Коммерциялық банктердің активті операцияларының маңызы мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:10, курсовая работа

Описание

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады.

Содержание

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ ..............................................................................................5
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні ...............................................................................................5
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі .....................7
II ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ..................................................................19
2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы .......................................................................................................19
2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері ..........................................22
2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ ......................................................24
2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері .......................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................30

Работа состоит из  1 файл

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ .DOC

— 392.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері

 

Екінші деңгейлі банктердің қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады.

Қазіргі кезеңде қолма-қол ақшаны алу үшін кеңінен қолданылатын есеп айырысу құралына төлем карточкалары жатады. 1960 жылдың оратсынан бастап төлем карточкалары кеңінен қолданылған. Ал Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалары нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Төлем карточкаларын дамыту мақсатында Қазақсатан Республикасы Үкіметінің 02.07.02 жылғы №713 қаулысымен «Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының  ұлттық  банкаралық жүйесінде дамыту бағдарламасы» бекітілді.

«Процессинг орталықпен»  ЖАҚ қатысушы банктер арасындағы өзара қарым қатынастың бірнеше тәсілдерін қолданады.  Қазақстан Республикасы банктеріне тән, яғни банктер карточка бойынша қызмет көрсетуге техникалық жағынан қамтамасыз етпейтін немесе мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда қатысушы банк барлық есепті өзінде жүргізеді, ал процессингтік компанияға карточкалық шоттың жағдайы туралы ақпаратты, карточканы персонализациялауға (қолма-қол ақшаны беру немесе төлемді жүргізуге қабылдайтын карточканың төлем қабілеттілігін тексеруді жүзеге асырады және карточка мен оның ұстаушысының идентификаторын тексереді)  және карточка бойынша қызмет көрсету үшін арнайы құрал жабдықты (АТМ және РОS-терминал) орнатуға тапсырысты жібереді.

«Процессинг орталық»  ЖАҚ қатысушы банк жіберген сұраныстар мен тапсырыстарды  орындайды және осы банк туралы деректер қорын өзінде сақтайды. «Процессинг орталық»  ЖАҚ қатысушы банктің атынан халықаралық төлем жүйесіне файлды жібереді және қабылдайды. Осындай жағдайда банк компанияның техникалық ресурсына байланысты, сондықтанда деректер қорында сақталған ақпаратты тапсырыссыз өз бетінше өзгерте алмайды.

Ақырғы кездерде дәстүрлі ақшаларды электронды ақшаларға ауыстыру туралы көп айтылып жүр. Пластикалық карталардың кең өріс алуы және интернетте төлем жүргізу жүйесі электронды ақшалар мәселесінің жалпы қоғамдық мәселеге айналуына әсер етті. 90-шы жылдардан бастап дамушы елдерде қолма-қол ақшаның жаңа түрі болып табылатын электронды ақшаларды енгізу бойынша жобалар жүргізілді. Қағаз және металл ақшаға қарағанда элетронды ақшаларда ақша ретінде пластикалы карталардан немесе персоналды кампьютерлерден шығатын ЭЕМ жадындағы электронды импульста болады. Элетронды ақшаларды енгізудегі негізгі мәселе оның елдің ақша-несие жүйесіне әсері болып табылады.

Вексельмен жасалатын коммерциялық банктердің операциясы мындай түрге болуға болады: Активтік операциялар: вексельді есепке алу; Пассивтік операциялар:  вексельді қайта есепке алу (орталық банктің жүзеге асыруы);  Кепілдік  операциялары: аваль, вексельді кепілге ала отырып ссуда беру; Коммиссиондық операциялар: вексельді инкассалау және домициляция; Активтік-кепілдік операция: вексельді акцептеу.

Коммерциялық банктердің кеңінен тараған вексель операциясына - вексельді есепке алу операциясы жатады. Вексельді есепке алу операциясы басқа операцияға қарағанда дамыған. Банктер есепке алу үшін коммерциялық вексельдерді ғана қабылдайды. Банк есепке алу үшін вексельді қабылдау барысында клиенттен тиісті құжаттарды талап  етеді  және вексельді  мәтіні мен тұлғаның төлемқаблеттілігін тексереді. Есепке алу үшін қабылдаған  әрбір вексельге «вексельдік құжаттаманы» жүргізеді. Есепке алу үшін қабылдаған вексель қатаң түрдегі есеп беру құжаты ретінде сақталады.

Қазақстанда банктердің акцептік  операциялары дамымаған. Ұлыбритания, Германия және Францияның коммерциялық банктері осы операцияны жүзеге асырады. Бұл операцияның дамымай отырған себебі біріншіден осы операцияға қатысты заңның болмауы, екіншіден банк үшін тәуекелдің жоғары деңгейде болмауы, үшіншіден коммиссиондық мөлшердің жоғары болуы.

