Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:03, курсовая работа
Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
"Будда"
[өңдеу] Тілдер
Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. Халық Инд-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Сондықтан табиғи өсімі жоғары. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды.
Ірі қалалары: Калькутта, Бомбей (Мумбаи), Дели, Ченнаи (Мадрас), Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау.
[өңдеу] Әкімшілік бөлу
Үндістан — федеративті республ
Ұлттық мейрамдары: Республика күні — 26 қаңтар (1950) және Тәуелсіздік күні (15 тамыз).
Британ Достастығының құрамына кіреді, БҰҰ-ның мүшесі (1945). Ақша бірлігі — үндістан рупийі.
[өңдеу] Табиғаты
[өңдеу] Геология
Үндістан негізінен Үндістан түбегін, Гималай мен Қарақорымның бір бөлігін, Инд-Ганг жазығының шығыс бөлігін, Бенгал шығанағы мен Араб теңізінің бірнеше аралдар тобын қамтиды. Ел аумағының 3/4 бөлігі — жазықтар мен үстірттер. Үндістанды түгел дерлік Декан таулы үстірті алып жатыр (шығысқа қарай 900 м-ден 300 м-ге дейін аласарады). Теңіз жағалаулары негізінен аласа, құмдауыт, аз тілімденген. Кеме тоқтайтын қолайлы орындар аз, сондықтан көптеген ірі порттар өзендер жағасына (Калькутта) орналасқан немесе жасанды жолмен салынған (Мадрас). Батысында үстірт биіктеп, Батыс Гаттар тауын құрайды. Оның теңіз жағалауындағы беткейлері тік жарлы, шығыс жағы ірі өзендердегі (Кришна, Годовари, Маханади, т.б.) жазықтармен тілімденген. Батыс Гаттар тауы оңтүстікте Апаймалай, Кардамон тауларымен (ең биік жері — 2633 м) жалғасады. Солтүстік-батысында эрозиядан қатты бүлінген, қысқа, қатарлас қырқалардан құралатын ежелгі қатпарлы тізбек — Аравали таулары (биіктігі 1722 м-ге дейін) орналасқан. Декан үстірті солтүгінде Малва базальтты таулы жазығының жарлауыт шеті болып табылатын Виндхья тауларымен (ең биік жері — 881 м) шектеледі. Декан үстіртінің шығыс қиыр шетінде өзендермен жеке массивтерге бөлшектенген Шығыс Гаттар таулары (ең биік жері — 1680 м) орналасқан. Үндістан түбегінің солтүстігіне қарай аллювийлі Инд-Ганг жазығы жатыр. Оның солтүстігінен бастап үш тік құз баспалдақ түрінде дүние жүзіндегі ең биік таулы жүйелер — Гималай таулары мен одан солт-ке қарай Қарақорым көтеріледі (ең биік жері — Гималайдағы Нангарпарбат тауы — 8126 м). Гималайдың бұл баспалдақтары — Сивалик таулары (800 — 1200 м), Кіші Гималай (2500 — 3000 м), Үлкен Гималай (5500 — 6000 м, одан да биік) бір-бірінен тауаралық қазаншұңқырлар тізбегімен бөлінген. Үлкен және Кіші Гималайлардың жер бедері альпілік формада, өзендермен терең бөлшектенген. Тас көмір, темір кентастары, марганец, хромит, боксит, алмас кен орындары бар.
[өңдеу] Климат
Климаты негізінен тропиктік,
солтүстігінде тропиктік
[өңдеу] Гидрология
Неғұрлым ірі өзендері: Ганг, Инд, Брахмапутра, Годавари, Кришна, Нарбада, Маханади, Кавери. Олардың көпшілігінің егіншілік үшін маңызы зор. Ірі көлдері аз, олар негізінен шығу тегі мұздық немесе тектоникаллық таулы аудандарда орналасқан. Ең үлкені — Кашмир жазығындағы Вулар көлі. Өзендерінің кейбіреулерінде кеме қатынасы бар.
[өңдеу] Жануарлар және Өсімдіктер әлемі
Тавускус̧у олан Хиндистан'ıн улусал кус̧
Декан үстірті мен Инд-Ганг жазығының табиғи өсімдік жамылғысы күшті өзгерген, саванналар, ксерофитті сирек ормандар басым, кей жерлерде жапырағы түсетін ормандар бар. Солтүстік-батыста бұталар өскен шөлейттер мен шөлдер басым. Батыс Гаттардың желді беткейлерінде, Ганг мен Брахмапутра атырауында, Шығыс Гималайдың тауалды аймақтарында мәңгі жасыл тропиктік ормандар, Гималайдың етегінде — тераилар (батпақтанған джунглилер), одан жоғарырақта — муссондық, аралас және қылқан жапырақты ормандар, тау шалғындары өседі. Ормандар ел аумағының 1/4-іне жуығын алып жатыр.
