Ұлттық банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 23:30, курсовая работа

Описание

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе…………….………………………………………………………………...3

1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде.…...........5

1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары..................................................................................................................5 1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.....................................................................................................…...7

1.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты.....................................11

2. ҚР Ұлттық банкінің саясаты және даму жолдары……………………….......15

2.1. ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі................................................15

2.2. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу

перспективалары.....................................................................................................16

2.3. Ұлттық банктің қаржылық жағдайын талдау …………………..................19

Қорытынды…………………………………………………………………..……23

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………… ………..……………… 25

Работа состоит из  1 файл

Ұлттық банк.doc

— 190.00 Кб (Скачать документ)

     Банк активтерінің жедел өсіп  отыруына қарамай, капитализациялау  деңгейі нақты экономиканы, соның  ішінде материалдық өндіріс саласын тұтастай несиелеу үшін жеткіліксіз болып отыр. Қалыпты нарық экономикасы жағдайындағы жеке қаражаттың деңгейі ЖІӨ-нің 4 пайызы болмай, кемінде 15- 20пайызын құрауы керек, ал активтердің көлемі кемінде 100 пайыз ЖІӨ болуы керек.

      Екінші деңгейлі қазақстандық  банктердің капитализациялау деңгейінің  төмен болу себептері тұрғындар  мен кәсіпкерлердің банктерге  сенімнің жоғары болмауына және  банктердің шектеулі даму стратегиясына  әкеп тіреледі,. Шынында да, қол  жеткен жалпы жинақтаулардың көрсеткіші шамамен ЖІӨ-нің 25 пайызы, ЖІӨ-дегі банктік депозиттердің үлесі бар болғаны 16 пайызы құрады. Оның үстіне мерзімді салымдардың құрылымында бір жылға дейін салынған депозиттер басым болып отыр, олардың да мерзімнен бұрын алынып қояр қаупі жоғары, соның нәтижесінде банктердің ірі жеке қаражаты мен ұзақ мерзімді қаражаты болмай отыр. Депозиттер мен несиелер бойынша банктік пайыздық мөлшерлемелер клиенттердің банк жүйесіне жасалатын салымдарының артуын көздемейді. Мерзімді салымдар бойынша банктің сыйақысы заңды тұлғалар үшін 5 пайыз, яғни әлі де жағымсыз, ал жеке тұлғалар үшін шамамен 11 пайыз, несие бойынша сыйақылар-заңды тұлғалар үшін 14-17 пайыз және жеке тұлғалар үшін 21-26 пайыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, айырмасы көп.

      Бірақ, мәселе тек осыған ғана тіреліп тұрған жоқ. Ең бастысы- өңдеу кәсіпорындары саласындағы табыс нормасы 4-6 пайыздан да төмен болған кезде, несиелер үшін төленетін сыйақының мөлшерлемесі заңды тұлғалар үшін 16-18 пайыз, ал жеке тұлғалар үшін 25 пайыз болды. Төрт жыл ішінде ақшаға деген ұсыныс 5 есе артты, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі үнемі төмендеп, бүгін 7,5 пайызды құрап отыр,ал, инфляция 6-8 пайыз төңірегінде болып отыр. Бұған қарағанда шағын және орта бизнестегі несиелік тәуекел деңгейі көтеріліп кетуі мүмкін  деген қауіп барын білуге болады.

     Несиелер үшін пайыздық мөлшерлеменің  жоғары болуын тек бір ғана  жайтпен-ақша несие нарығындағы  бәсекенің төмен деңгейде болу  арқылы түсіндіруге болады. Қазіргі  осы уақытта нарықта 35 банк  қызмет көрсетсе де, олардың көпшілігі әлсіз және бұл нарықта маңызды орын алмайды. Осы орайда банктерге ескерткім келетіні-несиелер үшін сыйақы мөлшерлері жоғары болатын уақытта шағын және орта бизнестегі тәуекел деңгейі де жоғары болып қала бермек.

     Сөйтіп, тәуекелшіліктітек шағын және орта бизнес кәсіпорындары ғана емес, кәсіпорындар үшін банктер де туғызады. Жүйенің негізін құрайтын   4-5 банкті есептемегенде, банк жүиесіндегі менеджмент  өзінің жоғары деңгейімен ерекшелене қоймайды. Сондықтан, шағын және орта бизнес өкілдеріне де банктерге үндеу жариялауға болатын еді. Бірақ, жалпы алғанда, бір жақтан банктер, екінші жақтан шағын және орта бизнес бір-біріне лайықты стратегиялық әріптестер болуы керек.

    Сондықтан, банктер бизнесмендерге  кәсіпкерлік деңгейін көтеруге, оларға әр алуан сапалы  қызмет көрсетулерді ұсынуға, несие беру мен оларға қызмет көрсетуге, Қарыздарды басқаруға, бизнес-жоспар жасауға байланысты жүйені жеңілдетуге көмектесіп, әр алуан сала бойынша әдістемелік қамсыздандыруды өздеріне алуы керек.

    Өкінішке қарай, бұл адамдар ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық даму жолдарын жасауға, Қазақстанның экономикалық моделін қалыптастыруға қатыспайды. Әзірге біздің жаңа мүмкіндіктеріміз осы мәселені шешу үшін тіпті де қолданылмайды.

     «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк- мемелекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі деңгейіндегі банктер» делінген.

       Ұлттық банктің статистикалық  көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың  басында республикада екінші  деңгейдегі 55 банк тіркелген: оның  ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық  капиталының 100 пайызы республика  үкіметінің қатысуымен құрылған банктер, Республикада шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы», Республикалық мемелекеттік қазыналық кәсіпорыны; «Қазақстандық қор биржасы» ЖАҚ; «бағалы қағаздар Орталық депозитарийі» ЖАҚ; « кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры » ЖАҚ; «Қауымдастықтарды несиелеудің қазақстандық қоры» Қоғамдық қор; «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» ЖАҚ; «Ақмола қоры» ЖАҚ; «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі агенттігі» ААҚ; « шағын несие» Қоғамдық қор: және т.б.

