Банктің корпоративтік бағалы қағаздармен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 12:41, курсовая работа

Описание

Акционерлік қоғам сферасындағы инвестициялық дағдарыс және өндірістің құлауын жеңу үшін, Қазақстанның корпоративті бағалы қағаздар нарығын теориялық және тәжірибелік аспектілерін функционалдауға жаңа методологиялық тәсілдеме қажет. Корпоративтік бағалы қағаздар нарығын оқытудың әлеуметтік және макроэкономикалық аспектілері, нарықтың даму ерекшелікткрі мен мәніне байланысты зерттеушілердің назарында қалып отыр.

Работа состоит из  1 файл

курстық жұмыс.docx

— 227.87 Кб (Скачать документ)

Жеке  тұлға - Инвесторға:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • СТН;
  • есеп айырысу шотын беру қажет;
  • қол үлгілері бар карточка;
  • брокерлік қызмет көрсету туралы шарт.

Инвестор  МБҚ-мен мәмілелер жасауға өтінімдердің келесі түрлерін беруге құқылы:

  • белгіленген (бәсекелес) бағасы бойынша шығаруды көрсетумен МБҚ-ны сату/сатып алу, ал ол болса көрсетілген баға бойынша (немесе қолайлырақ шарттарда) сатып алуды ұсынады;
  • ағымдағы (бәсекелес емес) баға бойынша шығаруды көрсетумен МБҚ-ны сату/сатып алу;
  • МБҚ шығарылымы нөмірін көрсетумен МБҚ-ны сатуға өтінім беру;
  • Теңгемен салым сомасын немесе ақша қаражаты салымының мерзімін көрсетумен сатып алуға өтінім беру.

Келесі  әрекет ету мерзімдерімен өтінімдер  беру:

  • биржа нарығында операцияларды жүргізген кезде нақты сауда сессиясы ішінде;
  • орындағанға дейін немесе өтінімді жойғанға дейін. Өтінімде әрекет ету мерзімі көрсетілмесе, ол бір сауда сессиясының ішінде әрекет етеді деп болжалған.
 
      1. «АТФБанк» АҚ-ның бағалы қағаздар операцияларын жүргізу ережелері
 

   «АТФБанк» АҚ операцияларын жүргізудің жалпы  талаптары туралы ережелері он сегіз баптан тұрады. Олар:

    I бап.  Жалпы ережелер

    ІІ  бап. Салымдарды (депозиттерді) қабылдаудың  жалпы талаптары

    ІІІ бап. Кредит (банктік қарыз) берудің  жалпы талаптары

     IV бап. Банкке рұқсат етілген банктік және басқа да операциялардың

    (қызмет  түрлерінің) тізімдемесі туралы

     V бап. Банктің банктік және басқа да операциялар бойынша тарифтік    саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басымдылықтары туралы

    VI бап.  Тарифтік және келісімдік сипаттағы  басқа да шарттар

    VII бап.  Клиент пен Банктің құқықтары,  міндеттері және жауапкершілігі

    VII бап.  Жалпы мәселелер бойынша қорытынды  ережелер

      IX бап. Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабудың

    жалпы талаптары

   X бап. Аударым операцияларының  жалпы талаптары

    (теңгеде  және шетелдік валютада)

    XI бап.  Жеке тұлғаларға арналған аударым  жүйелері

   XII бап. Кассалық және сейфтік  операцияларды жүргізудің жалпы  талаптары.

    Кассалық  операциялар

    XII бап.  Құжаттық операциялар

    XIV бап.  Жол чектері

    XV бап.  Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау  операциялары

    XVІ  бап. Төлем карточкаларымен операциялар

    XVІІ  бап. Бағалы қағаздармен операциялар

    XVІІІ  бап. Кастодиандық қызмет

Ал енді XVІІ бапқа толығырақ тоқталып кетсек, онда келісідей ережелері бар:

114. Қазақстандық  бағалы қағаздар нарығында Банк  номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асырады, мемлекеттік бағалы қағаздармен алғашқы дилер қызметін жүзеге асырады (бұдан әрі - «Алғашқы дилер») және клиенттерге келесі қызмет түрлерін ұсынады:

114.1. клиенттің  мемлекеттік бағалы қағаздарын  сатып алуға/сатуға тапсырмаларын

орындайды;

114.2. мемлекеттің  бағалы қағаздар нарығының қызметі  мәселесі бойынша кеңес беру қызметін ұсынады.

115. Алғашқы  дилер клиенттердің бағалы қағаздарымен  клиентпен брокерлік қызмет көрсету бойынша жасаған шарт негізінде операциялар жүргізеді.

