Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:03, курсовая работа
Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
"Будда"
[өңдеу] Қазақстанмен қатынастары
Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған. 1992 жылы мамыр айында Алматыда Үндістан Республикасының, ал 1993 жылы қараша айында Делиде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. 1992 жылы ақпанда Президент Н.Ә. Назарбаев Үндістанға бірінші ресми сапарын жасады. Сапар барысында мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөніндегі декларацияға, дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі протоколға, сауда-экономикалық қатынастар, ғылым мен технология, мәдениет, өнер, білім, ақпараттық құралдар мен спорт салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды. 2002 жылы 11 — 15 ақпанда Н.Ә. Назарбаев Үндістанға кезекті сапармен барып қайтты. Онда Қазақстан — Үндістан Бірлескен декларациясына қол қойылды. Жауап ретінде Үндістан басшылығы да бірнеше рет Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мен Үндістан арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техикалық, өнеркәсіп пен мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан Үндістан Біріккен комиссиясы құрылған. Ол әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытудың маңызды құралы болып отыр. Екі елдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары үздіксіз өсіп келеді. 2005 жылы оның деңгейі 120,8 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт — 19,9 млн. доллар, импорт — 100,9 млн. доллар). Қазақстандағы мед. жоғары оқу орындарында 400-ден астам үндістандық студенттер білім алуда. 2002 жылы ақпанда Делиде Абай көшесі салтанатты түрде ашылды. Сол жылдың маусым айында Алматы қ-ндағы көшелердің біріне Махатма Гандидің есімі берілді.
[өңдеу] Экономикасы
Бомбаы Борсасı
Үндістан — аграрлы-
[өңдеу] Мәдениеті
[өңдеу] Әдебиеті
3 мың жылдан астам уақыт
бойы өз дәстүрлері
[өңдеу] Өнері
Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Жоғары дамыған Хараппа өркениеті (б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан 2-мыңжылдықтың ортасына дейін) кезеңіне Сангхол мен Лотхал тәрізді ірі қалалар жатады. Оларға бірыңғай жоспарлау, жолға қо-йылған сумен қамтамасыз ету және құбыр жүйесі, күйдірілген кірпіштерден салынған көп қа-батты құрылыстар, шомылуға арналған қоғамдық бассейндер тән. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістанмәдениетіне әдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тән мүсіндік және көркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды. Олардың формалары мен типтері (жартылай шар немесе конустық күмбездері бар дөңгелек үй, ағашпен жабылған қоғамдық жиналыстарға арналған зал типті ғимараттар, т.б.) келесі ғасырлардағы тас храмдар мен басқа құрылыстар архитектурасының негізін қалады. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан құл иеленуші мемлекеттердің орталықтары — Матхура, Паталипутра, т.б. қалаларға бірыңғай жоспарлау тән болды. Бұл қалаларды қоныстану брахманизмнің қоғамның варналарға (әлеум. топтарға) бөлінетіні жөніндегі тұжырымына сай жүргізілді (дәулеттілер мен кедейлер кварталдары). Қалаларда қоныстанудың мұндай қағидасы Үндістанда кейінгі орта ғасырларға дейін сақталды. Үндістанда көркемдік дәстүрлердің берік сақталу себептерінің бірі — ежелгі заманнан бастап цехтық құрылыс ұйымдары — “шренилердің” өмір сүруі мен құрылыс ісі және қолданбалы өнердің заңдары мен ережелерінің бірыңғай жүйесі — “Шилпашастраның” қолданылуы еді. Үндістанөнері Жерорта теңіз мемлекеттері мен парсы мәдениетінің әсеріне ұшыраған қуатты құл иеленуші мемлекет — Маурья (б.