Акцептік операцияға қарағанда авальдеу банк үшін қолайлы келеді. Аваль қамтамасыз ету формасы болып табылады. Аудармалы вексель бойынша төлем болып немесе аваль арқылы вексельдегі соманың қандай да бір бөлігін қамтамасыз етілуі мүмкін. Авальде кімнің шотынан берілгендігі көрсетілуі керек.  Ал көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің есебімен берілді деп есептілінеді.

Шетел тәжірибесінде вексельді кепілге ала отырып ссуда беру, белсенді банктік операциялар қатарына жатады. Ал Қазақстанның тәжірибесінде бұл операция кездеспейді.

Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің ерекшеліктеріне сай келетін шетел тәжірибесін есепке алу керек. Қандай да болмасын елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрпына, банктің қызмет ету ерекшеліктеріне қарай есеп айырылысу қызметі ұйымдастырылады. Әрбір елдің өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу төлем механизмі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да Мысалы, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Франция елдері дебеттік аударымдар құралдары арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады. Германия, Жапония, Нидерланды және Швеция елдері есеп айырысу барысында кредиттік аударымның құралдарын қолданады. Сондықтан да есеп айырысу операциясын жетілдіру және дамыту барысындағы маңызды аспект – есеп айырысу қызметі аясындағы шетел тәжірибесін талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып өзімізге қолайлыларын алу болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінетіндігіне көзіміз жетті. Сондай-ақ бұл операциялар елімізде күннен-күнге даму үрдісінде екенінде айта кету қажет. Оларға: несиелік операциялар; инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша; қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг); кассалық операциялар және делдалдық-комиссиондық операциялар жатады.

Бәрiмiзге белгiлi, 2007 жылдар төңiрегiнде Алматы қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдырмақшы және елміздің банк жүйесінің бүгінде әлемдегі дамыған елдердің банк жүйесінің, олардың операцияларының стандарттарына өте бастауына байланысты Жалпы банктердің қызметтері мен операцияларын халықаралық деңгейге жауап беретіндей етіп құрылымдаудың қажеттігі туындауда. Әрине бұл елiмiздiң экономика және қаржы саласы үшiн үлкен жетiстiк болмақ, осыған байланысты елiмiздiң екiншi деңгейлi банктiк қызметтерiн, олардың активті операциялары болып табылатын төлем, есеп айырысу және делдалдық операцияларын заман талаптарына сай ииновациялау және әлемдiк деңгейдегi қызмет көрсету үлгiлерiн дамытудың маңыздылығы артып отыр.

Отандық коммерциялық банктердің негізгі мәселелерінің бірі болып отырған қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады. Сондықтан алдағы уақыттарда еліміздің есеп айырысудың қолма-қолсыз түрлерімен жүргізілетін опрерацияларға сұраныстың өсетіндігін және осыған орай еліміздің қаржы саласы мен Ұлттық банкі және коммерциялық банктері бірлесе отыра шетелдік тәжірибелер негізінде отандық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін дамытуы тиіс.

Жалпы елімізде бүгінгі таңда коммерциялық банктердің активті операциялары ішіндегі дамыған түрлеріне несиелік, лизинг беру бойынша, бағалы қағаздармен және т.б. енді дамып келе жатқан операцияларды жатқызсақ болады. Әрине ендігі жерде жоғарыда атап өткеніміздей басқа да активті операцияларды дамытып, жүргізіліп жатқан операцияларды жетілдіру шараларын коммерциялық банктің Ұлттық банкпен біріге отырып іске асыруының маңыздылығы жоғары болып отыр.  

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.      Мақыш С.Б.  Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.

2.      Баян Көшенова , Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта      қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.

3.      “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;

4.      Банки Казахстана, 2003 г. №12;   “Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка”  // Донцов С.

5.      Банки Казахстана, 2004 г. №1;  “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.

6.      Вестник КазНУ, экономическая серия, 2004 г. №4;  “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.

7.      Каренов Р. Лизингтiк қызметтер. Оның ерекшелiгi неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуiр (№105106). – 2 б.

8.      Мақыш С.Б.  Коммерциялық банктiң делдалдық операциялары: факторинг және форфейтинг // ҚазЭУ хабаршысы. – 2003. - №2. – 70-75 бет.

9.      Мырзабеков Ш.  Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.

10. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.

11. С.Кабашев  «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2004. 58-61 стр.

12. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы»  // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.

13. Лизинг в центральной Азий. Май – 2004 г.

14. Сайденов А. Г.  «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005  г. 2-4 стр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Коммерциялық банктердің активті операцияларының маңызы мен мәні