116. Шартты  жасау ұсынысын клиент брокерде  және/немесе дилерде бағалы қағаздар бойынша шоттар ашуға жазбаша нысанда өтініш жасау арқылы жасайды. Брокерлік қызмет көрсету шарты клиент брокер немесе дилердің брокерлік қызметті жүзеге асырудың ішкі ережелерімен танысқаннан кейін клиентпен ақшамен және бағалы қағаздармен кез келген операция жүргізу үшін жасалады. Брокерлік қызмет көрсету шарты (бұдан әрі – Брокерлік шарт) жазбаша нысанда жасалуы керек.

117. Алғашқы  дилер емес кез келген жеке  немесе заңды тұлға мемлекеттік  бағалы қағаздарды меншік құқығы негізінде алады және инвестор дер аталады, аукциондарға Алғашқы дилерлер арқылы Алғашқы дилер мен инвестор арасында жасалған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар бойынша қызмет көрсету шарты негізінде ғана қатысады.

118. Мемлекеттік  бағалы қағаздармен операциялар  бойынша ақшалай есеп айырысу  үшін инвесторға тиесілі мемлекеттік бағалы қағаздардың қозғалысын есепке алу үшін (мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызмет көрсету шарты негізінде) Алғашқы дилер «Депо» шотын (төлемді өндіріп алусыз) ашады.

119. Клиенттің  арнайы жеке шотын немесе «Депо»  шотын ашу үшін, Клиент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Банктің корпоративті нормативтік құжаттарына сәйкес талап етілетін қажетті құжаттар пакеті ұсынылады.

120. Бағалы  қағаздар бойынша инвестициялық  шешімдерді клиенттер өз бетінше қабылдайды, бірақ Брокерлік шартты жасау және орындау процесінде брокер және/немесе дилер клиентке келесі қызметтерді көрсетуге құқылы:

120.1. клиентке  инвестициялық шешімдерді қабылдау  үшін қажетті ақпаратты ұсыну бойынша;

120.2. клиентке  бағалы қағаздармен мәміле жасау  туралы ұсыныс беру бойынша, егер осындай мәмілені орындау мүдделер қақтығысының туындауына әкелмеген жағдайда;

120.3. басқа  да мүмкіндіктегі ақпараттық, талдау  және кеңес беру қызметтері. 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Корпоративті  облигациялар нарығы
 

Корпоративті  облигациялар нарығында келісідей  индекаторлар бар:

      • Капитализация, млн USD
      • Капитализация, млрд KZT
      • Келісім көлемі, млн KZT
      • KASE_BY индексі
      • KASE_BP индексі
      • KASE_BC индексі

2011 жыл бойынша   индекаторлар  көлемі төмендегі  кестеде берілген:

Кесте 1 

Индикатор атауы Соңғы мәндер Бір күн ішіндегі өзгерістер Тарихи макс. мән Тарихи мин. мән
Капитализация, млн USD 40 247,3 6,9↓ 41 281,9 131,1
Капитализация, млрд KZT 5 947,3 8,2↑ 6 053,5 18,9
Келісім көлемі, мың USD 999,8 6 458,3  352 235,5 0,6
Келісім көлемі, млн KZT 147,7 952,6↓ 42 895,2 0,1
Индекс KASE_BY, жылдық % 14,71 0,02↓ 18,69 7,02
Индекс KASE_BP 408,8 0,29↓ 486,6 100,0
Индекс KASE_BC 294,0 0,13%↓ 327,1 100,0
 

     Капитализация – KASE-тің ресми тізімінде сатылатын индикатор. Бұл индикатор орналыстырылған облигациялардың номиналды құнын көрсетеді. Әрбір шығарылым облигациясының жиынтық құны шығарылған облигациялар санына теңестіріледі.

     Келісім көлемі - сату-сатып алу секторындағы облигациялар бойынша келісімнің жиынтық көлемі

       KASE_BY – корпоративті облигациялардың пайдалылық индексі, бұл KASE-тің ресми тізімінде берілген «А» дәрежесіндегі корпоративті облигациялардың орташа пайдалылығы.