з.б. 4 — 2 ғасырлар) құрылған кезде өзінің гүлдену шегіне жетті. Қалаларда қамалдардың, сарайлардың ірі кешендері тұрғызылды (Паталипутрадағы Ашок патшаның сарайы — б.з.б. 3 ғасыр). Будда дінінің таралуымен Ашок билік құрған жылдары храмдар — чайтьялар, чайтья мен пірадарлар жатақханасы — “вихару” бар монастырьлар, сондай-ақ мемориалдық құрылыстар мен бағаналар — стамбхалар жаппай салына бастады. Б.з.б. 2 — 1 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы Шунга мен Декандағы Андхра құл иеленуші мемлекеттерінде өнер өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңге Бхаджи, Насика, Карли тауларындағы жартастарға қашалып салынған монастырьлардың ірі кешендері жатады. Үндістанның солтүстік мен ортталық аудандарында Гупталардың (4 — 6 ғасырлар) қуатты мемлекеті құрылуымен құл иеленушілік дәуір өнері өзінің соңғы гүлдену кезеңіне өтті. Осы кезде Будданың формасы кемеліне келген, барлық бұлжымас ережелерге сай мүсіндері (Сарнатхадағы құмсаздан, Султанганджадағы қоладан жасалған мүсіндер, 5 ғасыр) жасалды. 10 — 11 ғасырлардан бастап қалалар тез өсіп, храм құрылыстары кең қанат жайды. Храмдар неғұрлым салтанатты әрі әсем, көлемді, күрделі композициялы бола түсіп, мүсіндердің сәулет өнерімен бөлінбес бірлігі қалыптасты. 10 — 13 ғасырларда жергілікті сәулет өнері мектептерінің өзіндік ерекшеліктері көрінген бірқатар храмдар пайда болды. 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды мұсылман билеушілерінің басып алуы елге Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстың мәдени дәстүрлерін әкелді, ислам үстем дінге айналды. Басқаша құрылымдық элементтер (аркалар, күмбездер, шаңырақтар) мен құрылыс типтері (мешіттер, мұнаралар, медреселер, кесенелер) орнығып, сарай-бекініс ансамбльдерінің құрылысы бұрын болмаған гүлдену дәрежесіне жетті. Мұнымен қатар мүсін өнері мен бейнелеу өнерінің дамуына елеулі соққы берілді, өйткені исламның діни талаптары тіршілік иелерін бейнелеуге кедергі келтірді. Делиде үнді сәулет өнері белгілерін сақтаған Кутб-Минар мұнарасымен Кувват-уль-Ислам мешіті (1193 жылы салына бастады), күшті бекіністері бар қалалар: Сири, Джаханпанах, Туглакабад пен Фирозабад, Деканда Даулатабад (14 ғасыр) салынды. Ұлы Моғолдар империясының құрылуымен (1562) Үндістан өнері жаңа сатыға көтеріліп, өзінің ең гүлденген шегіне Акбардың тұсында жетті. Ол билік жүргізген жылдары (1556 — 1605) қала құрылысы мен қамал, бекіністік өнердің тамаша үлгілері жасалды: Аградағы бекініс, қала-бекініс Фатихпур-Сикри (1569 — 84) (бекініс сол қалпында осы кезге дейін сақталған), Аджмер (1570) мен Аллахабадтағы бекіністер]. Бірыңғай баумен қоршалған орталық — күмбездік кесененің классикалық типі қалыптасты (Делидегі Хумаюн кесенесі, 1565). Шах-Жаїанның (17 ғасыр) кезінде сәулет өнерінде әсемдік артып, қымбатшылыққа ұмтылу күшейді, мәрмәр мен бағалы тау жыныстары кең қолданылатын материалдарға айналды. Кесененің дәстүрлі формалары Аградағы Тәж-Махал мазарында кемеліне жеткізілді. 