Экономиканы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 12:29, курсовая работа

Описание

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.

Содержание

Кіріспе ...............................................................................................................3
1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні маңызы және қызметі...............................................................................................................4
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.......................................4

1.2 Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу.........................6

2. Қазақстан республикасы үшін экономиканы реттеудің басым бағыттары ......................................................................................................11

Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы ...........................................................11

2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы ..................................................18
2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты .....24
Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................33

Работа состоит из  1 файл

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.30.doc

— 298.00 Кб (Скачать документ)

       Жапонияда орталық банктер кредиттердің 47% -н, ал жергілікті коммерциялық банктер100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады.    

         Шет елдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте маңызды екеніне көз жеткіздік, енді еліміздегі инновациялық үрдістерді дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және жалпы инновациялық дамудың ерекшелiктерiне тоқталайық.

    Экономикалық  ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиiмдi модернизациялауды қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе Қ.Р-сы үшiн өте маңызды, өйткенi 1990 жылдан бастап елiмiзде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндiрiстiң техникалық деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмiн жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды.  Осының салдарынан ЖIӨ көлемi де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейiн азайды.

    Ал 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен экономикалық дағдарыс керi бұрылып экономикалық жандану кезенiне өттiк. Осы жылдардағы ЖIӨ көлемiне назар аударсақ тек  қана 2003 жылы 1990 жылғы деңгейге жеткен екенбiз. Сонымен қатар елiмiзде  ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi  0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр. Егер мұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлiнетiн қаржы Францияда 45%, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.

    Елiмiзде  стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖIӨ-нiң құрылымының  болжамы стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесi. (%)

       Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк  қолдауды ҚР-ның  “Инновациялық қызмет” туралы Заңынан көрумізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:

  1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.
  2. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
  3. Инновациялық инфрақұрылымды құру.
  4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру
  5. Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
  6. Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.
  7. Отандық инновацияларды шетелге шығару. /10/
 

        

     

 

Сурет-2 - Инновациялық қызметке бөлiнетiн ЖIӨ  көлемiнiң 

     Елiмiзде  ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды  дамыту үшін арнайы даму институтары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институтары бар.

     Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы  ретiнде посткеңестiк елдерде  инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi. / (15), 205 бет /

            ҚР-ның бүгінгі  таңдағы ұлттық инновациялық жүйесі негізінен үш құрылымдық қолдау және іске асыру бағыттарынан құралады. Олар:

  •    ҒЗТКЖ ұйымдары, яғни бұған ғылыми зерттеу институттары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технопарктер, кәсіпорындар, жоғарғы оқу орындары, құрастырушылық орталықтар, кластерлер, шағын бизнес салалары қатысады.
  •   Мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама құралдары:  заңдар, жарлықтар, стратегиялар, салық және несие жеңілдіктері, лизингтің дамуы және т.б.
  • Қаржылық институттар:  банктер, инвестициялық, сақтандыру және зейнетақы компаниялары, инновациялық қорлар, инновациялық банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация және Даму банкi.

         Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi. 

      Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттiлiгi туындап отыр, ол қаржыларды ЖIӨ-нiң құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткенi елiмiзде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсiресе әлеуметтiк салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бiрден бiр көзi инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.

     Ал  Ұлттық инновациялық қор геостационарлық  спутникті құру және іске қосуды қаржыландыруды бастады. Осы орайда Үкімет “ҚР космос саласының 2005-2007 жылдарға дамуы” деген  мемлекеттік бағдарлама жасады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілуде,оның ішінде қуаты 70 Мвт болатын шағын атом станциясын құру және радияциялық техниканы пайдалана отырып шуды изоляциялайтын материал өндіру қолға алынды. 

     Индустриялық  саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi. 

     Яғни  елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы  елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi  қамтамасыз ету мақсатында   “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi.

     Стратегияның  негiзгi мақсаты –  бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

      Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.  

      Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.                                          

            Стратегияның  басты  мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.

     Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету  саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.           

      Дүниежүзiлiк  экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:              

  • экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
  • әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
  • ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
  • iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
  • өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
  • кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;
  • мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
  • кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
  • ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;
  • ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;
  • мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
  • экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
  • ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялдық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз;
  •  Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0,22 – 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4-0,6;  Канада мен Қытайда – 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды.  /8/

   Осы мәселелердi шешу қызметi барысында  стратегияның келесi мiндеттерiн атап өтсе болады:                                                                       

     Стратегияның  мiндеттерi:

  • өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
  • өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
  • кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
  • ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
  • сапаның әлемдiк стандартына көшу;
  • дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Қорытындылай  келе, экономиканың қандай даму формасы  болмасын мемлекеттік реетудің қажетті  екендігіне көзіміз жетті. Экономиканы  мемлекеттік реттеу әр елде әр деңгейде жүргізілгенімен қазіргі кездегі аралас экономикалық дамуда міндетті түрде экономикалық реттеу жүргізіліп отырады. Экономиканы мемлекеттік реттеу өз кезегінде экономиканын маңызды және  қолдауды қажет ететін салаларын мемлекеттік қолдау арқылы және ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері мен туындап отырған экономикалық мәселелерді реттеуді жүзеге асырады.

     Жұмыс барысында экономиканы мемлекеттік реттеудің екі негізгі әдістемелік нұсқасы бар екендігіне көзіміз жетті. Олар экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері. Мұнда тікелей әдістер көбінесе әкімшілік рететудің сипатын алса, ал жанама әдістер нағыз нарықтық экономиканы реттеудің тиімді құралдарын пайдалануды көрсетеді. Жанама әдістер арқылы нарықтық экономиканың заңдылықтарына қайшы келмей, керісінше олардың маңызды және стратегиялық салаларын ынталандыру мен қолдауды жүзеге асырады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама әдістері Қазақстан Республикасы үшін маңызы жоғары болып табылатындығына көзіміз жетті. Өйткені бүгінгі таңдағы мемлекеттің даму бағдарламалары, стратегиялары, қаржы және өндіріс салаларының даму бағдарламаларының, Ұлттық банктің ақша-несие саясатының, мемлекеттің фискалды-бюджет саясатының барлығы осы экономиканы жанама реттеу әдістері болып табылады.

     Экономиканы мемлекеттік реттеулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын халыққа және шаруашылық қызмет етуші субъектілерге салынатын тура және жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.

     Сонымен, Ұлттық банк жүзеге асыратын ақша-несие саясаты ұлттық экономиканың дамуының тиімділігін реттейтін басты саясаттардың бірі болып табылады.  Бұл саясаттың экономика дамуындағы маңыздылығын Қазақстан Республикасы Қаржы саласының бүгінгі таңда ТМД елдері бойынша ең дұрыс қалыптасқан және әлемдік талаптарға сай дамып отырған бірегей жүйе болуымен және елдің ақша-несие саясатында 2002 жылдардан бастап негізгі басты мақсат ұлттық валютаның тұрақты деңгейін және оның нығаюын қамтамасыз ету болып отырғандығынан көре аламыз.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу