Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:24, реферат
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі факторлардың бірі білім екендігі дау тудырмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандық ЖОО алдына әр азаматтың алған білімі мен біліктілігі әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман болатындай білім деңгейіне жетуді міндет етіп қойды. Негізінен алғанда, индустриалды және информациялық технологияның даму заманына өткен соң, ірі өндріс ошақтары – көп мәселені шешетін объекттерге айналған. Егер де, мұнайшының баласы Астанаға немесе Көкшетауға көшсе не істер еді? Міне сол себепті ол экономика мамандығын игеруге тура келеді. Маңғыстауда экономиканың локомотиві болып тұрған әзірге осы мұнай саласы. Облыстың ішкі жалпы өнімінің 90 пайызын мұнай саласы екені айтпаса да түсінікті.
Кеңес Үкiметi тұсында ауылдан келген қара көз қыздарымыз бен ұлдарымыз ҚазПИ, ҚызПИ, АШИ (СХИ), АЗМИ-дiң (АЗВИ) табалдырығын босатпайтын. Дерлiгi мұғалiм мен мал технигi, мал дәрiгерi болуды қалайтын. Ал, қазiр бұл оқу орындарының ауласынан бұрынғыдай иiн тiрескен жұртты көре алмайсыз. Керісінше жастар қазір заңгерлер мен кеденшiлер, экономистер даярлайтын оқу орындарының есiгiн жағалап, дарбазасын керiп тұрады.
Қазіргі жоғары оқу орындарын бiтiргендердің 4,3 бөлiгi заңгер, экономист, кеденшi мамандықтарын құрайды. Олардың ойынша сол кәсіп иелерінің болашағы зор. Жоққа шығаруға болмайды, ол мамандықтардың табар табысы басқаларға қарағанда көптеу. Әйтсе де қазіргі таңда нақ осы мамандықтар бойынша оқу бітіргендердің жұмыс тауып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Соның салдарынан бүгінде көптеген жастарымыз дипломдарын құшақтап, құрылыста, базарда немесе көлік жуу стансаларында жұмыс жасап жатқандары ақиқат. Мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-ана да жақсылап ойланғаны дұрыс. Әр адам өз маманының шебері болуы керек. Өйткені бүгінгі ұғым мүлде басқа. Баяғыда дипломы бар деп, жұмысқа қабылдай беретін. Ал қазір қолыңнан іс келмесе дипломның бар-жоғы бәрібір. Ал тыңғылықты тірлік ете алсаң аш қалмайсың. Сол үшін жастарға «модный» емес, өзінің жаны сүйетін мамандықты таңдауға мүмкіндік беру керек. Және кәсіпті таңдауда ең алдымен Қазақстанның қай бөлігінде, облысында тұратындығына көңіл бөлгені жөн-ау. Себебі, ол өзінің тұрғылықты жеріне қажет мамандықтың иесі болар еді. Мысалы, Манғыстау облысында мұнай өндірісі қалақұрарлық өндіріс ошағы болғандықтан көп жастар мұнайшы немесе сол салаға жанама қатысы бар мамандықтарды таңдайды екен.
Бір жағынан алып қарасаңыз көше сыпырушы болсаң да, сол істің асқан шебер маманы болуың керек. Мамандықтың бәрі керек. Қазір ойлап қарасаңыз қай мамандық иелері артылып жатыр? Ешқандай. Егер маман барлық салада жеткілікті болса «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы керек емес болып қалар еді. Бір ғана мысал, +1С бухгалтер мамандығына бухгалтер іздеп жатқан фирма, кәсіпорын. Айлығын жоғары берем деген жарнамалар толып жатыр. Бұрынғы бухгалтерлердің барлығы уақыт талабына орай жаңа компьютерлік бухгалтерияға өтуі керек. Елімізде бүгінгі күні юристер, экономистер және гуманитарлық саладағы мамандар өте көп. Әр салада әр түрлі манадардың жетіспейтіні шындық. Бірақ та қандай мамандықты таңдасаңда кәсіби деңгейде меңгеруге тырысу керек.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі факторлардың бірі білім екендігі дау тудырмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандық ЖОО алдына әр азаматтың алған білімі мен біліктілігі әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман болатындай білім деңгейіне жетуді міндет етіп қойды. Негізінен алғанда, индустриалды және информациялық технологияның даму заманына өткен соң, ірі өндріс ошақтары – көп мәселені шешетін объекттерге айналған. Егер де, мұнайшының баласы Астанаға немесе Көкшетауға көшсе не істер еді? Міне сол себепті ол экономика мамандығын игеруге тура келеді. Маңғыстауда экономиканың локомотиві болып тұрған әзірге осы мұнай саласы. Облыстың ішкі жалпы өнімінің 90 пайызын мұнай саласы екені айтпаса да түсінікті. Ал Қазақстанның ІЖӨ-нің 60 пайызы тағы да осы сала. Инвестиция көбіне осы салаға келіп жатыр. Стабилизациялық қордың көп бөлігі осы саладан келіп түскен қаражаттан құралған.
Экономикада барлығы бір-біріне байланысты және басқа жанама салаларда осыған байланысты дамиды. Сондай байланыстың әсерінен қазір дағдарыс салаларды шетінен күйзеліске ұшыратты. Кейбір салалар бойынша мамандар тұрмақ сол саланың негізгі базасы жетіспейді немесе тіптен жоқ десе де болады. Мысалы, Президент нанотехнологиялық орталықтар мен зерттеу институттарын қалай болғанда да дамыту керек деген-ді. Қазіргі дамыған елдердің соңына түсіп жүре берсек, оларды қуып жете алмаймыз. Сондықтан олармен бірге жүру үшін нанотехнология саласын дамыту керек. Бұл сала дамыса, өзімен бірге химиялық биология, биотехнология сынды ғылымның тармақтарын да қоса алып жүруге түрткі болады. Себебі, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Мамандарды осы салаға баулу жұмыстары басталып та кетті. Осы тұрғыда ҚазНТУ да жаңа техникалармен жабдықталған лабараториялар іске қосылған. Өкініштісі, білімді мамандардың тапшылығында. Бүгінде елімізде техникалық мамандығы бар кадрлар тапшы екені мәлім. Айталық, облыстардағы комбинаттар мен зауыттар 5400 орта буынды маманға зәру. Оларды шебер де білікті толқынмен толықтыруға ықпал ету бізге зор жауапкершілік жүктейді Бұрын да техникалық бiлiмi бар мамандар көп емес едi. Қазiр де сол көрiнiс белең алып отыр. Әсiресе, заманауи техникадан хабары бар қандастарымызды емге таба алмайсыз.
Сол сияқты, ауыл шаруашылығының мамандары аса қажет. Себебі, бүгінде маман аз, ал сұраныс көп ең алдымен агроном мамандары аз. Жеке өнеркәсіпті меңгерген адам ешқашан далада қалмайды. Ауыл – ауыл деп шулаймыз. Сол ауылдарға мал дәрігері жетіспейді.. Ет өндіретін зауыт, оған өнімін әкелетін малшы, ал малын емдейтін мал дәргері, еттің сапасын анықтайтын мекемелер бар. Мұражай ісіне де сұраныс көп. Мұнай өндіру мен өңдеу жұмысында да өзіміздің ұлттан шыққан жетік мамандар аса қажет. Химиялық тамақ өнеркәсібінің болашағы да өте зор. Себебі бұл мамандықтарды меңгерген әрбір азаматтың келешекте өзінің жеке өнеркәсібін ашуға мүмкіндіктері мол болмақ. Сондықтан, қазіргі мектеп бітірген түлектер «қандай кәсіп иесі болғанда елге пайдам тиеді?» деген сауал төңірегінде ойланғаны абзал.