18 ғасырда жергілікті дәстүрді сақтаған Раджастхан өнері жоғары деңгейде дами берді. Солтүстік Үндістандағы мұсылман билеушілерінің үстемдігі кезеңінде дәстүрлі храмдық сәулет және мүсін өнері бұрынғыша брахман абыздары үстемдік еткен қиыр оңтүстікте ғана дамыды. Ескі храмдардың айналасына қақпа үстіндегі мұнаралар — “гопурамы” бар, мүсіндері мол қоршаулар тұрғызылды. Ғасырлар өткен сайын қоршаулар саны өсіп, храм кешені ашық галереялы көп бағаналы аулалар — мантапамы мен шомылуға арналған бассейндерден құ-ралған бекіністі қалаға айналды (Чидамбарамдағы, Рамешварамдағы, Мадураидегі храм кешендері). Бағаналардың үстіне секіріп тұрған жылқылар мен қиял-ғажайып кейіпкерлердің орасан мүсіндері орнатылды. Орта ғасырларда миниатюралық сурет өнері дамыды. Үнді миниатюрасының ертеректегі мектептерінің ішіндегі белгілісі — гуджарат мектебі (11 — 16 ғасырлар). 16 ғасырда миниатюраның моғол мектебі пайда болды. Тарихи шығармаларды көркемдеу, портреттік және жануарларды бейнелеу жанры тарала бастады. Моғол мектебінің көптеген дәстүрлері 16 — 17 ғасырларда гүлденген декан мектебіне үлкен ықпал етті. Үндістандағы ағылшындардың отаршылдық үстемдігі кезеңінде (18 ғасыр — 1947) еуропалық мәдениеттің ықпалы күшейіп, ұлттық мәдениет құлдырап кетті. Калькутта, Мадрас (Ченнаи), Бомбей сияқты портты қалалар тез өсіп, 17 ғасырдың өзінде-ақ ағылшындар бұл қалаларда өздерінің бекіністерін, доктары мен христиан шіркеулерін тұрғызды. Дамып келе жатқан өнеркәсіп орт-тары — жаңа қалалар, олармен бірге заводтар, вокзалдар, муниципалитеттер пайда болды. Жаңадан салынған қалаларда әкімш. ғимараттары орналасқан, көркейтілген, еңселі үйлері мен саябақтары бар еуропалықтар тұратын, жұмысшылардың лашықтары мен табыс түсіретін үйлер орналасқан, ретсіз құрылысты үнділік аудандар қалыптасты. Отаршылдық кезеңдегі қала құрылысының үлгісі — Нью-Дели болды. Оның көшелері геом. жағынан дұрыс жоспарланып, негізінен еңселі үйлер, үкімет ғимараттары тұрғызылды. 18 ғасырдан бастап 19 ғасырдың ортасына дейінгі әкімш., іскерлік, ғимараттар, жеке резиденциялардың архитектурасында ағылшын классицизмі, кейіннен жаңа готикалық формалар басым болды.
[өңдеу] Музыка мен би
Үндістан халықтары —
өте ежелгі, терең өзіндік ерекшеліктері
бар музыкалық мәдениеттің
[өңдеу] Театр мен кино
Халықтық театр қойылымдары өте ежелгі заманда пайда болып, әр түрлі әдет-ғұрыптар, ойындар мен билер орындаудан құралады. Халықтық театрдың көптеген формалары шамалы ғана өзгерістермен осы уақытқа дейін келіп жетті. “Рамаяна”, “Махабхарата” эпик. поэмаларының мазмұнын сахнада бейнелеу көпшілік халықтық театрлық қойылымдардың негізі болып табылады. Мұндай театрларда өнер көрсететін актерлердің мәнерлеп оқу, би, пантомима, әншілік, кей жағдайда цирк артисінің шеберлігінен хабары болуы керек. Үнді халықтық театрларының спектакльдерінде сюжеттің біраз бөлігі актерлердің ойнымен ғана емес, әңгімелеу арқылы да түсіндіріледі. Арнайы сахналық алаңның, декорация мен құрал-жабдықтардың мол болуы да шарт емес. Дәстүрлі театрдың ең жарқын әрі көркемдік құралдарының бірі — бидің көптеген стильдері мен жергілікті түр өзгерістерінің болуы (бхарат-натьям, катхакали, катхак, манипури). Классикалық үнді драмасы мен театрының гүлденуі 4 — 6 ғасырлардағы Бхаса, Калидаса, Шудракилердің шығарм-мен байланысты. 19 ғасдың 2-жартысында еур. үлгідегі театрлар, бенгал, хинди, маратхи тілдеріндегі драмалық шығармалар пайда болды. 1795 жылы Калькуттада бенгал артистерінің алғашқы труппасы құрылды. 1872 жылы драматург Г.Гхош үнді қоғамының көпшілікке үлкен әсер еткен Ұлттық театрдың негізін қалады. 20 ғасырдың 60-жылдары Үндістанда 30-дан астам кәсіби театр ұжымы жұмыс істейді.
