Мамандық таңдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:24, реферат

Описание

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі факторлардың бірі білім екендігі дау тудырмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандық ЖОО алдына әр азаматтың алған білімі мен біліктілігі әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман болатындай білім деңгейіне жетуді міндет етіп қойды. Негізінен алғанда, индустриалды және информациялық технологияның даму заманына өткен соң, ірі өндріс ошақтары – көп мәселені шешетін объекттерге айналған. Егер де, мұнайшының баласы Астанаға немесе Көкшетауға көшсе не істер еді? Міне сол себепті ол экономика мамандығын игеруге тура келеді. Маңғыстауда экономиканың локомотиві болып тұрған әзірге осы мұнай саласы. Облыстың ішкі жалпы өнімінің 90 пайызын мұнай саласы екені айтпаса да түсінікті.

Работа состоит из  1 файл

мамандык.docx

— 28.92 Кб (Скачать документ)

Татьяна Владимировна, жоба жетекшісі:

- Мектеп оқушыларының 70 пайызы әлі күнге қандай мамандықтың иесі болатынын әлі анықтамаған. Біреулер мамандықтың әдемі аталуына, біреулер табыс көзіне қызығады. Бірақ шын мәнінде, өмір бойы алып жүретін мамандық түрінен мүлдем бейхабар. Ең сорақысы, қазір балаларға дер кезінде ақыл-кеңес беріп, бағдар көрсететін маман жоқ. Біздің жобамыз осы олқы­лықты шешуге бағытталған. Негізінде, мамандық таңдауда үш бастаманы қаперге алған жөн: қалаймын, қолымнан келеді және қажет. Оқушылар кейде арман қуып, белгілі бір мамандық түрін қалайды. Алайда оның физикалық немесе психологиялық ахуа­лы оған сай келмеуі мүмкін. Көп ретте қолыңнан келетін іске иек артқан жөн. Ал көп жағдайда еңбек нарығын терең сүзгіден өт­кізіп, бүгінгі заманға керек деген мамандық түрін таңдау қажет. Егер адам еңбек нарығында қажет маман болғысы келсе, нарықты бастан-аяқ зерттеу керек. Өкінішке қарай, қазір оқушылар мұндай істе қауқарсыз. Ең алдымен оқушының қолынан келетін істі анықтау керек. Ол үшін оның тұлға ретінде психологиялық ерекшелігін, әлеуетін біліп алған жөн. Автоматтандырылыған әдіс Ресейде де, біздің елде де бар. Алайда бұл әдіс дұрыс жолға қойылмаған. Кейде баланың ма­мандық таңдауына ата-ана тікелей араласады. Мәселен, баланың анасы ұрпағының журналист болуын қалайды, ал баласы архитектор болғысы келеді. Әрине, бұл ретте ата-аналармен де жұмыс жасаймыз. Жоғары оқу орындарының да жұмысы дұрыс бағытқа қойлуы керек. Кей ретте ЖОО-лар өзін жарнамалап, оқушылармен тілдеседі. Бірақ ондағы мамандық түрлері, аталған мамандықтардың нарықтағы қажеттілігі туралы ақпарат берілмей қалады. Мәселен, бір бала болды, төрт жыл медицина универ­ситетінде оқыды, алайда төрт жылдан соң медицина саласы оған жат екенін түсініп, экономикалық мамандықты меңгерді. Қарап тұрсаңыз, төрт жыл құр босқа уақыт өтіп кетті. Біздің жобамыз осындай түйткілдерді шешіп, оқушылардың болашаққа жоспар құруына бағыт береді.


Информация о работе Мамандық таңдау