Осыдан екi-үш жыл бұрын геоақпаратпен қамтамасыз ететiн бiр орталықтың басшысы: «инженер-геодезист мамандығын алған бiр қазақ таба алмадым. Неге балаларымыздың осындай сұранысқа ие мамандықтар алуына мүмкiндiк жасамаймыз» деп, қынжылғаны есiмiзде. Осы жерде: шетiнен жоғары оқу ордасын тәмамдап, беделдi қызмет атқаруды аңсаған жастарымыздың мансап қуып, қара жұмыс iстеу былай тұрсын, дәрежесi сәл де болса төмен қызметте жүргендерге төбеден қараушылыққа дағдыланғанына ата-аналар мен қоғам өзi негiз қалап отыр-ау деген ой қамшысы сананы ерiксiз осып өтедi.
Адам өмірде екі нәрседен жаңылмауы тиіс. Біріншіден, мамандық таңдағанда, екіншіден, жар таңдағанда. Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындары 200-ден аса мамандық түріне оқытады. Алайда жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 74 пайызы меңгерген мамандығымен жұмыс істемейді екен. Бұл дегеніңіз елімізде жоғары оқу орнын бітіріп, қолына диплом алған азаматтар жұмыссыз жүр дегенді білдіреді. Оның үстіне қаламаған мамандығы бойынша тәлім алған жастар өмірде орнын таппай, адасып жүр. Бұған не себеп? Жалпы, мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсететін тетіктер бар ма?
- «Edtech-kz» халықаралық білім орталығы осы ретте тың жобаны ұсынып отыр. «Кәсіби бағдар беру. Мамандық таңдау» бағдарламасы жуырда ғана Алматы қаласындағы бірқатар білім ордаларында жүзеге асты. Бағдарлама бойынша 11-сынып оқушыларына мамандандырылған талдау жасалып, мамандық таңдау һәм ҰБТ-да қай пәнді таңдау керектігі жөнінде бағыт-бағдар көрсетіледі, мектеп психологтарын оқушыларға мамандық таңдауда жәрдем беру жолдарын көрсету сияқты маңызды мәселелер қамтылған. Жобаның беталысы һәм жүзеге асуы жөнінде «Edtech-kz» халықаралық білім беру орталығының бас директоры Ғани Бектайұлы жан-жақты айтып берді.
- Жалпы, бүкіл әлемде кәсіби бағдар беру мәселесі әлі толыққанды шешімін таппаған проблема. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап біздің мемлекетімізде бұл мәселеге мән беріп, түбегейлі зерттеп, зерделеген жоқ. Одан бері міне, аттай 20 жыл өтті. Әлі күнге дейін республика бойынша «Қандай мамандыққа қанша адам қажет, оның айлық шегі қандай? Жалпы, жоғары оқу орындарының алдында қандай мамандықтар бойынша оқытқан дұрыс?» деген мәселелерді талқылап, арнайы сараптамадан өткізіп, бақылап, бағыттап отырған өкінішке қарай, арнайы мекеме де жоқ. Бұл мәселелердің түйіні шешілсе, Қазақстанның экономикасына үлкен әсер тигізетінін түсінген мемлекетіміз әртүрлі әрекеттер мен жұмыстарды атқарып келе жатыр. Сондай жұмыстардың бірі - бұл 12 жылдық білім беру жүйесі. Бұл жүйеге көшу әлі де біраз мәселелерді шешу қажеттігін көрсетті. Алайда оның енгізілуін күтіп отыру уақыттан ұтылумен бірдей. Дәл қазіргі кезде әлемді дағдарыс отының шарпып өтуіне тежеу бере алатын бір жүйе болса, дәл осы бағыттың, яки мамандыққа дұрыс баулып, бағыт-бағдар көрсету мәселесінің түбегейлі шешім тапқан жағдайда оңтайлы ықпал етері сөзсіз. Көптеген өркениетті мемлекеттер адами ресурстардың күшін толыққанды пайдалануға талпыныс білдіріп отыр. Оның ішінде алып АҚШ, Германия, Жапония сынды елдер бар. Ал посткеңестік кеңістікте бұл бағытты шынайы қолға алып отырған көршілес Өзбекстан мемлекеті. Онда балаға бастауыш сыныптан бастап кәсіби баулу бағдарламасы енгізілген. Есіңізде болса, кеңес өкіметі кезінде мектеп қабырғасында бастауыш сыныпта оқып жүргенде «Кім боламын?» деген өлеңді жаттаушы едік. Бұл сол мамандық таңдауға бағыттайтын бағдарламадағы материалдың бірі ғана болатын. Дегенмен мамандық таңдау проблемалары ол кезеңде де толыққанды шешілмеген еді.
