Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Августа 2011 в 09:27, реферат
Ф.Н.Жұмабекова зерттеу жұмысында эстетикалық әсерлену, пайымдау сияқты көркемдік талғамдарын сәндік қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру жолдарын жан-жақты қарастырған. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: қазақ балабақшаларында баланың көркемдік талғамын сәндік-қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан негізделіп, балабақша балаларының жасына, дербес өзгешеліктеріне, оқу-тәрбие сипатына қарай, дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларының негізінде эстетикалық қабылдау, сезіну, әсерлену, пайымдау, бағалау сияқты көркемдік талғамның компоненттері тұңғыш рет зерттеліп, педагогикалық тұрғыдан талданды, ересек топтағы балалардың көркемдік талғамының қалыптасу деңгейі бақылаудың педагогикалық әдіс-тәсілдері жасалды.