Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:10, доклад
Еуро— Еуропалық одаққа мүше елдерге арналған бірыңғай еуропалық валюта. Еуропалық одақ шешімі бойынша 2002 жылдан бастап қазіргі қолданылып жүрген ұлттық валюталардың орнына еуро айналымға енуі тиіс. EUR - 17 мемлекетінің ұлттық валютасы: Аустрия, Алмания, Белгия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Қыбыр, Люксембург, Малта, Португалия, Нидерланд, Слоуения, Словакия, Финландия, Франция, Эстония.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі - экономикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады.
Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы.
Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына
байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі
бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін
операцияларға тиім салу енгізілген; 50-жылдардың
аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер
бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған.
1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына
қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға
валюталық шектеулерді жойды. Төрт
қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын
және валюта резервтері, СДР есепшоттары,
еуро, 1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік
позициясы
(бағыты)
және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін
білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта
өтімділігін реттеу. Дүниежүзілік валюта
жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру
формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы
институттарымен халықаралық шарт және
мемелекеттік құқық нормасы кешендерін
біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың
негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық
процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы
фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін
қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі
халықаралық экономикалық және сауда
қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға
мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан,
оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер
жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық
шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм)
әрекеттерді түп-тамырымен құртуға
мүмкіндік жасауды қарастырады.
Информация о работе Еуропалық валюталық жүйе, негізгі кезеңдері мен оның дамуы