- Ал қазір жағдай қандай? Мектеп оқушыларына мамандық таңдау мәселесінде бағыт-бағдар қаншалықты көрсетілуде?
- Өкінішке қарай, басқа
мүмкіндік болмағандықтан
- Яғни біз әлі күнге бұл мәселеге бей-жай қарап келеміз бе?
- Осы мәселені қозғап, қоғамға ой салу керек. Үкімет те, ата-аналар да үнсіз отыр. Әр ақпараттың артында үлкен проблема, түйіні шешілуі қажет деген мәселе тұрады. Бір сөзбен айтқанда, кәсіби бағдар беру мәселесін қолға алу әлеуметтік салада да, экономика саласында да әлі күнге дейін түйіні шешілмеген көптеген түйткілдердің шешімін табуға мүмкіндік тудырады деген сөз. Біз де қарап жатпай осындай дәйектерді ескеріп, балаларға, ата-аналарға болашақта мамандық таңдауға көмектесуге бел будық. Осы арада екінші мәселе туындады. Бүгінгі күні жоғары сыныптарда білім сапасының құлдырауының себебі - оқушылардың қызығушылығының (мотивация) төмендеп кетуі. Неге оқушы өздігінен білім алуға құлшыныс танытпайды? Өйткені ол білімнің қандай пайда беретіндігі мен не үшін оқу керектігін білмейді не түсінбейді? Ал өз мамандығын жүрекпен таңдап, қайда оқуға түсетінін, болашақта кім болатындығын анық білген бала келешегіне нық сеніммен қарап, ішкі мотивациясы жоғарылайды. Сондықтан алдын ала бала өзінің кім, қандай мамандықтың иесі болатындығын білуі аса қажет. Үшіншіден, егер де бала өзінің мамандығы бойынша оқымайтын болса, өмірде өз орнын таппаған болса, бұл 50 пайыз адам жұмыссыздар қатарын көбейтуге алып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын табысы мол, абыройлы деп барлығы жаппай заңгер мамандығын таңдады. Уақыт өте келе, заңгерлікті бітірген бала табыссыз, жұмыссыз қалды. Осындай мәселенің шеті көріне халық жаппай экономика мамандығына бетбұрыс жасады. Десек те мына парадоксқа қараңыз. Елімізде заңгерлер мен экономист мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген адамдар көп, алайда білікті маман тапшы. Бұған ешкімге кінә артуға болмас. Жастар өзінің мамандығы бойынша білім алмаған соң, құлшынысы жоқ. Ал бұл республика бойынша жұмыссыздар санынның көбеюіне әсер етпей ме? Бұл өз кезегінде экономикаға да зардап тигізері хақ. Жұмыссыздық көбейген сайын елде қылмыстың да саны арта түсуіне ықпал етуі мүмкін. Киерге киімі, ішерге тамағы болмаса, қолында дипломы болып, мамандығы бойынша жұмыс істей алмаған адамды тұрмыстың тауқыметі қылмысқа итермелемейді ме? Статистика бойынша, қылмыс жасайтындардың кемінде 50 пайызы бұл өмірде өз орнын таба алмаған жандар екен. Мамандыққа дұрыс бейімдеп, бағыт көрсету бірқатар мәселенің шешімін таптыртады. Өзінің мамандығын сүймейтін адам не жұмыс істемейді, не басқа құрылымда көңілсіз еңбек етеді, не ол адамның қоғамға деген тиімділігі аз болады. Яки адам рухани құлдырауға тап болады. Бұл мәселені тереңдей жіті қарастырар болсақ, адамның психологиялық денсаулығына да әсер беретіндігін байқайсың.