     KASE_BP –  KASE-тің ресми тізімінде берілген «А» дәрежесіндегі корпоративті облигациялардың орташа өлшемдегі жиналғын мүдделер бағалар индексі. Осы облигациялар бойынша есептелген сыйақылар, сонымен қатар төленбеген сыйақылар бағасы беріледі (басқаша айтқанда брутто баға)

     KASE_BC – KASE-тің ресми тізімінде берілген «А» дәрежесіндегі корпоративті облигациялардың орташа өлшемдегі жиналғын мүдделер, сыйақыларды есептемегендегі корпоративті облигациялардың баға индексі (басқаша айтқанада нетто баға)

     Жоғарыдағы кесте бойынша қорытынды жасайтын болсақ, 2011 жылы  Капитализация, млн USD индикаторының ең үлкен мәні 41 281,9 млн USD тең, ал ең төмен мәні 131,1 млн USD тең, ал бір күн ішіндегі өзгерістер 6,9 млн USD төмендеген. Капитализация, млрд KZT индекаторы бойынша 2011 жылы ең үлкен мәні 6 053,5 млрд KZT, ал ең кіші мәні  18,9 млрд KZT құрайды. Бір күн ішіндегі өзгеріс 8,2 млрд KZT өсті. Келісім көлемі индикаторы бойынша 2011 жылы ең үлкен мәні 42 895,2 млн KZT, ал ең кіші мәні  0,6 млн KZT құрайды. Бір күн ішіндегі өзгеріс 6 458,3 мың теңгеге кеміді. KASE_BY индекаторы бойынша максималды мән 18,69 жылдық пайызды құрасы, минималды мән 7,02 жылдық пайызды құрайды, ал бір күн ішіндегі өзгеріс 0,02 пайызға төмендеген. KASE_BP индекаторы бойынша бойынша максималды мән 486,6жылдық пайызды құрасы, минималды мән 100,0 жылдық пайызды құрайды, ал бір күн ішіндегі өзгеріс 0,29 пайызға төмендеген. Ең соңғы KASE_BC индекаторы бойынша максималды мән 327,1, минималды мән 100,0, ал бір күн ішіндегі өзгерістер 0,13 пайызға төмендеген.

   Соңғы үш ай бойынша KASE_BP индексін төмендегі графиктен көрсетілген. Бұл индекстің максималды мәні 14,75 жылдық пайызды құраған. Ең максималды мән 20.10.11 жылы болған. Ал ең минималды мән 14.48жылдық пайызды құраған, ол 04.10.11 жылы болған

   График  1

3 жыл бойынша  индикаторлар:

Кесте 2  

Мерзім KASE_BY KASE_BP KASE_BC
2009 15,46 223.75 190,67
2010 15,29 390,25 307,50
2011 11,87 372,50 263,75
 
 

     Бағалы  қағаздар нарығындағы қолайлы жағдай индектердің өсуіне әкеледі, ал егер де бағалы қағаздар нарығында қолайсыз жағдай болса,  индекстер төмендейді. Бағалы қағаздар нарығына әсер ететін фаторларды макроэкономикалық және микраэкономикалық деп екіге бөлеміз.

     Макроэкономикалық фактор: дағдарыстар, инфляция, заңдағы өзгерiс, саяси тенденциялар.

     Микроэкономикалық фактор: компанияның шығындарына байланысты, ірі мәмілелердің шешімі және т.б.

     Екінші  кесте бойынша қорытынды: KASE_BY индексі жылдан жылға төмендеп келеді. Оның себебі сұраныстың азаюы және де жоғарыда айтылған факторларға байланысты.  2009 бен 2010 салыстыратын болсақ  2010 жылы индекстің мәні 0,17 жылдық %-ға төмендеді. Ал 2010 мен 2011 жылдарды салыстыратын болсақ, 2011жылы индекстің мәні 3,42 жылдық %-ға төмендеді. 2009 бен 2011 салыстыратын болсақ, мұнда 2011 жылы индекстің басқа жылдармен салыстырғанда төмен. Ол 3,59 жылдық %- ға төмендеген.

     KASE_BP индексі бойынша келісідей қорытынды жасауға болады. Мында: индекстің күрт өсіп, төмендеуі байқалады. 2009 бен 2010 салыстыратын болсақ  2010 жылы индекстің мәні 166,5-ке өсті. Бұл облигацияның тиімді жағдайын көрсетеді. Ал 2010 мен 2011 жылдарды салыстыратын болсақ 17,75-ке төмендеген. 2009 бен 2011 салыстыратын болсақ, 148,75-ке өскен.

     KASE_BC: мында да күрт өсу мен төмендеу байқалады. 2009 бен 2010 салыстыратын болсақ  2010 жылы индекстің мәні 116,83-ке өсті. Бұл облигацияның тиімді жағдайын көрсетеді. Ал 2010 мен 2011 жылдарды салыстыратын болсақ 43,75-ке төмендеген. 2009 бен 2011 салыстыратын болсақ, 73,08-ге өскен.

     Келесі  бетте үш индекстің үш жыл бойынша  графиктері жеке - жеке көрсетілген. 
 
 

Информация о работе Банктің корпоративтік бағалы қағаздармен операциялары