Мемлекеттік бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:38, курсовая работа

Описание

Ал мәні – қазіргі таңда мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуының есебі Қазақстан Республикасында қарқынды қызмет етуде.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімінде бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастыру тәртібі жан – жақты қамтылады. Ал екінші бөлімінде мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттары мен кассада жүргізілетін операциялардың есебі қарастырылады.
Осы ғылыми еңбек Кеулімжаев Қ.Қ., Назарова В.Л. сияқты ғалымдардың еңбектерін негізгі ала отырып жазылды.

Содержание

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3

1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _5

1.1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтырудың түрлері_ _ _ _ _5

1.2 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _7

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттары мен касса операцияларының есебі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13

2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттарының есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13 2.2 Мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операцияларының есебі _ 18

Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _24

Қолданылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26

Работа состоит из  1 файл

Мемлекетт бюджет.doc

— 228.00 Кб (Скачать документ)

1

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Сондықтан мемлекетте екі буынды бюджет жүйесі қолданылып келеді: республикалық және жергілікті.

Республикалық бюджет — салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітеді

Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның бюджеті болып келеді.

Мемлекеттік бюджет — республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Ол мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Әрбір деңгейдегі  бюджеттердің орындалуы кезінде олардың орындалу есебін үнемі жүргізу қажет. Республикалық бюджеттің орындалу есебін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Ол республика бойынша бюджеттің орындалу есебінің жағдайына толық жауапкершілік көтереді, және тоқсандық, жылдық есепті Қазақстан Республикасының  Парламентіне  ұсынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүзеге асырылады. Мазмұны бойынша кассалық орындалуы бюджеттік құралдарын қабылдау, беру және сақтауды білдіреді, сонымен бірге кассаның бірыңғайлық принципі негізінде құралады.

Кассаның бірыңғайлық принципі — түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыруды білдіреді.

Бүгінгі күні мемлекеттік бюджеттің кассада жүргізілетін операциялар есебін жетілдіру өзекті мәселенің біріне айналуда. Өйткені, кассалық операциялар — мемлекеттік бюджеттің ең кең тараған және ең негізгі операциялары. Оны дамыту және жетілдіру жалпы мемлекеттік бюджет қызметінің сапасын жоғарлатуға зор үлесін тигізеді.

Курстық жобаның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы есебінің негізгі проблемаларын айқындау, шешу жолдарын ойластыру, талдау жасау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы есебінің мәнін, мазмұнын  ашу бұл курстық жобаның негізгі мақсаты болып табылады.

Ал мәні – қазіргі таңда мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуының есебі Қазақстан Республикасында қарқынды қызмет етуде.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімінде бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастыру тәртібі жан – жақты қамтылады. Ал екінші бөлімінде мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттары мен кассада жүргізілетін операциялардың есебі қарастырылады.

Осы ғылыми еңбек Кеулімжаев Қ.Қ., Назарова В.Л. сияқты ғалымдардың еңбектерін негізгі ала отырып жазылды.

1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі

1.1 Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтырудың түрлері

Республикалық, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттердің орындалуы туралы есептері өзіне  басқа деңгейлі бюджеттерден түскен түсімдерін қоса алғандағы барлық түскен түсімдерін, және жоғарыда тұрған бюджеттің түсімдері есебінен шығындарын қоса барлық өндірістік шығындарын, және басқа деңгейлі бюджеттер берген трансферттерін кіргізеді. [1. 75б]

Жоғарыда тұрған бюджеттің орындалуы бойынша уәкілетті органға төменде тұрған бюджеттің орындалуы бойынша уәкілетті органымен ұсынған жергілікті бюджеттің орындалуы туралы айлық (жылдық) есеп осы Ережелердің 1 және 1-1 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қалыптасады.

Жергілікті бюджет туралы айлық (жылдық) есепте:

1 – бағанда мыналардың кодтары толтырылады:

                       бюджет түсімдерінің сыныптамасы – санаты, дәрежесі, ерекшелігі;

                       бюджет шығыстардың экономикалық және функционалдық сыныптамасы – функционалдық тобы, функционалдық ішкі топ, бюджеттік бағдарламаны ұйымдастырушысы, бюджеттік бағдарлама, ішкі бағдарлама, ерекшелігі.

2   –   бағанда бюджет сыныптамасы көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі.

3 – бағанда есепті қаржы жылына мәслихат бекіткен бюджеттің сомалары көрсетіледі.

4 – бағанда есепті қаржы жылына арналған мәслихатпен нақтыланған бюджеттің сомалары оның орындалуы барысында толықтырулар мен өзгерістер есебімен көрсетіледі.

5 – бағанда есепті қаржы жылына арналған  мәслихатта нақтыланбаған, бірақ жергілікті атқарушы органымен енгізілген толықтырулар мен өзгерістер есебімен түзетілген (бекітілген немесе нақтыланған) бюджеттің сомалары көрсетіледі.