    Салымшылар  ықыласын қорғау деңгейін арттыру екінші деңгейін арттыру екінші деңгейдегі  банктердің депозиттерді кепілдеу жүйесінің нәтижелі қызмет етуі арқасында мүмкін болатын болды.Кепілдік есесін қайтарудың минималды мөлшері көбейді.

    Қазақстан тұрғындары үшін зейнетақылық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, салымшылар мен алушылар құқықтарын қорғауға, зейнетақылық активтерді инвестициялау үшін қаржылық құралдар спектрін арттыруға бағытталған 2005-2007жж. Зейнетақы жинақтаушы жүйесін дамыту Бағдарламасы орындалды.

    Ағымдағы  жылы әлемдік қаржылық нарықтағы  АҚШ-тың ипотекалық нарығындағы  дағдарыс  нәтижесінде туындаған тұрақсыздық қаржы секторына әсер етті. Атап айтқанда, капитал ликвидтілігінің халықаралық нарықтарда қысқаруы банктердің өзінің сыртқы міндеттерін қайта қаржыландыру үшін мүмкіндіктерінің қысқаруына және сәйкесінше қысқа мерзімді ликвидтілік мәселелерінің туындауын алып келді

    Осындай жағдайда  Ұлттық Банк банктерді қысқа мерзімді ликвидтілікпен қамтамасыз ету жөніндегі операцияларды жүргізді.Аталған операциялар көлемі 3 125 млрд теңгені қамтыды. Осы операциялардың қысқа мерзімділігін ескере отырып,олардың үлкен бөлігі жабылды.

    Сонымен қатар, Ұлттық Банк минималды резервті талаптар бойынша талаптарды жұмсартты. Тамыз айында минималды резервті талаптар механизмі қайта қаралды. Өзгерістер резервтік міндеттер базасын қысқартуға және резервті активтер құрылымын кеңкйтуге бағытталды.      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

    Курстық жұмысты қорытындылай келе, Ұлттық банк – еліміздегі барлық несие жүйесін реттеущі ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

    Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

    Орталық банктің тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қалма-қолсыз ақша массасы жатады.

    Ұлттық  банк – бұл бұрынғы қарапайым  клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен  орталық, эммисиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады. 

    Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде басқа елдердің Орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен  қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді.

    Ұлттық  банк-бұл эммисиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма  шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарады, сондай-ақ ақша - несие және валюта саясатын анықтайды.

    Ұлттық  банк-оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір  ғана қол қоюшы және президентіне есеп береді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басты  міндеті ұлттық валюта-теңгенің ішкі-және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру, және республикамда қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қалдағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.

    Эмиссия-мемлекеттік  банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түрінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есеп немесе пайыз саясаты есептік пайызды  өзгерту жолымен қарыздық капиталдар нарығын реттеуге негізделген. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені азайта отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіден банктерден қарыз алуан ынталдандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүйесіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша ақша айналысын реттейді.

    Міндетті  резерв нормасының мағынасы міндетті резерв сомасы мен несиелік операциялар  көлемі арасында тығыз өзара байланыстың  болуын, яғни оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасының өзгерту үшін қолданылатынын түсіндіреді.

    Айналыстағы ақша массасының реттеудің біршама  ыңғайлы әдісі-ашық нарықтағы операциялар. Мағынасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ақша эмиссиясының тоқтатып, несиелік экспансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге асырады яғни, қағаздар сатып алады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «банктердің  банкі» қызметін атқарады, яғни комерциялық банктер резервін сақтайды, оларға қарыздар  береді қолма-қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымда жүзеге асырады, банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бас банкир, қаржылай кеңесші және Үкіметтің, басқа да мемлекеттік органдардың агенті болып қызмет етеді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қазақстанда  және шетелде шетел валютасындағы  кез-келген операциялар-валюта резервін құруға және басқаруға тікелей қатысады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер 

    1. Б.А.Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары »// оқу құралы, Алматы, «Эканомика» 2000 жыл

    2. С.Б.Мақыш, А.Ә.Ілиас «Банк ісі»// оқу құралы, Алматы «Эканомика»2004 жыл

    3. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие,  банктер»// оқу құралы Алматы «Эканомика»2001

    4. «Ұлттық банкінің 2004-2006 жылға арналған  ақша-несие саясатының көрсеткіштерінің болжамы» // Егемен Қақақстан, 25 сәуір, 2004 жыл

    5. Әбдіәзиз алдаберген «Мақсат – инфляциялық үдерісті тежеу» // Егемен Қазақстан, 14 мамыр 2006 жыл

    6 №017 Баспасөз реализі «Инфляция» // Банки Каахстана, №8, 2004 жыл

    7. Асқар Елемесов «Ұлттық қардыңерекшелігі және оның жұмыс істеу перспективалары» // Егемен Қазақстан, 24 наурыз 2003 жыл

    8. «Ұлттық қорды өнімгерлік басқарудың негізгі көрсеткіштері» // Егемен Қазақстан, 14 маусым, 2003 жыл

    9. С.Кемелбеков «Қор активтерінің құрылымы» // «Қаржы және қаражат»№6 2004 жыл

    10. Қ. Жарылқасынов «ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты туралы» // «Қаржы және қаражат»№7, 1999 жыл

    11. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1997 жылға есеп беруі//1997жыл

Информация о работе Ұлттық банк