Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Августа 2011 в 09:27, реферат
Ф.Н.Жұмабекова зерттеу жұмысында эстетикалық әсерлену, пайымдау сияқты көркемдік талғамдарын сәндік қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру жолдарын жан-жақты қарастырған. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: қазақ балабақшаларында баланың көркемдік талғамын сәндік-қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан негізделіп, балабақша балаларының жасына, дербес өзгешеліктеріне, оқу-тәрбие сипатына қарай, дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларының негізінде эстетикалық қабылдау, сезіну, әсерлену, пайымдау, бағалау сияқты көркемдік талғамның компоненттері тұңғыш рет зерттеліп, педагогикалық тұрғыдан талданды, ересек топтағы балалардың көркемдік талғамының қалыптасу деңгейі бақылаудың педагогикалық әдіс-тәсілдері жасалды.
Қазақстанда
мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми-теориялық
және
әдістемелік мәселелерін зерттеген: Б.Баймұратова,
Қ.Меңдаяқова, М.Сәтімбекова, Р.Аралбаева,
Р.Жұмағожина, А.Меңжанова, Ф.Жұмабекова,
Г.Меңлібекова, Ә.Әмірова, М.Тұрыскелдина,
Т.А.Левченко, Н.Храпченкова, Т.Иманбеков,
А.Е.Манкеш, С.Жиенбаева, Ғ.З.Таубаева, К.Метербаева,
Н.Сайлауова, Ш.Сапарбайқызы т.б. педагог-ғалымдардың
еңбектерін атауға болады.
Мектепке
дейінгі мекемелерде балалардың
ойыны мен еңбегін күннің екінші жартысында
уақытты дұрыс ұйымдастыра білу тәрбиешінің шеберлігіне байланысты
«Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады... Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан. Тәрбиешінің міндеті балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - деп М.Жұмабаев айтқандай, мектепке даярлық топ балаларының эстетикалық сезім, талғам, қызығушылық қасиеттерінің дамуы тәрбиешінің шеберлігі мен тәрбие құралдарына, әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Педагог Н.А.Ветлугина «Система эстетического воспитания в детском саду» деген еңбегінде мектеп жасына дейінгі балалар бойында эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыру жүйесін мынадай өлшемдер: мектеп жасына дейінгі балалардың фольклор жанрларын (ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, мақал-мәтелдер) білуі
, Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында «Тәрбиеші - ұстаз қазіргі кезде өте маңызды роль атқарады, себебі жалпы адамзат мәдениетін, ой-пікірдің дамуын жас ұрпаққа жеткізуші тұлға», - делінген.
Ш.Уәлиханов, көрнекті ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, ұлттық ойындарды алғаш жинап бастырушы А.Диваев, М.Ж.Көпеев т.б.
М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығын атауға болады. Оқулық: тарту, сөзалды, жетекші сөз, тәрбие деген не? Тәрбие бөлімдері (дене, ақыл, сұлулық һәм құлық тәрбиесі), тәрбие мақсаты, педагогика қандай пән деген бөлімдерден тұрады.
«Баланың маңайыңда сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс», - деп балалардың эстетикалық дамуындағы үлкендердің роліне тоқталады
Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923) және «Ана мен бала тәрбиесін» (1921) атауға болады
«Жаратылыстың - даланың кеңшілігінде шалпылдап суына түсіп, жүгіріп құспен бірге сайрап, көбелек қуып, көкорай шалғын, тоғай арасында сайрандап жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей тегіс өсіп, өркендемек»,
Сондай-ақ, М.С.Сәтімбекова «Алты жастағы оқушылардың математикалық білімін арнайы тапсырма жүйесі арқылы жетілдіру» (1989), М.Т.Тұрыскелдина «Развитие физического воспитания 6-летних детей в Казахстане» (1985), Ә.С.Әмірова «Ересектер тобындағы балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» (1994), Т.Иманбеков «Қазақ балабақшаларындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану» (5-7 жас. 1995ж.), Т.Левченко «Науно-практические основы использования казахско-народного декоративно-прикладного искусства в эстетическом воспитании детей старшего дошкольного возраста» (1996), Ф.Жұмабекова «Баланың көркемдік талғамын сәндік-қолданбалы өнер негізінде қалыптастыру» (1998), А.Е.Манкеш «Балабақшаның ересектер тобындағы балаларға қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беру» (1999), С.Жиенбаева «Мектепалды топ балаларын еңбекке баулудың ғылыми-педагогикалық негіздері» (2003), Н.Сайлауова «Балабақшадағы мектепалды топ балаларының бастапқы экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру» (2004), Ғ.З.Таубаева «Мектепалды дайындығында оқу-тәрбие үрдісінде балалар әдебиетін пайдалану» (2005), К.Метербаева «Қоршаған ортамен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру» (5-7 жас), С.Бәтібаева «Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы» (1649-2006) деген тақырыптарда жүргізілген зерттеу жұмыстарында мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінің әр түрлі салаларын ашып көрсетті.