6 және 7 бағанда жыл басындағы  өспелі нәтижесімен есепті  кезеңге міндеттемелер бойынша қаржыландырудың құрама жоспары және түсімдер мен қаржыландырудың құрама жоспардың сомалары көрсетіледі. Түсімдер бойынша 6 баған толтырылады, ал шығыстар бойынша 6 және 7 бағандар, сонымен 6 бағанда төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламалары) қаржыландырудың құрама жоспарының сомалары көрсетіледі.

8 – бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезең үшін берілген рұқсаттардың сомалары көрсетіледі.

9 – бағанда тіркелген міндеттемелер сомалары көрсетіледі.

10 – бағанда төленбеген міндеттемелердің сомалары көрсетіледі.

11 – бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезең үшін бюджеттің бюджеттік бағдарламалары (ішкі бағдарламалары) бойынша түсімдердің атқарылуы және / немесе төленген міндеттемелер көрсетіледі.

12 – бағанда есепті кезең үшін бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша түсімдердің атқарылуы және/немесе төленген міндеттемелердің сомалары есепті кезеңі үшін бюджетті қаржыландыру мен түсімдердің құрама жоспарының сомаларына деген пайыздық қатынасы көрсетіледі.

13 – бағанда есепті кезең үшін бюджеттік бағдарламалары (ішкі бағдарламалары) бойынша түсімдердің атқарылуы және / немесе төленген міндеттемелердің сомалары есепті қаржы жылына атқарушы (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) бюджеттің сомаларына деген пайыздық қатынасы көрсетіледі.

Республикалық бюджеттің орындалуы туралы айлық (жылдық) есеп бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосымен осы Ережелердің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптасады.

Республикалық бюджеттің орындалуы туралы айлық (жылдық) есепте:

1   –    бағанда мыналардың кодтары толтырылады:

                       бюджет түсімдерінің сыныптамасы – санаты, дәрежесі, ерекшелігі;

                       бюджет шығыстардың экономикалық және функционалдық сыныптамасы – функционалдық тобы, функционалдық ішкі топ, бюджеттік бағдарламаны ұйымдастырушысы, бюджеттік бағдарлама, ішкі бағдарлама, ерекшеліктері.

2   –    бағанда бюджет сыныптамасы көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі.

3 – бағанда есепті қаржы жылына Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен бюджеттің сомалары көрсетіледі.

4 – бағанда есепті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының Парламентімен нақтыланған бюджеттің сомалары оның орындалуы барысында толықтырулар мен өзгерістер есебімен көрсетіледі.

5 – бағанда есепті қаржы жылына арналған  Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыланбаған, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметімен  енгізілген толықтырулар мен өзгерістер есебімен түзетілген (бекітілген немесе нақтыланған) бюджеттің сомалары көрсетіледі.

6 және 7 бағанда жыл басындағы  өспелі нәтижесімен есепті  кезеңге міндеттемелер бойынша қаржыландырудың құрама жоспары және түсімдер мен қаржыландырудың құрама жоспардың сомалары көрсетіледі. Түсімдер бойынша 6 баған толтырылады, ал шығыстар бойынша 6 және 7 бағандар, сонымен 6 бағанда төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламалары) қаржыландырудың құрама жоспарының сомалары көрсетіледі.

8 – бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезең үшін берілген рұқсаттардың сомалары көрсетіледі.

9 – бағанда тіркелген міндеттемелер сомалары көрсетіледі.

10 – бағанда төленбеген міндеттемелердің сомалары көрсетіледі.

11 – бағанда жыл басындағы өспелі нәтижесімен есепті кезең үшін бюджеттің бюджеттік бағдарламалары (ішкі бағдарламалары) бойынша түсімдердің атқарылуы және / немесе төленген міндеттемелер көрсетіледі.

Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп осы Ережелердің 10 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

Біріктірілген бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепте:

1 - бағанда мыналардың кодтары толтырылады:

            бюджет түсімдерінің сыныптамасы – санаты;

            шығыстардың функционалдық сыныптамасы – функционалдық тобы;

2 - бағанда бюджет сыныптамасы көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;

3 - бағанда республикалық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары (ішкі бағдарламалары) бойынша түсімдердің атқарылуы және / немесе төленген міндеттемелер көрсетіледі;

4 - бағанда жергілікті бюджеттердің бюджеттік бағдарламасы (ішкі бағдарламасы) бойынша түсімдердің атқарылуы және төленген міндеттемелер (облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінің жиынтығы) көрсетіледі;

5 - бағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қолма-қол ақшасының бақылау шотына есепке алынған салық түсімдері, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына оларды аудару сомасы көрсетіледі. [2. 4-6 б]

1.2 Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру тәртібі

Бюджеттердің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Ережелерге 10 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша және мыналардың:

1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство ұсынған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары және / немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ведомство ұсынған есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің (облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша жиынтық) атқарылуы туралы есептің;

Информация о работе Мемлекеттік бюджет