Ұлттық банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 23:30, курсовая работа

Описание

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе…………….………………………………………………………………...3

1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.…...........5

1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары..................................................................................................................5 1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.....................................................................................................…...7

1.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты.....................................11

2. ҚР Ұлттық банкінің саясаты және даму жолдары……………………….......15

2.1. ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі................................................15

2.2. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу

перспективалары.....................................................................................................16

2.3. Ұлттық банктің қаржылық жағдайын талдау …………………..................19

Қорытынды…………………………………………………………………..……23

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………… ………..……………… 25

Работа состоит из  1 файл

Ұлттық банк.doc

— 190.00 Кб (Скачать документ)
"justify">          Кеңес – ақша-несие  саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-президент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.

          Директорат –  жоғары атқарушы орган.Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталқ операцияларды, валиюталық операциялрды жүзеге асырады.

      Жер оталық банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзге асырды. Бұл дүние жүзіндегі ең тәулсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министірлігіне қараганмен, Қаржы министірлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.                 

      Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне, және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы  жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбуристермен  ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақыланған.

              Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасын 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасын 28% -нан төмен болмауы керек.

      1971 жылдан кейін коэффиценттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелермен енді Ағылшын бакісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.

       Коммериялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді     депозиттердің 12,5% мөлшеріне белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын  банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтау керек.

        Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік, Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банк – ноталарды шығарумен айналысады. Ал банктік депортамент өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен коммерциялық банктерді есептік мөлшерлеме бойынша несиелейді

        Жапон банкі  1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55% - ы мемлекетке тиесілі.

             
 

    1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары

       Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

  • аналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолмен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
  • кепіл берушісі үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
  • Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
  • Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
  • ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
  • банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
  • Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін өзгертуге құқықтар береді;             
  • Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлыќ түрін жүргізуге құқылы;
  • Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге жєне олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
  • Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
  • Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға жєне оларды басқаруға қатысуға құқылы;
  • Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты түрде жариялайды;
  • Ішкі жєне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
  • Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады; Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің  қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу  және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.   

    Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатьп, қолма- қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады. Ұлттық банк банкоталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаны инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының  Президентіне  жүктеледі.   

      Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.       

        Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммєрциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шек қойылмайды.

    Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы                      қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша   түрінде де болуы мүмкін.

    Қолма-қол  ақша түріндегі эмиссия – айналысқа  банкноталармен монеталардың қосымша  шығарылуын сипаттайды.

    Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырусуларға ауысуы, бұрын әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.

    Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл  кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялдаудың үлес салмағы банк касасында берілуі қысқарды.

    Депозиттік  банктердің эмисиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажетті потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл  операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін.Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл – сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативі көбеюі орын алады. Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.

    Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сєйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспондеттік шотында сақталынуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі.

    Артық резервтер бұл банктердің Ұлттық банкідегі корреспондеттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспондеттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

    Ол  ақша-несие  саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының қеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

    Ақша  мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені  міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарынң көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қома-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

    Бұл – айналымдағы қома-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқан мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикаға айналу жылдамдығына әсер етеді, мултипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар.

    Ақша  айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.

    Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда - 68,5%, Германияда – 64,5%, Ұлыбританияда – 89,1%, АҚШ – 77,5%, Жапонияда – 116,7% болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды.

    Ақша  несие саясатының құралдары: пайыздық саясат, резервтік талаптар, несие операциялары, ашық нарықтағы операциялар, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты. 
 
 

1.3.Ұлттық банкінің басты мақсаты

       Республиканың  Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы–несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілеріне не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болады. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні «банктердің банкі» деп атайды. Комерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыз береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында жалпы қаржы жүйесіні және Ұлттық банк алдына мынандай міндеттер қойды:

    -инфляция қарқынын бәсеңдету және  инфляцияның өсуінің теріс салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге эканомикалық өсуді ынталандыру;

    -ең  төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру;

    -компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестері шамалы инвесторлардың, акционерлік және құрылтайшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын әзірлеу;

    -мемлекеттік  жєне жалпы сыртқы борышты  басқарудың тиімді жүйесін құру.

    2001-2004 жылы инфляция деңгейі 6-7% болса, 2005-2006 жылы инфляция қарқыны мейлінше жоғарылады. 2005 жылы инфляция 7,5% деңгеінде қалыптасса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 8,9%-ға дейін көтерілді. Бұл үрдіске себепші болған факторлардың негізгісі жиынтық сұраныстың, яғни үй шарушылығының, кәсіпорындардың, мемлекеттің сұранысының едәуір өсуі болып отыр. Сонымен бірге, бұл жиынтық ұсынысты, яғни ішкі өндірісті және импортты кеңейту қарқынынан асып отыр. Осы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өсу қарқынында туындап отырған “айырма” бағалар деңгейінің өсуіне әкеліп соғады.   Экономикалық жалақы еңбек өнімділігінен жылдамырақ өсуде. Тұтынушылық және инвестициялық сұранысты «қыздыратын» бюджет шығыстары өсуде. Экономиканың барлық субъектілері кірістерінің өсуі нәтижесінде ақшаға деген сұраныстың ұлғаюы секілді инфляция факторын (монетарлық факторлар ) атап өтпеске болмайды. Ақша ұсынысының тиісінше ұлғаюы банктердің экономиканы кредиттеуінің ұлғаюымен және шетелдік капиталдың келуімен қамтамасыз етіледі, бұл нәтижесінде ақша агрегаттарының өсуіне әкеледі.       Қазақстанға шетел валютасын әкелуге және, тиісінше, экономикада ақшаның өсуіне екінші деңгейдегі банктерге сыртқы нарықта қарыз алу көлемдерінің өсуі, сондай-ақ әлемдік бағалардың, әсіресе мұнай бағасының өсуі себепші болады.   Осы факторлардың инфляцияға қайсысының көбірек, ал ағымдағы сәтке қайсысының азырақ ықпал ететіні дәл анықтау іс жүзінде мүмкін емес. Бұлардың барлығы инфляцияға ғана ықпал етіп қоймайды, олар өзара да тығыз байланысты. Сондықтан инфляцияны жоғарылауы Қазақстанның тез өсіп келе жатқан экономикасындағы үрдістердің көрінісі болып табылады.       Бюджеттің әлеуметтік шығыстарының көбеюі өмір сүру деңгейін, демек, халықтың тауарларға және көрсетілген қызметтерге сұранысын да арттырды.   Бірақ бұл жағдайда әсірелеудің қажеті жоқ. 2003 және 2004 жылғы тәжірибе көрсеткендей, тұтыну бағаларының өсуі бюджеттің әлеуметтік шығыстарының ұлғаюынан емес, оның төңірегіндегі даурығудан туындап отыр. Сатушылар кірістерін арттыру мақсатында бағаны «көтере» бастайды, ал сатып алушылар болашақта кірістерін арттыру үшін сатып алуын көбейте бастайды. «Инфляцияны» күту жағдайы туындайды. Бұл табиғи үдеріс. Бірақ биылғы жылы, біздің ойымызша күтілетін жағдайлар қолайлы қалыптасып отыр, яғни бағаны күрт және негізсіз көтерілуі байқалмайды.

Информация о работе Ұлттық банк