иемденеді.

    - төменқол облигациялар инвестициялық  класс эмиссиясымен ассоцияцияланатын  облигацияларға қарағанда едәуір  төмен болатын облигацияларды  одақтастырады.

Информация о работе Банктің корпоративтік бағалы қағаздармен операциялары