Негізгі ұлттық саябақтары: Казиранга, Гир орманы, Манас, т.б. Көптеген резерваттар бар.
Үндістанның жануарлар дүниесі басқа Азия елдерінен ерекше. Сүтқоректі жануарлардан маймылдар (макакалар, гиббондар), бұғылар (теңбіл, замбар және қара), киіктер, өгіздер (гаур, ергежейлі және үнді буйволдары) тіршілік етеді. Үнді пілі, жолбарыс, қабылан, гималай аюы кездеседі. Арыстан, леопард, Кашмир бұғысы түгелге дерлік жойылған. Үндістанда құстар, қосмекенділер, жыландар мен балықтардың көптеген түрлері тіршілік етеді.
[өңдеу] Тарихы
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б.з.б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай орналасқан Гандхара, Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер аз сақталған.
Бұл құл иеленуші мемлекеттердің халқы 4 топтан құралды:
Олардың алғашқы екеуі артықшылық жағдайда болды. Патша қазынасына егіншілер түскен өнімнің 1/6 — 1/12 бөлігін берді. Патша сондай-ақ қолөнершілер еңбегін пайдалану (айына 1 күн), әр түрлі алым-салықтар жинау құқығына ие болды. Егіншілер рулық және көршілік қауым болып өмір сүрді. Құлдардың еңбегі негізінен үй ш-нда пайдаланылды. Б.з.б. 6 — 4 ғасырларда қол жеткен экон. прогресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің жағдайларына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы құлдықтың таралуына жағдай жасады. Әлеум. қарама-қайшылықтардың өсуі діни-сектанттық қозғалысты туғызды, олардың ішінен буддизм мен джайнизм ерекшеленді. Б.з.б. 4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы түгел бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды. Б.з.б. 327 — 325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп кіріп, Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан аумағының бір бөлігіне өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия гректерінің баса-көктеп кіруі оларды әлсіретіп жіберді. Б.з.б. 2 — 1 ғасырларда Солтустік Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді. Осы кезде Деканда Сатавахандар мемлекеті күшейе бастады. Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан патшалығының билігіне көшті. 1 — 3 ғасырларда Үндістан Риммен қызу сауда жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары кеңейді. 6 — 12 ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың арасында үздіксіз соғыс жүрді. 8 — 10 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы мемлекеттердің неғұрлым ірілері — Палдар мен Гурджара-Пратихарлар мемлекеттері еді. 8 ғасырдың басында Синдіні арабтар жаулап алып, елге ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың бас кезінде Үндістанның солтүгіне Ғазнауи сұлтандығының билеушісі — Махмұд Ғазнауи бірнеше рет жорық жасап, Пенджабтың біраз бөлігін бағындырды. 12 ғасырдың соңы — 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды Гурлар мемлекетінің билеушісі — Мұхаммед жаулап алды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның Ганг жазығындағы жергілікті билеушісі өзін тәуелсіз деп жариялап, астанасы Дели болған өз мемлекетін құрды (қ. Дели сұлтандығы). Кришна өзеннен оңтүстікке қарай 14 ғасырдан 17 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта үлкен мемлекет — Виджаянагар өмір сүрді. 1565 жылы Виджаянагар билеушісі Кришна өзеннің жағасында Декан мұсылман одағынан жеңіліп, патшалығы ыдырап кетті. 17 ғасырдың ортасына таман бірнеше дербес князьдіктер құрылды (Мадура, Майсур, т.б.).
[өңдеу] Колониалдық дәуiр
15 ғасырдың соңында Үндістанда
алғашқы еуропа отаршылар —
португалдар пайда болды. 16 ғасырдың
1-жартысында олар теңіз
[өңдеу] Британдық Индия
17 ғасырдың бас кезінде
Үндістанда ағылшындық Ост-
Үндістан біртіндеп
1920 — 1922 жылдары Мохандас Карамчанд Ганди Үнді ұлттық конгресіне басшылық жасап, азаматтық бағынбау науқанын басқарды. Бұл науқанның негізгі мақсаты — өзін-өзі толық басқару құқықтарын талап ету еді. 1935 жылы “Үнді актісі” бойынша үнділіктерге федералдық заң шығарушы органдарды басқару құқығы берілді, бірақ қорғаныс пен халықар. қатынастар мәселесі вице-король әкімшілігінің қарауында қалдырылды. 1940 жылы Мұсылман лигасы Үндістанды әр түрлі діндердің өкілдері көп орналасқан аумақтардың шекаралары бойынша бөлшектеуді талап етті.
[өңдеу] Тәуелсіз Үндістан
1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкстанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысіз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқаны кезінде адам өлтірушілердің қолынан қаза тапты. 1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүз. бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды. 1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкстан үкіметіне ұсыныс жасалды.