Психологтардың мәлімдеуінше, өзіне-өзі көңілі толмаған адам түрлі созылмалы, ауыр дертке шалдығады екен. Бұл бір жағынан, ел ішінде науқастардың санын азайтады деген сөз. Осыдан отыз жыл бұрын АҚШ-та ірі кәсіпорындарда мамандарды жаппай жұмыстан шығарған кезде, олардың орнын басар жас мамандар табылмай қалған. Дәл осы сәттен бастап, АҚШ бұл мәселеге жіті мән бере бастаған.
- Осындай мәселелерді шешу үшін орталықтарыңыз жаңа жобаны қолға алды ғой...
- Орталық он жыл бойы халыққа қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде балаларға дұрыс мамандық таңдауға қол ұшын бердік. Яғни тәжірибе жақсы нәтиже көрсетті. Орталық жалпы, мектеп бітірушілердің 5 пайызын ғана қабылдай алады. «Кәсіби бағдар беру. Мамандық таңдау» бағдарламасы бірнеше деңгейден тұрады. Яғни алдымен балалармен жұмыс жасау. Жоғары оқу орындары өздерінің мекемелерін насихаттап, брошюралар таратумен ғана шектеледі. Ал оқушылар ЖОО дайындайтын мамандықтар бойынша ақпараттан бейхабар. Осыдан келіп туындайтын түйін, кәсіби бағдар беру бағытында балалармен толыққанды жұмыс істеу қажеттігі. Психологиялық тестілеулер арқылы, бейімін байқап, бағыт көрсету керек. Жоғары оқу орны туралы ақпаратқа қарағанда, балаға мамандық таңдау аса маңызды.
- Ата-аналармен де жұмыс жасайсыз ғой. Себебі балаға мамандық таңдауда ата-ананың рөлі зор.
- Әрине, алдымен баланың қолына мамандық жөнінде барлық ақпаратты ұстатамыз. Сонан соң жобаның қорытындысы ретінде Алматы қалалық Білім басқармасымен біріге отырып, осы айдың 23-25-күндері «Кәсіби бағдар беру. Мамандық таңдау» Алматы фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл әдетте өткізілетін жоғары оқу орындарының жәрмеңкесі емес, мүлде өзгеше форматтағы іс-шара болмақ. Яғни әрбір білім беру мекемесі өздерін жарнамалап қана қоймай, мамандықтардың қыр-сырын толыққанды оқушыға мәлімдеп отырады. Фестиваль бағдарламаның бір бөлшегі ғана. Әрине, мұндай фестивальмен мәселені толыққанды шешуге болмас. Бағдарламаның түп-қазығы ретінде біз автоматтандырылған жүйені енгіздік. Осы жүйе арқылы оқушылардың қарым-қабілетін саралап, дұрыс бағыт көрсетіп, ұлттық бірыңғай тесте бейімі бар мамандыққа қатысты қандай пәнді таңдауға болады, таңдалған мамандық бойынша қайда жұмыс істеуге болады деген мәселелерді шешуге болады. Аталған бағыттар бойынша оқушыға толыққанды ақпарат беріледі. Автоматтандырылған жүйеден бөлек, тұңғыш рет әрбір оқушыға арналған «Мамандық таңдау әліппесін» шығарып отырмыз. Қазақстандағы барлық мектеп түлектеріне брошюра ретінде тегін тарату көзделіп отыр.
- Неге дәл осы жобаны түгелдей мектеп қабырғаларына енгізбеске?
- Әрине, мұндай жоба қазір біздің жастарға ауадай қажет. Сондықтан мектеп қабырғаларына енгізу мәселесін дұрыс көтеріп отырсыз. Өткен жылдың қараша айында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа арнайы ұсыныс-хат жіберген болатынбыз. Министрліктен жауап келді. Сәуір айында министрліктің алқа жиналысына шақырылдық. Дәл осы жиында осы жобаны таныстырып, бұл мемлекеттік деңгейде қарастырылатын жүйе екендігін дәлелдеуге біз дайынбыз. Осы ретте идеямызды қолдап, түсіністік танытқан Алматы қалалық білім басқармасына алғысымыз шексіз.