Үндістанда алғашқы фильм 1913 жылы түсірілді (“Раджа Харишчандра”, реж. Д.Г. Пхалке). 1931 жылы бірінші дыбысты кино “Алам Ара” (реж. А.Ирани) қойылды. 20 ғасырдың 40-жылдарының 2-жартысында, әсіресе, тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін (1947) ұлттық кинематография құру мүмкіндігі пайда болды. 1947 ж. ақпарат пен радио хабарын тарату министрлігі жанынан кинематография бөлімі ұйымдастырылды. Халық өмірін шынайы бейнелеген алғашқы фильмдер пайда болды — “Жер балалары” (1946, реж. Х.А. Аббас), “Құр қалғандар” (1949, реж. Н.Гхож). 50-жылдары шығарылған бірқатар фильмдер де маңызды әлеум. мәселелерге арналды. Олардың ішінде “Серік” (1953, реж. Аббас), жерге деген өз құқықтары үшін күрескен шаруалар жөніндегі “Екі бигха жер” (1953, реж. Б.Рой), белгілі бір мөлшерде “Қаңғыбас” (1951, реж. Р.Капур), т.б. фильмдері бар. Реж. С.Рейдің кинотрилогиясы (“Жол жыры” — 1955, “Жеңілмегендер” — 1957, “Апу дүниесі” — 1959) тек қана үнділік емес, дүниежүзінде кино өнеріндегі елеулі құбылыс болды. Үнді фильмдеріне тұрмыс көріністері мен әдет-ғұрыптарды жан-жақты бейнелеу, оқиғалардың баяу дамуы тән. Үндістан кино өнімдерінде көбінесе тарихи сюжеттерге арналған музыкалық фильмдер елеулі орын алады. Олардың көпшілігінде фильм мазмұнына қатысы жоқ әндер мен билерге шамадан тыс көңіл бөлінеді. Ел өмірін жан-жақты суреттейтін деректі фильмдер шығару жолға қойылған. 1960 жылы Пунада кинематография институты ашылды. 1954 жылдан Бомбей қаласында бүкілүнділік кинофестиваль өткізіліп тұрады. Кино өнері жөнінде бірнеше журнал шығарылады. Үндістан — дүние жүзінде жылына ең көп көркем фильмдер шығаратын мемлекет. Үнділік кино фабрикасы — Болливуд деген атқа ие болған, ол Бомбей қаласының түбінде орналасқан. Бұл қаланың түсіру павильондарынан күн сайын екі жаңа фильм шығарылады. Фильмдер хинди, бенгал, маратхи, т.б. халықтардың тілдерінде түсіріледі. Дүние жүзіне есімі танымал үнділік кино актерлерінің қатарына, Б.Сахни, Д.Ананд, Д.Кумар, Радж Капур, Шиши Капур, Наргис, С.Сен, М.Кумари, Б.Ран, В.Рахман, Ш.Тагор, Зинат Аман, Амитабх Баччан, Амриш Пури, Митхун Чакраборти, Шри Деви, т.б. жатады.[4]