Ф.Н.Жұмабекова зерттеу жұмысында эстетикалық әсерлену, пайымдау сияқты көркемдік талғамдарын сәндік қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру жолдарын жан-жақты қарастырған. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: қазақ балабақшаларында баланың көркемдік талғамын сәндік-қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан негізделіп, балабақша балаларының жасына, дербес өзгешеліктеріне, оқу-тәрбие сипатына қарай, дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларының негізінде эстетикалық қабылдау, сезіну, әсерлену, пайымдау, бағалау сияқты көркемдік талғамның компоненттері тұңғыш рет зерттеліп, педагогикалық тұрғыдан талданды, ересек топтағы балалардың көркемдік талғамының қалыптасу деңгейі бақылаудың педагогикалық әдіс-тәсілдері жасалды.
Т.А.Левченко өзінің зерттеуінде мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмыстың негізгі құралдарын көрсеткен: балаларды сәндік-қолданбалы шығармашылыққа баулуда ауыз әдебиетінің туындыларын (ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел, т.б.) пайдалану, балаларды ұлттық мерекелерді («Наурыз», «Сабан той», «Қымызмұрындық», т.б.) әзірлеп өткізуге қатыстыру, өнеркәсіп орындарында (музей, көрме, фарфор заводы, киім фабрикасы, т.б.). Сонымен қатар, мектепалды даярлығында эстетикалық тәрбие беруде қазақтың сәндік-қолданбалы өнерін, көркем шығарманы, ән, сахналық көріністерді оқу-тәрбие жұмысының жүйесіне енгізу баланың ақыл-ойы мен тіл байлығын жетілдіруге зор ықпал ететіндігін атап көрсетті.
Қазіргі таңда Республикамызда болып жатқан қоғамдық өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа тәрбие беру мен білім беру жұмыстарының мазмұнын жаңа талаптарға сай өзгерту міндеті тұр. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру ісі озат тәжірибелермен, осы салада жүргізілген психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеу нәтижесінде құнды пікірлермен толықтырылуда.
Мектепке дейінгі төрбие мазмұнын қоғам мүддесіне лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет ететін ғалымдардың (Н.Нұрахметов, М.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Ғ.Дүкенбаева, Ф.Жұмабекова, С.Бәтібаева, Г.Өтебаева) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы «Балбөбек» бағдарламасы жарық көрді.
«Балбөбек»
бағдарламасының мақсаты - балабақша
жұмысын тұжырымдамаға сай
Зерттеу
барысында Қазақстан
МЖМБС-ң базалық оқу жоспарында балалардың жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген.
Мектепке дейінгі ұйымдардың және мектепалды даярлық топтарының базалық оқу жоспары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бір бөлігі ретінде білім салалары мен пәндерінің құрамын анықтайды, білім саласы мен жас ерекшеліктері бойынша білім мазмұнын меңгеруге бөлінген уакытты бөледі және жұмыс оқу жоспарын әзірлеу үшін негіз болады.
Эстетикалық
тәрбие жұмысының сапасын анықтау
үшін эксперимент жұмыстары