Экономиканы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 12:29, курсовая работа

Описание

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.

Содержание

Кіріспе ...............................................................................................................3
1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні маңызы және қызметі...............................................................................................................4
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.......................................4

1.2 Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу.........................6

2. Қазақстан республикасы үшін экономиканы реттеудің басым бағыттары ......................................................................................................11

Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы ...........................................................11

2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы ..................................................18
2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты .....24
Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................33

Работа состоит из  1 файл

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.30.doc

— 298.00 Кб (Скачать документ)

     Аталған ынталандырушы бюджеттік-салық саясаты мыналарды қарастырады:

      1. мемлекет шығыстарының көбеюі;
      2. салықтардың төмендеуі;
      3. мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

     Тежеушілік  фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс. Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

  1. мемлекет шығыстарының азаюы;
  2. салықтардың көбеюі;
  3. бұл бағыттардың өзара үйлесуі. 

     Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

     Сонымен қатар экономиканы мемлекеттік рететулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын халыққа және шаруашылық қызмет етуші субъектілерге салынатын тура және жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.

     Кестеден  көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра  келе, қазiргi кезде елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұрады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.

     Осыған  орай қазіргі кездегі салық салу жүйесіндегі заңнамаларға сәйкес салықтар фискалдық, реттеу, бақылау, бөлу сияқты негізгі функцияларды атқаратындығын еске түсіре кеткен дұрыс. Фискалды функцияның мақсаты жалпыға ортақ немес мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін қаржы құралдарын бюджетке жұмылдыру болса, ал қалған функциялар осы аталған функциядан бастау алады. Яғни, салықтардың реттеу қызметі мемлекеттің салық механизмі арқылы белгілі бір қаржы-экономикалық (ынталандыру, шектеу, ұдайы өндірістік) мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Бақылау функциясы табыстар көрсеткіштері мен мемлекеттің қаржы ресурстарына деген қажеттілігін салыстыру арқылы салық сомасын бағалау мақсатында кәсіпорындар мен халықтың қаржы – шаруашылық қызметтерінің нәтижесін қадағалауға бағытталады. Әлеуметтік немесе бөлу функциясы халықтың түрлі әлеуметтік топтарының арасында әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау мақсатында табыстың бір бөлігін бір әлеуметтік топтан алып, әдетте әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар категориясы деп аталатын екінші топтарға қарай беру арқылы қоғадық табысты қайта бөлуге бағытталған.

     Салықтарды  салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтарға бөлінеді. Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінің тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайында ескереді.

     Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.

     Салық Кодексіндегі 9 салық түрінің екеуі, яғни қосылған құнға салық пен  акциздер жанама салық түрлеріне жатады.

     Жаңа  Салық Кодексi 2010 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда мынадай салықтар енгiзiлдi:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • қосылған құн салығы;
  • акциздер;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
  • әлеуметтiк салық;
  • жер салығы;
  • көлiк құралдары салығы;
  • мүлiк салығы.

     Мұндағы қосылған құнға салық пен акциздер жанама салықтарға жатады. Ал қалған салықтың жетi түрi тiкелей салық салу болып табылады.

     Корпорациялық табыс салығы.  Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.

     Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды  тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.

     Жалпы табыс салығының мөлшерлемесi 30% болып белгiленген. Негiзгi өндiрiс  құралы жер болып табылатын салық  төлеушiнiң салық салынатын табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      Төлем көзiнен салық салынатын табыстар – дивидендтер, депозитер бойынша  сыйақы, ұтыстар, заңды тұлғаларға төленетiн  сыйақы, борыштық бағалы қағаздар бойынша  купон түрiндегi сыйақы 15 % мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

     Жанама  салықтардың iшiндегi ең маңыздысы 1992 жылы енгiзiлген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеушi мемлекетке оны төлеу нәтижесiнде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеудi сатып алушыға ауыстырады. Салық салу объектiсi материалдық шығындарсыз өндiрiлген өнiм (амортизациясы бар таза өнiм) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнiмге кешендi шығындар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бiрқатар шығындар қамтылуы мүмкiн.

     Демек, бұл салықтың ерекшелiгi – оның салық  салынатын объектiсi сатудан түскен бүкiл түсiм-ақша емес, тек салық  салынатын айналым мен салық  салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС  дүние жүзiнiң 40-тан астам елдерiнде, соның iшiнде Еуропа экономикалық одағының 17 елiнде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: бiрiншiден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушiлердiң үлкен тобынан алынады; екiншiден, төлеушiлер үшiн де есептеудiң салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленедi және үшiншiден, бағалардың өзгеруiне, төлеушiнiң қаржылық ахуалына, инфляция деңгейiне қарамастан мемлекет бюджетiнiң кiрiстерiн қалыптастырудың сенiмдi және тұрақты базасын қамтамасыз етедi. ҚҚС қазiргi кезде Қазақстан Республикасының бюджет кiрiстерiнiң аса маңызды көздерiнiң бiрi болып саналады. 2004 жылы мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң жалпы сомасында бұл төлемнiң үлес салмағы 23-24%-ды құрады.

     Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтiн тауарларға салынатын салық. Акциздердi өзiнiң айрықшалықты ерекшелiктерiне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндiрушiлер төлейдi. Акциздер көрсетiлген қызметтерге де салынуы мүмкiн.

     Акциз ставкаларын Үкiмет бекiтедi және тауар құнына пайызбен және заттық нысандағы өлшем бiрлiгiне абсалюттiк сомада белгiленедi. ҚР-ның Мемлекеттiк бюджетiндегi акциздердiң үлесi 2004 жылы 3,5%-ды құрады.

Нарықтық  механизмге көшу жағдайында мемлекеттік  бюджеттің қаражаттары ең алдымен  экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

     Шығыстар  мен салықтар арқылы бюджет экономика  мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

   Алдағы  үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі  келесідей сипатта болады: 

   1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат  алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:

    • мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
    • бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
    • бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
    • республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
    • бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
    • мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
    • ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.

   2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат  республиканың немесе аймақтың  орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық  даму жоспары негiзiнде, өткен  қаржы жылы бекiтiлген орта  мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк,  салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар,  өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.

     Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.

   Нарықтық  жағдайларға көшу жағдайында республикалық  бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашыылқтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруға тиіс.

         Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканын мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап отыр.

   Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдету, мұнай  операцияларына, қаржы лизингіне, қаржы  құралдарына салық салуды және оның нормаларын жетілдіру жәек кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылықтарын күшейту инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтіледі. Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.

   Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемін өсіру  және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету  мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары анықталады. Олар:

    • шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейиу және оларды ең алдымен экономиканың шикізат емес секторына инвестиция тарту үшін шаралар қолдану;
    • Салықтық әкімшілендірк процесін одан әрі жетілдіру;
    • Салық салу және оның механизмін акпараттандыру және компьютрлендіру;
    • Қазақстандық экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейту мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кірістерінен  жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп ауыстыру мүмкіндігін қарау болып табылады деп көзделуде.

     Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды  макроэкономикалық көрсеткіштері  мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.

        

     2010-2011 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда орта мерзімі кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:

  • Денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
  • Білім беруді дамытуға;
  • Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге;
  • Идустриялық-инновациялық дамуды қолдауға;
  • Аграрлық секторды дамытуға; Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;
  • Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
  • Мемлекеттік қызметтердіңтиімділігін арттыруға бағытталып отыр. /12/

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу